«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


 ОДҒҰРМЫШ ӨГДҮЛМІШКЕ ТҮС КӨРГЕНІН АЙТАДЫ



Pdf көрінісі
бет209/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   247
Байланысты:
2 5188235762453185852

78. ОДҒҰРМЫШ ӨГДҮЛМІШКЕ ТҮС КӨРГЕНІН АЙТАДЫ

 

Айтты Одғұрмыш: — Дұрыс  көңіл  бұрғаның,



 

Мен сөйлейін, ықыласпен тыңдағын.

 

Саты көрдім, тіп-тік əрі тым тайғақ,



 

Тұп-тура елу баспалдағын тұр сайлап.

 

Бір-бір  басып көтерілдім сатылап,



 

Санап шықтым баспалдағын бақылап.

6035  Бір атты адам су ұсынды басында,

 

Қанғанымша іштім, шөлім басылды.



 

Сол сəт биік көкке ұшып самғадым,

 

Сіңіп, ізсіз-түссіз кеттім, қалмадым!



79. ӨГДҮЛМІШТІҢ ОДҒҰРМЫШТЫҢ ТҮСІН ЖОРУЫ 

АЙТЫЛАДЫ

 

Айтты Өгдүлміш: — Түсің жақсы екен! — деп,



 

Пайдасы көп, сен толқыпсың бекер, — деп.

 

Неге жаман жорисың өз түсіңді,



 

Түс жоруға бұрылады, түсінгін.

 

Ұшып жүрсең, мəртебеңнің артқаны



 

Қанша биік ұшсаң, сонша асқаны.

6040  Қанша биік ұшсаң — құтың тасады,

 

Бағың жанып, атақ-даңқың  асады.



 

Саты ұшына шықтың — құттың жеткені,

 

Ұлықтықпен атың тарап кеткені.



 

Мына бір сөз сөздерімнің дəлелі,

 

Жорушы өзі-ақ жорыпты ғой əдемі:



 

«Түсіңе енген саты — құрмет көрінген,

 

Əр басқышы қадірге сай бөлінген.



 

Қанша шықсаң — сонша қадір, мəртебең,

 

Мыңғырып мал, құт құйылар төріңнен!»




 481

6045  Суды түгел ішіп, шөлің қанғаны —

 

Тірлігіңнің жұлдызы ұзақ жанғаны.



 

Ұшып көкке, самғап бара жатқаның — 

 

Тəңірден бар тілегіңді тапқаның!





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет