«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Еліктің Одғұрмышқа жауабы



Pdf көрінісі
бет187/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   247
Еліктің Одғұрмышқа жауабы

 

Бұл сөздерді естіп Елік таңданды:



 

«Ай, ақылдым, — деді, — адамның абзалы!

 

Ай, хош көңіл, таптың сен де салауат,



 

Бектік маған болды енді бəлекет!

 

Білдім енді, көзім  менің ашылды,



 

Өзімнің мен отқа атыппын басымды.

5400  Туралықтан азыппын мен, ей, ұлық,

 

Түзу жолын айттың, алдым мен ұғып.



 

Дұға  қылғын, Одғұрмыш, сен мен үшін,

 

Тəңір тауфиқ берсін, ізгі жемісін!»



Одғұрмыштың Елікке жауабы

 

Айтты Одғұрмыш, жауап беріп: — Бек, ұдай —



 

Тілекке жет, тауфиқ берсін бір құдай!

 

Ақылыңмен тый нəпсіңді жел берер,



 

Қор болады құмарлыққа ерген ер.

 

Құртар сені тəн мен жанның құмары,



 

Құмар қусаң — азар жанның құнары...

5405  Күнə толы, кəрі дүние алдады,

 

Құлқы түзу талай бекті жалмады.



 

Қартайтқан ол сендейлердің талайын,

 

Сені де ұзақ ұстамайды, ағайын.



 

Олар кетті, сен жайғастың орнына,

 

Енді əзірлен, уақытыңды қор қылма.



 

Ұмытпа, Елік, өлім түбі жеңеді,

 

Күмəнданба, уақытың тез келеді!



 

Ұмытпа, Елік, сақта өзіңді шыда  алда,

 

Ұмытсаң да, əсілді естен шығарма!



5410  Ұқпаса кім,  бұл екеуін,  сабылар,

 

Туралықтың жолынан кіл жаңылар.



 

Не дейді есті, өзін өзі білген ер,

 

Құмарлықты ақылымен бүрген ер:



 

«Көрің, жұртың — өлімді сен ұмытпа,

 

Арың жұрты — өзіңді өзің ұмытпа!




 441

 

Жаралғанның бірісің, «Мен!» демегін,



 

«Мен!» десең, жан орны дегін денені...»

 

Тасада аңдып, өлім көзге шалынбас,



 

Шықса — табар, өз жолынан жаңылмас.

5415  Еш қиындық көрмесе өзге өмірде,

 

Жетер ашық — бір қараса өлімге.



 

Өлімнен соң таппассың ат, затын да,

 

Шіріп, құрыр қара жердің қатында.



 

Бұдан басқа қанша іс бар қарасаң,

 

Барша көрер, жол ашса ажал алашақ.



 

Бұл халді ұғып, түсінген соң ақылды  ер,

 

Қалай тыныш ұйықтап, қалай асын жер.



 

Не дейді есті, елге білім берген ер,

 

Құн-қадірін ақылымен білген ер:



5420 «Бағаңды біл, көтер көңіл-сезімді,

 

Түңіл, жібер, бұл жалғаннан безін де.



 

Дүние — түнек, іші — оқ жылан, қамдан да,

 

Ұмыт, бұрыл нағыз жарық жалғанға.



 

Таза жаның қара топырақ жамылар,

 

Ай, сақи жан, тəнің көрге бағынар.



 

Бұл дүние — зындан, құдық қараңғы,

 

Бəле, бейнет қинар мұнда адамды.



 

Сен зынданнан не рахат табарсың,

 

Не үміт тілеп, не қайырым аларсың.



5425  Қой бір уыс  топырақты, жайланба,

 

Мəңгіні ізде,  несиеге айланба!



 

Бұл шаң, тозаң, тұманнан тез өзің қаш,

 

Мəңгі, таза  мекен ізде, көзіңді аш!»



 

Сен неше мың жаса, ақыры бұл өлім,

 

Қуып жетіп ұстар сені, күн ерім!



 

Озған сайын дүние, дерті қаптайды,

 

Қаптайды, ерім, қамар,  қарап жатпайды.



 

Неше мың жыл жасап, тілек тілерсің,

 

Ешкім жетпес бар тілекке, білерсің!




 442

5430  Не дейді екен, тыңда, ай, таза көңілдім,

 

Көңілі жарым, оғы тиген  өмірдің:



 

«Мың жасағын, түгел болмас тілегің,

 

Түгел болып, түгенделмес керегің.



 

Түгел тілер кісі тілек тілесе,

 

Тілек бітсе,  білмей қалар өлерін!»



 

Сөз пайдасы — көп жырлаудан емес, біл,

 

Қайран қалып, көп тыңдаудан емес, біл.



 

Сөз пайдасы — айтқаныңа  құласа,

 

Ішке түйсе, көңіліне  ұнаса!



5435  Естідің түгел, көп сөйледім толғанып,

 

Пайдасын ал, сөзімді  іске қолданып.



 

Тілім тынбай, сайрады көп құбылып,

 

Сөз азаймай, азайды оның шырыны.



 

Саған Алла тауфиқ берсін, ай, Елік!

 

Бар жақсыға қолың жетсін, ай, Елік!



 

Тəңірің сақтап, тілегіңді бергей-ді,

 

Дұғаңда əркез еске алғайсың мендейді.



*  *  *

 

Сөзін үзіп, тұрды орнынан қозғала,



 

Тоқтатты Елік: — Отыр! — деді, — аз ғана!

5440  Ішіп-жейтін түрлі тағам шығарды,

 

Ай, ізгі, аздап татқын, — деді, — бұл дəмді.



 

Қол ұсынып, алды Одғұрмыш тағамнан,

 

Ішті-жеді дəмін татып аз-аздан.



 

Тағамнан қол тартты, басқа алмады,

 

Хақты ауызға алып, «Шүкір!» арнады.



*  *  *

 

Өре тұрды, айтты Одғұрмыш сəлемін,



 

Елік тұрып берді ықылас-жауабын.

 

Шықты Одғұрмыш, аттануға бет бұрды,



 

Елік өзі ұзатып сап, ниет қылды.

5445  Есендесті қоштасарда қайырылып,

 

Қол алысып, Елік қалды қайғырып.




 443

*  *  *


 

Тұрағына жетіп, кетпекті ұйғарды,

 

Қолын өбіп, жан бауыры қиналды...



 

Туысқанын қайтарды үйге Одғұрмыш,

 

Хош-қайыр деп қайтты кейін Өгдүлміш.



 

Келді үйіне, көңілін мұң меңдеді,

 

Қайғы-алаңмен көзіне ұйқы келмеді.



*  *  *

 

Бас көтерді күн шығыстан оянып ,



 

Дүние толды аққу түске боянып.

5450  Шықты биік, көкірегін Күн керіп,

 

Нұрланды əлем əппақ сұлу түрге еніп.



 

Жайнады əлем періштенің өңіндей,

 

Кафур сеуіп тұрғандай көк өрімдей.



*  *  *

 

Тұрды Өгдүлміш төсегінен асығып,



 

Жуынды да, намаз етті бас ұрып.

 

Киім киіп шықты үйінен көр енді,



 

Сарайға кеп, кірді оған, көр енді.

 

Аттан түсіп, сарайға кеп кірді бұл,



 

Шақырды хан, бұл көрінді, көрді ол.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет