«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Айтолдының Өгдүлмішке жауабы



Pdf көрінісі
бет76/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   247
Айтолдының Өгдүлмішке жауабы

 

Айтты Айтолды: — Толды ұлыма көңілім,



 

Алла қолдап, құтты болсын өмірі!

 

Ақылдының асыл сөзін сарала,



 

Жіті қарап, мəнісін түй санаңа.

 

«Хұда кімге берсе ақыл-білікті,



 

Қолы ұзарып алғаны бар үмітті.

 

Құлқы жақсы болса кімнің, сай ділі,



 

Тілегі боп, туар оңнан ай-күні.

1255  Ізгі құлық ізгілікке алмасар,

 

Ізгі қылық қуанышқа жалғасар!»



 *    *    *

 

Қолын көкке жайды Айтолды тағы да,



 

Шүкіршілік етті тірлік, бағына.




 155

 

«О, жаратқан! — деді, — бəрін жараттың,



 

Ризығыңды қалың жұртқа тараттың.

 

Мені де өзің жараттың да, өсірдің,



 

Күнəһар бір құлың едім, кешіргін!

 

Ізгі тұтып əлі күнге қолдадың,



 

Құт дарыттың, бар тілекті орындадың.

1260  Бердің бəрін, ризамын тағдырға,

 

Ай, ізгі ием, қарыздармын алдыңда!



 

Келді үкімің, кері аттанып барамын,

 

Қалды артымда жалғыз ұлым-қарағым...



 

Ата едім, ажал келіп жықты анық,

 

Қайырым ет, ұланыма құт дарыт!



 

Құтқа бастап, пəлелерден сақтағын,

 

Қос жалғанда, саяңа алып, жақтағын.



 

Ізгілікке баста, сұмға талатпа,

 

Мұқтаж қылма киер киім, тамаққа!»



*    *    *

1265  Пейіл беріп, дұға қылды əдемі,

 

Ізгі дұға, аласта сен пəлені.



 

Не айтты тыңда, тақуа  қас ер кісі —

 

Тақуа жан кісілердің белдісі:



 

«Алла кімге берсе инаят, ықылас,

 

Екі дүниеде құт ұялап, ұтылмас.



 

Алла құлын жебеп, жөндеп, оңғарса,

 

Қос жалғанда бар тілегі оң болар.



 

Кімге Алланың түссе пейіл, назары,

 

Күллі тілек, аңсағанын алады!»



1270  Ойшыл айтқан ойлы сөзді аңғарғын,

 

Ісі оңалар есті сөзді алғанның:



 

«Сақталады, тəңірісі сақтаса,

 

Дəмі болмас, көңіл ауып татпаса.



 

Кім Алланы шын пейілмен жақтаса,

 

Бəле-жала  ашпайды оның қақпасын!»




 156

*    *    *

 

Айтты Айтолды: — Құй , — деп, — ұлым, құлыққа:



 — 

Өзекті ерге өлім барын ұмытпа!

 

Тіршілікке алданбағын, өшеді,



 

Дүниеге малданбағын, көшеді!

1275  Мен өзіңді бір Аллаға тапсырдым,

 

Салауатын өсіргей тек жақсыңның.



 

Бүгін, міне, бақұлдасып кетемін,

 

Өкініштен жасқа толып етегім.



 

Менсіз кешер өміріңнің сыры бар,

 

Мен айтайын, естіп түгел ұғып ал.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет