«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет68/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   247
Байланысты:
2 5188235762453185852

Еліктің Айтолдыға сауалы

 

Сұрады хан: — Қалай? Күйің сергек пе?



 

Ұйқың қалай?  Күйреп, дертті меңдетпе!



Айтолдының Елікке жауабы

1070  Айтты  Айтолды: — Елік, қиын кеселім,

 

Дерт меңдеді, таба алмадық еш емін?!



 

Толған айым бара жатыр кетіліп,

 

Сара құлқым ала болды, сетіліп.



 

Қарсы алушы ем туатығұн күнімді,

 

Батты күнім, түнек түннен түңілдім.



 

Шаттық тірлік безді, түйіп қабақты,

 

Жалған дүние жүзін теріс қаратты.



 

Қуаныш, құт  кейін қалып барады,

 

Мехнат, қайғы маған сұғын қадады.



1075  Сенен бүгін айырылып  кетермін,

 

Өкініште жылай-жылай өтермін.



 

(Үміт үзіп кеттім, жетті екінді,

 

Өкінішпен теріс бұрдым бетімді.)



 

Естігейсің дана ел бегі дегенін,

 

Ел бастаушы кісілердің еренін:



 

«Қандай жақсы дəулет айнып кетпесе,

 

Қалауыңша бірге жүрсе, өтпесе!



 

Қандай жақсы бектік — билік өрлесе,

 

Болмаса ажал,  кісі мəңгі өлмесе.



 

Қандай əсем, жігіттік шақ — аңғырт шақ,

 

Қарттық келмей, иілмеген албырт шақ!»





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет