«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Өгдүлміштің Айтолдыға сауалы



Pdf көрінісі
бет72/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   247
Байланысты:
2 5188235762453185852

Өгдүлміштің Айтолдыға сауалы

 

Естіді ұлы атасының сөздерін,



 

Тілін ашты, бұрып нұрлы көздерін.

1185 — Ата! — деді ол, — бір сөзім  бар саған да,

 

Соны айтайын, жауап беріп бағамда.



 

Бұл дүниеде көп жасадың, көп көрдің,

 

Білім қудың, сан өткелді өткердің.




 150

 

Тыңдап, сұрап, көп нəрсеге бойладың,



 

Бəрін көрдің, тереңдеді ойларың.

 

Өлімнің де бар шығар бір шарасы,



 

Ай, зерек ер, соны тұтып қарашы.

 

Болмаса өзге  шара, айла алымды,



 

Үлестіріп бер қазына, малыңды.

 

(Қазынаңды бер де, алып қал жаныңды,



 

Есен болсаң, болар байлық, бағың да!)

1190  Қазынаңды төк, дауа ізде — жадырар,

 

Есен болсаң, алтын-күміс табылар.



 

Тұз-дəмі бай, жаны жомарт жандардың,

 

Көзі тойып, не дегенін аңғарғын:



 

«Малды үлестір, ішкіз-жегіз, тіріде —

 

Сен жетпесең, дүние жетер түбіңе!



 

Дүние емес, ерге есендік керегі,

 

Құс та дəнін тірлік үшін тереді.



 

Тірлік болса — тілек қуып кетесің,

 

Бас аманда — мұратқа бір жетесің!»





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет