Ата еңбегі, тері саған сіңбеді!..
Өлгенде атаң, ұлан едің балапан.
Жəрдемім жоқ, мен де көптің бірімін.
193
Өгдүлміштің Елікке жауабы
—
О, əміршім! — деді Өгдүлміш, — Еліңде,
Ұзақ жасап, даңқың өссін сенің де!
Алла кімге ризық, ниет қылады,
Сол тілекке жетіп, аты шығады.
Көпті көрген ақсақалды қария,
Айтқан мақал түркілерге жария:
«Іс оңалып, орындалмағы арманың,
Ұлылығың — бұйрығы бір Алланың!
1800 Алла əмірін тимас күшпен тамам ел,
Қусырылса көк аспан мен қара жер.
Барлық істе медет керек Алладан,
Алла қосса, тілек қалмас алмаған!»
(Күшпен тартып ала алмайсың берместі,
Күшпен тегі келтірмейсің келместі!
Қашанда адам ұзақ-сонар жолдасың,
Қыдыр қолдап, бір хақ өзі оңдасын!)
Жəне атаның ықыласы, батасы,
Тиер ұлға жоқ сөзімнің қатасы.
Жетсем — атам бата берген өренмін,
Атамның ақ батасымен көгердім.
Қыдыр ием себеп қылды Елікті,
Құр қалмадым өнерден һəм біліктен.
1805
Елік қолдап, берді маған қол ұшын,
Тағдыр қоштап ержеттім мен толысып.
Жылы қарап, бек ниеті ауған жан,
Бəхрə қылса, шығар тілек, арманнан,
Кісі көңілі бейне бау сəн беретін,
Бектер сөзі су, бақсаң, нəр беретін.
Су тиген бау құрғамай, бүр ашады,
Мың-мың шешек гүлдеп, жұпар шашады.
Бек жарлығы жылы тисе құлына,
Көңілі өсіп, нұр қосылар нұрына.
194
1810 Бек жарлығы айтылса ащы, зілденіп,
Қурайды тез көктей солған гүлдейін.
Бағу керек құл ниетін бір хақтың,
Пейіл берсе — ашылады бар қақпа...
Мұны меңзеп шайыр сөзін толғаған,
Оны да ұғып алғын енді, ойлы адам:
«Хақ қаласа, пейілін түзеп құлының,
Жолын оңдап, ашар кілтін білімнің.
Білім білсең, күнің құтты өтеді,
Қанша кішік болсаң да, ұлы етеді!»
Достарыңызбен бөлісу: