«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Еліктің Өгдүлмішке сауалы



Pdf көрінісі
бет198/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   247
Еліктің Өгдүлмішке сауалы

 

Сұрады Елік Одғұрмышты арнайы:



 — 

Есен-аман бар ма? — деп, һəм жағдайын.

 

Ала ма екен дұғасында мені еске,



 

Жанды қорғар хақ дұғасы емес пе!?

 

Дұғасымен кісі ізгілік көреді,



 

Дұғасымен жұмаққа да енеді.

 

Жақсы дұға жоқ болса бұл жаһанда,



 

Ерлер туа жерге кірер қашанда!



Өгдүлміштің Елікке жауабы

5835 — Дұрыс айттың, — деді Өгдүлміш, — өзің де,

 

Білікті, оңды, еш жалған жоқ  сөзіңде.



 

Жалғыз қалды ол, қайтарды да інісін,

 

Дұға қылып, мұңлық болып біз үшін.



 

Бізден басқа кімнен күнə шығады?

 

Біз күнə істеп, сол оқиды дұғаны!



 

Елік үшін жан ұшырып, табынып,

 

Дұға оқып жүр, жан-тəнімен жанығып.



 

Мейірбанды одан ешкім аспаған,

 

Біз үшін ол өз қайғысын тастаған!



5840  Бізден осал кім бар, Елік, білмедім,

 

Қол тимейді, өтті текке күндерім.



 

Мал-дүние, қу тілекке семіріп,

 

Рахатта құр жатыппыз керіліп.




 468

 

Тəніңді құрт-жылан жер, бір өлерсің,



 

Жан шығарда — бəрі өкініш, көнерсің!

 

Есті сөзді естіп, ұғып аларсың,



 

Содан, қозы, сен шапағат табарсың:

 

«Жылан, құрттың жемісің — көп семірме,



 

Қонар-кетер қонақсың — көп елірме!

5845  Көрген түстей өтер-кешер тірлігің,

 

Белгісі оның қуған күндер бір-бірін!»





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет