«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Өгдүлміштің Айтолдыға жауабы



Pdf көрінісі
бет75/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   247
Байланысты:
2 5188235762453185852

Өгдүлміштің Айтолдыға жауабы

 

Айтты Өгдүлміш: — Ата, қалай қалармын!



 

Қайғыңды жеп, күйінермін, жанармын!

1230  Қалай тірі тұрам, өзің өлгесін,

 

Азабыңды сенің көзім көрмесін.



 

Мейірлі ием  орыныңа алсашы,

 

Қайғы  салмай, мəн-жайыма қансашы.



 

Ажал жетіп, тілегімді бермесе,

 

Пешенеге жазғаны сол, ендеше.



 

Неге егіліп, неге еңіреп, күйіндің?

 

Алла əмірі: — Көз жасыңды тый енді!



 

Дүние, дəулет қалғаны үшін егерде,

 

Жыласаң да, қайта айналып келер ме!?



1235  Егер қалған берекеге тағы да,

 

Егілсең де, еңіреме — жаңылма.



 

Бұл дүние рахатын қия алмай,

 

Өткен талай ащы жасын тия алмай.



 

(Егілме  сен, өмір-өлім арбассын,

 

Тіршілікті күшпен ұстай алмассың.



 

Қаншама адам қабырғасы сөгіліп,

 

Саған дейін өткен жасы төгіліп.)



 

Білдің енді опасызын жаһанның,

 

Зоры да осы-ау шеккен зəбір-жапаңның.



 

Қанша мүлік жиғаныңмен көз толар,

 

Тиер нəсіп екі құлаш бөз болар.



 

Тірлік үшін  өкінішке көмілдің,

 

Қайғыр, өкір, сақта  майын  көзіңнің.



1240  Кеткен күндер оралмайды қасыңа,

 

Өткен — өтті. Төнді түнің басыңа.



 

Ал мен болсам бар қайғыңның себебі,

 

Сүйін енді, күйінгенің жетеді.



 

Жаралған жан бір күн ажал табады,

 

Жаралған — сен, ал жаратқан қалады.




 154

 

Мейірімді ең, əке, жұртты қаратқан,



 

Сенен де асқан мейірімді жаратқан.

 

Жаратты да, берді ырыс-құт өзіңе,



 

Маған да өзі берер. Сенгін сөзіме.

1245  Əлсіздерге қуат берер, дем берер,

 

Ұлықты да, кішікті де тең көрер.



 

Бұл туралы есті жанға құлақ қой,

 

Дана сөзі — ақылсызға шырақтай.



 

(Дана сөзін түсінерсің ақылмен,

 

Бар кеселді ұқтырған ол нақылмен):



 

«Əзіздерге ізет болған əзіз ол,

 

Ізет тиер, сол үшін аз қазір ол.



 

Кішікке — ұлық, қадірсізге — қадір ол,

 

Əлсізге — əл, биіктерге — тəңір ол!»



*   *   *

 

Айтолды ұлдың естіп сөзін жайланды,



 

Көзін көкке тігіп, қолын жайған-ды.

1250  Шүкір қылды, ес тоқтатқан  ұлына,

 

Жаратқанға, ақыл берген құлына.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет