Еліктің Өгдүлмішке сауалы
Елік айтты: — Бұл сөзің де қонымды,
Бір бұйымтай. Берсең енді сонымды.
Енді сенен, керекті сөз сұрайын,
Жете ойланып, сөзіңді айтқын лайық.
Өгдүлміштің Елікке жауабы
1905 Айтты Өгдүлміш: — О, халықтың Елігі,
Бектің атын шығарады білігі.
Бектің өзі — болар білім ордасы,
Құл сөзі құр, біліксіз тіл толғасы...
Сұрау — оңай, қиын боп тұр — жауабы,
Бек білігі болғай жауап сауабы*.
Маған — қиын. Елік алды оңайын.
Қыстама енді. Бек, садағаң болайын.
202
(Керекті сөз айту үшін, о бегім,
Хан білімі керек екен, білерім...
Маған — ауыр, Елік тілі — ұстара,
Құдіреттім, сұрақ қойып, қыстама!)
Достарыңызбен бөлісу: |