«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Еліктің Өгдүлмішке сауалы



Pdf көрінісі
бет109/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   247
Еліктің Өгдүлмішке сауалы

 

Елік айтты: — Сөз төркінін байқадым,



 

Қызметші хақы қалай қайтады?



38. ӨГДҮЛМІШ ЕЛІККЕ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ХАҚЫ, 

БЕКТЕРДІҢ ПАРЫЗЫ ҚАНДАЙ БОЛУ КЕРЕКТІГІН АЙТАДЫ

 

Айтты Өгдүлміш: — Қызметіңе жараса,



 

Бар бегінде құлдың хақы, қарасаң...

 

Ең əуелі ішіп-жемін берерсің,



 

Іске күші сай тұруын елерсің...

 

Қызметшінің еңбегі — сор, жолы — ауыр,



 

Түсінген бек сезер өзі-ақ бодауын.

2960  Құлы бектің сүйінішін малданар,

 

Жан-тəнімен жақсы істеуге қарманар.



 

Ыстық-суық, аш-тоғына қарамас,

 

Кірер оққа, қылыш, балта аралас.



 

(Жаяу-жалпы қалқан болар жаныңа,

 

Жалғыз түйір құн сұрамас қанына.)



 

Оңға-солға, артқа ма əлде алдыға...

 

Бек бағы үшін мехнат шегер тағы да...



 

Жауға шапса, бектің қалқан-жарағы,

 

«Өзі өлсе де, бегі өлмесін!» — қалауы!..



 

 

(Жау ұмтылса, бегін оқтан қағады,



 

Өзі өлсе де, бегі тірі қалады.)

 

Бек сүйінсін деп ондайлар жаншылып,



 

Күндіз-түні бейнет шегер сарсылып.

2965  Қызмет хақын бегі өтеп , жарасса,

 

Ізгілікпен, мейіріммен қараса.



 

Сөзін тыңда Үш орданың ханының,

 

Ел сарасы, жұрты сүйген табынып:



 

«Ай, ұлы бек — иесі ұлы халықтың,

 

Құлыңды елеп, ұлық тұтып,  қарық қыл!




 278

 

Қызметшімен бектің қолы ұзарар,



 

Қызметшімен ел мен жұрты құралар.

 

(Бектер ұлық болып туар тегінен,



 

Қызметші озып шығар теңінен!)»

 

Ұлы болсын, асыл болсын бек қанша,



 

Қызметшімен шығар, жақсы ат қалса.

2970  Адамшылық — кісіліктен, бағамда,

 

Адамшылық — тариқат* қой адамға...



 

Мүрруəт*  ол  тариқат қой, заты шын,

 

Кісі еңбегін білсе, беріп ақысын.



 

Ісші есікте үміт күтіп күн кешер,

 

Үміт өшсе, адамдық та бірге өшер.



 

Қызметшісін көрсе, бектер бағалап,

 

Кім пайдалы, пайдасызын саралап.



 

Қызметіне лайық болсын ақысы,

 

Əділ сонда, бек пен құлдың хақысы.



2975  Ай, бек, кісі хайуаннан қор емес,

 

Соны білсең — болмас өкпе, сор, егес.



 

 

Малды да адам баптап, əбден бағады,



 

Сонсоң ғана терін сылып алады.

 

(Əуелі адам тойындырар малды да,



 

Сонсоң іске қосар салып алдына.)

 

Жылы сөйлеп, пейіл берсе аялап,



 

Қызметкер де бектен жанын аямас.

 

Жүрегі еріп, құл да қалбақ қағады,



 

Қинар өзін, бек көңілін табады.

 

Мұны мегзеп сөз айтыпты ғұлама;



 

Білігімен адам қолы ұзарар: 

 

(Бұл сөзде тұр тоқсан ойдың торабы,



 

Білікті сөз білген құлға қонады.)

2980 «Ізгілікке  ер — жанын қиып, жай табар,

 

Жақсылықты он есе қып қайтарар!




 279

 

Пайда көрсе,  құлдық ұрып  ереді,



 

Құл боп соған, өзі бейнет шегеді!»

 

Ісін өтеп, қызметшіңнің күйін біл —



 

Ашты тойдыр, жалаңашты киіндір.

 

 

Ай, құтты Елік, бекті сонда не дейін,



 

Кедейліктен құтқармаса кедейін?!

 

(Ай, құтты Елік, бектің сағы сынбай ма,



 

Құлдың мойны ұқсап тұрса ырғайға!

 

Құлы кисе жоқшылықтың қамытын,



 

Кедей, — дер ел, — бегінің де жаны тым?!)

 

Тыңда, болмас қарт ойының нашары,



 

Қария сөзі жігіт көзін ашады:

2985 «Кісіге егер сіңсе еңбегі кісінің,

 

Еңбегінің хақын өтеу — кісілік.



 

 

Жаны ашымай, кісі еңбегін жегенді,



 

Кісі демей хайуанға теңейді!»

 

Екі түрлі қызметші, түбі, біл,



 

Бірі — ерікті үміт қуған, бірі — құл!

 

Құлақкесті құл еріксіз, табынар,



 

Табынбаса — сабаған соң: жалынар.

 

Еріктілер өз еркімен жалданар,



 

Маңдай термен тапқандарын малданар.

2990  Еріктілер — ізгілікке жығылар,

 

Ізгілікпен құл қылудың сыры бар...



 

Еріктіні құлдай ұстау жараспас,

 

Ерікті — еркін!  Құлың құл ғой — таласпас.



 

Бек сарайы — рахаттың сарайы,

 

Пайдасын көр! Қылық етпей анайы...



 

Құл байыса, бектің аты шығады,

 

Дұғамен бек аты мəңгі тұрады.



 

Бек пен құлдың тірлігінің сияғы,

 

Сатушы мен алушыдай баяғы




 280

2995  Сатушы оған сатар айтып бағаны,

 

Алушы алып — айналымға салады.



 

Жыл, ай, күндер өтер — пайда жиылар,

 

Есептесер, тағы түсім құйылар.



 

Енді  бек пен қызметші келісер —

 

Есептесер, ортақтасар, сенісер.



 

Бегі құлға берер нəрсе, ақылын,

 

Қызметшісі қызмет жасар сапырып.



 

Қылыш сілтеп, құлы жанын салады,

 

Ұлыс — шаһар, елі пайда табады.



 

(Қызметші шығар қылыш құрсанып,

 

Буырқанып, жанын қиып бұрқанып.)



3000  Жау жеңілер, қазынасы толығар,

 

Тілегі боп мал, нəрсесі молығар.



 

Мұның бəрі жазылған іс маңдайға,

 

Қадірле бек, татырғанды таңдайға.



 

Сарттар*  басы не дегенін тыңдағын,

 

Жаһан кезген,  тауып пайда сырларын:



 

«Пайдалы құл — жақын болар ұлыңнан,

 

Пайдасыз ұл — жаудан жаман ұрынған.



 

Тірі жанның бəрі пайда қуады,

 

Пайдасызды үйде қарттық буады.»



3005  Əскер — бектің қанаты мен құйрығы,

 

Қанатсыз құс ұшпас — тағдыр бұйрығы!



 

Əскері мол бектің күші еселі,

 

Əскермен ол  көп түйінді шешеді.



 

Қай бекке еріп ерен ерлер аттанар,

 

Əлемге сол сайыпқыран атанар!



 

Күллі өнерді жиып алса бойына,

 

Орындалар келген тілек ойына.



 

Жиһангерге өнер керек мыңдаған,

 

Уысында тұрар сонда бұл ғалам!




 281

3010  Үйрен, ұлым, арзан көрме өнерді,

 

Киелі өнер аққұс тектес төбеңде.



 

Өнер  құты  —  киесіндей  аққудың,

 

Құс қуғаның — өнер қудың, бақ қудың!



 

(Құты құстай құтты өнерді тегі сен,

 

Көктегі аққу деп атасаң келісер! )



 

Дүниені қартайтқан һəм қартайған,

 

Басы əппақ қарт айтыпты марқайған.



 

«Қадір тұтып, үйрен білім, өнерді,

 

Қадірлетер ол  даңқыңды, өреңді.



 

Білімді біл, ойлан, текке жүрмегін,

 

Сəті келсе, туар ізгі күндерің!»





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет