Жауап беріп, айтты Өгдүлміш. — О, Елік!
Күллі іске қолды тигіз əуелі.
Берді тəңір, рахымымен белгілеп.
Бауырмал бол, түзу қара жұртыңа.
445
Көңілің неге орта түсті, ай, ханым,
Жақсылық қыл бар қуатың, бар халың.
Мұнша қатты қайғы жұттың несіне?
Тірлігіңді ащы тұттың несіне?!
Қазынаң мол, əскер-қосын, басың бар,
Барлық іске жолшы білік, ақыл бар.
Сүйіндіріп қазынаңнан үлес те,
Сол əскермен жеткін мың-мың тілекке.
5480 Не дейді есті, жаугер батыр, гүр алып,
Алтын-күміс берсе, жауды қырады:
«Əркез үстем тұтсын десең, қолдарың,
Мақтап мəртін, əскеріңді қолдағын!
Қошта əскерді, тілегіңді тілегін,
Жау иіліп, болар күллі тілегің!»
Қалың əскер ұстап, сыйла, тарылма,
Солар саған қияр шыбын жанын да!
Кəпір жауды жаншы, сақтан жəбірден,
Ақ пейілмен пəрмен тіле тəңірден.
5485 Кəпір үшін қару-жарақ, қол ұста,
Кəпір өлмес, сұм ажалға тоғытса.
Бұрханын* шақ, өрте үйін, мал-жанын,
Жөн орнына жұртқа мешіт салғаның!
Ұлын құл қыл, қызын күң қыл, қосын ал,
Дүниесін қазынаңа қосып ал!
Шариатты тарат, ұқтыр, таны да,
Ізгі атағың бірге тарар бағыңа.
Мұсылманға қол тигізбе, жақындап,
Хақтың өзі қорғайды оны, мақұлдап.
5490 Мұсылманға — мұсылман, біл, туысқан,
Туысқанмен жұлыспай, жөн, ұғысқан.
Əділ заң құр, ел марқайып, шаттансын,
Дұға қылып, ізгі атың мақталсын!
446
Алла өзі берер саған берерін,
Екі дүние сендік болар, ей, ерім!
Достарыңызбен бөлісу: