«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


 АДАЛДЫҚҚА — АДАЛДЫҚ, КІСІЛІККЕ КІСІЛІК ЖАСАУ



Pdf көрінісі
бет196/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   247
75. АДАЛДЫҚҚА — АДАЛДЫҚ, КІСІЛІККЕ КІСІЛІК ЖАСАУ 

ТУРАЛЫ АЙТАДЫ

 

Бұл бір түрлі, тағы бірін айтамын,



 

Тыңдап мəнін, мағынасын байқағын:

 

Жаңылдың ба, қарайды ма жанарың?



 

Қандай оймен мұндай істі қаладың?

 

Ай, əзіз ер! Опалы, есті адамға,



 

Мақтау-мадақ, білсең, көп-ақ ғаламда.

5765  Сүйенеді заңға жаһан, жер, кісі —

 

Кісілерге кісілік қой белгісі!



 

Қайырымға жасар кісі қайырым,

 

Жақсылығын он есе өзі қайырып!



 

Асыл болса кімнің ата-тегі егер,

 

Одан елге пайда тиер сене бер!



 

Ұрық суын ұрлап алса анасы,

 

Ұл туса одан, тиер елге наласы.



 

Ұмытпа енді жақсылығын бегіңнің,

 

Сені демеп, киіндірген-жегізген.



5770  Ақыл-білік, күллі құрмет-беделге,

 

Есік ашқан Елік, өзің келерде.



 

Ұлық қылды, атақ беріп демеді,

 

Ізгілікке есік ашып,  еледі.



 

Ұмыттың ба жақсылықты сен енді,

 

Жақсылықпен жауап берер кез келді!



 

Айттым, достым, ащырақ та, ашық та,

 

Ашуланба, көңіліңді жасытпа!



 

Ақиқат сөз көңілге ащы соғады,

 

Сіңіре алсаң, балдан тəтті болады.



5775  Ашуланба, қатты тисе — қалар сөз,

 

Өзің ащы болма, ащы адал сөз!




 464

 

Мұны мегзер келді сөздің кезегі,



 

Ай, шырайлым, есті сөзді елегін:

 

«Шын сөз ащы, у да болса сіңіргін,



 

Тиіп пайда, сүйіндірер, сіміргін!

 

 Шын сөз — ащы, қатқыл тиер жаныңа!



 

 Басқа асыл сөз бар ма, қане, тағы да?!»

 

Əкең өлді сенің сəби шағыңда,



 

Көрмедің сен өнегесін, бағын да!

5780  Тəрбиелеп баулыды Елік, өсірді,

 

Санатқа сен кірдің, жиып есіңді.



 

Құл-күң, жер-су, ат-айғырлар — баршасын,

 

Сайлап Елік, ашты дəулет қақпасын.



 

Күллі дүние, жақсылықты игердің,

 

Жайылды елге абыройың, күйлендің.



 

Жарар ма  енді: ойлан, жина есіңді,

 

Жау сияқты кері бұрсаң бетіңді.



 

Пайдаң тиер шақта сенің, шалғайға,

 

Қашқаныңнан ер көңілі қалмай ма?!



5785  Жақсылығын жасап Елік сенген соң,

 

Жауап беру керек,  кезі келген соң!



 

Көрген кісі мақтап, ерге балайды,

 

Опалы! — деп, атың елге тарайды.



 

Не дегенін тыңда ізгі ер кісі,

 

Кісілік қой шын кісілік белгісі:



 

«Кісілікпен ай, мəрт ерім, ұлы бол,

 

Кісілікке түсер содан ұлы жол!



 

Адамшылық жаса адамға, адам бол,

 

Адам атын мақтаныш қып алар бол!»



5790  Көрдің ханнан мың жақсылық, мың сауап,

 

Жақсылықпен жақсылыққа қыл жауап.



 

 

Кісі ізгісі — қайырымды кең кісі,



 

Ел сарасы, кісіліктің белгісі.

 

Білімсіз, жас балақанның бірі едің,



 

Құт дарытып, сүйеді ол — түледің.




 465

 

Жан-тəніңмен еселе енді ырысын,



 

Күні-түні жатпа, тындыр жұмысын.

 

Жақсылыққа жақсылық қып жетесің,



 

Берер саған хақтың өзі есесін.

5795  Мейірімді, кісілікті кісінің,

 

Ай, ақ көңіл, ұққын сөзін түсініп:



 

«Кімнің асын ішсең — соның ісін біл,

 

Мейірі өсер, асың да адал — түсінгін!



 

Тұз-дəм хақын бағып, өтеп адалдар,

 

Басын берер — асын берген адамға!»



 

Бар тілегің болып, таптың ізгі жол,

 

Енді өзің мейірімді, ізгі бол!



 

Кидің өзің небір жібек, асылды,

 

Көз қарығып, қас-дұшпаның басылды.



5800  Енді Еліктің даңқын шығар, шаттансын,

 

Басын иіп жатып, жауы жасқансын!



 

Тілек, мүлік бəрін алдың арындап,

 

Бұқадай дəл мойын, жалың қалыңдап.



 

 Бұл күшіңді арна Елікке, тартынба,

 

Ұзақ жасап, дұға тисін халқыңнан.



 

Дүние малын жидың байып, қонды бақ,

 

Міндің кілең тазы тай* мен арғымақ.



 

Байла Елікке, көрсін күллі пайдасын,

 

Тілегі боп  шаттансын да жайнасын!



5805  Хан тағында күшті отырсын, қайратты,

 

Жауы сассын, сезіп ерен айбатты.



 

Қол ұзартты, сөз бен билік ұстадың,

 

Қабағыңа қарады дос-дұшпаның!



 

Сен енді оған жақсы дұға арнағын,

 

Ұзақ жасап, артсын дəулет, аруағың!



 

Əсілі оңды кісі ізгілік жасар да,

 

Мəңгілікке аты қалар жаһанда.



 

Араб сөзі жақсы айтыпты саралап,

 

Білу жөнін, кісі əсілін бағалап:




 466

5810 «Кісі əсілін танытады*  қылығы:

 

Ісі қандай -— сондай тіні, құлығы.



 

Құлқы ізгінің қылығы да əдемі,

 

Оңбағандық — оңбас  құлық əлегі!»



 

Елік құлқы бұзылса, өзің оңдарсың,

 

Қайтарарсың, білік қосып қолдарсың.



 

Елік — басшы, күллі ізгілік басында,

 

Одан қашып шеттеме, бол қасында.



 

Маған сеніп, өзің кеңес сұрадың,

 

Айттым саған білгенімнің құнарын.



5815  Айтқанымды көңіліңмен шамала,

 

Сарала  да,  іске асырып бағала!





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет