«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


 ӨГДҮЛМІШ  ЕЛІККЕ ЫДЫСШЫ БАСШЫСЫ ҚАНДАЙ



Pdf көрінісі
бет107/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   247
37. ӨГДҮЛМІШ  ЕЛІККЕ ЫДЫСШЫ БАСШЫСЫ ҚАНДАЙ 

БОЛУ КЕРЕКТІГІН АЙТАДЫ

 

 Айтты Өгдүлміш: — Елік, ойлап қарасам,



 

 Бұған жұмсар білікті жан таба алсаң?!

 

  

 



 Сыннан өткен, өзің бағып өсірген,  

 

 



 Көңілін ұстап, тура жүрген кісі жөн.


 272

2885  Көңілі тоқ, мейірлі, əділ оттан да,

 

 Пейіл-құлқы түзу болса оқтан да.



 

  

 



 Осындай жан ұстаса ыдыс құлағын,

 

 Іске жарап, төгер шырын құнарын.



 

 Ыдысшы ұстар күллі түрлі дəріні — 

 

 Гуəріш, мəжүн, чұрны қосқан кəдімгі.



 

 Алуан түрлі дəріні ұстар даяр қып,

 

 Қаласа ішіп, жейтін иə жалайтын.



 

 

 



 Құрғақ, балғын жеміс, шəрбəт, қауыздар — 

 

 Барлығы бар, өтетұғын ауыздан.



2890  Бекке қатер келсе-келер тағамнан,

 

 Қанға содан жақсы-жаман таралған.



 

 Ыдысшы, аспаз шалағай боп кездессе,

 

 Бектің шырқы кеткені де келмеске!



 

 Не дейді екен, тыңда білген адамды:

 

 «Ауызды бақ, ақырын же тағамды.



 

 Аузыңда ынсап болса, тимес маңдайға,

 

 Аз тағамның дəмі татыр таңдайға.



 

Аузын бақпай,  тірлік текке озғасын — 

 

 Көрдім талай жұтқандарды өз басын.



2895  Дерт кісіге жабысады ауыздан,

 

 Дертке дауа дəрі де енер ауыздан.



 

 Білім керек, ақыл керек кісіге,

 

 Ақыл бастар — адамшылық ісіне.



 

 Ақылды жан қатыспайды жаманға,

 

 Біліктінің ісі бүтін əмəнда.



 

 Қисық жебе отын болып шығады,

 

 Қисық адам — тұтқын болып тынады!



 

 Тура жүріп, істі тындыр ер бегім!

 

 Туралықтан өзге жақсы көрмедім!»



2900  Ыдысшыға нақ осындай ер керек,

 

 Жүрегі-ақ, көңілі таза, елгезек.




 273

 

Жұмысына түзу, адал қарасын,



 

 Жамандықтан тартсын бойын, санасын.

 

  

 



 Өз қолымен жасап, дəмін алғасын,

 

 Өзі жауып, өзі соқса таңбасын.



 

 Ең дұрысы, барлық дəрі, тұнбаны,

 

 Таза қолмен жасап, құйып тұрғаны.



 

 Жеміс*, жүлəб*, жүлəңбінді* баптаса,

 

 Бар шарапты өзі жасап, сақтаса.



 

 

2905   Ашынса да, күйінсе де, жаны ашып,



 

 Хақын өтеп ас, табағын қарасын.

 

 Еңбектенсе, құртпай соңын құрдымға,



 

 Бейнеттенсе, бағы жанар құлдың да!

 

 Кісі неге сіңірсе еңбек, жігерін,



 

 Көктер жаны соған тамыр жіберіп.

 

 Мұны меңзер сөз бар сөздің жəннаты,



 

 Ақылды сөз — білім-ойдың қанаты:

 

 «Неге сіңсе маңдай тері адамның,



 

 Содан жаны алар лəззат, табар мұң.

 

(Неден мехнат көрсе өгіздей жегіліп,



 

 Сүйер соны жан-тəнімен беріліп.)

2910  Бейнеттеніп ер өмірін арнаса,

 

 Сүйіп соны, жүгін сүйреп, талмаса!»



 

 Мұндай кісі келсе, құтқа жоры да — 

 

 Ыдысшы ісін ұстат соның қолына.



 

 

 



 Осындай ер керек арлы, сабырлы,

 

 Ісі, көркі жадыратар жаныңды.



 

 Іс басшыға көмекшілер қымбатты,

 

 Сақалсыз, жас, болсын түгел сымбатты.



 

 Жүзі жылы, күн нұрымен шайғандай,

 

 Бойы талдай, шашы қара, ай маңдай.



2915  Қыпша белді, жауырыны қақпақтай,

 

Өзі реңді,  көзі ұшқынды шақпақтай.




 274

 

 (Əппақ еті, жүзі қызыл шырайлы,



 

 Сəмбі талдай бал денесі былайғы.)

 

 Жасыл, сары, қырмызы, көк тамаша,



 

 Киім киіп, табақ тартса — жарасар.

 

 Мұнтаздай пəк, сақалдары болмасын,



 

 Ыдыс, тағам қыл-қыбырға толмасын!

 

 Ыдысқа түк жүрсе ілесіп — жарамсыз,



 

 Қыл-қыбырмен қалай дəмін аларсыз.

 

 (Тəбетің де ерке қыздай қылықты,



 

 Үп еткен леп үркітеді тымықты.)

 

 Ыдысшылар «көсе» болсын дегенді,



 

 Айтқан сөздің келгендейін кері енді:

2920  «Ыдысшы пəк, сұлу болса сүйінер,

 

 Ұсынғаны тілді балдай үйірер.



 

 Көркі сұлу, құлқы сұлу тағы да

 

 Не берсе де жаға түсер жаныңа!»



 

 Көзі ашық, көкірегі ояу ерлерім,

 

 Бəйітшінің байқа нені меңзерін:



 

 «Көркі болса, маңдайдан күн көрінер,

 

 Не берсе де, балдай шырын төгілер.



 

 Қарны аштар көрсе, тағат қалмаса,

 

 Сусағандар ішсін қанша, қанбаса!»



2925  Ыдыс басы болсын, міне,  осындай,

 

 Қосшылары өзіне сай қосылғай.



 

  

 



 Сонда оларға бектер сеніп, нанады,

 

 Жақын тұтып, пейіл беріп бағады.



*  *  *

 

 Ай, елбасы, бұл істерге, аңдағын,



 

 Бауырмал, тоқ, арлы жанды таңдағын.

 

Бірі — елші, хатшы — бірі, қарасаң,



 

 Бірі — ыдысшы, асшы — бірі, қарасаң.

 

 Əрқайсысын қатты таңдап, барлағын,



 

 Лайық болмай, кейін қапы қалмағын!




 275

2930  Елші, хатшы болса егерде кеселді,

 

 Зиялы елге тиер, тияр меселді.



 

 Кесел болса ыдысшы, аспаз сияғы,

 

 Өміріңе, жанға тиер зияны.



 

 (Ас басына алсаң арам, масылды,

 

 Күнəсіне берерсің əз басыңды.



 

 Ыдысшыға кетсе қулар жанасып,

 

 Дəрі орнына зəр ішерсің адасып).



 

 Таңдағанда, ақылға сал, ей Елік,

 

 Қателессең, таба алмассың себебін!.. 



*   *   *

 

Айтты Өгдүлміш: — Құтты бектің заты да,



 

Ісі де ұлы, ұлы бектік аты да!

 

Ұлы істерден басың қатар көбіне,



 

Бас ауырса, қалар бектік жөніне.

2935  Дана ақылы-ай, көріпкелден аумаған,

 

Кеңессе бек — ақыл-інжу саулаған:



 

«Еңбек еткін, лəззат қуып не етесің,

 

Михнат пен рахат бірге, жетесің!



 

Бек қиналса, халқы құтқа батқаны,

 

Ел байыса, бек бақытын тапқаны!



 

Лəззатшыл ер!  Егілмегін тым аса,

 

Бейнет ақыр рахатқа ұласар.



 

(Шаттансаң да, шамаңнан тыс тасынба,

 

Сығырайып мехнат отыр қасыңда!)



 

Ай, мəрт батыр, жадыңа түй тегінде,

 

Ыдысшы, аспаз болсын қанша сенімді



2940 — Бəрінен де, сөзді қойып, бағарсың —

 

Өзіңе-өзің бауырмалсың, адалсың!



 

(Сені өзіңдей сақтай алмас тірі жан,

 

Сөзді созбай, осы  жайды біліп ал.)»



 

Дана ердің өсиетін  жазып ал, 

 

Жазып, оқып, ұмытпастай қанып ал:




 276

 

«Шырын жанға опалы іздеп таппадым —



 

Сенетіғұн бір өзімнен басқаны.

 

 

Қатты сақта, жайсын жаның желегін,



 

Кетер болса, емін табам демегін!»

* * *

 

Айтарымды айттым, Елік, түсінгін,



 

Ем, дауасын, жөнін сөзге түсірдім.

2945  Міне, осындай жандармен бек көгерер,

 

Жауын жайпап, даңқы тарап жөнелер...



 

 

Бəрін айттым, тиістіні білуге,



 

Тағы да бір сөзім қалды тілімде.

 

Тыңдаса Елік, оны-дағы төгейін,



 

Тыңдамаса, көкірегіме көмейін!





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет