«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


 ОДҒҰРМЫШТЫҢ ӨГДҮЛМІШКЕ КЕҢЕС БЕРУІ



Pdf көрінісі
бет195/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   247
74. ОДҒҰРМЫШТЫҢ ӨГДҮЛМІШКЕ КЕҢЕС БЕРУІ 

АЙТЫЛАДЫ

 

Жауап беріп, айтты Одғұрмыш: — Тыңдағын,



 

Мен сөйлейін, інім, көңіл сырларын.

 

Бұрыпсың сен оң ниетке  жүзіңді,



 

Хұда тауфиқ беріп, ашсын көзіңді!

 

Бұл іске амал білік емес бір ғана,



 

Сан түрлі іс бар қолға алатын толғана.

 

Айтайын, біл, бірінші оның шарасын,



 

Əзірленіп, істе, көріп шамасын.

5725  Бүгін саған онда тұрған жақсырақ,

 

Бүгін маған мұнда тұрған жақсырақ.



 

Елге бүгін сенің пайдаң көп тиер,

 

Ал тимесе — елің қарғап, көп сілер.




 461

 

Ел ішінде қолыңды ұзын етті Елік,



 

Сауабын ал — жақсылық қыл ескеріп.

 

Ел рахат көріп, халқың жүгінер,



 

Дұғамен бір атың түспес тілінен.

 

Не дегенін, тыңда, ердің данасы,



 

Əділ кісі — кісілердің сарасы:

5730 «Елге пайда берсе, болып ісі оң,

 

Кісілердің ішіндегі кісі сол!



 

Безер кісі пайдасыздың маңынан,

 

Пайдалы ердің кетпес елі жанынан!»



 

Жақсы болса ердің ниет-құлығы,

 

Іс-тілегі түгел болар ғұмыры.



 

Ниеті оң — тек жақсылық табады,

 

Ниеттен-ақ жанға сауап алады.



 

Əділ заңың елге ырыс үйірер,

 

Хан мен халық сүйер сені, сүйінер.



5735  Заң түзелді — жақсылық кең жайлады,

 

Кетті құрып зар жамандық айлалы.



 

Тастап бəрін, келсең мұнда отырып,

 

Іс бұзылар — өкінерсің, опынып!



 

Іс бұзылса, заң бұзылса — ер азар,

 

Ел бұзылар, бағы қайтып, жер азар.



 

Орныңа ессіз келе қалса, білгін ер,

 

Еліңді езіп, ойран қылып бүлдірер.



 

Жаман — елді жаман жолға тартады,

 

Жаман із сап, бар жамандық артады.



5740  Мұны сенен сұрайды ертең жаратқан,

 

Жақсы атақпен құтылмассың жауаптан.



 

Заңды бұзба, жамандарға ермегей,

 

Жаманнан без, қол ұшын да бермегей!



 

Не дейді, ойлан, сенген жақсы ғұрыпқа,

 

Өсиет қылды ол, өнегесін ұмытпа:



 

«Заңды бұрма, ессізден қаш, ерме сен,

 

Құлқы зұлым ессізге қол берме сен!




 462

 

Жақсылық қыл түзу заңды ұстанып,



 

Қос жаһанда еш жамандық көрме сен!»

5745  Жақсылыққа тауфиқ берді саған хақ,

 

Жолың ашық, еш тайсалма, алаңдап.



 

Жақсылықты несіне енді бұзасың,

 

Жаласына қаласың да, тынасың!



 

Елден безіп, құтыңнан қол үзгенмен,

 

Не жақсылық іздейсің сен бұл жерден!?



 

Бұл жер маған ыңғайлырақ дегенім,

 

Мынау еді айтсам мəніс, себебін:



 

Маған дүние-дəулет бітіп көрмеді,

 

Тілегімнің бірі қолға келмеді.



5750  Қатыспадым, біліп ел-жұрт арасын,

 

Бектер құлқын сезбедім мен, жанасып.



 

Бұл жалғанның дүние-малын көрмедім,

 

Жаман-жақсы кісі халын көрмедім.



 

Халім оңбас, енді онда барсам мен,

 

Біліп тұрып құлшылықтан тансам мен.



 

Егер кісі алтын-күміс көрмеген,

 

Көрсе, құрыр, буынан-ақ өртенер.



 

 

Сөзді тыңда сарттар басы аңдаған,



 

Қытай, жерді керуені шарлаған:

5755 «Кедейлікпен күн өткізді пақырың,

 

Байып кетсе, болар нағыз тасырың!



 

Байып кетсе, қайыршы да бағы бар,

 

Бұрынғы ақ жолынан тез жаңылар?



 

Құтсыз-бақсыз, дəулет бітсе құт қонып,

 

Құлқы өзгеріп, тиер елге жұт болып.



 

Əкім болса, əкімдікті білмеген,

 

Қатты тиер елге қолмен, тілменен!»



 

Көрдің, білдің: мал-дүние жидың да,

 

Көңіліңді һəм нəпсіңді тидың да.




 463

5760  Көзің тойды, көңілің де бабында,

 

Жарастықпен жүрсің Елік жанында.



 

Мұның бəрі бір хұданың пейілі,

 

Берген күллі жақсылығын, мейірін!





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет