Өгдүлміштің Одғұрмышқа жауабы
Жауап беріп, айтты Өгдүлміш қайғырып:
—
Қалай кетем, сені бұлай қалдырып!?
Дертпен өзің, ауру меңдеп қаларсың,
Асыл тектім, жалғыз не істей аларсың!?
Одғұрмыштың Өгдүлмішке жауабы
Айтты Одғұрмыш: — Аттанғаның жөн! — деді,
Қамымды жеп, қайғымды сен көрмегін.
Сүйенерім, сыйынарым құдайым,
Көрер, қолдар, ісімді оңдар, шыдайын!
6190 Жақсы көріп, кімді хұда елесе,
Күллі ісі түгел болар, демесе!
Жақсы айтыпты көне* сөзді өрген ер,
Жіті көзді, талай істі көрген ер:
«Кімге Алла жəрдем беріп, қарасар —
Бұл жалғанда соның құты — бағы асар!
Кімді Алла көңілі ауып қолдайды —
Қос жаһанда халы жаман болмайды.
490
Егер, жеріп, сырт айналса — бітті өмір,
Көк бөрі де, бұратылған ит те бір!
6195 Сөзін тиып, айтты Одғұрмыш: — Шыда да,
Аттан, інім, қош-есен бол, жылама!»
* * *
Өгдүлміш Одғұрмышты тұрып құшты,
Көз жасы жерге тамып, өбіп, қысты.
Егіліп, қайғы жұтып, шықты бері,
Аттың басын үйіне бұрды кері.
Түсіп, кірді үйіне қайғы басып,
Мұң кеулеп, көңіл жүдеп, жаны жасып.
Неткен мұңлық бұл адам, тұрсаң қарап,
Сүйініш аз, қайғы көп туғаннан-ақ!
6200 Тілеуін берсе — шаттығы күлдіреді,
Қайғы келсе — қасірет күйдіреді.
Аңсағанын көргенде, сылдырайды,
Ажырасса, қайғымен тұнжырайды.
Не қауышу қуантып — жадырайды,
Не қоштасу жылатып — аңырайды.
Ауыр не бар қоштасудан — мұң-күйік?
Қайғысы оның теңізден де тұңғиық!
Тірі болса тірілер — табысады,
Тілеулесіп, бір хабар алысады.
6205 Жолы да, соңы да ауыр — ажалыңның:
Шарасы, дауасы жоқ тажалыңның.
Ерте, кеш пе, табарсың қанша қоштас,
Айырған соң сұм өлім қайта қоспас!
Мұңы мегзер бəйітті оқып қара,
Оқып, мəнін ойыңа тоқып қара:
«Бəрінен де қайғылы ажал — тажал:
Жылай-жылай суалар қайран жанар!
Тірі айырылсаң үмітпен күн өткізіп,
Айырса өлім, түңіліп жаның қалар!»
* * *
6210 Ауқаттанып Өгдүлміш тынды біраз,
Тұрып сонсоң, намазға қойды ықылас.
491
* * *
Күн еңкейіп, жерге жүзін жасырды,
Көк күмбезі ізін қуып асылды.
Төсек жайлап, жатты — ұйқысы келмеді,
Кірпік ілмей тынды, қайғы меңдеді.
Сыртқа шықты, жасы жуып жанарын,
Жаһан бейне зəңгі, түйген қабағын.
Үйге кіріп, төсегіне жантайды,
Ішті өртеген қайғы қайтсе тарқайды!?
6215 Руми қызы жүзін жерге жасырды,
Зəңгі өңді жаһан тынып, басылды.
Ұйқы келмей, қайта тұрып, қарады,
Түн жамылып үркер ауып барады.
Көзін көкке тікті түрмен қамыққан,
Түнерді түн, еш сызат жоқ жарықтан.
Қайта жатып, сəл мызғып ап, тұрды да,
Жасыл көкті тінтті, көзін бұрды да.
Көтерілді қара құс* та шығыстан,
Жылтырады от, жаққандай жау зымыстан.
6220 Иетікен* бас көтеріп алыпты,
Иылдырық* айғырға* кеп қалыпты.
Ерентірдің* басы жерге жақындап,
Нұрын шашып, шықты Күн де жарқылдап.
* * *
Қайта тұрып, жуынды да, киінді,
Бірдін* оқып, намазына иілді.
Жаһан өңі алтын түске көмілді,
Дүние жүзі қызған шоқтай көрінді.
Тонын киіп, мінді де тез атына,
Сарай жаққа барды үйінен асыға.
6225 Келді ордаға, өңі-түсі қуарып,
Шақырды Елік, кірді жаны құлазып.
Өгдүлмішке Елік көзін қадады:
Ізгі ердің сынық екен қабағы...
492
Достарыңызбен бөлісу: |