«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Еліктің Өгдүлмішке жауабы



Pdf көрінісі
бет190/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   247
Еліктің Өгдүлмішке жауабы

 

Елік айтты: — Ұқтым нəрлі сөзіңді,



 

Істі солай атқарармын өзім де.

 

Қане, соны пайдаланар ісім, ер,



 

Қолдануға маған өзің жəрдем бер.

5495  Əуелі елді сүзіп, жөнге салған жөн,

 

Іші-тысын, құлқын біліп алған жөн.



 

Сүйгендерді пайда беріп сүйіндір,

 

Сүймегеннен без, сүріндір-күйіндір.



 

Бұдан бұрын жөн еліңді түзеген,

 

Тазартып іш-тысын, мінін күзеген.



 

Заңмен түгел түзелсін ел алаңсыз,

 

Арылсын жұрт іс-қылықтан жарамсыз.



 

Қане, елді қалай жөндеп, не істерміз,

 

Көз ашқызбай қабаттасты іске — іс!



Өгдүлміштің Елікке жауабы

5500  Өгдүлміш бұл берді жауап: — Ей, бек! Сен,

 

Істі созба, кіріс тездеп, еңбектен!



 

Бітер істі неге ұзақ созасың,

 

Үлгірмесең, өмірден құр озасың!



 

Бітпеген іс — ертең тағы жүк болар,

 

Іркіліп кеп іс үстіне іс толар.



 

 Ертеңге — деп, бітер істі тастама,

 

Қалар кейін, шықса ісің басқа да».



 

Түзетіп тұр, тазалап тұр ел ісін,

 

Елге, өзіңе болар ертең — кенішің.



5505  Жаман болма, жаманға қу жаманды,

 

Шығар елден барлық жаман, арамды.



 

Тура болып, түзет ділді, тілеуді,

 

Жамандықты жақсы құлық түзейді.




 447

 

Бар қылығы  қырсық — қырсық кісінің,



 

Қырсық кетпей, қыры келмес ісінің.

 

 Жаласы бар жолама сен жаманға,



 

Өмір сүргін қосылып ақ адалға!

 

Былай депті көңілі ақ, адал жан,



 

Қылық-құлық тілінен нұр таралған:

5510 «Тура жүріп, жамандыққа жұғыспа,

 

Күні қараң қатар бұрыс-дұрысқа!



 

Кім арамдық қылса, көрер арамдық,

 

Қияметте жолы ашық адалдың.



 

Қосын жина, өзге шараң жоқ, Елік,

 

Елді түзер əскермен бек көгеріп.



 

Əскеріңді сайлап, жасқа қасыңды,

 

Ашты — тойғыз, байыт кедей-пақырды.



 

Қызмет еткен жүрер үміт-сеніммен,

 

Кетер, тұрмас үміт үзіп, жерінген.



5515  Қызметші де түрлі-түрлі ойласаң,

 

Танып, талғап жұмса, жолдан таймасын;



 

Бəрі  тілер абырой, бақ, беделді,

 

Қыбы қанса, бер абырой дегенді.



 

Тағы бірі тілер сенен мал-тауар,

 

Жанын пида қылар, тауар алса олар.



 

Тағы бірі байлық тілер, даңқ тілер,

 

Ат-тон тілер, һəм абырой-бақ тілер!



 

Ержүрекке, бер аямай күмісті,

 

Қылыш ұрсын, ашсын кентті, ұлысты.



5520  Болса ойлы, ақылды əрі білікті ер,

 

Жомарт қолмен, қадірлеп мал-мүлік бер.



 

Қолпаштама болса залым, құлқы тар,

 

Ел билетпе, ол өзіңді ұлытар.



 

Байлық беріп есіртпе сен есерді,

 

Шəксіз, у қып қайтарады есеңді.




 448

 

Тыңдап көргін білімді бек бүй дейді:



 

«Кісі қоры — байыса бас имейді!»

 

Байытпағын, ай, ер, надан, жаманды,



 

Байыр надан — байыр бірге арамдық!

5525  Қолы қысқа болса ізгі, игінің,

 

Жаны жүдер мұқтаждыққа килігіп.



 

Мұқтаж болса, кісі ізгі қылықты,

 

Бұзылар да, құртар ізгі құлықты.



 

Құлқын түзер, жамандарды жасқағын,

 

Жақсарсын кеп, жақсыларды мақтағын.



 

(Құты қашсын, жамандарды азапта,

 

Құты тассын, жақсыларды мадақта!)



 

Мейірбанды жақын тұтып, жақ болғай,

 

Ұятсызды жырақ тұтып сақтанғай!



 

Кім зарарлы, кім пайдалы, залалсыз,

 

Ай, білгір бек, талғап, танып аларсың.



5530  Сүйетінін, сүймейтінін таны да,

 

Сүйгенді — сүй, жасындай ти жауыңа!



 

Сүйеуіңді қаламаса — алыс қыл,

 

Сүйгізбе де, бермей ішті қарысқын.



 

Аманатты қиянатпен теңгерме,

 

Жарамдыны жарамсызбен тең көрме!



 

Бұйырма, айтпа бір істі екі кісіге,

 

Болмай, бітпей қалар бітер ісің де.



 

Ісіңді істі  білгендерге берерсің,

 

Іс білмесе, өзі мұң жер, көрерсің!



5535  Жағынғаны үшін ерге іс берме,

 

Таңдап тапсыр, іскерлігін ескер де!



 

Ел пайдасын, өз пайдаңды тіле де,

 

Кісі ақысын аңдыма да, жүдеме.



  

Пайдаң үшін көңіл аулап жағынба,

 

Ел пайдасын ойла, өзің тарылма!



 

Пайдалыға пайдаң тисін, алайда,

 

Пайдасызды маңайлатпа, абайла!




 449

 

Қадыр тұтып сен пайдалы кісіңді,



 

Тапсыр оған, Елік, керек ісіңді.

5540  Сен атқарар істер осы, ей, Елік,

 

Мұны істесең — гүлдер  елің түзеліп.



 

Жақсы атанып, құтаярсың өзің де,

 

Сенен кейін қалар атың, сөзің де.



 

Халық байыр, елдің орны түзелер,

 

Қалауыңша қазына-байлық түзілер.



 

Не дегенін тыңда жаны бай кісі,

 

Мейірімі тіл, діліне сай кісі:



 

«Қай ел бегі жақсы болса, дуалы,

 

Сол ел халқы байып, күні туады!



5545  Ел байлығы — бек байлығы саналар,

 

Қаласаң — оны, тұт қаласаң мынаны!»



 

Ұлыс, кентті аршы ұры-қарыдан,

 

Аман өтсін керуен, құл арыған.



 

Елдің ішін зорлықшылдан тазала,

 

Тысын күллі қарақшыдан тазала.



 

Жаза кесіп, түзет құлқын наданның,

 

Жарасады жамандыққа — жамандық!



 

Жамандарды ұстау керек зынданда,

 

Босат оны жақсыға ой бұрғанда.



5550  Бұдан да өзге адамдар бар алуан,

 

Жолың ашық болсын, бөліп танып ал.



 

Тағы бірі — білім қуған ғалымдар,

 

Ғылымменен береке-құт табылған.



 

Қадірле,  олар не айтса да ергейсің,

 

Шариат ұстап, иіліп, бой бергейсің!



 

Тыйма хақын, ас-ауқат бер оларға,

 

Мұңайтпағын, ай, бек, қара, обалға.



 

Білім беріп, көңілденсін, күйленсін,

 

Білімсіздер одан білім үйренсін.




 450

5555  Мұһтəсіптер мүлде бөлек бұлардан,

 

Қолы күшті болсын, берік шынардан.



 

Тиып ұстап пасық, қырсық, кезбені,

 

Мешітке тарт жамағатты елдегі.



 

Қызметші бар, қия бассаң — басынар,

 

Осал болсаң, басқа шығып тасынар!



 

Жүк көтермес, өзің жүгін артарсың,

 

Жүгін тасып, сор-азабын тартарсың.



 

 Бұдан басқа, қара халқың қалады,

 

Əділ заңмен, оларға оң қарағын.



5560  Бұлар — үш топ. Мұны-дағы еске тұт,

 

Зорлық қылма, зорлық қылсаң — елге жұт!



 

Бірі — байлар, көзі шелді, шелді іші,

 

Бұл халықтың күштілері, белдісі.



 

Бұлардан соң, қара, орта кісілер,

 

Қол тигізбес олар байдың ісіне.



 

Бұлардан соң келер кедей бейшара,

 

Бəрінен де соларды күт, ей, сара!



 

Байдың жүгін орташаға артпағын,

 

Орташалар бұзылады мастанып.



5565  Орта жүгін артсаң егер — торығып,

 

Кедей байқұс аштан өлер зорығып!



 

Сүйе — кедей орташаға ауысар,

 

Тырысса — орта байлықпенен қауышар.



 

Орта — байып, орта болса пақырың,

 

Байыса орта, баииды елің ақыры...



 

Ел түзеліп, табар халық ырысын,

 

Дуа тиіп, жайнар ғұмыр, жұмысың.



 

Үш орданың ханы айтқан, білерсің,

 

Соңыңда ізгі ат қалғанын тілерсің:



5570 «Кім өлгенде болса ізгі есімді,

 

Үзілмейді аты дұға секілді.




 451

 

Қалса атың əрі мəнді, əрі ізгі,



 

Ұмытылмассың қайта туған тəрізді.

 

Жер үстінде, не астында жатарсың,



 

Жетер, өзің жақсы атпен атансаң.

 

Ғұмырыңды жақсы атпен жасағын,



 

Өлсең, мəңгі қалар жақсы атағың!»

 

Үш хақы бар бұқараның, көр, сен де,



 

Хақын өте, күш көрсетпе өлсең де.

5575  Күміс елде таза болсын, саф болсын,

 

Йиəрін* бақ, əппақ болып қақталсын.



 

Тағы бірі — халқыңа əділ заң бергей,

 

Бір-біріне күштімсітпей, теңгергей!



 

Үшіншісі — күллі жолды қорғағын,

 

Қадағалап қарақшы, ұры болмауын.



 

Өтеп осы хақыларын жұртыңның,

 

Ай, сақи бек, өз  хақыңа ұмтылғын!



 

Бұқарада үш хақың бар сенің де,

 

Құлағыңа,  құй оларды тегінде:



5580 «Біріншіден,  қадірленсін  жарлығың,

 

Не болса да, тез тындырсын барлығын.



 

Екіншісі, қазына хақын жемесін,

 

Ай, қолы ашық, дəл уағында төлесін.



 

Үшіншіден, жауы болсын жауыңның,

 

Сүйсін ділін сені сүйген қауымның.



 

(Үшінші, қас-жауы сенің қасыңның,

 

Досы болсын, сені сүйген досыңның!)



 

Өтер болсаң, сен өзіңнің хақыңды,

 

Олар да өтер қарызыңды, ақыңды.



 

Бек  жол  жүрсе, жүргені жөн осылай,

 

Ұлық, ел де болса болсын осындай.



5585  Содан халқы білсін бектің бағасын,

 

Бегі игі боп, атақ-даңқы тарасын.




 452

 

Сенің құтың осыларда, ай, Елік,



 

Екі əлемде көрер қызық, керегің.

 

Одан кейін білгір, дана, ғалымың,



 

Тынбай елге берсін білім, тағлым.

 

Мұһтəсіптер қолы күшті, табанды,



 

Жамағатты кезіп, тисын жаманды.

 

Саудагерлер аманатын сақтасын,



 

Шəкірттерің насихатын жаттасын.

5590  Тарышылар баптап егін, даласын,

 

Малшы-жалшы көбейтсін мал, қарасын.



 

Əскер қалды енді ісіңе ұстарға,

 

Қарсы жортар бөріге де,  дұшпанға .



 

Сүйіндіріп, оларға сый арнағын,

 

Бөліп алып, бөтен іске салмағын.



 

Сыйла еңбегін, дүние бер нешеме,

 

Қадір тұтып, байыт, күшін еселе.



 

Бөрі, жауға күш, қаруын сайлатқын,

 

Досқа дос боп, жауды өлім боп жайратсын.



5595  Іс, тілегің болып тыныс аларсың,

 

Күллі ісің бітіп тынышталарсың.



 

Қос жаһанның қызығына қанарсың,

 

Тəңіріңнің ризығын табарсың!



 

Туралық бұл. Тура тірлік етерсің,

 

Туралықпен тілегіңе жетерсің.



 

Туралығың үшін сүйер тəңірің,

 

Өштеспе елге, ұстан жолдың əділін.



 

Көкірегі ояу, сəулелі ердің сөзі бұл,

 

Мəнісі ойдың — куə, көзі, өзі бұл:



5600 «Шындық үшін тұп-тұнық боп тұнар көк,

 

Өлмес үшін жерді жарып шығар көк!



 

Тайсалма сен, шындықты бақ қашанда,

 

Шындық көрер қайсар екі жаһанда!»




 453

 

Елік, бұлар білгендерім, түсінгін,



 

Соны айттым, жайдым іші-тысымды.

 

 

Қос əлемде ғибрат етер сөздерім,



 

Осы еді. Ұқтыруды көздедім.

 

Жақсы атаққа жақын жаһан қызығы,



 

Тиер саған түбі, жұмақ шырыны.

5605  Дүние озар, қалар, құлдай ерсең де,

 

Жақсы атағың қалсын, өзің өлсең де.



 

Ғалым сөзі мұны жақсы меңзепті,

 

Сөз бен мəнін түйіп, мірдей көздепті:



 

«Атым жақсы болсын, өлсем, мақұлда,

 

Ақыр тірі өлсе, қалсын атым да...



 

Жақсылық қыл, шығар жақсы атыңды,

 

Атағыңмен ұзарт мəңгі жасыңды!»



*  *  *

 

Бұл сөзді естіп Елік қатты шаттанды,



 

Көңіл, көзі жанып, рахаттанды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет