«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Еліктің Өгдүлмішке сауалы



Pdf көрінісі
бет114/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   247
Байланысты:
2 5188235762453185852

Еліктің Өгдүлмішке сауалы

 

Елік бір күн Өгдүлмішті сынады,



 

Кешкен күнін, өткен ісін сұрады:

 — 

Өткен күндер қалай өтті, қайда өтті?



 

Ел ішінде кедей көп пе, бай көп пе?!

 

Ел ішінде қанша жауыз, зұлым бар?



 

Айтқын, қалай жұрттың халі бұрыннан?

3100  Қалай елде ойдың, сөздің өрісі?

 

Мақтай ма əлде көбірек пе сөгісі?



 

Мінім көп пе, көп пе өнерім, сұрайын,

 

Айтып бергей, бір дауасын қылайын!



 

(Маған деген ниет, көңіл аласын,

 

Айтқын ашық, ойланайын шарасын.



 

Жарата ма, қаламай ма заңымды?

 

Ақтар бүкпей ел туралы барыңды?!)



Өгдүлміштің Елікке жауабы

 

Айтты Өгдүлміш: — Қадірлейміз бекті  ізгі,



 

Тілек  келді,  қолымызды  жеткізді.

 

Əлем гүлдеп, саялады саяңды,



 

Мұң азайды, сүйініш, бек, баянды.

 

Ел байыды, көктеді жер кезерген,



 

Көңіл өсіп ұлыс, қала безенген.

3105  Ел басынан күндер зулап жатты ізгі,

 

Түндерін тек сүйінішпен өткізді.



 

Жұрт мақтайды бектігіңді, затыңды,

 

Тілеуіңді тілеп, қоштап атыңды.




 288

 

Заң су дерсің, зұлымдық өрт есірген,



 

Өртті сумен булықтырып өшірген.

 

Заңды түзеп, оңдадың ел пиғылын,



 

Көрінбейді еш қиянат, қиғылық.

 

Бек үш істен қорлық көрер өлгенше,



 

Бірі — жалқау, осал болса, сөзге ерсе!

3110  Екінші — қор, бектікті ұстай алмаған,

 

Үшінші — ашкөз, халық баурын жалмаған.



 

Елік, сенде бірі де жоқ бұлардың,

 

Елге қайдан қиянат, зорлық, шығар мұң!



 

 

Сен əділсің елдің жəйін ескерген,



 

Тəңір саған білім, сезім, ес берген!

 

Ізгілікке тіктің тірлік, басыңды,



 

Ел тойынды, мұнан көзі ашылды.

 

Шүкірлік ет, сақтан, сақта еліңді,



 

Сен сақтансаң, сақтаушың да сенімді.

3115  Сырттан тиер кесел, қырсық кездессе,

 

Мен құлыңмын, тұрам жауға бермеске!



* * *

 

Шүкірлік қып, Елік қатты шаттанды,



 

Қолын жайып, қуанышын ақтарды:

 — 

 

Мейірімді ұлы иемсің, құлыңмын!



 

Қадірледің,  қуат бердің,  құбылдым.

 

Маған күллі жақсылықты ұсындың,



 

Қарыздармын. Өтесем деп, қысылдым.

 

Қарызымды қалай ғана өтермін,



 

Өзіңе-өзің менен өтеп  өтерсің?!

 

(Жалбарынам, өте өзіңе мен үшін!?



 

Сенің арқаң ырыс-бақыт, жемісім!)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет