«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Өгдүлміштің Одғұрмышқа жауабы



Pdf көрінісі
бет197/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   247
Өгдүлміштің Одғұрмышқа жауабы

 

Сүйінішпен айтты Өгдүлміш: — Қандасым,



 

Сондай болмақ кісіліктің арнасы!

 

Келісті айтқан сөзіңе жан  сүйінді,



 

Шешіп бердің шешілмейтін түйінді.

 

Перде жапқан сөздің мəнін, астарын — 



 

Ашып бердің, пердені алып тастадың.

 

Өзім енді бұл тілекті қояйын,



 

Қолдап жүргей мені лəйім құдайым!

5820 Жаппар ием сақтасын һəм қорғасын,

 

Қылық-құлқым, пейілімді оңдасын!



 

Дұғаңда атап, медет беріп, демегін,

 

Мені ұмытпа, сенсің тірек, сенерім!



*  *  *

 

Сөзін үзіп, тұрды, шықты ақырын,



 

Қош айтысып, басын бұрды атының.

 

Келіп түсті, кірді үйіне жадырап,



 

Асын ішіп, демін алды азырақ.

 

Зеңгір аспан қара киім киінді,



 

Шашын жайып, жарық жүзі түйілді.

5825  Өрген шашын жазғандай күн, құлпыртып,

 

Дүние ішін жапты түсі бұлғынның!




 467

 

Төсек салды. Жатты, біраз керілді,



 

Сонсоң тыншып, тəтті ұйқыға көмілді.

 

Оянды да, қарады ашып қабағын,



 

Қыздай күліп көрсетті аспан ажарын.

 

Күн шықты да, алтын шапақ таралды,



 

Күллі жаһан аққу құстай таранды.

 

Тұрды Өгдүлміш, жуынды да тазарды,



 

Намаз оқып, асын ішті азанғы.

5830  Атқа мініп хан сарайға барды да,

 

Келіп кірді тура Еліктің алдына.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет