«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының



Pdf көрінісі
бет10/28
Дата06.04.2017
өлшемі2,43 Mb.
#11120
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28

Қазанның қара бұлтындай

Найзағайы ойнаған.

Сен тұқымсың, шырағым,

Едігедей мырзадан.

Сырымды саған айтайын

Сөйлемеймін жалғаннан.

«Хан болам» деп туғалы

Арылмадым арманнан.

Жазғырып бәрін жазықсыз,

Айырылып қалдым қорғаннан.

Тоз-тоз болды ноғайлы,

Қақпанға түсіп мен құрған.

Телағыс, Күніке екі нар

Асып кетті Боғдыдан.

Ант ішкізіп нақақтан,

Мамайға қастық мен қылғам.

Менің салған бүлігім

Орақтың басын алдырған.

Тұзаққа түспей тек қана,

Алшағырдың баласы

Қалу да қашты «құр-құрдан».

Менен болып жаласы,

Жаббастан болып жазасы,

Айдынды-Имаш жас бала

Қыршынынан қырқылған.

Бейарман кетті, не пайда

Өлгеннен соң қыңқылдан?!

Бақ іздеген ар ма екен,

Ескерусіз қалғаннан?!

Хан болып, тақ мінуді

Мақсат тұттым салғаннан.

Осының бәрі болған іс,

Ойдағы жүрген арманнан.

Себебі менен болғанмен,

1260


1270

1280


1290

160

160


161

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Мұның бәрі Алладан.

Қара басын қайттап,

шынын айтты бұл ағаң.

Қиын екен, Қазижан,

Өзіңнен кіші балаға

Қол қусырып зарлаған.

Құтылғың келсе, тез өлтір,

Мұсадан туған жаманнан.

Өлтірсең де адам жоқ

Алатұғын қолыңнан.

Хақ жазуы осылай,

Өлтірген жоқпын қолымнан.

Алдыңда келіп жылап тұр

Жазықты болған сорлы ағаң.

«Қияметтік істі кешірген,

Мырза» дейді бабаңды.

Не қылсаң өзің білесің,

Істеген ісім жаман-ды.

Өз қолыңнан өлтіріп,

«Ағам өлді менің» деп,

Бересің қалай хабарды?!

Өлген келмейді орнына, 

Өлтіргенмен бұл жарде

Мен сықылды арамды.

Жақсылық еткен азамат

Жұмаққа ертең барар-ды.

Жан деген шіркін тәтті екен,

Қайтсем жаным қалар-ды?!

Бір Аллаға тапсырып,

Ағаң сөзін доғарды.

Әнжі  осылай  деп  жылап-еңіреп,  Қазидың  аяғын  құшқан 

күйі  жалына  берді.  Көзінің  жасы  көл  болды.  Қази  оны  аяп 

кетті.  «Қой,  қанша  жауыз  дегенмен  әкемнің  ағасы  ғой.  Өз 

қолымен  өлтірген  жоқ.  Барлық  зұлымдығын  мойнына  алды. 

Ата-бабаның  аруағын  ортаға  салды.  Бұл  кісіні  өлтіргенмен, 

өлгендер қайта тірілмес. Алланың жазуы солай болған шығар. 

Қан орнына туыс адамның қанын алсақ, қателігін мойындаған 

адамды  өлтіре  берсек,  ертеңіміз  не  болмақ?  Өлтіре  салу  қиын 

11-310

1300


1310

1320


162

БАТыРлАР  ЖыРы

162

163


болмас.  Бірақ  ертең  ел  бетіне  қалай  қараймыз.  Өз  ағасын  өзі 

өлтірді  демей  ме?  Қанын  мойныма  жүктемейін.  Құдайдан  өзі 

тапсын!» деген ой келді оған.

Сонан соң аяғын босатып алды да:—Бір жолға арам да бол-

са  қаныңды  кештім.  Тұр  орныңнан!  Сүрт  көз  жасыңды!  «Сіз» 

деп  сыйлауға  тұрмайтын  адамсыз.  Бірақ  амал  не?!  О  дүниеге 

барғанда  тозақ  отына  күйерсіз,  тумай  туа  шөккір,  қақпас! 

Бабамның аруағынан садақа кет!» деп сыртқа атып шықты.

Сол  кезде  Қарасай  да  келіп  аттан  түсіп  жатыр  екен.  Бұны 

көрген бойдан: «Не қылдың? Өлтірдің бе Әнжіні, жоқ па? деп, 

дүрсе қоя берді. Қази ағасына тура қарап:—Жоқ. Бір жолға ке-

штім. Әкемнің ағасын қалай өлтіремін?—деді.

Қарасай  ашудан  жарыла  жаздады.—Қас  жаман  әкесін 

өлтіріп, шешесін зына қылған адаммен дос болады!» деген екен. 

Саған  соның  кері  келіп  тұрған  жоқ  па?»  Онда  өзім  өлтіремін! 

деп үйге қарай адымдай басып келе жатты.

Қылышын  сығымдай  ұстап  жақындай  бергенде,  Қази  екі 

босағаға  керілген  күйі:—Аға,  сізге  айтар  бірауыз  сөзім  бар. 

Атам Едігені жұрт мырза дейді екен. Пайда болсын, өзіне залал 

болсын, әйтеуір, аузынан шыққан сөзін қайтып алмапты. Мен 

уәде  беріп  ем.  Мені  атамның  жолынан  тайдырмаңызшы?!—

деді.


Қарасай інісінің көзіне тесіле қараған бойы бір сәт ойланып 

тұрып  қалды.  «Бір  көріп  бауырыма  басуды  армандап  жүрген 

Айдынды-Имаштан  өлідей  айрылдым.  Енді  Қазидан  қалай 

тірідей  айрылам?»  деп  іштей  күйзелді.  Сонан  соң:—Бердім 

тілегіңді,—деді де, сылқ етіп отыра кетті.

Қази  да  сабасына  түсе  бастаған  ағасына:—Мен  Әнжіге  бір-

екі  шарт  қоямын.  Соған  келіссе  өлтірмей-ақ  қояйық,—деді. 

Сөйтті де, Әнжіні шақырды. Ол сыртқа шыққанда, әлі де ашуы 

басыла қоймаған Қарасай күліп жібере жаздап орнынан тұрып 

кетті  де,  теріс  айналды.  Үстінде  әйелдің  көйлегі,  басында 

жаулығы,  қолында  былғауышы  бар  Әнжінің  түрі,  шынында, 

адам күлерлік еді.

Қази  оған  қарап  қабағын  түйе  сөйледі.—Осы  жерде  өлуге 

қайлысыз  ба,  әлде,  осы  түріңізбен  ауыл-ауылды  аралап, 

әркімнің  тарысын  қуырып,  келісін  түюге  қайлысыз  ба?  деп 

сұрады. Әнжі біресе Қазиға, біресе Қарасай жаққа жалтақтаған 

күйі:—Осылай  тары  қуырып  жүре  берейінші,—деді,  жалы-


162

162


163

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

нышты дауыспен.—Онда алдыма түс!—деді де, Қази Қадаубас 

қара атты жетегіне алып, Әнжіні жаяу айдады. Қарасай алдын-

да озыңқырап отырды.

Бұлар  елге  келсе,  Мүсілімді  хан  қойған  ел  өз  шаруасымен 

айналысып кеткен. Әнжіні әкесі Мұсаның бір бөлек қараша елі-

не әкеліп:—Енді тыныш жүріп, осы ауылдың келісін түй, тары-

сын қуыр. Егер жөніңе жүре алмасаң, бәрібір ажалдан қашып 

құтыла алмайсың!—деп тастап кетті.

Қарасай  мен  Қази  өз  ауылдарына  келіп,  анасына  жылап 

көрісті.  Он  екі  жылдан  бері  балаларын  көрмеген,  оның  үстіне 

Айдынды-Имаштай  кенжесінен  айрылған  жесір  әйелдің 

қайғысы  қабырғасын  қақыратып,  қан  құстырды.  Аңыраған 

ананы  жұбатар  амал  таппай  Қарасай  мен  Қази  да,  ағайын 

туыстар да естерінен танды. Бір сәтте анасының шашы ағарып 

кеткенін көрген қос жетімнің көз жасынан басқаға әлдері кел-

меді. Әкесі Орақтың кезіндегі дәуреннен айрылған бұларға еш-

кім  көз  қырын  салмады.  Үй  шаруасына  көмектесіп,  селбесіп 

жүріп жатты.

Әкесінің қарашасында қалған Әнжі де әйел киімін тастайын 

десе,  Қарасай  мен  Қазидан  қорқып,  тастамайын  десе,  бала-

шағаның мазағына ұшырап, әр үйдің келісін түйіп жүріп жат-

ты.  Бірақ  уақыт  өткен  сайын,  жаны  қылыш  үстінде  тұрған 

сәтті  ұмыта  бастады.  «Мен  қашанғы  қатын  болып  жүре  бе-

ремін. уақыт өткен соң өздері келіп, мені мына құлдық өмірден 

құтқарар деп едім. Олар олай жасамады. Қази мен Қарасайды 

құртпасам, түбінде мен олардан құтыла алмайды екенмін» де-

ген  пікірге  келіп,  тағы  бір  жауыздық  ойлады.  Енді  Әнжіден 

сөйлейік.

Киімін  әйелдердің Әнжі киіп,

Жүрген-ді тары қуырып, келі түйіп.

Хан қылып Мүсілімді бүкіл ноғай,

Әнжінің жүрді бұған іші күйіп.

Мүсілім хан болған соң қарап жүрмей,

Мұсаның қоңсыларын кеткен бөліп.

шеттетіп  ноғайлыдан қалдырмақшы,

Әнжі де бұл жағдайды отыр біліп.

Сондықтан Әнжі ойлап бір сұмдықты,

Жайлады көкірегін жаман желік.

1330


164

БАТыРлАР  ЖыРы

164

165


Кетейік түсіндіріп осы жайтты,

Әріден тарихты айтып келіп.

Қарасай Қазименен тағы айтамыз,

Қайғылы еді інісіне ажал жетіп.

Екеуі әрі жарлы, әрі жетім,

Жүр еді қол пайдамен тек күнелтіп.

Халықтың қадырменді адамдары

Кеткен-ді осылайша тентіретіп.

Орақтан қалған байлық болмаған соң,

Амал не жүрді солай тірлік етіп.

Ер Орақ хан Мамайдың ағасы еді,

Мәскеуге қас болғаны қалас еді.

Іс қылып тірісінде әділ Мамай,

Сонысы өмірінше оғаш еді.

Батырхан, палуан Сұлтан Қырымдағы

Бұларға Орақ, Мамай нағашы еді.

Өлтірген осы екеуін Мамай өзі

Жала емес, сол оқиға сарас еді.

Бұл күнде Қырым халқын билеп тұрған

Жасарал палуан Сұлтан баласы еді.

Қараған Жасаралға барлық Қырым,

Патша боп алтын тақтан алған орын.

ықпалы Жасаралдың бұл күнде зор,

Қырымның бар халқына артқан қолын.

Жасарал бір жасында қалып еді,

Құрғанда Мамай әкеге ажал торын.

Жоқтаусыз екі батыр кетіп еді,

Ала алмай Қырым халқы мұнан кегін.

«Қорлыққа бұл екеуін сол салар» деп,

Ойлады келтірмекке Әнжі ебін.

Әнжінің кеулі ауған хат жазбаққа

Жібермек Жасаралға Қырым жаққа.

Өзінің арманына жету үшін

Қази мен Қарасайды құртқызбаққа.

«Тез жазып жіберейін бар жағдайды

Қос жетім ұшырасын аласатқа.

Бар сырын дұшпанына паш қылайын,

Зәру деп киер киім, мінер атқа.

Әкеңнің кегін алмай осынша жыл,

1340


1350

1360


1370

164

164


165

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

ықпалың жүріп тұрғанда қалма ұятқа.

Көрсетті бұл екеуі маған азар

Жақын деп күнәмді өтіп, салмай назар.

Білмейтін бұрын-соңды хабарды естіп,

Кегіне әкесінің қалай шыдар.

Қази мен Қарасай өлтірем деп,

шыдамай, ноғайлының шырқын бұзар.

Бұл хабар тиісімен Жасаралым,

Аунақшып төсегінде қаны қызар.

Жаратқан жәрдем берсін, тездетейін

Осы ойым бір шамаға келген шығар.

Жасарал шауып алса Ноғайлыны,

Басыма сонда менің бақыт қонар.

Бұл халық бұлан-талай күйге ұшырап,

Қазіргі қасіретімнің орны толар.

Жақсылық жақсылыққа қайтарылып,

Хан тағы басқаға емес, маған қалар.

Отырған бұл үйдегі үлкен-кішің,

Өлеңмен айтып өттім, сөзге түсін.

Келтірер халық басына үлкен зауал,

Залымдық ойлайтұғын жалғыз кісің.

Доғарып домбыраны, әңгімемен

Айтайын түсіндіріп ендігісін.

Қырым хандығындағы Қарахан деген кісінің палуан Сұлтан 

және  Батырхан  деген  балалары  Мамай  ханға  жиен  болатын. 

Бұрын  айтылғандай,  Әнжі  азғырып,  Мамайға  сол  екі  жиенін 

өлтіртіп еді. Сол өлетін кезде біреуі он алтыда, он екі жаста бо-

латын. Он алты жасар палуан Сұлтаннан Жасарал деген бір жа-

сар бала қалған-ды. Қырым патшасы болып тұрған сол еді.

Әнжінің  Мамайды  азғырғанын,  сөйтіп,  оның  әкесін 

өлтірткенін  және  қандай  залым  екенін  Жасарал  сырттай 

білетін. Бірақ оның шын аты ысмайыл екенінен хабардар емес-

ті. Өйткені, Әнжінің шын есімі ел арасында айтыла бермейтін. 

Ал Қырымдағылар тіпті білмейтін.

Сондықтан  бұны  жақсы  білетін  Әнжі  хатты  ысмайыл  деп 

жазды.  Жасаралдың  әкесіне  қатысты  оқиғаны  бастан-аяқ 

тәптіштеп,  әсіресе  Мамай  мен  Орақты  барынша  қанішер  етіп 

1380


1390

166

БАТыРлАР  ЖыРы

166

167


көрсетіп,  олардан  туған  балаларды  да  «ертең  солардың  жо-

лын  қуады»  дей  келіп,  хат  соңында:  «Бүкіл  Қырымға  хан  бо-

лып  отырып,  соған  мәз  болып  жүріп,  әкеңнің  кегін  алуды  да 

ұмыттың. Намысы бар адам әлдеқашан қанға-қан алар еді. Сенің 

олай  етпегенің  не  арсыз  надандығыңнан,  не  түкке  тұрғысыз 

жамандығыңнан!  Хан  болғаның  кімге  керек,  егер  қыршын 

кеткен  әкеңнің  әруағын  сыйламасаң?!  Мұнда  жүріп  жаман 

нағашың  мен  арланып,  намыс  отына  түсіп  жүрмін.  Сен  әскер 

жинап келер болсаң, мен де көмегімді аямаспын. Қарасай мен 

Қазидың  тірі  жүргенін,  бұл  жақтағылардың  шалқақтағанын 

көріп жүріп, шыдар емеспін. Бұл екеуінің қанын ішпесең, мен 

риза болмаймын. Әкеңнің әруағына тапсырдым!» деп жазды.

Әнжі  хатты  күнде  қатынап  жатқан  керуеншілердің  бірі-

нен  беріп  жіберді.  Ол  бір  күні  Жасаралға  да  жетті.  Қырым 

хандығындағылар мына жақтағы ноғайлылардай емес ауызбір-

лікті,  әскері  көп  ел  болатын.  Хат  қолына  тиген  соң,  жас  хан 

оқып  көріп,  зығырданы  қайнады.  «Бұрын  естімесем  де,  ол 

жақта  да  жанашыр  нағашыларым  бар  екен  ғой»  деп  риза  бол-

ды. Сөйтіп, жорыққа дайындалды. Бірнеше күннен соң қырық 

мыңдай әскермен жолға шығып та үлгірді.

Жер қайысқан қолдың хабары жетпей тұра ма, Жасаралдың 

келе  жатқаны  жайлы  сыпсың  ноғайлы  даласына  да  жет-

ті.  Ерсілі-қарсылы  жүріп  жатқан  жолаушылар  бұл  хабарды 

Қарасайдың аулына да жеткізді. Енді онсыз да бөлініп-бөлініп 

кеткен ел арасында өсек-аяң, әр түрлі әңгімелер тарай бастады. 

«Қашан  болсын  ноғайлыны  шабатын  Едігеден  тарағандардың 

жауы  болады. Солардың кесапатынан-ақ құтыла алмадық-ау. 

Құдай осы тұқымды құртып тынбады ғой!» деген сөздер бір күні 

Қарасайдың құлағына шалынады.

Қарасай мен Қазидың намысына тиген сөздер көп еді. Бұлар 

екеуі  ойласып,  бұл  жағдайды  анасына  айтпақ  болды.  Сөйтіп, 

қарт анасына келіп:—Бұндай сөздерді есітіп тірі жүргенше, келе 

жатқан жаудың алдынан шығып, шамамыз келсе қайтарайық. 

шамамыз келмесе, «Жақсы ит өлімтігін көрсетпейді» дегендей 

далада өлейік. Біз үшін халық қырылмасын. Оларға керегі біз 

ғой. Бізге ат тауып беретін, маңдайымыздан сипап ақылын ай-

татын  кім  бар  бұл  елде?  Ата  көрген,  әке  көрген  дос  бар  ма?—

деп, қамығып тұрған кезі:



166

166


167

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

—От басында отырған,

Көпті көрген қарт анам,

Абыржып келді алдыңа

Қарасай, Қази қос балаң.

Жасарал келеді аттанып,

Елге тиді хабар да.

Ел әңгіме айтып жүр,

Мәнісі оның мынада:

«Біз нақақтан бұл жауға

Қалдық» дейді жалаға.

Едіге тұқымы құрымай,

Тыныштық жоқ ноғайға.

Құлағымнан сарсылып,

Қайғылы болдым соғанда-ай.

Ақылым айран, дал болды,

Мінуге көлік таба алмай.

Ер кеуілді аты бар

Арғы текті заты бар,

Сілте маған адамды-ай...

Ноғайлыда жақсы кім,

Қадір білер жалынса?!

Екеуміз де кетеміз,

Егер көлік табылса.

Жаяу да болсам кетемін,

Еркі Хақтың не қылса!

Қанеки, ана, жөн сілте

Сен өз ақылың барынша!

Қадір білер ер бар ма,

Қанеки, сілте, ей, ана?!

Сөз есітіп жүргенше,

Өлгенім жақсы далада.

уақыты бітсе шыбын жан

Үйде отырсам қала ма?!

Егер ажал болмаса,

«Жалаңаш жауға шап!» деген,

Ажалым жетпей ала ма?!

Айтып тұрмын Қазиға

«Ие бол!—деп,—ауылда,

Қатын менен балаға».

1400


1410

1420


1430

168

БАТыРлАР  ЖыРы

168

169


Тұлпар ат, кәне, кімде бар

Айтшы маған, жан ана?!

Жастай жетім қалыппын,

Халық танымай атадан.

Арғы атам Едіге

Елге ардақты атанған.

Бұл күнде кеміп жүдедім

Көзімді салсам қатардан.

Жұрттың сөзін есітіп,

Өртеніп ішім тұтанған.

Қанеки, ана, жөн сілте,

Дос бар ма қалған атамнан?!

Сонда анасы айтады:

—Сапарыңды оң қылсын,

Жүремін десең, шырағым!

Құдайдың өзі сақтайды

Киіктің жетім лағын.

Жұрттың сөзін есітті

Менің де үйде құлағым.

Қази қалсын ауылда,

Дұрыс екен бұларың.

Аты бар адам сілтейін,

Келтірсе беріп орайын.

Бермесе жаяу жүре бер,

Оған не амал қылайын?!

Құдайдың өзі сақтайды,

Қайтып келме ауылға,

Қылма ешбір уайым.

Балам, несін сұрайсың,

Кеше анау күндерде

Ноғайға едік қорған біз.

Қос батыр аман тұрғанда,

Мәскеуге де хандық құрғанбыз.

Күнде жиын, күнде той

Болушы еді ордамыз.

ықпал жүріп тұрғанда,

Талаймен дос болғанбыз.

Хан, қара демей қатарға

Жақсыны талай алғанбыз.

1440


1450

1460


1470

168

168


169

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Арқасымен атаңның

Халыққа еркін ер қылып,

Асылды талай қойғанбыз.

Дос тұтынып талайды,

Бағылан сырбаз сойғанбыз.

Бастан бақыт тайған соң,

Бәрінен босқа қалғанбыз.

Баста бақыт барында,

Дос емесі бар ма еді

Бұл ноғайдың бізбенен?!

Табылушы еді ол күнде

Отбасынан іздеген.

Бастан бақыт кеткен соң,

«Қуатың қалай, жеңгем?» деп,

Біреуі де келмеген.

Іс көрмей халық айналмас,

Қорықса, сыйлайды ел деген.

Солай деп айта келсек те,

Адамның күні елменен.

Жас кезінен бастап-ақ,

Атаңды көрген көзбенен.

Қандай заман туса да,

Күдерін бізден үзбеген.

Басына қиын іс түссе,

Бұл халықты бірлеген.

«Елде тиер кесірі» деп,

Алжасқан сөзді жөндеген.

Қолында тұлпар аты бар,

Атағы шыққан Көкдөнен.

Тәуекел етіп соған бар,

Бір адам сол көзденген.

Ел ағасы бұл күнде

Сұлтанай атты би деген.

Жетім еді Сұлтанай

Сен сықылды жасында,

Тарлық пен кемдік, зәбірлік

Көп келіп еді басына.

«Ақылы зерек адам» деп,

Халық билеген дана атаң

1480


1490

1500


1510

170

БАТыРлАР  ЖыРы

170

171


Көп ертіп еді қасына.

Барсаң, балам, басып айт!

Өтіліңді өткізе айт!

Омыраулап талап қыл,

«Кеміспін» деп жасыма!

Өмірің болса көрерсің,

Не жақсылық-жамандық

Тұрмайды адам басында.

Осылай деп сөз айтты

Баласына анасы.

Ерлеп мінді астына

Бір топыршы аласы.

Бір мезгілдік жер екен

Екі ауылдың арасы.

ұлы сәске болғанда,

Ана ауыл деп сілтеді

Малшылардан сұраса-ай.

«Би ұйқыдан тұрады-ау» деп,

Жақындап үйдің сыртына,

«Хабарлас!» қылды Қарасай.

Қарасай  Қараүлектей  қарт  анасының  айтуымен,  таң 

сарғайып  келе  жатқанда  астына  жаман  тұғыр  мініп  ауылы-

нан  шығып,  ұлы  сәске  кезінде  жолда  кездескен  малшыларға 

жолығып,  бидің  үйін  сілтетіп  алды.  Бидің  үйінің  сыртына 

жақын  келіп:  «Хабарлас!»  деп  қатты  айқайлады.  Үйден  бір 

қызметкер шықты. Қарасай одан:—Би үйде ме? Би үйде болса, 

аттан  түспеймін.  Өз  атым—Қарасай.  Орақтың  баласымын.  Би 

жылдам шықсын  далаға! Жолығатын асығыс жұмысым бар!—

деді.

Қызметкер үйге барып биге:—Далада бір адам аттан түспей 



тұр.  Атым—Қарасай,  Орақтың  баласымын.  Би  жылдам 

шықсын  дейді,—деді.  Би  сол  уақытта  орнынан  атып  тұрып, 

жалаңаяғына  кеуішін  сұға  салып,  киімін  иығына  жамылып, 

сыртқа шықты. Бір жеңін үйде киіп, бір жеңін жолшыбай келе 

жатып киді.

Бидің  соншалықты  ықылас  көрсетіп  келе  жатқаны—Еді-

гені  ол  уақытта  «әулие»  деп  тіл  тигізбейтін  еді.  Оның  үстіне 

көзін  көрген  достың  баласы  болған  соң,  сол  досының  әруағын 

1520

1530


170

170


171

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

құрметтегені  болатын.  Бидің  шын  ықыласпен  келе  жатқанын 

біліп, бала аттан түсіп, тізгінін ұстап тұрды. Сол асыға басқан 

күйінде  би  келіп  сәлемдесіп,  баланың  қолынан  алды.  Көрісіп 

қол алысып болған соң, бала бидің атын сұрап толғай жөнелді:

—Ассалаума ғалейкум,

Аманбысыз, би-еке?!

Асығыс келіп мен тұрмын,

Құлағың сал кебіме.

Әнжінің еріп тіліне,

Іс қылған Мамай жиеніне.

Аттанып келеді Жасарал

Әкесінің кегіне.

Есітуім, сан жетпейді

Әскерінің көбіне.

Адамның бар ма арманы

Қарсы шықса атойлап,

Келген жауға көріне.

Батыр батыр бола ма,

Ойына келсе өлімі?!

Бүлдірер деп қорқамын,

Құмырсқадай көп әскер

Келіп қалса еліме.

Алдынан жаудың шығуға

Кем болды көлік ініңе.

Қапаланып қайғырдым

Ат пенен тонның кеміне.

Ақылың асқан би едің,

Айтшы бұның жөні не?!

Алдынан жаудың шығуға,

Көкдөнен атты маған бер,

Көмегің болсын еліңе!

Қолыңмен сүйіп бір жібер,

Сенсең, егер, би аға,

Еңкейген жетім ініңе!

Зор туады екен басыңа,

Ел ішінде болсаң ер.

Қырық мың жығын жау келсе,

Бейқұт елді бүлдірер.

1540

1550


1560

172

БАТыРлАР  ЖыРы

172

173


Менің бүйтіп жүргенімді

Қайдан білсін ноғайлы,

«Қарасай, Қази жаман!» дер.

Алдынан жаудың шығуға,

Көкдөнен атты маған бер!

Жау хабарын есітіп,

Жата алмай жүрмін қысылып.

Атыңды сұрай мен келдім,

Басымды тұрмын ұсынып.

Айтатұғын не сөз бар,

Біліп тұрсыз түсініп.

Мен ақсұңқардың орнында

Баулынбай қалған түлекпін,

Көрсейші құсыңды ұшырып?!

Бермесең де атыңды,

Етпеймін, аға, кішілік.

Жаяу да болсам кетемін,

Отырамын ба өлем деп,

Жесе де жау пісіріп.

Жауға мініп баруға

Көкдөнен еді асығым.

Сұрай келдім атыңды,

Беремісің, асылым?!

Берер-ау деп ойладым,

Жақсы еді тек-нәсілің.

«Атым пәлен болды» деп,

Сөз айтпа маған қашырып!

Беретұғын пұлым жоқ,

Бағасын айтпа асырып!

Ойлай берсе кім білмейді

Пайдасын жеке басының.

Жоқ екенін білемін

Көкдөнен аттың бәсінің.

Бәсін беріп мін десең,

Жете ме түгі шашымның.

Атыңды берсең, би аға,

Бұл жалғанның жүзінде

Болмас ед ұмыт осының.

Атыңды сұрай келіп тұр

1570


1580

1590


1600

172

172


173

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Мынау жетім қалған жас інің.

Есітуім, келе жатыр

Жасарал «елді шабам деп.

Қырық мың жыл қырғын болса да,

Әкемнің кегін алам!» деп.

Мен де жүрмін бұл күнде,

Астыма тұлпар ат мінсем,

Жаудың бабын табам деп.

Ол да өзімдей адам ғой,

Өлтіреді қалай деп?!

Келіп тұрмын, би аға,

Бұрынғының жолы-ай деп.

Әкемменен шын болса,

Дос болғаның «Құдай» деп.

Келіп тұрмын, би аға,

Бұрынғының жолы-ай деп.

Әкемменен шын болса,

Дос болғаның «Құдай» деп,

Сілтеуімен анамның.

Аспан мен көктей арасы

Жақсы менен жаманның.

Құлағымды тоздырды

Айтқан сөзі ноғайдың.

«Кеудесіне кірмес деп,

Анам айтты,—бір тайдың».

Келіп тұрмын сонан соң,

 Бастағаны бар шығар

Жасаған Жаппар Құдайдың!



Бидің сөзі: 

—Аман-есен жүрсің бе,

Құстан туған құмайым?!

Талабыңды оңғарып,

Жеткергей дағы Құдайым!

Алдынан жаудың шығуға

Беліңді бусаң мұңайым

«Мінуге көлік болмас» деп,

Ойыңа алма уайым!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет