«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының



Pdf көрінісі
бет9/28
Дата06.04.2017
өлшемі2,43 Mb.
#11120
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28

Сен едің менің жақыным.

Бұл күндерде елдегі

Біреуі болдың пақырдың.

Кешегі кеткен жас бала

Не ойлап кетті білдің бе,

Не айтады ақылың?

Қанеки, сөйле, Жаббасым,

Айтсайшы істің мақұлын.

Не ойлап жүрсің бұл күнде,

Не келіп жүр кеуліңе?!

Айдынды-Имаш бас қосса

Екі асыл тек бөріңе,

Не істейді үшеуі,

Ойландың ба, тегіңді?

Ойластыққа шақырдым

Бүгін жердің кеңінде.

Досым бар ма, Жаббасым,

Сенен басқа менің де?

Сен де мырза баласы

Қарасам байқап, тегіңе.

Қаламады халық бізді,

«Билік беріп болмас» деп,

Келтірді олар ебіне.

Егер келсе үшеуі,

Алтын тақты береді

Сол үшеудің біріне.

Сосын олар сенеді

Мына жатқан халықтың

Айтатұғын кебіне.

Қанеки, сөйле, Жаббасым,

Сосын мен де айтамын

Орайлап сенің сөзіңе.

Сонда Жаббас сөйледі

ызасы симай қанаға:

—Қапелімде қиналдым,

Не айт дейсің, хан аға?

720


730

740


750

144

144


145

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Ойлайтындай ел қамын

Достығым жоқ ноғайға.

Қаламап еді халық бізді,

шыдамай қорлық, азарға.

Дұшпандық еткен адамға

Жақсылық қылып болар ма?!

Бұл халықтың ішінде

Сізден артық дос бар ма?!

Тілек тілеп жүрмін  мен

Кешегі жас балаға.

Үмітім көп болып жүр,

Деп, сірә, тақты ала ма?!

Едіге тұқым тақ мінсе,

Санға кіріп мен дағы,

Ойлаймын бағым жана ма?

Кіреукелі алтын тақ

Қарасай, Қази, Имаштың

Біреуі айтпай-ақ мінер деп.

Дәмелімін, хан аға,

Маған да мансап берер деп.

Ақылың болса айта бер,

Ойыма да келмейді

Кеуіліме тиер деп.

Күмәнім бар сонда да

Сіз істеген көп нәрсе

Жобасын олар білер деп.

Сонда ысмайыл түңіліп,

Басын қозғап шайқады.

Бір майдан шайқап отырып,

Жаббасқа жауап қайтарды:

—Сен енді, Жаббас шырағым,

Құлақ сал менің кебіме.

Ағасымен бас қосып,

Келеді ол ноғай еліне,

Кіреукелі алтын тақ

Сөз жоқ олар мінеріне.

Күмәнім жоқ тағы да,

Мына жатқан халықтың

Оларға не деріне.

10-310


760

770


780

790


146

БАТыРлАР  ЖыРы

146

147


«Сол екеуін өлтір!» дер,

Келмесін басқа қаперіңе.

Өлтіреді сонан соң

Сені менен мені де.

Кімді де болса өлтіреді,

Тигізген зәбір көріне.

Туғаннан менің жұмысым

Бәбикеш тұқым жаулаған.

шығармадым мырзаны

Әңгіме, жанжал қауғадан.

Ендігі өмір қызығы—

лаждап басты сауғалаған.

Сонда да болса бұл тақтан

Есебі келсе құр қалмаған.

Амалдап жүріп, әйтеуір,

Бұрын да солай болғам.

Реті келсе жетпегірді

Көзін жойып тезірек,

Ағаларына қоспаған!

Айдынды-Имаш ажалы

Сенен болады деп айтады,

Айырсам жұлдыз аспаннан.

Қанеки, Жаббас, бас тартшы,

Қисық десең бұл жобамнан!

ысмайыл мұны айтқанда,

шалқып отырған Жаббастың

Пәс болып қалды назары.

Айтарға сөз таба алмай,

Бұзылып кетті ажары.

ысмайыл айтқан соң,

Сонау бір өткен күндерде

Бұл тұқым берген азарды.

Ойлаған ойы өзгеріп,

Таба алмай басқа амалды.

Сөзінен кейін Әнжінің

Жүрегі қайта қабарды.

—Бұндай жерде бір амал

Сіздей аға табар-ды.

Қандай шешім айтсаң да,

800


810

820


830

146

146


147

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Жаббас інің құп алды,—

Деді Жаббас бүрісіп,

Жарқанаттай боп қалды.

Сонда  ысмайыл:—Егер  менің  сиқырлы  тырнағым  алда-

маса,  кешегі  кеткен  бала  ерлігіне  мас  болып,  Қара  Еділде  қос 

тіккізіп, жалғыз өзі жатқан шығар. Қасындағы қосшысын екі 

ағасына  жіберді.  Кейін  олардан  жермен  қашсаң,  тұтыларсың, 

сумен қашсаң, құтыларсың. Сондықтан мынау отырған қоңсы 

ауылдан қырық адам берейін. Астыңа кеме мін. Теңіздің баса-

тынан айналмай, түнде тұсынан өтіп кет. Іждаһат қылып қатты 

жүрсең,  бір  түнде  өтіп  боласың.  Таң  білінген  уақытта  Қара 

Еділдің жарының астына қайықты  байла! 

Осыны  айтып  ысмайыл  бір  тоқтады  да,  қайтадан  сөзін 

жалғастырды.—Күн  шыққан  уақытта  қарасаң,  басаттың  өзің 

қайық  жасырған  тұсында  жайылып  жүрген  көп  ат  болады. 

Біреуін  ұстап  мініп,  тұсауын  мойнына  салып,  Қара  Еділдің 

жарының  астын  жағалап  арқа-шығысқа  қарай  жүре  бер. 

Көп  ұзамай  көрінеді.  Сен  барғанда  бала  жалғыз  өзі  саржасын 

қарынан өткізіп, етпетінен түсіп ұйықтап жатады. Қорықпай, 

жүгіріп  бар  да  ұйықтап  жатса,  «екі  ағаң  келіп  қалды!»  деп 

қатты  айқайла.  Өмірінде  көрмеген  екі  ағасы  келе  жатыр  де-

ген соң, баланың тұлабойы балқып кетіп: «Аға, сүйіншіге сар-

жамды аласың ба, әлде жанымды аласың ба? Екі ағамның жо-

лына  аярым  жоқ.  Қалағаныңды  ал!»  дер.  Сонда:  «шырағым, 

жаныңды не қылайын саржаңды бере ғой де». Саржасын беріп, 

киініп әуре боп жүгенде, шапшаңдатып атып сал. Баланың ажа-

лы сенен. Бұл айдан анық. Өзің өліп қалып жүрме. Мен білерде 

біздің  тұқымның  бойы  балқып  тұрғанда  өзінің  қаруы  өтпесе, 

басқа басқа қару өтпейтін еді. «Бүгін бесінші күн» дегенде, мен 

тырнағыма қараймын. Егер осы жолы өлтіріп қайтпасаң, кейін 

я сенің ажалың, я менің ажалым сол баладан болады!» деп Әнжі 

Жаббастың зәресін алып, қоя берді.

Жаббас  жаңағы  айтқанының  бәрін  істеді.  Қасына  берген 

қырық адам таң білінген уақытта Қара Еділдің жарының асты-

нан  бір-ақ  шықты.  Адамды  ілестіріп,  түнімен  қырып-жойып, 

боқтап-балағаттап жүріп, ескекші, көмекші адамды қайықтың 

басына  тастап,  аржағындағы  басатты  жағалап,  жайылып 

жүрген  аттың  біреуін  ұстап  мініп  алды.  Тұсауын  мойнына  са-



148

БАТыРлАР  ЖыРы

148

149


лып,  жағалап  баланың  қосына  жақындады.  Байқап  қараса, 

бала қоста жалғыз өзі жатыр екен. Саржасын қарынан өткізіп 

алып, төсегінде етпетінен түсіп жатыр.

Жаббас баланың ұйықтап жатқанын көрген соң, «үстіне міне 

түссем  бе  екен?»  деп  тұрды  да,  ойынан  шошып  кетті.  «Бұған 

шамам келе ме, келмей ме? Тұрған соң өзімді өлтіруі де мүмкін 

ғой» деп, анадай жерге қайтып барып, атын тапырлатып шауып 

келіп: «Екі ағаң келіп қалды! Сүйінші!» деп тұрған кезі:

—Не қылғаның, шырағым,

Осыншама жатқаның?!

Келе жатқанда екі ағаң,

Мұнша неге ұйықтадың?!

Мен де келдім артыңнан,

Іле-шала шыққанмын.

Анығын біліп ағаңның,

Хабар бере шапқанмын.

Сүйіншіңді алмаққа,

Күзетіп жолды баққанмын.

Сүйінші, шырақ, сүйінші!

Жақсылық сөз айтқаным.

Сүйінші сұрай мен келдім,

Басыңды көтер, шырағым.

Жолын бер,—деп,—мырзаның!

Құдайдан мен де сұрадым.

Түнделетіп жол жүрдім,

Білген соң жердің жырағын.

Сүйінші сенен алмаққа,

Арқаңмен адам болмаққа,

Күндіз-түні жол жүрдім,

Жастыққа тимей құлағым.

Сүйінші, шырақ, сүйінші!

Сүйінші сұрап келіп тұр

Мырза-ау, мына қонағың.

Салауатпен киініп,

Ағаңа сырттан көрінші.

Не бересің, Иманжан,

Қарасай келеді, сүйінші!

Қазиы бар қасында,

840

850


860

148

148


149

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Тағы да бер сүйінші?!

Сен—ұядағы балапан,

Сақилық қыл, өзіңше!

Адамның аты шығады,

Сақилығы білінсе.

Халық мақтар, әй, мырзам,

Артықтығың көрінсе!

Арғы атаң Едіге—

Ноғайлының болған намысы!

Төрт тарапқа жайылған

Мырзалықтан дабысы.

ұйықтап жатқан жас бала

Түрегелді аблыға.

«Сүйінші!» деген бір айқай,

шыққаннан соң барлыға.

шырт ұйқыдан тұрған соң,

Бір отырып, бір тұрды,

Ешнәрсеге түсінбей.

Бұл құбылыс көрінді

Өңі менен түсіндей.

«Екі ағаң келеді» деген соң,

Тұла-бойы балқыды-ай.

Алақайлап қуанады,

Ой сақтамай артына-ай.

Қойып сөзге ықылас,

Жауап айтты тартынбай:

—Ағеке, сізге қашаннан 

Менің жайым мәлім-ді.

Елге барсам есен-сау,

Алып берем арыңды.

Ойға алғаныңды болғызып,

Жаздырамын қарыңды.

Сүйіншіге аяман

Қолымдағы барымды.

Осы тұрғанда мен сізге

Білмеймін не ұсынарымды?!

Әзірше, ең болмаса,

Аламысың садағымды.

Өмірімде көрмеген

870


880

890


900

150

БАТыРлАР  ЖыРы

150

151


Екі ағам үшін аяман

Кеудемде шыбын-жанымды!

Сонда Жаббас айтады:

—Осыныңды ұмытпа,

Атадан артық қайратты ер!

Елге барып тақ мінсең,

Ішімнен тарқат шемен-шер.

Он екі жасқа келгенде,

Сен болдың нағыз кемеңгер!

Өміріңді сұрап мен жүрмін,

Бірақ, ілгергіні кім білер?!

Айта көрме «жан ал» деп,

Естіген жұрт күліп жүрер.

Қарасай, Қази келгенде,

«Сүйіншіге не берді?» дер.

Бостан босқа тұрмайын,

Құр алақан болмайын,

Мырзалық қылсаң, саржаң бер.

Одан да олжа алармын,

Көрсетіп оған мақтармын,

Қорамсақты қоса шешіп бер!

Албыраған жас бала

Жаббас құлға сенеді.

«Олай болса, аға» деп,

Жабықтан құл Жаббасқа

Саржаны алып береді.

Киінем деп Айдынды-Имаш

Қалбалақтап жүргенде,

шапшаңдатып құл Жаббас

Саржаны тартып кереді.

Қас-қағымда баланы

Атып келіп жібереді.

Жақыннан атқан сұр жебе

Жас балаға енеді.

Қос өкпеден оқ өтіп,

Төсегінің үстіне

Жүгініп бала шөгеді.

Сонда ғана жас мырза

Жіберген Жаббас немені

910


920

930


940

150

150


151

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

ысмайыл екенін біледі.

«Атаңа нәлет, залым!» деп,

Қос-қолдап жерді тіреді.

Айдынды-Имаш, әйтпесе,

Нұрадындей ер еді.

Бітіріп ісін болған соң,

Алды-артына қарамай,

Атаңа лағнет бұл Жаббас

Теңізге қарай жөнеді.

Мініп алып кемеге,

Елге жүре береді.

Имаштан хабар барған соң,

Қарасай, Қази екеуі

Екі атқа мінеді.

Қай озғаны қарамай,

Көремін деп інісін,

Аттың басын жібереді.

шақырым Жаббас кеткенде,

Қарасай бұрын келеді.

Келсе інісін бүктүскен

Қарасай сонда көреді.

Бір сұмдықтың болғанын

Айтқызбай-ақ біледі.

«Ой, бауырымдап!» інісін

Құшақтап жасын төгеді.

«Ағажан...» деп аржағын

Айта алмай бала тұншығып,

Құшағына кіреді.

Қос өкпеден оқ өтіп,

Бала отыр демін ала алмай.

Жаңа ғана атыпты,

Денесі тұр әзір қанамай.

«Қайдан келген бәле?!» деп,

Үйге кіріп қарады-ай.

Үш кірді де, үш шықты,

Еш дерегін таба алмай.

Әнжінің ісі екенін

Қарасай іштей сезеді.

950

960


970

152

БАТыРлАР  ЖыРы

152

153


Оқтың түрі қолайсыз,

Бірақ бала тірі еді.

«Мұны қылған қу Әнжі 

Өмірінде оңбас! деп.

Бала адам болмас» деп,

Бауырдан күдер үзеді.

Жерден таппай ешнәрсе,

Теңіз жаққа қарады.

Су бетінде көрді ол

Бір қалқыған қараны.

«Жау осымен келген» деп,

Жағаға таман барады.

Төрт қырлаған жебені

Қорамсақтан алады.

Ашуланып Қарасай,

Қайқайта тартып шіреніп,

Жіберіп келіп қалады.

Қайықтың қаңқа тақтайы

Екі атқанда сынады.

Басына түсіп былалай,

Қырық бір кісі шулады.

Быт-шыт болып қайығы,

Суға кетіп қырылады.

Әнжі айтқан Жаббасқа

«Бесінші күн келеді деп,

Тәңірден жазған ажалы».

Кеме екенін білген соң,

шулап кісі өлген соң,

Қосқа мойын бұрады.

Үйге кіріп Қарасай,

Інісін құшып жылады.

Бауырына жаны ашып,

Іші оттай жанады.

Еркі кетіп басынан

Жылап тұрып толғады:

—Қарағым, саған не болды

Қарауыл, сақшы қалдырмай?!

Алып шығып ауылдан,

шыңдауыл болса салдырмай?!

980


990

1000


1010

152

152


153

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Не қылғаның, бауырым,

Алыстан хабар алдырып-ай?!

Әнжі қу, сен-ақ құрттың-ау,

Отымды тыныш жандырмай!

Далаға шығып қарадым,

Көз жетер жерден, шырағым,

Көре алмадым жанды да.

Жерден таппай ешнәрсе,

Суға көзім салдым да

Бір кемені уаттым

Қаңқасын тесіп жардым да.

Нақақтан-нақақ сен үшін

Жаласына қалдым ба?!

Қос өкпеңнен оқ өтіп,

Сен отырсың бүгіліп.

Қайырғанда сен үшін,

Қабырғам барады сөгіліп!

Екі қолың жебеде,

Көзіңнің жасы төгіліп,

Жайнап отыр қос жанар,

Әзиз жаннан түңіліп.

Сау болғанда, қарағым,

«Қарасай ағам келді» деп,

шықпас па едің жүгіріп!

Сөйлетпеді-ау дем бөліп,

Көктей өткен қырлы оқ.

Мәні-жайын айтатын,

Тым болмаса тіл де жоқ.

Болғанмын ба, Құдай-ау,

Қызығыңды мен көріп?!

Әнжі қу өтпей жалғаннан,

Бәйбішенің баласы

Талабың жүрмес жөнделіп!

Жауқазын гүлін жаңа ашқан

Бір мүшелі жасың бар.

Жапанда жалғыз қалғандай,

Кіммен болған бәсің бар?!

Абайласаң болмас па еді,

Тумадан шыққан қасың бар?!

1020


1030

1040


1050

154

БАТыРлАР  ЖыРы

154

155


Баулынбай жатып не еткенің,

Тұғырдан ұшып жас сұңқар?!

ұшқын атқан қос жанар

шамшырақтай жайнаған.

Мәжелің жоқ сөйлеуге,

Қыжылдап ішің қайнаған.

Сендей бала туар ма,

Он екі жасқа келгенде,

Әр қиялды ойлаған?!

Енді білген шығарсың,

Әнжі сені алдаған.

Ары бармас басқаның,

Сол шығар залым алыстан

Алдыңды орап сайраған?!

Едігенің ұрпағын

Құртпай, сірә, қоймаған.

Алдап ойын баласын,

Не қылғаны, оңбаған?!

Құртқанменен біздерді,

Басыңа рахат қонбаған!

Қолдан келер нәрсе жоқ,

Болмаса шипа Алладан!

Қарасай мұны айтқанда,

Айдынды-Имаш қозғалған.

Көкірегі сырылдап,

Екі иіннен дем алған.

Түкіріп тастап қара қан,

Қаны келіп орамнан.

Қысқа болды өмірі,

Бала еді абзал жаралған.

Қос бүйірін таянып,

«Арманда қалған ағам!» деп,   

Бөлініп демі толғаған:

—Ағеке, көрдім жүзіңді

Дем таусылып тұрғанда,

Сен де көрдің ініңді.

Амалым бар ма Құдайға,

Тырнағына ажалдың

шықпастай болып ілінді?!

1060


1070

1080


1090

154

154


155

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Айта алмадым арманды,

Көріп тұрсың түрімді.

Атып кетті Жаббас құл,

Сіздерге берсін жүрімді.

Алып-ұшқан шағымда,

Сыйлап кетті өлімді.

Ақылсыз, аусар білмеппін

Жау шыққанын жақыннан!

Балапан едім жас түлек,

ұяда тұрып талпынған.

Тауда тұрып таранып,

ұшқанда көкке шарқ ұрған!

Таудан аққан бұлақ ем,

Жаббас байлап сағамды,

Су аяғы тартылған.

Құл сөзіне мас болып,

Ет-жүрегім елжіреп,

Қорғасындай балқығам.

«Келатыр ағаң!» дегенде,

Тасып кетті кеуілім

Көк теңіздей шалқыған.

шығып едім ауылдан,

Екеуіңді көрмекке.

Өмір-бақи сіздермен

Бас қосып бірге жүрмекке.

Қарамайды екен Құдайым

Қылған талап еңбекке.

Атамыздың көп дұшпан

Қарсыласып тұрғанда,

ұрысқа бірге кірмекке.

Қиялай қиқу болғанда,

Қызмет қылып сендерге

Алдарыңда өлмекке!

Ойлаған ойым көп еді,

Жазбаған екен көрмекке.

Көре алмай барам анамды,

Арманым көп Құдіретке!

Айтып еді анамыз

«Екі ағаңа барма! деп.

1100


1110

1120


1130

156

БАТыРлАР  ЖыРы

156

157


Қатарыңмен, теңіңмен

Ауылда жүріп ойна! деп.

Дұшпаның көп, досың аз,

Ақылыңды жина! деп.

Өздері келер өлмесе,

Өйтіп тентек болма!» деп.

Жаным аға, не пайда

ынтық болдым көрерге?!

Жаңа біліп отырмын

Өзімнен кетті қателік,

Ол күнім қайтып келер ме?!

Құл сөзіне мас боп ем,

«Келатыр ағаң» дегенде.

Қос өкпеден оқ өтіп,

Жан алқымға келгенде,

Риза болдым бұған да,

Қараңды сенің көргенде.

Болмағанда сатқындық,

Асылар едім мойныңа

Құстай ұшып мен барып!

Тұрмас па едім алдыңда,

Екі бетім қызарып.

Тартылған суы айдындай,

Жүзім қалды қуарып.

Жайнаған бақта қызыл гүл

Жапырағы қурады,

Раушанын күн алып.

Айтарсың сәлем анама,

Қазидайын ағама!

Қателік  кетіп өзімнен,

Сәл ертерек сұм ажал

Қолын салды жағама.

Риза бол бәрің де

Мынау пәни жалғанда.

Он екі жасқа келгенде,

Айдынды-Имаш мен болдым.

Айбатынан ел қорыққан

Қайраты артық ер болдым.

Қулықтан туған құлынның 

1140


1150

1160


1170

156

156


157

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Ат боларын білмедім!

Мұсадан туған баланың

Жат боларын білмедім!

Құлдан туған Жаббастың

Жау боларын білмедім!

Алдап, егер, соқпаса,

Жаудан өлер ер ме едім?!

«Сүйіншілеп» келген соң,

Аша бердім қойнымды.

Қуанғаннан, жан аға,

ұсына бердім мойнымды.

Мен көтеріп отырмын

Құдайымның салғанын.

Енді сезіп отырмын

Әнжінің ылаң қылғанын.

Білейін қайдан, ағеке,

Жау боларын туманың?!

Құлдан туған Жаббастың

Артымнан шығып қуғанын.

Сезгенімде ертерек,

шыбын жаным сау күнде

Бермес пе едім жазасын?!

Атаңа лағнет заңғардың

Жеткізбес пе едім қазасын?!

Балалықпен біле алмай,

«Барма!» деген тілді алмай,

 Ішімде барады арманым!

Сазайын жаудың бере алмай,

Қазиымды да көре алмай,

Тістеулі барады бармағым!

Көре алмай кетіп барамын

Анамның ақ дидарын!

Қош болып тұр, ағалар,

Қалмады енді мәдарым!

Не қылайын көп сөйлеп,

Барымды айтып болғанмын.

Бала осыны айтқанда, Қарасай шыдай алмай:—Имашжаны-

май, болғалы тұрған бала екенсің ғой! деп, оқты суырып алды. 

1180

1190


1200

1210


158

БАТыРлАР  ЖыРы

158

159


Оқпен  бірге  баланың  да  жаны  шығып  кетті.  Бала  жан  тәсілім 

болған  кезде,  атқосшысы  мен  Қази  деген  ағасы  да  жетіп  еді. 

Екеуі  құшақтасып  көрісіп,  жылап  кешке  дейін  отырды.  Кеш 

болған  соң  баланы  сол  араға  жерледі.  Елге  жеткізе  алмайтын 

болды.

Баланы  сол  арада  қойып,  уәделесіп  атқа  мінді.  Қай  бұрын 



барғаны Әнжіні өлтіретін боп келісті. «Бұл уәдені орындамай, 

аттан түспейміз!» десті. Екеуі ауылға қарай шауып ала жөнелді. 

Екі күннен кейін Қарасайдың аты жүрмей қалып, Қази ауылға 

бұрын жетті.

Ауылдағы Әнжі тырнағына қарап, бұлардың келе жатқанын 

біліп  отыр  еді.  Қази  ауылға  жақындағанда,  ол  Қадаубас  қара 

атқа  мініп  шығына  қашты.  Қази  қуды.  Құтыла  алмайтын 

болған  соң,  Әнжі  елдің  шетіндегі  бір  жалғыз  қыстауға  келді. 

Қазидан қаракөрім бұрын келіп үйге кіріп кетті. Артынан Қази 

да жетіп, Әнжінің атының қасына атын байлады. Содан кейін 

қылышын  суырып  алып,  үйге  кіріп  барды.  Үйге  кірсе  Әнжі 

жоқ. Бір қатын тары қуырып отыр.

—Бұл  үйге  Әнжі  келді  ме?  деп  еді,  қатын:—Көргенім 

жоқ,—деді.  Үйді,  даланы  қарап  ешнәрсе  таба  алмай,  ол  үйге 

қайтып келіп:—Жаңа ғана осы үйге еркек кіріп еді ғой! Қайда 

ол?  Айт!  Жерге  кіріп  кетті  ме?!  шыныңды  айтпасаң,  шауып 

тастаймын! деп, қылышын көтере берді. Әнжі бұдан келіп, тары 

қуырып  отырған  қатынды  қылышпен  екі  бөліп  пешке  тығып 

жіберіп,  сол  қатынның  жаулығын  тартып,  көйлегін  киіп, 

қолына былғауышын алып отыра қалған-ды. Қази «жаулығын 

тұмшалай тартқаны несі» деп сезіктенді де:—Сен Әнжі емессің 

бе?!—деп айқайын сала ұмтылды. 

Енді  шауып  тастайтынын  білген  Әнжі  Қазидан  қорқып 

кетіп, аяғын құшақтап жылай берді:

—Аман-есен жүрсің бе,

Айналайын, Қазиым?!

Аяғыңа жығылып,

Қылайын саған тағызым.

Мойыныма қойып өлтірсейші,

Не болды менің жазығым?

Қолыммен қылған ісім жоқ,

Кінәсі не бауырдың?



158

158


159

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Тек жаманат арқалап,

Астында жүрмін ауырдың.

Не қыларым біле алмай,

Айбатыңа қарсы тұра алмай,

шырағым, саған жалындым.

Астыңдағы Аққұс ат,

Аяғын қадам басқан-ды.

Айбатты туған түрің бар,

Содан ағаң жасқанды.

Қуанушы едім ішімнен

Келер-ау,—деп,—екі інім,

Күйрететін дұшпанды.

Түріңді көріп шошынып,

Ол ойым менің бос қалды.

Кейігендей кейпің бар,

Көрген адам сасқандай.

Мұз көбеден сөгіліп,

Су кемерден асқандай.

Не жазығым бар еді,

Сен қуып, мен қашқандай?!

Айтарымды мен айттым,

шаба бер енді жасқанбай.

Не қылсаң да өзің біл,

Жазықты болған қасқаңды-ай.

Тұғырына қонған еліңнің

Екі ақсұңқар төресің.

Қаршыға боп ілмекке

Ізімнен қуып келесің.

Алмасың бар қолыңда,

Ашулансаң бөлесің.

Арғы атаң Едіге 

Пақырға қылған демесін.

Сол асылдан қалған сынықсың,

Ақ, қараны айырып,

Ашып бірақ көресің.

Өлтірем десең өзің біл,

Туғаныңмын сонда да,

Өз қолыңнан көмесің.

Сенің әкең ер Орақ 

1220


1230

1240


1250

160

БАТыРлАР  ЖыРы

160

161


Қаңтарда қара бурадай

Ақырып тісін қайраған.

Баласы құрысын атаға

Сендей ұқсап тумаған.

Келбетіңе қарасам,



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет