Арыз-тілек бəрін түгел етермін.
Есен-аман болсын, Елік! Жүремін!..
Түсіп, үйге кірді, тонын шешті ол.
412
Сары болды күннің қызыл ажары,
Əлемді алтын реңі орап, тарады.
4960 Күн жүзіне сары зафран жағынды,
Жаһан көкшіл минə* реңді жамылды.
Қабақ түйіп, аспан суық түрге енді,
Жаһан қара зəңгі түсті бүркенді.
Ішті, жеді, жуынды, оқып намазын,
Төсек салып, кетті ұйқыға қамалып.
Сары сандуғаш сайрап қоя бергені,
Белең алып оянды, ұйқы келмеді.
Ояу жатты, оны қанша тыңдады,
Сүйініштен ғажап үнге таңданды.
4965 Ұйқы қашып, түні артық ұзады,
Аңсар болды жарық күннің шығары...
Аспан жыртты киген қара көйлегін,
Жүзі ашылып, көтерді күн иегін.
Күліп бақты, өрлеп, сұлу қыз жүзі,
Бұл дүниенің жарқырады жер, құзы.
Күн тауға өрлеп, нұрлы жүзін жайнатты,
Жарқыратты дүние, өзен, аймақты.
Жуынды да, киінді, сай тұрды ол,
Өзі игілік жорып, намаз қылды ол.
* * *
4970 Бір ұланмен атын ұстап, ерттеді,
Сүйініп, күліп туғанына беттеді.
Таяғанда ақырын жүріп аяңдап,
Түсіп, баяу келді есікке жаяулап.
Тоқылдатты, үй есігін тұтты да,
Туғаны тез шықты алдынан, ұқты да.
Достарыңызбен бөлісу: