«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет69/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   247
Еліктің Айтолдыға сауалы

1080  Елбасы  айтты: — Ай, Айтолды, көңілі оң,

 

Қой, атама. Қайталама сөзіңді ол...



 

Күллі дерттің емі ерге табылған,

 

Сен ғана ма дүниеде ауырған!




 143

 

Неге тілді қайғыменен буасың?



 

Неге сонша көңіл хошын қуасың?!

 

Мен өзіңнің тілекшің боп жүруші ем,



 

Сауығасың, қиналғанмен бүгін сен.

 

(Дертсіз жан жоқ. Ол бір аунап тұрғаның,



 

Сөзің де ертең сергір, түлер бұл жаның.)

 

Бұл сөзді айтпа, шипа қылар бір Алла,



 

Жанымды өртеп тіліңнен өрт шығарма!



Айтолдының Елікке жауабы

1085  Айтолды айтты: — Елік, айтсам турасын,

 

Ем таптырмас бұл сырқат кеп буғасын.



 

Қай жан болсын өлу керек туған соң,

 

Қай зат болсын құлау керек тұрған соң.



 

Биікке — еңіс, өрлегенге — түсу бар,

 

Шатқа — қайғы,  тəттіге у  ішу  бар! 



 

Үшбу сөзді айтпап па едім бір-бірлеп:

 

«Опасызбын, тұрақсызбын, білгін!» — деп.



 

Айттым қылық, құлығымды, соны ұғып —

 

Жаны жүдеп, жүрмесін деп торығып.



1090  Мен өлемін. Шүбəлəнба, қиналма!

 

«Туған адам — өлмес» десе, иланба!



 

Мені сөкпе, сенбе — опасыз денең де,

 

Мына жалған көшеді ертең сенен де.



 

 

Жапа қылды деме мені, кет біліп:



 

Менен əрмен дүние жүр ғой шектіріп.

 

Менен кейін сен де өлесің, байқағын,



 

Дүние — жалған, сенбе ендігі айтарым...

 

Қызметімсіз қадірледің, ай, Елік!



 

Өтей алмай қайырылдым, не дейін?!

1095  Тілек — аңсау емес менің өлмегім —

 

Жұмбақ, қашан кететінім, келмегім.



 

Жоқ амалым, өттім дүнием кебін боп,

 

Қу тірлікте құтылатын жерім жоқ.




 144

 

Мен жоқ едім, жаратты өзі өскізді,



 

Ұлан едім, ер жасына жеткізді.

 

Сақал бітті, еді иегім тап-таза,



 

Ақ қу болдым, құзғын  едім қап-қара!

 

Оқтай бойым иілді де, бүгілдім,



 

Дəм таусылды, күнім жетті, түңілдім.

1100  Білімі кең, дана сөзін таны да,

 

Ай, шырайлым, тұмардай түй жадыңа:



 

«Басқа ақ кірсе, əппақ құстың өңіндей,

 

Сол аққудай тазарсын, ай, көңіл де!



 

Бойы иіліп, алса діріл тізесін,

 

Бекемденіп, өз пейілін түзесін.



 

Қара шашың, ағарса мұрт-сақалың,

 

Дайын болғын, қалғаны ажал тақалып!»



 

Мұны меңзер шайыр сөзін қараңыз,

 

Оны ұқсаңыз, аршылады санаңыз:



1105 «Шаштың ағы — тигені өлім демінің,

 

Тірі жанның шырын қылар өмірін.



 

Несібеңді жеп  келдің бе, өмірде —

 

Енді өзіңді жейді өлім тегінде!»





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет