Сүйгендігін білер қарап өңінен.
201
Көзің бірақ кейде алдана береді
Көңіл ғана кедергісіз сезеді.
Білгің келсе, сүйер иə сүймесін —
Ашып қара көңіліңнің күймесін.
Сүюде бар белгі, білмес еш пенде —
Сайрап кетер көзің көзге түскенде.
1900 Шайыр сөзін мұны меңзеп жырлаған,
Ай, ербозы, еске түйіп, тыңдап ал:
«Ғашықтықты ғашықтардың өңі айтар,
Тілін ашса, қызыл тілдің өзі айтар.
(Кірпігі айтар дір-дір еткен жүректей,
Еріні айтар жанды өртеген тілектей.)
Білсем десең сүйер иə сүймесін,
Белгі берер көзің көзге тигесін.
(Батылың барып, көзді көзге қадасаң —
Сүйгендігін күйіп-жанған жан ашар!
Қара көздер өртке күйіп шарпысар,
Сыр беріп ап, қайран жүрек тартысар!)»
Достарыңызбен бөлісу: