«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Еліктің Өгдүлмішке жауабы



Pdf көрінісі
бет115/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   247
Байланысты:
2 5188235762453185852

Еліктің Өгдүлмішке жауабы

3120  Елік айтты: — Өгдүлмішім, Алланың

 

Шапағаты, сені тауып алғаным!




 289

 

Себепкер сен,  ізгілікті жебегін,



 

Заңды түзеп,  залымдықты тежегін!

 

Алла күллі жақсылықты қаратты,



 

Сені өзгеден он есе артық жаратты!

 

Бектің өзі тырысқанмен сіресіп,



 

Құлсыз, жалғыз, ісі өнбейді білесің!

 

Бек өзі — ішті, құлы тысты шолады,



 

Жанашыр құл көз де, сөз де болады.

3125  Көзім де — сен, тілім де — сен, қолым да,

 

Атым ізгі, оңым да — есен,  солым да...



 

Не дер екен естіп, байқа  Қаһанды,

 

Билеп көрген елді, жерді, жаһанды:



 

«Жанашыр құл тапса бектер, түрлі іске,

 

Оны ұстасын көміп алтын, күміске.



 

Адал кісі тапса, бектің бағы асар,

 

Тыным тауып,  құт тірлігі жарасар.



 

Сара ісші — мейірімді. Адам, шын

 

Құтты құлды қайдан іздеп табарсың?!



3130  Бауырмал һəм сара жоқта жаһанда,

 

Кісілік те толық болмас қашан да!»



 

Есіркеймін, ай, Өгдүлміш атаңнан,

 

Маған қалған — жалғыз өзің, бата алған.



 

Тағы бір ер ерсе саған, қарасып,

 

Оң-солыңда жүрмес пе еді жарасып.



 

Бір өзіңсің, ай, ақпейіл, сенімді,

 

Сен жоғалсаң, таба алмаспын теңіңді!



 

Жалғыздығың жанға батып тұр тосын,

 

Өсіп-өнгір, болса тағы бір досың.



 

3135  Саған дағы түспес еді бейнет көп,

 

Дұға тиіп, өтер едім зейнетпен.



 

Іздеп көргін қандастарды аралап,

 

Бар ма, сұра, саған ерер саралар!




 290



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет