«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Одғұрмыштың Елікке жауабы



Pdf көрінісі
бет179/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   247
Одғұрмыштың Елікке жауабы

5040  Айтты Одғұрмыш: — Өзіңді, Əмір, ғұрыптым,

 

Көзім көріп, бейнетімді ұмыттым.                              



 

Келсем енді, мен өзіңе тіленіп,

 

Не машақат болушы еді біл, Елік!?



 

Жүріп-тұрса, адам тілеу, ниетпен,

 

Арып қалмас, жетер тездеп тілекке!



 

Не дегенін, аңда, ердің қаһарман,

 

Ақылымен даңқын алыс апарған:



 

«Жырақ жер де жақын — көңіл қаласа,

 

Жетер анық ол тілекке тамаша.



5045  Тілегіне ұмтылса ер көңілмен,

 

Тез жақындар үмітке алыс көрінген.



 

Аяқ бассаң көңілің соқпай, тегінде,

 

Қашық болар, қанша жақын жерің де!» 



 

Аяғыңмен жүрсең михнат жетеді,

 

Көңіліңмен жүрсең михнат кетеді.




 418

 

Көңіліммен  келдім саған ей, Елік,



 

Қалай бейнет тисін маған сен, Елік!

 

Бақсаң, көңіл кімді сүйіп, қаласа,



 

Қанша жырақ болсын, жақын сол аса!





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет