«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


 АЙТОЛДЫНЫҢ ҰЛЫ ӨГДҮЛМІШКЕ ӨСИЕТІ



Pdf көрінісі
бет77/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   247
Байланысты:
2 5188235762453185852

22. АЙТОЛДЫНЫҢ ҰЛЫ ӨГДҮЛМІШКЕ ӨСИЕТІ

 

Хаққа табын, оңда да тіл, жаныңды,



 

Қапы қалмай, ол дүние қамын қыл!

 

Жақсы-жаман бəрі Алланың ісі деп,



 

Илан, табын, тұтып соны құдірет.

1280  Тіле содан керегіңнің барлығын,

 

Одан өзге күш жоқ саған, аңдағын.



 

Қадір тұтып, істе тəңір бұйрығын,

 

Бүгін не ертең берер құтын, сыйлығын.



 

Тіл, көңілді кішік тұт та, жаңылма,

 

Мінезді бол, аса сөйлеп, шабынба.



 

Дүние үшін өзіңді отқа салмағын,

 

Зорлап, күштеп кісі малын алмағын.



 

Біраз тірлік сүрдім, енді  өлемін,

 

Дүние маған не қылғанын көр өзің.



1285  Жинай білдім, өзім жеуді білмедім,

 

Зая кешкен күннен пайда көрмедім.



 

Саған қалды, малым маған  жүк болған,

 

Қанағат қыл, күйіндірсін құт толған.



 

Ұстай білсең, жиылған мал жетеді,

 

Екі дүниеде жүзің жайнап өтеді.




 157

 

Мұнша ырысты, егер ұстай алмасаң,



 

Жетпей саған, сарғаярсың, аңдасаң.

 

Турашыл бол, тура жүріп жұмыс қыл,



 

Туралықтың өзегінде — ырыс-құт.

1290  Турашыл ер не дейді екен,  көр аңдап,

 

Қос жалғанда құлқы түзу — табар бақ:



 

«Кісі алаңсыз өтсін десе күндерім,

 

Турашылдық тұғырынан ізде емін!



 

Белгілі, өзің бай болайын десеңіз,

 

Туралықпен  тапқын байлық, меселін.



 

Ұлық елдің ұлылығын ойласа,

 

Таңдап алған түзу жолдан таймаса.



 

Əділ жанның мол мейірі, шуағы,

 

Екі əлемде күні оңынан туады!»



1295 — Ұлым, тыңда! — деді Айтолды қамыққан,

 

Ізгілікпен сақта өзіңді тамұқтан!



 

Жақсылық қыл, есерліктен безгейсің,

 

Сонда ізгілік келер, іздеп кезбейсің.



 

Жаманнан без, қор қылады, амал қып,

 

Шағып алар бір у жылан — жамандық.



 

(Жаманнан без, қор қылады басыңды,

 

Ол у жылан, умен булар асыңды.)



 

Сөз сөйлеме, сенбе екі жүздіге,

 

Сыр, сөзіңді ашар, жаяр үздіге.



 

Өсекшіні жолатпа үйге, дарытпа,

 

Естігенін түгел жаяр халыққа.



1300  Сыннан өткен кісілермен жолдас бол,

 

Пайдасы — мың,  ал араммен оңбас жол.



 

Барша сөзді тыңда, алуға асықпа,

 

Сырыңды ашпа, көңіліңді жасытпа.



 

Көп жеп-ішпе, кісілерді күндеме,

 

Өйтсең сұмсың, оранғанмен бүлдеге.




 158

 

(Шарап ішпе, арсыздармен қатыспа,



 

Аман жүріп, ізгіліктен шатыспа.

 

Құтты  қуар — бұл қос қылық кесірі,



 

Екеуі ерге — кедейліктің есігі.)

 

Бос жүрмесін əйел, бекіт  қақпаны,



 

Кесірі көп, сырты — бұлаң қаққаны.

 

Жатыңды — үйге, жіберме үйден қатынды,



 

Сынап алғын қатысар дос-жатыңды.

1305  Құлқыңды оңда, дүние деп күйінбе,

 

Құлқың ізгі болса,  болар күйің де!



 

 

(Құлқыңды оңда, қайғырмағын мүлікке,



 

Келер бəрі қылығы хош жігітке.)

 

Енді мұны меңзер сөзді ұғып ал,



 

Ұққан кісі мəйегіне құнығар: 

 

«Жақсы мінез лайық жақсы кісіге,



 

Көрер жақсы кірмегенді түсіне!

 

Нəрсе-тауар неге керек жаманға,



 

Қанша жисын, кедейге тең əмəнда!»

 

Аулақ жүргін ар-ұятсыз пендеден,



 

Ұятты, арлы алғыс айтсаң — дем берер.

1310  Барлық істе  сабырлы бол, көшелі,

 

Сабырлы жан тілегіне жетеді!



 

Қай істе де бол ұстамды, сабырлы,

 

Ұстамдылық үйірер мал, бағыңды.



 

Тіліңді тый, қарай жүргін көзіңе,

 

Нəпсіңді тый,  құлқының — жұт өзіңе.



 

Қиянатшыл елден без де, жолама,

 

Қара ниет кісіге ерме додада.



 

Əй, қозы, тек жақсы сөзді демесең,

 

Бектер сөзін жаймай, тілді тежесең.



 

(Текті сөз бен тəтті сөз, екі басқа білгенге,

 

Кейде ащы сөз — тəтті де, тəттісі — удай тілгенде.)




 159

1315  Кісіге — өштік, өзіңе де қас қылма,

 

Жақсылық қыл, нəпсі-ындынды басқын да.



 

Кіреріңде шығар жерді байқап ал,

 

Қор боларсың, шыға алмасаң қайтадан!



 

Өкпелесең, ашуланба, налыма,

 

Сабыр соңы — салқын сая жаныңа.



 

Сабаз ердің сөзін ұқ та біле бер:

 

«Сабыр етсең — бұзылған іс түзелер!



 

Сабырлы ер өз тілегін табады,

 

Сабырлы аушы шыдаса, ақ құс алады!»



1320  Егер қайғы жараласа жаныңды,

 

Күт сабырмен туатын шат шағыңды.



 

Егер дəулет жауып алса қақпасын,

 

Түзелер іс, төзіп сабыр сақтасаң.



 

(Сабырсыздың сазайы — қайта-қайта бас ұрар,

 

Сабырлы ерге сан қақпа өз-өзінен ашылар...)



 

Ер мінезі — сабырыңды сақтай біл,

 

Сабыр жолы көк төріне бастайды.



 

Əзір бол да күт — өлімді ұмытпа,

 

Əсіліңді бақ — өзіңді ұмытпа.



 

Жұрт ішінде аузыңды бақ, лепірме,

 

Кісі үйінде  көз  қадірін кетірме...



1325  Ойлап бастап, сайла тілдің тиегін,

 

Қысыр сөзге қышымасын иегің.



 

Жалған сөздің сезілмесін  лебі де,

 

Жүзің  жанып, қор боларсың теңіңе.



 

Дос, туғаннан  лебізіңді аяма,

 

Кіші, үлкенді жылы жүзбен аяла.



 

Тұз-дəміңді бөліс, жаса қайырым,

 

Кешіре сал, көрсең кісі айыбын.



 

Табынып жүр,  хаққа беріп ойыңды,

 

Күнəдан қаш, аулақ ұстап бойыңды.




 160

1330  Дəулет бітсе мекерленіп, таспағын,

 

Жақсылық қыл, жамандыққа баспағын.



 

Сенбе, дүние келеді һəм көшеді,

 

Құтқа сенбе, тез тозады, өшеді.



 

Бұл тіршілік көрген түстей өтеді,

 

Қуанба, құт құстай ұшып кетеді.



 

Тірлігіңде ізгілігің көп болсын,

 

Еншісін ал, құр өткен күн жоқ болсын!



 

Шарап ішпе, арамнан бой тасала,

 

Пасық болма, зинақорлық жасама.



1335  Екеуінен бақтың құты қашады,

 

Бағың  тайса,  қорлық  аран ашады.



 

 

Сөзін тыңда, сыннан өткен кісінің,



 

Сынап білген сырын тірлік ісінің:

 

«Зинақорлық, шарап уын тигізер —



 

Жоқшылықтың жыртық тонын кигізер!

 

Ішімдіктен жан күнəға батады,



 

Зинақордың  ар мен құты қашады!»

 

Ұлым! — деді, — аяқтайын сөзімді,



 

Еске сақта, сақтау үшін өзіңді.

1340  Түгел айттым, соның өзі — жұбаныш,

 

Сөзімді тұт, таусылмас бақ — қуаныш.



 

Аталық сөз,  өсиетімді жеткіздім,

 

Еске түйіп, ізгі тірлік өткізгін!





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет