77. ӨГДҮЛМІШ ОДҒҰРМЫШҚА ТҮС ЖОРУ ТУРАЛЫ
АЙТАДЫ
Түс ілімін аса жақсы білген жөн,
Сонсоң бəрін жорып, сезіп жүрген жөн.
Түс жорудың түрлі-түрлі түрі бар,
Ай, ақылды ер, ұғып түгел біліп ал.
5995 Біліксізге түсіңді айтпа, тіс жарма,
Біліктіге айт, ескіреді кеш қалма.
478
Кешегі, ескі, түс жоруы бір бөлек,
Жаңа, күндіз көрсең — жөні өзгерек!
Түс ілімі — шарттары көп ілім бір,
Ақылға сап, əуелі жөн, жігін біл.
Көрген түсті жорыма өзің өзіңше,
Жəне де айтпа көрінгеннің көзінше!
Деп жүрмегей түстің бəрі түс қой деп,
Түстің жөні, жоруы аса көп қой, бек!
6000 Түс жорыма, біліп жоры — жорысаң,
Түсініп ал мəні, астары, жолы сан.
Түс көрсе адам, жорытуға асығар,
Жори білмес — түстің құтын қашырар!
Ойы теңіз ер сөзіне қанғайсың,
Жүзің жарық болар, ұғып алғайсың:
«Жақсылыққа жоры ойлап түсін де,
Жоруына қарай бағар түсің де!..
Солай болар, түсті қалай жорысаң,
Қор қылады сұмдықты еске түсірме...»
6005 Талай түс бар, бірі — түске ас кірер,
Жарамсыз ас — жамандық, нас, қас біл, ер!
Тағы бір түс жыл мезгілін аңдатар,
Тəн күшейіп, табиғатын барлатар.
Жас жігіттің түсіне енсе нұр көктем,
Қара жер мен қып-қызыл түс гүл бөккен.
Тасып қаны, күшейгені сол болар,
Айтқын оған қан ағызған оң болар.
Мезгіл жаз боп, түсіне енсе жігіттің,
Сары-жасыл түрлі нəрсе үгіткен.
6010 Ай, бек, оның запыраны артқаны,
Азайтудың жөн амалын тапқаны.
Күздің күні, көрсе ер орта жастағы,
Тау, құдықты, жерді қара аспаны.
Көз қарайтып өршігені құмарлық,
Дəрі ішкен жөн оны азайтып, қуарлық.
479
Қарт түсінде қарды көрсе, қыс көрсе,
Ағынды су, аяз бен сыз, мұз көрсе.
Суық буып тастағаны денені,
Ыстық ішіп, қыздырынсын керегі.
6015 Тағы бірі — түсініксіз құр елес,
Жоруы жоқ, жоруды ешкім тілемес.
Нені ойласаң — соны көрсең түсіңде,
Оны жорып қасиетіңді түсірме.
Бір түстердің, сайтан білсін, не екенін,
Оны көрдің — суға түстің, есебі...
Жүрсең егер, ас пісіріп, іс істеп,
Жорыма оны, қиын жорып біліспек.
Мұның бəрін талғап, талдап, тануға,
Білім керек жорып, айырып алуға.
6020 Не дегенін тыңда ақылды адамның,
Түс жорушы, жөнін білген ғаламның:
«Жөнін білмей түс жорыма, сүрінбе,
Не жорысаң — сол болады, түбінде.
Қуанып жүрсең, қайғырарсың өңіңде,
Реніш көрсең, қуанарсың, түңілме!»
Түс жорудың түрлі-түрлі өзегі,
Ей, дана ер, зерделі өзі сезеді!
Қара халық түсін жору бір басқа,
Бек пен ұлық түсін жору бір басқа.
6025 Ойын-тойда жүрсең жайнап, шаттанып,
Қайғы-мұңның қақпасын сен қаққаның.
Түсте жафа шексең, жылап, суалып,
Уанарсың өңіңде мың қуанып.
Енді бірі кіріп сенің түсіңе,
Жақсылығы тиер басқа кісіге.
Кісісіне қарай түсті жориды,
Неге лайық келсе, адамға сол игі.
Біреуге түс ұлықтықты мегзейді,
Басқаға ол түс қайғы-кесел теңдейді.
480
6030 Мұның бəрін білу керек, туысқан,
Түс жоруы шықпас сонда уыстан.
Не түс көрдің, айтқын маған ашылғай,
Мен жориын, қалтарысын жасырмай!
Достарыңызбен бөлісу: |