* * *
3050 Сөзін үзіп, Өгдүлміш, жерді сүйді,
Дұға қылып Елікке басын иді.
Еліктің Өгдүлмішке сауалы
Сөздерді естіп ол ағынан жарылды,
Қолын жайып, жаратқанға жалынды:
Ай, мейірбан, жаппар ием, жаратқан!
Қиналғанда тапқан ием, жаратқан!
Сенен өзге сүйенішім жоқ менің,
Сенде — үмітім, сенде көңіл көксерім.
Шапағатың қалды ма мен көрмеген,
Арыз-тілек қалды ма сен бермеген.
3055 Сөзім — дұғам, шындығым бұл іштегі —
Сен мұңсызсың, менің мұңым бітпеді!
Сенен медет, сенен қуат тілеймін,
Тура жолға сілте, солай жүрейін.
Бұл Өгдүлміш ізгіліктің көбінен,
Артық шықты толды соған көңілім!»
Біліп, сенің мейірімің екенін,
Мен күніне мың шүкірлік етемін!
Жанын салып жүргізеді бек ісін,
Көбейтеді жұрт дұғасын мен үшін,
3060 Күш бер маған, енді хақын өтейін,
Сүйіндіріп, жанын жақын етейін!
Тағы да айтты: — Ақылдылар, естілер,
Мақтан тұтып, Өгдүлміштен ес тілер!
Ақыл тілер болса, тұнған ақылсың,
Сенімді, адал, бауырмалсың, асылсың!
Білік күтсе, кемел кеніш — білімің,
Ұшсаң — қанат, жортсаң жүйрік күлігің.
285
Қызметің асып түсті ақыңнан,
Ешбір істі асырмадың басыңнан.
3065 Енді мен де саған қайыр етейін,
Тірлігімде қарызыңды өтейін!
Мені елеген Алла сені елесін,
Дəл өзімдей сүйіндірсін, жебесін!
Достарыңызбен бөлісу: |