«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


 АЙТОЛДЫНЫҢ КҮНТУДЫ ЕЛІККЕ АМАНАТ, ӨСИЕТ



Pdf көрінісі
бет78/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   247
23. АЙТОЛДЫНЫҢ КҮНТУДЫ ЕЛІККЕ АМАНАТ, ӨСИЕТ 

ЖАЗЫП ҚАЛДЫРҒАНЫ ЖАЙЛЫ АЙТЫЛАДЫ

 

Қолына алып қағазы мен қаламын,



 

Алла атымен кетті бастап жазарын.

 

Алла атымен сөзін жаза бастады,



 

«Уа, жаратқан, кешір, білмен басқаны...»

 

Сол жаратты мың сан тірлік кеспірін,



 

Ризық берді, ашықтырмай  ешбірін.




 161

1345  Болғызады хəммəға  арыз, тілегін,

 

Қолдау-тірек керек етпей бір өзі.



 

Не қаласа, түгел іске асады,

 

Бəрі соның тілегімен жасалды.



 

Мақлұқаттың бəрі ажалды, жоқ амал,

 

Бəрі өледі, бір Аллаға жоқ ажал.



 

Мың шүкірлік пайғамбарға мейірімді,

 

Алла қолдап, оңдасын һəм  пейілімді.



 

Сəлемімді түгелдей, тек кеткізбей,

 

Дос-жарына үзбей ием жеткізгей!



1350  Ай, құтты Елік, ұзақ ғұмыр жасағын,

 

Көп елді ассын, тарап бектік атағың.



 

Айтолды атым, толған айдай толы едім,

 

Төгілдім де ортайдым, мен өлемін...



 

Өлім келіп, қатты салды шеңгелін,

 

Дəрменім жоқ, құтыларға кем демім.



 

Ізгі тұтып, төктің маған мейірім,

 

Өтей алмай өткеніме — кейідім.



 

Өсиет хат жақсылыққа — өтерім,

 

Жазып қойдым саған енді жеке, ерім!



1355  Дүние қуып, қызығына түспедім,

 

Күллі ісіңді  туралықпен істедім.



 

Өсиетте мейірім түсіп отырып,

 

Жаздым бəрін, оқып ойға тоқығын.



 

Мейірімді жан не дегенін қарағын,

 

Мейірімділік — кісіліктің жанары:



 

«Мейірлі жан сөзін тұтсаң, жағымды,

 

Құт дарытып, жадыратар жаныңды.



 

Мейірбан жан — адамдардың адалы,

 

Өсіреді жылы сөз бен қабағы!»



1360  Мейіріммен айтқан сөзді елегін,

 

Ісіңде тұт, ай, даңқты ер Елік!




 162

 

Өмірімді сұм ажал кеп торлады,



 

Өкініш пен сөзімнен сеп болмады.

 

Енді, тағат-ибадатпен сыйындым —



 

Барлық ессіз қылығыма күйіндім.

 

Қалды артымда жиған күміс-алтыным,



 

Тиген үлес — санай бердім алқынып...

 

Пайдасы жоқ. Өкініп құр зарладым,



 

Басқа үміт жоқ рахымынан Алланың.

1365  Мен еріксіз кеттім, жетті кезегім,

 

Ертең сен де келеріңе сенемін.



 

Ажал келмей, оян да, Елік, түсінгін,

 

Есті жиып, тындырып ал ісіңді.



 

Бəле орнына  ізгілікпен иілдір,

 

Сөз, ісіңмен ел-жұртыңды сүйіндір.



 

Есендікте ізгілік ет, тарылма,

 

Үлес, жегіз тауар-малың барында.



 

Не дегенін тыңда, тура шыншыл ер,

 

Кісілікпен көзін ашқан қыршын ер:



1370 «Ажал келмей, ойла қамын  қазаның,

 

Хаққа табын, тартып тірлік азабын.



 

Ажал жетсе — текке өкініп кетесің,

 

Жердің қойнын күңірентіп  не етесің!»



 

Менен кейін, Елік, өзің бол берік,

 

Күн өткізбе, уайымға жол беріп!



 

Дүние арбап, құр алданба жайлыға,

 

Қай істе де қайсарлықтан айныма.



 

Елге түзу заң түз, ұқсын бір-бірін,

 

Күнің ізгі, мəнді болар тірлігің.



1375  Дүние үшін жанған отқа жүгірме,

 

Тый нəпсіні, сорың содан түбінде.



 

Өзің — бексің, дүниеге құл болма,

 

Үкім күтпе, өзің билеп бұр жолға.




 163

 

Күпірлікпен, желпіндірме көңілді,



 

Сұм дүние тұл қылар гүл өңіңді.

 

Жайсаңдармен жақындасып, танысқын,



 

Арамдармен алыс жүріп алысқын.

 

Сұғанаққа сырыңды ашып таратпа!



 

Опасызды есігіңнен қаратпа!

 

(Сұқ кісіге сен ішіңді бермегін,



 

Опасызға ас татырма, сенбегін.)

1380  Ибадат қыл, қалсын күнə азайып,

 

Жоқ тірлікте одан асқан ғажайып!



 

Өлімді ойлап, жөн əзірлік жасаған,

 

Тап келеді ол шыққандай нақ тасадан.



 

Түбінде өлім  тұтар қайда қашсаң да,

 

Түбінде өлім қысар, бүгін тассаң да!           



 

Қапы қалма, аян өмір аяғы —

 

Қанша жаса, төсегің — жер, баяғы.



 

Айтшы, кəне, кім бар озған ажалдан?

 

Аман қалған өлім атты тажалдан?!



1385  Жақсы сөз бар — жарым ырыс, тəлімді,

 

Күн мен заман, тірлік жайлы  кəдімгі:



 

«Ана ұлдары керуендей көшуде,

 

Тұрмайды ұзақ олар жердің төсінде.



 

Перзент ата арқасында байланар,

 

Ана ішінде бірнеше ай айналар.



                     

 

(Сəби əке арқасында жаралар,



 

Ана қарнын тек тоғыз ай паналар).

 

Анасынан туа ат алып, жүреді,



 

Мүсəпір* боп ғұмыр-атқа мінеді.          

 

  

         



 

Күндіз-түні ол суып, тыныс алмайды,

 

Алып-қашып ажалға ақыр жалғайды!



    

1390  Екі бекет бұл жалған мен қабірің,

 

Одан өтсең — анау дүние əлібі!..




 164

 

Жалған саған екі жолды тастайды,



 

Таңда бірін... Тағдыр қалай бастайды?..

 

Жолды оңғартса, ісіңді істеп шығарсың,



 

Кері кетсе, басыңды ұрып жыларсың!»                  

 

    


 

Дүние де бір егінжай, құтты Елік,

 

Тарысы өссе қуанысар жұрт теріп.



 

Қара жерге нені ексең, сол өнеді,

 

Нені берсе, алар соның төлемін.



 

(Қара жерге не ексең — соны орарсың,              

 

Табиғаттан алсаң — қарыз боларсың.)



1395  Кісі қанын төкпе, мүлкін алмағын,

 

Жан шығарда артар күнəң, салмағың.



              

 

(Алма затын, төкпе қанын адамның,



 

Жан берерде бұл қос күнəң талар мың).

 

Көрген түстей ғұмыр-ғайып оралмас,



 

Құл мен бек — тең: онда құл, бек бола алмас.

         (Тірлік өтер көрген түстей белгісіз,

 

Құл, бек бірдей кетер, қайта келгісіз.)



 

Кешкен күнің — көрген түсің, құр сағым,     

 

Келер күнің — уайым-мұң, бір сарын.



 

Не деді екен болған кісі шерменде,

 

Уайым-мұң ет жүрегін кергенде:



 

«Ғұмырыңды түс көргендей өткіздің,

 

Пайдаң кəні? Көзімді енді жеткізгін?



1400  Күн өткіздің боп сұрамшақ — жарамсақ,

 

Уайым қалды, өтті маздап жанар шақ!



 

(Күн кешірдің мысық тілеу, арызбен,

 

Енді: уайым — өткен өмір, қарыз — дем!..)                    



              

 

 Алдарқанба, тірлікке сақ қарашы:



 

Аса жақын өмір-өлім арасы.

 

Сараң болма, сақи болғын саналы,



 

Сақи аты, Елік, мəңгі қалады!               




 165

          (Ақылға сен, сан пəледен қағады,

 

Ақылды аты мəңгі-бақи қалады.)     



             

 

Қару, жасақ, дүниеге есірме,



 

Алтын-күміс, қару опа берсін не!?

 

Өзге үшін құрбан болма тектен-тек,



 

Отқа күйме, бағаңды біл, кеткенше!

1405  Саған дейін талай бектер келген-ді,

 

Бұл жалғанды тастап бəрі көрге енді.



 

Сені аңдып күткен жауың — ажалың,      

 

Торып жүр ол, қапы қалма, жанарым.



 

Тірлік мінін көрген, білген қуарып,

 

Саған айтқан сөзі, ұққай сыр алып:



                 

 

«Тұзды судай байлық — шөлің қанбайды,



 

Қанша ішсең — құрғатар тіл таңдайды!

 

Ол — көлеңке, ынтықтырып жеңеді,



 

Қусаң — қашып, қашсаң ере береді».

1410  Бұл жалғанның ісі бұлдыр сар сағым,

 

Ұстатпайды көз құртындай аңсарың!



 

Қайраттан да, ізгі болғын, ел басы,

 

Ізгі бектің ізгі елі, қандасы.    



               

 

  



 

Бегі — қойшы, халық — қойы шамасы,

 

Қойды баққан қойға жылы қарасын.



 

Күллі аш бөрі қақпаң алдын торып жүр,

 

Қойды, Елбасы, сақ күзетіп, қорып жүр.



 

Барлық істе тізгін берме қаһарға, 

 

Күйгелек бек күлкі болар жаһанға.



1415  Кісілерге тіл тигізбе, жерлеме,

 

Зəрлі сөз — өрт, отқа күйсін ел неге?!



                 

 

Сабырлы бол, алымды бол, алғыр бол,



 

Жақсылықтың барлығына салғын жол.

 

Бет алдыңда ұзын-сонар жол жатыр,



 

Бұл сапарда ақыл — азық, қол — батыр.




 166

 

Ай, құтты Елік, салма Сарай, Қорған да,



 

Жер асты — үйің, даяр тұр ғой, зорланба!

 

Кең сəулетті сарай қалып, құларсың,



 

Қараңғы жер — үйде жатып жыларсың!

1420  Мұншама алтын-күміс жидың несіне,

 

Екі бөз ғой тиер саған несібе.



 

Мұны меңзер шайыр сөзін жазайын,

 

Шайыр сөзі — сөздің басы, ағайын;



 

«Адам осал: байлық десе ақыл — мас,

 

Неге қажет? Оған басын қатырмас.



 

Байлық жиып тілегіне жетеді,

 

Тірлік бітті, жан ұшырып кетеді...»



 

Бек, қызыққа құмарланба, шаттанба,

 

Ұшар күллі қуаныш та, мақтан да!



1425  Дүние қума, тірлігіңді тəрк етпе,

 

Баянсыз ол, қор етеді əл кетсе...



 

Нəзік тəнің жібек, торқа ораған,

 

Қара жерді төсенеді, ай, дана адам.



 

Салтанатты қазір тірлік ойының,

 

Бір табарсың қара жердің қойынын. 



            

 

Жорға-жүрдек аттан түсіп, біл, ерсіз —



 

Мұңлық болып — ағаш атқа мінерсің.

 

 

Ойла бəрін, ажалыңды еске алып



 

Өкінбеске қара жерді жастанып!

1430  Барлық істе тауфиқ тіле хұдадан,

 

Алла шəксіз қуат бергей, сұраған.



 

 

Жақсы-жаман келсе — қарсы ал, қарама,



 

Аузыңды бақ, бойыңды бер қазаға!

 

(Көтер бəрін — қуаныш па, қайғы ма, —



 

Мойынсұнғын, түзуліктен айныма.)

 

Болғың келсе, екі дүние басшысы,



 

Бес нəрсеге жоламаған, жақсысы:




 167

 

Зорлық қылма, араласпа арамға,



 

Қанын төкпе, кек сақтама адамға.

 

Шарап ішпе, алыс жүргін бүліктен,



 

Бұзады олар бектігіңді, күдіктен!

1435  Мəңгілік бек болсам десең тегінде,

 

Заңды құр да, зұлымды құрт еліңде.



 

Бүгін, Елік, басшысысың халқыңның

 

Сақтап елді, парасатпен салтын құр.



 

Мойыныңа жүк түсті, Елік, зіл батпан,

 

Ақ пейілді ер, осал болма, міз бақпа.



 

(Сенің еңсең — əуселесі жұртыңның,

 

Биікте тұр, құлы болма құлқынның!)



             

 

Нəпсі құлы — қуған лəззат, сезімді,



 

Құлы болма, болсаң — құтқар өзіңді!

 

Кешкен тірлік өтті желдей елеусіз,



 

Қалған тірлік болмаса екен кенеусіз!

1440  Қалған күннің біл қасиет-қадірін,

 

Күнəңді оңда, күтіп істің əлібін.



 

Бұл дүние бермейді опа білерсің,

 

Сұм жалғаннан тілеуіңді ап жүрерсің.



 

Не дейді екен өткелекті өткерген,

 

Дүние басы, дүниені көп көрген:



 

«Дүние — бекет, сен керуен өтпелі,

 

Ұзын жолда жатар уақыт көп пе еді?!



 

Дүние — базар: мүлкі байлар көзіңді.

 

Өзің де алдап, алдатасың өзіңді.



 

(Дүние — сарай мол пайдасы, қызығы,

 

Қайту керек, алып берген ырзығын.)



                   

1445  Түбі көшсең, көшті алдымен сал жолға,

 

Керексізді қой, керегін ал қолға!»      



                   

 

Мен жиналдым, күнің жақын сенің де,



 

Ойлан, жақсы ат қалдыруды кейінге.




 168

 

Тыңда, бір ер дүниеден өтіпті,



 

Өлерінде өсиет қып кетіпті,

 

Естіп оны, көңіліңе сақтағын,



 

Тірілерге айтқандарын ақтағын:

 

«Ей, тірілер! — депті, — қапы қалмаңдар,



 

Қапы қалып, арманда өттім жалғаннан!»

1450  Бек, баянды болсын десең бектігің,

 

Сен үнемі ісін істе тектінің.



 

Тура жүр де, зұлымдықты жебеме,

 

Қараны — аққа, қараға — ақты теңеме!



 

(Күшке салма, əділ жүріп, сақ болғын,

 

Құлшылық қып, есігін құш хақ жолдың.)



                     

 

Екіншіден, осал болма, қалғыма,



 

Аяқ асты бас салмасын жау мына.            

                       

 

(Сайлы тұрса ақылың да, күшің де,



 

Кетпес жұртың тістегеннің тісінде.)

 

Қай істі де екі қылмай, қиып түс,



 

Сабыр сақта, ашуды  бас жиып күш.

 

Елің де аман, осыларды орында,



 

Бектік берік тұрар сенің қолыңда!

 

(Дүние түгел, елің аман болады,



 

Көз ашылып, жүзіңе нұр толады.)

1455  Жақсыларды көтер жебеп еңсесін,

 

Жамандардан бүтін сақта ел шетін.



 

Заңды түзе — сұмдық сонда сасады,

 

Құтың өсіп, абыройың асады.



 

Ой — білікте, білекті мəз жыққанға,

 

Жақсы лепес — жарым ырыс ұққанға:



                 

 

«Заң иесі, қара қылды қақ жарғын,



 

Елді жұтар қараниет қан жарғың.

 

Əділ заң құр, ай, Елбасы, жаңылма,



 

Жаман болса, болмас дүние, бағың да!




 169

1460  Сұм заң түзіп, алма қарғыс, назаны,

 

Жаман атпен боларсың ел мазағы.



 

Əділ заңды қалдырса егер кімде-кім,

 

Жақсы атағы ел ішінде жүргені!»



 

Өзіңді бақ, қиялыңа алданба,

 

Өз тегіңді білмеу — қорлық жалғанда.



 

Жаманатты дарытпа да сіңірме,

 

Арылмассың өліңде не тіріңде!



 

Орның биік, көңілің де биікте,

 

Күн өтпесін, ұқсап қашқан киікке.



1465  Дүние — жалған! Үйрет бойды осыған,

 

Өлім келді, қарсы жүріп, тосып ал.           



            

 

Маған қара, тындырмадым ештеме,



 

Күн оздырып, кейін бармақ тістеме.

 

Кісі өлсе, өсиеті қалады,



 

Өсиетім — айтқандарым жаңағы.

 

 

Сүйген, Елік, тірегім ең сенімді,



 

Пайдалы сөз бердім, буғын беліңді.

 

Өсиет сөз, ақ тілеудің үзігі



 

Ғибратты, сөз біткеннің түзуі.

 

(Кісілерге ырыс — мирас сөз деген,



 

Оны ұстанса, пайдасы бар жүздеген.)

1470  Шын сөзімді, жаздым ойдың ақығын,

 

Мені ұмытпай, сөзімді еске тоқығын.



 

Арпалыстым, бейнет болды шеккенім,

 

Өлім болды — тырбанумен жеткенім.



 

Шəксіз, өлім бір күні ақыр табады,

 

Тірілердің бойдан жанын алады.



                       

 

Əзірейілдің келуіне əзірлен,



 

Ұзақ жолға дайындалғын қазірден.

 

Еш шара жоқ өлімнен бой тасалар,



 

Қамдан ерте, күйікті сол баса алар.




 170

1475  Не дейді ойлы тағдырына шыдаған,

 

Өлетінін өлмей білген бір адам:



 

«Ажал келсе, сездіреді ызғарын,

 

Бетіңді бұр таусылғанша  тұз-дəмің.



 

Қамар белбеу күмістелген, түсін, ер,

 

Өлім қысса, бытыр-бытыр үзілер!»



 

Өзіңе, Елік, адал қызмет сіңірдім,

 

Мейіріңді өтеу үшін жүгірдім.



 

Жақсылардың ісін Алла оңдасын,

 

Құт дарытып, ризық беріп қолдасын.         



1480  Мың-мың жаса, төрт құбылаң сай болып,

 

Бектік құрғын басыңа күн, ай қонып.



 

Сөздерімде махаббаттың шоғы мол,

 

Хош-есен бол, мархабаттың қолы бол.



 

О, құтты Елік! Кеттім, ажал алады,

 

Бауыр етім — балам қалып барады.



 

Жалынамын бір хақ жолын оңдасын

 

Оттан-судан сақтап өзі қорғасын!



 

Сұрайтыным көз қырыңды салғайсың,

 

Шет қалдырмай, маңайыңа алғайсың.



1485  Хақ себепші бар ісіне ғаламның,

 

Қолында оның бəрі жақсы-жаманның.



 

Ұл мен қыздың себепкері ата-ана,

 

Бұзыла ма, қайта оңалып жата ма?!                



 

Атасы — мен, бетім əрі қарады,

 

Шиеттей ұл жетім қалып барады. 



 

  

 



Қақым болса, сіңсе ісім халыққа

 

Себепші бол — баламды оңға бағытта.



 

  

 



 

Қарап қалмай, өнер-білім дарытқын,

 

Білігімен қолы болсын халықтың.



 

 

1490  Жөн-жосықты білсін, болсын құлықты,



 

Іске жарап, салсын алыс құрықты,




 171

 

Шолжаңдатпа, білсін тəртіп, талапты,



 

Талап қысқан бала құтты, талантты.

 

Не дер екен селеу шашты қария,



 

Біліп айтқан ақыл-ойы дария:

 

«Жастайынан білік үйрет ұлыңа,



 

Жастай білсе, көкке жетер қолы да!

 

(Білім үйрет сəбиіңе сарыла,



 

Уызда ілім, сүттей сіңер қанына!)

 

Аяма, соқ — аршы қырсық-түйнектен,



 

Ұл мен қызға таяқ білік үйреткен...»

 

 

1495  Ұл-қыз жастай нені білсе марқайып,



 

Соны ұмытпас өле-өлгенше қартайып.

 

(Сəбиінде көкірекке түйгені



 

Өлгенінше санасында жүреді!) 

 

  

 



Үшбу хатын бітіп, орап, байлады,

 

Қолын созып, берді ұлына арнайы.



*    *    *

 

«Балам! — деді, — тигіз Елік қолына,



 

Бұл — аманат, бердім бата жолыңа.

 

Хатты оқысын, ой соңынан ой туар,



 

Ажалды ойлар, Сөзім болсын бой тұмар!»  

*    *    *

 

Ұлығ тынып, ұлына айтты тағы да:



  

 

«Ұқ та мұны, жүргін шындық жағында».



1500  Ұлын құшып, қам көңілін демдеді,

 

 Өпті жылап,  аққан жасы селдеді.



 

 

             



*   *   *  

 

 



 Айтты: «Ай, ұлым, көрдің мені, ақтағын — 

 

 Қандай халде кеттім, есте сақтағын.



 

(Қара, балам, атаң қалай өлгенін,

 

 Болды екі бөз — екі қарыс жөргегім.



 

Туғанда анам жөргекке орап еді мəпелеп,

 

 Туған балам ақыретке орар енді «əкелеп!»)




 172

 

Нақ осы күн, келер, шəксіз басыңа,



 

 Түбі өлесің, қапы қалма, жасыма.

 

 Керек сөзді айттым — ойға тоқырсың,



 

 Сөзді ұмытпай, маған дұға оқырсың.

 

 Елбасы егер қалсын десе қасымда,



 

Жөн-жосықпен қызмет қыл, басынба.

1505  Даңғырлама, бостан-босқа жүгірме,

 

 Құлқың — түзу, шырын болсын тілің де!



 

  

 



 Кештеу жатып, ерте тұрып жүргейсің,

 

 Ерте тұрсаң ырыс артар — білгейсің.



 

 Бір Алланың қасиеттеп бұйрығын,

 

 Қызмет көрсет, ханға оң болсын пиғылың.



 

  

 



 Жаманнан без, арамдықтың жолын кес,

 

 Ізгілік қыл, қақпас пенде қолыңды еш.



 

 Сау-сəлемет жүресің, сөзіңді өзің күзетсең,

 

 Есендікте өтесің, өзіңді-өзің күзетсең!



 

(Сақта өзіңді, сөзді, деннің саулығын,

 

 Ширақ жүрсең, берер тірлік бар нұрын!)»



*   *   * 

1510   Сөзін тиып, жасын төгіп егілді,

 

  Ұлын құшып уайымға көмілді. 



*   *   * 

 

 Айтты аһ ұрып: — О, қу жалған, опасыз,



 

 Неге сонша арттың дүние жафасын.

 

 Рахат көрген бұл өзім мен түр-өңім,



 

 Қара жердің қойнына енді кіремін.

 

 Қандай болып тусам бұрын анадан,



 

 Сондай болып кетем бүгін жалаңаш!

 

 Өлім қысып жатқан ерді тыңдағын,



 

 Еңіреткен өкінішті мұң-жалын:

1515   Бір қарыннан шықтым, кірем қарынға,

 

 Жылан жейді тəнді балға малынған.




 173

 

Есіл тірлік, ессіз жастық, қаламын,



 

 Күйік қысып көрге кіріп барамын!

*   *   *

 

 Есін жиып, келді Айтолды əліне,



 

 Айтты: малын үлестір деп бəріне.

 

 Ағайынмен бақұлдасты, бүгілді,



 

 Жасыл көкке жанымды ал деп жүгінді.

 

Қолын жайып, көзін көкке қадады,



 

 Тіл байланып, шаһадатпен* қарады.

1520  Жаны үзілді, күні түнге ауысты,

 

 Хақ атымен тіршілігін тауысты.



 

 Пəкиза жан тұрақ іздеп самғады,

 

 Жаны ұшты, құр келбеті — қалғаны.



 

 Болмағандай жоғалды жан, не шара?!

 

 Бұл жаһанда аты қалды, бейшара!



 

  

 



 Көңілі түзу кісі айтқан деседі,

 

 Өзі оянған ғафылдықтан кешегі:



 

 «Тəннің үйі — қара жердің аясы,

 

 Шырын жанның, тəн — баспана, саясы.



1525  Жан ұшқанда бос қалар үй — денесі,

 

 Қайда екенін білер тек жан егесі?!»



 

Биік ұшса, жан жəннатқа енгені,

 

 Төмен түссе, бір пəленің келгені.



 

Екеуінің бірі болар, алайда

 

 Жаның мəңгі қалар тірі қалай да!



 

Адам мұңлық болғанымен күнəсіз,

 

 Құрып тəні, өшер сөзі, шүбəсіз!



 

 Қайдан келді? Енді қайда барады?

 

 Қай жерде тұр? Енді қанша қалады?



1530  Біліктілер айта ала ма мəн-жайын?

 

 Ақылдылар ұға алар ма əрдайым?



 

  

 



 Білікті жоқ шешер мұның жұмбағын,

 

 Жалғыз Алла қанық білер сырларын.




 174

 

Тұрғаны да, жүргені де белгісіз:



 

 Көз алдыңда — əуедей тек көргісіз.

 

 Кісі өмірі, шолақ, қысқа дегенмен,



 

 Тілі — ұзын, ойы ұшқыр береннен!

 

 Ессіз адам бөркін киіп маңғырттың



 

 Тұтқыны боп кергір пасық паңдықтың...

1535  Екі күндік ғұмыры бар қас-қағым,

 

 Кеуде керіп, несі кердең басқаны?!



 

 Тыңда өзің, көзі ашық не деген,

 

 Өлімді өзі ұғып көнген, көреген:



 

 «Ай, сұм ажал, өлім неткен кесірлі,

 

 Мың амал да қайтара алмас бетіңді. 



 

 Құтқармайсың жердің жүзі — өрісің,

 

 Жаман, жақсы ізін баққан бөрісің.  



 

 

 Ұзақ өмір берсе дана адамға,  



 

 

 Өлшеп қойса тірлікті арам, наданға!



1540  Жақсы, жаман түгел өлер шетінен,

 

 Ұлық, кішік көшер жердің бетінен!»



 

 Ей, тірі жан, баққан ажал құтқармас,

 

 Қанша жаса — қиып түсер құтты алмас.



 

 Жақсы айтқан, елдің бегі, ер жігіт,

 

 Істің мəнін зерделеген кең біліп:



 

 «Қандай жақсы, арылса өмір наласы!

 

 Керемет қой, өлмесе жан баласы!



 

 Рахатқа жеткізді өлім ділімді,

 

 Өлім бұзды тірегімді, түбімді.



1545  Тоқтауы жоқ, туғанды ажал алады,

 

 Өлім құшып, қара жерді табады!



 

 Адам емес, адамдықты қимаймын,

 

 Адал емес, адалдықты қимаймын.



 

(Кісі өлсе де, кісілігі өлмесе,

 

 Кісі күйген шындығын бір көмбесе.)



 

Қиқармысың, момынбысың — бəрібір,

 

 Өзгертпессің қария тірлік əлібін!




 175



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет