Одғұрмыштың Елікке жауабы
Айтты Одғұрмыш жауап беріп: — Ер Елік —
Бұл ізгі іске қолы жеткен теңеліп.
Арттырсын һəм хұда сені қолдасын,
Жақсы қылық, құлқың сені қорғасын!
Бектер елдің таңдаулысы сарасы,
Болсын сара қылық, сөзі, санасы.
Білік беріп былай депті білген ер:
Əділ, ізгі бектің елі гүлденер.
5085 Не дейді екен, тыңда, ақ басты адамды,
Ұзақ жасап, кешкен бастан ғаламды:
—
Құлқыңды оңда, ай, тұтушы жаһанды,
Келуші құт кетер, қайта қашар-ды.
Жақсы ат қалдыр, тырыс сен де өзіңе,
Жафа қылма, жат қылар құт сені де!
Ай, қолы ұзын, жамандыққа бармағын,
Сөз, қылықты ізгілікке арнағын.
Бек, ұлықтық жүзін бұрар, ақылым —
Тек жақсылық айнымайтын, батырым!
(Бек, ұлықтық сенен бетін бұрады,
Тек жақсылық құбылмай нық тұрады.)
5090 Ізгілік ет, халық жүгін көтер де,
Жақсылығың қайтар, дəурен өтер де!
Тірлік күні ізсіз боран, жел екен,
Құт сенімсіз, аттап сенен тез өтер.
Достарыңызбен бөлісу: |