«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Өгдүлміштің Елікке жауабы



Pdf көрінісі
бет111/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   247
Байланысты:
2 5188235762453185852

Өгдүлміштің Елікке жауабы

3025  Өгдүлміш те жауап беріп, деді: — Елік,

 

Бұл іске тек ақыл, білік керегі .



 

Басқа не бар, өліп  адам, сорласа?

 

Соңында егер жақсы атағы болмаса!



 

Тірлік үшін төк күмісті, тарылма!

 

Көрге бірге əкетем деп жаңылма!..



 

Алтын-күміс алмас жер жоқ, тегінде,

 

Кеңіт елдің тынысын да, шегін де!



 

(Алтын-күміс тарат та, Елік, қарасаң,

 

Қолың жетер — қандай елді қаласаң.)



 

Не дегенін тыңда дана кісінің,

 

Жайын білген билік-бектік ісінің:



3030 «Қазына шаш — жасақта əскер, еріңді,

 

Сонда жауың сындыра алмас беліңді.



 

(Мал үлестір, қалың жасақ ұстағын,

 

 Даяр болсын дəйім жауға қыспағың.)



 

Қазына емес, əскер-қолың көп болсын,

 

Бек бай емес, қалың елің тоқ болсын.



 

Əскер болса — берекелі ел, ерікті,

 

Əскері жоқ бекке кімдер сеніпті!?



 

Егер əскер тұрса бекке бағынып,

 

Қай ел болсын, келер бекке табынып.



 

Болса жаһан бектерінің қолы ашық,

 

Қос жаһанда төрге оларға жол ашық!»



3035  Білікті тіл, айтыпты бір себебін —

 

Сараңдықпен басқара  алмас  бек елін:



 

«Екі нəрсе сыйыса алмай, қашады;

 

Жомарт — жеңіп, ал сараңдық — сасады!



 

(Екі нəрсе бір-бірімен симайды,

 

Сараң жақпас, сақиды өбіп, сыйлайды!)




 283

 

Сараңдықтан  адам  біткен  безінер,



 

Сақилыққа  іздеп  жүріп  кезігер.

 

Бітіспес жау бектік пенен сараңдық,



 

Сараң маңы — өшпейтін дау, арамдық.

 

Басқа екі күш, сақтап елді қалатын,



 

Бірі — қылыш, екіншісі — сара алтын!

3040  Сақилықпен ел бекінер кеңейіп,

 

Сақилықпен бек жетілер, ей , Елік!



 

Ер қылышын  жарқылдатса жасындай,

 

Не істесін жау бұғынып, жасымай!



 

(Гүр алып ер алса жасын темірін,

 

Кесіледі азулы ерлер тамыры.)



 

Бектің қолын ұзартады алтыны,

 

Елді ұйытар қылышсыз, тіл арқылы.



 

Ел де, ер де екеуіне жүгінер,

 

Осы екеуін ұстанған  бек  —  ұлы ер.



 

Саф алтынмен серпіледі — түңілген,

 

Саф алтынмен түзеледі  —  бүлінген!



 

(Саф алтынмен қас кірбіңі жоғалар,

 

Саф  алтынмен  бұзылған іс оңалар.)



3045  Қайда қылыш ұрса — күміс қоры сол,

 

Қайда күміс жатса — қылыш жолы сол.



 

(Күміс қайда — қылыш солай сермелер,

 

Қылыш қайда — содан күміс теңделер.)



 

Күміс шашсаң, жақсыларың жиылар,

 

Күміс жисаң, жасақтарың сұйылар...



 

Қылышты ер, көр, күміске құмарсың,

 

Алтын жисаң — қылыш қауып  тынарсың!



 

(Əскер жисаң — алтын жатар жолында,

 

Алтын жисаң — кеттің жаудың торында.)



 

Қазына жияр сараң бектер тырысқақ,

 

Сақи бектер шауып алар қылыштап!




 284

 

Өмір заңы, қолдан келсе, сақи бол:



 

Сараңдар — қор,  мадақталар сақи — зор!





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет