«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


 ҚҰТТЫҢ ҚҰБЫЛМАЛЫҒЫ МЕН ДƏУЛЕТТІҢ



Pdf көрінісі
бет67/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   247
20. ҚҰТТЫҢ ҚҰБЫЛМАЛЫҒЫ МЕН ДƏУЛЕТТІҢ 

БАЯНСЫЗДЫҒЫН ƏҢГІМЕЛЕЙДІ

1045  Түгел болды Айтолдының тілегі,

 

Опасыз құт қайтты, құлап  тірегі.



 

Білікті бек айтқан сөздің əсілін:

 

«Мал жиылар, көру қиын нəсібін...»



 

Бұдан да артық айтыпты ер ғылымда:

 

«Толғанда ырыс, бітер депті ғұмыр да!»



 

(Тағы айтыпты ғалым сөзін асырған:

 

«Біткенде ырыс, бітер депті  жасың да!



 

Құт толғанша қара шашың ағарар,

 

Тəнің тозар, ай мен жылдар жаңарар».)



 

Білікті сөз — біліктінің өзі екен,

 

Білікті сөз білімсізге көз екен:



 

«Жатқан — тұрар, көтерілген — жығылар,

 

Жанған — сөнер. Жорытқандар тынығар.



1050  Не істесең де, толық істе бүгіл ер,

 

Толық толса, жіңішке өзі-ақ үзілер!»



 

Айтолды алды бар тілегін қол созып,

 

Дүние мол, əттең, ғұмыр кетті озып.



 

Тола-тола жіңішкеріп ай қалды,

 

Жасыл жазың  кəрлі қысқа айналды!



 

Төрт қасиет*  жараспады, алысты,

 

Бірі — жеңіп, бірі ұтылып, налысты.




 141

 

Тəні азып, ас болмады ішкені,



 

Көңіл жасып, үстінен зіл түспеді.

1055  Күші қайтып, жаны бордай үгілді,

 

Талдай сұңғақ бойы иіліп, бүгілді.



 

Келген кесел қатты тұтып құлатты,

 

Мұңлық болып, төсегінде бұл жатты.



 

Оташылар тамыр ұстап көрісті,

 

Кеселінің жайын айта  берісті.



 

Қайбірі айтты: қан тасыған жайы бар,

 

Қан алдырса, құлан таза айығар.



 

Бірі тұнба дəрі ішкізген ем десті,

 

Қатқан ішін босатса деп демдесті.



1060  Бірі берді алуан шөптің шырынын,

 

Дəрі тасып, алмады көз шырымын.



 

Бəрін жасап, көрмеген ем қалмады,

 

Сеп болар деп, əрбір талды қармады!..



 

Дауа таппай, күн-түн меңдеп кеселі,

 

Күн-күн сайын суи берді төсегі.



 

(Күші тайып, есін жиі жоғалтты,

 

Мойынсұнып, қара жерге қол артты.)



 

Сақи  жанды,  ердің сөзін тыңдағын,

 

Көкірегіне түйген дүние сырларын:



 

Шəлисə* бер, тіриақ* бер — бəрібір,

 

Мəтридүс* бер, чұрны*,  өгіт* бер — бəрібір.



1065  Оташы  ізде, бақсы шақыр, амалда,

 

Шара таппас тура келген ажалға!



 

Ай, тірі жан, осал болма, құнықпа!

 

Тірі жансың, өлім барын ұмытпа»



*   *   *

 

Естіді Елік, Айтолдының хал-жайын,



 

Ажал демі шарпығандай маңдайын.

  *   *   *

 

Келді Елік, тұрды түгел жиналып,



 

Айтолдыны көрді жатқан қиналып.




 142



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет