Еліктің Одғұрмышқа сауалы
5050 Елік айтты: — Сөзден бұрын, сауалым,
Бар өзіңе, айтып бергей жауабын?!
Көңіліңмен келдің маған, жөн делік,
Бұл қай ісің, өзің жауап бер, ерім!? —
Білесің сен сəлем ауыр жол аса,
Кім алдымен сəлем берсе, сол ашар.
Көріп тұрып, маған сəлем қылмадың,
Сəлем беріп, неге мойын бұрмадың?
Одғұрмыштың Елікке жауабы
Айтты Одғұрмыш: — Əу, баста ұғып, сенгемін,
Біле тұрып жорта сəлем бермедім.
5055 Сəлем — жолы есендіктің адамға,
Сəлем бердің — саулық бердің аларға.
Сəлем — аман бол дегенің əмəнда,
Сəлем қылсаң, аман болар адам да.
Мұны мегзер келді сөздің кезегі,
Көңілі түзу, есті мұны сен енді:
«Сəлем берген берер ерге амандық,
Сəлем алған саламаттық алар-ды.
Сəлем ерді жамандықтан қағады,
Жауап берген амандықта қалады!»
5060 Кішілерге сəлем берсін ұлылар,
Алдын алса, күллі ісіңнің ығы бар.
Кіші үлкеннің сөзін тұтып, атқарса,
Əмəнда аман жүрер көзін жапқанша.
Аман болса кішік ұлық кəрінен,
Қайыры тиіп есен қалар бəрінен.
Ханға менен не шер келсін алаңдар,
Мен — кішікпін. Кішікте не залал бар.
419
Елік қолы ұзын барша халыққа,
Не қылса да қылар, тулап-тарықса.
5065 Қор, қаралар бекке сəлем қылмайды,
Ай, білікті, оның мəні сондайды.
Қызмет етсе деп əуелі санадың,
Шақырттың сен, өзің тілеп — қаладың.
Қабыл көріп, мен сөзіңе ермедім,
Қу дүние байыбына сенбедім.
Оны қойып, жүздесуге шақырдың,
Енді алдыңа келдім аман, бас ұрдым.
Тағы именіп едім сенің алдыңда,
Аман-сəлем бердің, қолды алдың да.
5070 Қозғар ма деп, сол сөздерін қайтадан,
Тағы именіп, сенен сəл-пəл тайқағам.
Түгел сендім, нандым енді табанда,
Шапағатың тигей сенің маған да!
Достарыңызбен бөлісу: |