Еліктің Одғұрмышқа жауабы
Жауап беріп, айтты Елік: — Жан таза,
Ішің-сыртың бірдей түзу, тап-таза!
5115 Бұл дүниеден безіп, жүктен арылдың,
Мен ілініп, ауыр жүктен арыдым.
Бұл дүние ісі қылды пұшайман,
Хаққа ибадат ету қайда, жоқ айлам.
Маған ақыл-кеңесің бер, тұтайын,
Тазарайын шын сөзіңнен құтайып.
Одғұрмыштың Елікке жауабы
Жауап беріп, айтты Одғұрмыш: — Ей, бегім,
Жақсылыққа жақсылықты теңдегін.
Ең қоры — мен, хақ құлдары ішінде,
Білімі дария, білме өңгені, түсін де.
5120 Менен жаман тəңір құлын іздесең —
Тағы өзіммін, егер, Елік, білмесең.
Сөздерімнен қандай пайда келеді,
Өсиетім қандай демеу береді?
Жəне иемнен үмітімді кеспегем,
Кешер ием — сол, күнəмді істеген.
Жазықты құл не дегенін тыңдағын,
Жазығын біліп, тілмен құзыр қылғанын:
423
«Күнəһар, надан құлыңмын мен жазықты,
Бақсаң, мені күнə буып қалыпты!
5125 Сенен өзге ием де жоқ табынар,
Күнəмді кеш, баста құтқа, жалынам!»
Достарыңызбен бөлісу: |