«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Өгдүлміштің Елікке жауабы



Pdf көрінісі
бет116/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   247
Байланысты:
2 5188235762453185852

Өгдүлміштің Елікке жауабы

 

Айтты Өгдүлміш: — Елік, болсын есендік,



 

Істі қолға алсақ —  кетпес есең де.

 

 Елік тыншып, рахатқа батқайсың,



 

Бар тілегің келіп, лəззат тапқайсың.

 

 Еңбегімді хан алтынға  баламай,,



 

Оң көзімен, оң көңілмен  қарағай!

 

(Хан қосшысы бейнетімді ұмытсын,



 

Алакөңіл болмай, жаны тынықсын.)

3140  Еңбек келсе, рахат та келеді,

 

Рахат пен еңбек бірге себебі!



 

Егер Елік ел ісіне пайдалы,

 

Кісі іздесе, ел басы елдің қаймағы.



 

Дана сөзін естіп, өзің салмақта,

 

Есті сөздің əр түйінін тармақта:



 

«Жəрдемшісі көп болса, бек ырысты,

 

Көңілі тоқ, өркенді елі, тынысты.



 

Көп болса елде берекелі, зерделі,

 

Ісі гүлдеп, рахаттанар ел бегі!»



3145  Жоқ емес бар, ондай кісі қандаста,

 

Асып туған, білігі артық, марқасқа!



 

Өнері көп, көңілі ояу, жайсаң жан,

 

Алған ісін құлпыртатын майталман.



 

Аты — Одғұрмыш, түзу құлқы, тəлімі,

 

Қол жеткізген жақсылықтың бəріне.



 

Бірақ безіп бұл дүниеден түңіліп,

 

Тауға кеткен, хақ жолына жүгініп.



 

Бұл дүниеден жүзін бұрып, қамыққан,

 

Күнəларын арылтсам деп жабыққан.



3150  Жүз  есе  үстем  менен  оның өнері,

 

Сарасы елдің, білген жаңа,  көнені.



 

Сол туысым бірге болса қасымда,

 

Білігімен жүрер бар іс басында!




 291

 

Ханның елі көңілі өсіп, шаттанып,



 

Ғұмыр кешер дүниеден бақ тауып.

 

(Елік, сен де кенелер ең алтынға,



 

Əлемді ұстап тұрар еді халқың да!)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет