«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Еліктің Өгдүлмішке жауабы



Pdf көрінісі
бет90/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   247
Еліктің Өгдүлмішке жауабы

 

 Масайрады Елік мақтап баласын:



 

 Ойың — дария, сөзің — терең данасың!

 

Тəңір саған көп қасиет дарытқан,



 

 Тағы да өзі маған сені танытқан.

 

(Ізгіліктің бəрін беріп түгендеп,



 

 Сыйысың сен хақтың өзі жіберген.)

 

Бұл еңбек жүк, жүктің ең бір ауыры,



 

 Арқаласаң, зейнет көрер қауымың.

1875  Кім ізгілік іздесе, ауырды арқалар,

 

 Ауыр жүкті алған, табар барқадар!



 

(Адамдықтың жолы да ауыр, жүгі ауыр,

 

 Ауырлықтың бар лəззаты бір ауық.)



 

  

 



 Жүгімді алдың — іс жүрсе деп құмарттың,

 

 Тыным бердің маған, өзің жүк арттың.



 

 Алла маған тауфиқ берсін, күш берсін,

 

 Үш есе көп ақы ап, бір іс істерсің!



 

  

 



 Білемін, сен біраз қызмет атқардың,

 

 Адалдық пен мейіріңді ақтармын.



 

 

 



 Адал қызмет өзгелігі өзгеден,

 

 Өзің емес, бек пайдасын көздеген!



1880  Қызмет сырын білген ерді тыңдағын:

 

 «Бектің жаны — бейіш, тапса құл бабын!»



 

Бек шаттанып, дəулет тасар əлденіп,

 

 Құл-құтаны қызмет етсе жан беріп.



 

 Қызметшімен бек иығы түзелер,

 

 Бек жаны жай, тындырса ісін тілеген.



 

 Басты ауыртар жүк, бейнетті алса құл,

 

 Бектің арыз-тілегіне салса жол...



 

 Мұндай құлды тапса əмірші ақыры —

 

 Болар еді ол да хақтың рахымы.



1885  Бізден бұрын талай жаһан бектері,

 

 Сол тілекке жете алмастан кетті өліп!»




 200

*  *  *


 

 Бүкіл əлем шаттық құшты бақ дарып,

 

 Елікке арнап дұға қылды бар халық.



 

Естіп басқа ел кісілері тамсанды, 

 

Жүзін оның бір көрсек деп аңсады.



 

Жылдар өтті, күндер — айға алмасты,

 

 Ел құтайып, түзу заңы жалғасты!





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет