«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының



Pdf көрінісі
бет18/28
Дата06.04.2017
өлшемі2,43 Mb.
#11120
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28

ұрыс қылды жүз адам

Осылайша түнімен.

Атса мылтық, дарымайды,

Себебі қаттау киінген.

Жылысып жүріп барады,

Бірі қалмай бірінен.

Кідірте алмай қалмақтар

Жаяуларды мүдірген.

Енді олар қорықты

ұрыстың мынау түрінен.

Бұлар бүйтіп жүргенде,

Таң сарғайып жадырап,

Күннің көзі көрінген.

Өгіз деген бір батыр

Бұл қалмақтың елінде.

Не екенін біле алмай,

Қараңғыда көре алмай,

Сол жүр екен кейінде.

Қайраты артық ер екен,

Амал ойлап жүр екен.

Әділханға ұмтылды,

Ат үстінен келді де.

Ол жаяу да, бұл атты

Туымы артық ер екен,

Қалмақтан озған қайратты.

Түсі бөлек жан екен,

Жанқаратпас айбатты.

Қаттауына қаратпай,

Найзасы тиді жүректен.

Сегіз қырлы болатты

Абыройлы туған Әділхан

Қолыменен бір қақты.

Қаққанменен болмады 

Қарынан шаншып орнатты.

Қылатын қару артына,

19-310

5760


5770

5780


290

БАТыРлАР  ЖыРы

290

291


Қайырып барады қанатты.

Екпінді туған ер неме

Ат үстінен төндірді.

Әділхандай асылға

Қапсыра өткізіп қаттаудан

ырғап найза ендірді.

ұрысар еді армансыз

Нартайлақ атқа мінгенде,

Жаяу боп күші кем келді.

шанышқанын Өгіздің

Өзінің халқы жаратты.

шалдығып жүрген адамды

Қарынан шаншып құлатты.

Өлтірмеді онымен,

шынжыр арқан темірмен,

Жабылып тұрып елімен,

Алты арбаға байлатты.

Әділхандай ханыңның

Байлап көзін жайнатты.

Қасындағы жүз адам

Қанша ұрыс қылса да,

Ала алмапты қалмақты,

Бұған жәрдем болмапты.

Қолынан келсе жүзі де,

Адамдар еді ұятты.

Әділхан бұлай болған соң,

Жүз адамды қалмақтар

Өлтіріп бәрін жайратты.

Бұл ұрыста қалмақтан

Өгіз алды байрақты.

Қанаға келіп қалмақтар,

Мінген атын ойнатты.

Өзі сеніп өзіне,

«Кім келеді,—деп,—шеніме,

Есіктің аузын бұл бақты.

Көп отырған аламан,

Салып отыр құлақты.

Баға берсін есігін

5790

5800


5810

5820


290

290


291

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Өгіз батыр сымбатты.

Енді ноғайлыдан сөйлейін,

Түсіндіріп бұл бапты.

Таң атқан соң, қалмақтың ері Өгіз Әділханды байлап алып, 

оның жүз адамын өлтірді. Қасындағыларын шақырып алып:—

Қанша адам, ат өлді?—деп сұрады. Сөйтсе, қараңғыда бұлардан 

да  көп  шығын  болыпты.  Сонда    ол:—Түнімен  өзімізді  өзіміз 

жайратып салған екенбіз ғой. Сендер қалаға барып ат жаңалап 

мініңдер,  шаршаған  шығарсыңдар.  Басшысын  байладым, 

қалғандарын  өлтірдім.  Жалғыз  ауыздан  кіргендерге  өзімнің-

ақ  шамам  келеді,—деп,  сарбаздарын  қалаға  қайтарып,  Өгіз 

жалғыз өзі жата берді.

Барғанға  атқосшы  Әбді  бала  күн  шыққанша  тесіктің  ау-

зында тұрды. Бұлардан хабар болмаған соң, Нартайлақты же-

телеп, қоста жатқан ноғайлыға қарап жүрейін десе, ат құлағы 

салбырап, жетекке жүрмей артына қарап кісінеп, жатып алып 

аунап,  әуреге  түсірді.  Аттың  әлегімен  сәскеде  қоста  жатқан 

ноғайлыларға  әрең  жетіп,  Әділханның  сәлемін  айтып  сөйлеп 

тұрғаны.

Он алты жасар жас бала

Күн шыға келіп Салыққа

Мынадай деп толғапты.

Қарасай, Қази, Жасарал

Барлығы да тыңдапты:

—Жетегімде Нартайлақ, 

Келемін ұрып борбайлап.

Екі көзіне жас алып,

Жүре алмайды бұлғаңдап.

Өз-өзінен әлсірейді,

Сауырынан тер сорғалап.

Түн жарпында біз бардық

Ахмет көрген тесікке. 

Атсыз жаяу сиғандай

Ашық тұрған есікке.

Жүз кісі алып қасына,

Өңшең батыр сығайлап.

Қарауылы жоқ екен,

5830


5840

292

БАТыРлАР  ЖыРы

292

293


Қарап көрдік сығалап.

Маған айтқан бұйрығы:

«Таң атқанша тұр,—деді,—

Осы жерде қарайлап!»

Ол кеткен соң Нартайлақ

Сүт пісірім тұрған соң,

Жата қалды бауырлап.

Төрт аяғы аспанда,

Еріменен бұл аунап.

Жата береді қайтадан,

Тұрғызсам да сауырлап.

Кеткен батыр келмеді,

Кідіре берді ол ұзап.

ұшып жүрген сұңқарға

Кез болмаса болар еді

Қарулы тұрған ау-тұзақ.

Жамандатқыр осы ат

Өз денесін ауырлап,

Баса алмайды маужырап.

ырымынан осы аттың

Қорқып тұрмын ой ойлап.

«Ноғайға сәлем айт! деп ед,

Таң білінсе, қайт! деп ед.

Аман барып әскерге,

Қалдырмай бәрін айт!» деп ед,

Көргенімді баяндап.

Сәлем айтты сендерге,

Атақты батыр, ерлерге,

Ноғайлының ары үшін

Түн ұйқысын бөлгендерге!

«Сеніп Хаққа «Аллалап»!,

«Біз кешіксек келе алмай,

Таң атқанша шабаңдап.

Қайтар ма екен ноғайлы

Қарабасын амандап?!

Аман болсам келермін,

Жазатайым іс болса,

ұмтылар ма екен немесе,

Намыс үшін ұрандап.

5850


5860

5870


5880

292

292


293

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Тастар ма екен сүйегін,

Іс қыла ма әлде,—деп еді,—

Ақылгөй ерлер амалдап?!»

Кеткенінен келмеді,

Біреуі хабар бермеді.

Келмеген соң біреуі,

Қалды ма деп ойлаймын,

Қазулы орға арандап.

ұмтылған қайтпай ақбөкен

Түбекке барып аралдап.

Емен желке ер еді

Айтқанынан қайтпайтын,

Қайқаятын табандап.

Келмеген соң, ағайын,

Ойменен тұрмын шамалап.

Іштегі қалың көп әскер

Алған шығар ханымды

Амалменен қамалап.

ұрысқан шығар түнімен

Қылыш ұрып сабалап.

Таң рауаны атқан соң,

Жабылған шығар көп қалмақ.

Жаяу жүрген адамға

Жабыла қойса жабырлап,

Көп адамға жүз кісі

Қамауда жүріп не қылмақ?!

Сонан соң құрып амалы,

Жатқан шығар хандарың

Бармағын шайнап, тіс қайрап,

Алқынып, жаяу абдырап.

Астында аты болғанда,

Жан шақ келер ол ма еді,

Салар еді-ау ұрысты

Екі беті албырап.

Ойлағанда осыны,

Кетеді бойым шымырлап.

Көргенім осы, көп ноғай,

Сөзімді болдым тамамдап!

Әділханның хабарын

5890


5900

5910


5920

294

БАТыРлАР  ЖыРы

294

295


Барып білер ер бар ма?!

Ерді тастап кетпейтін,

Ерлігі бар ер бар ма?!

Болмаса ондай бір адам,

Кетемін өзім жалғыз-ақ

Жағалап орды қайтарға!

Он алты жасар бұл Әбді

Осылай деп толғады.

Есітіп жайсыз хабарды,

Бүкіл ноғайлы толғанды.

Батырлары ат ерттеп,

ұрысуға қозғалды.

«Болған шығар солай» деп,

Жұрттың бәрі ойланды.

ұрысуға жабылып,

Қамалға амал болмады.

Тоғыз қабат ор қазған

Қамалдың және жан-жағы.

Биік қамал соншама,

Еш лажын таба алмай,

Бүкіл ноғайлы сандалды.

«Болмайды,—деп,—амалы»,

Сары ноғай қайтуға

Іштерінен ойланды.

Атаңа лағнет бұл қалмақ,

Алыстан ақыл-ой ойлап,

Орды мықтап қаздырып,

Түрлі тәсіл қолданды.

Жұрт торығып тұрғанда,

Қайраты асқан ер екен,

Сыналмай әлі жүр екен

Орақтың ұлы ер Қази

Қамалға қарай жолданды.

Ерлетіп алып Сұркөкті,

Ертіп жүрген бұл көпті,

Жоқтап жүрген бар кекті.

Батыр туған Қарасай

Қазиға қарсы баруға

Ордың батыс жағын айналды.

5930


5940

5950


5960

294

294


295

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Таманы ертіп ізіне,

Қази шапты қалаға,

Аққұс атты ақтарып.

Қарасай кетіп барады

Сиыр аяқ Сұркөкті

Тежеңкіреп қаңтарып.

«Жүр!» демеді өзімен

Ешкімге, сірә, сөз салып.

Күнбатыс бетін жағалап,

Кіреді деп ойлады,

Жылдамырақ жол тауып. 

Қақпаның аузын бұзбаққа

Тақымына қыстырып,

Бара жатыр балта алып.

Ағайынды екеуі

Екі жаққа ат қойды,

Тірі елге қайтпасқа,

Өзді-өздері серт атып.

Тесік пенен қақпаның

Мезгілдік жер арасы.

Кетіп барады тайсалмай

Ер Орақтың баласы.

Жасарал мен Сұлтанай

Бұлар да жүрді ізімен.

Кеткеннен соң Қарасай, 

Айрылған бұлар төзімінен.

Қайтпастан барып Қарасай

Балталады қақпаны.

Қалмақтар атты іштен оқ,

Басқа амал таппады.

Қази да кірді тесікке

Жаяу, жалғыз оңаша.

Темір қақпалы Дербентті

Айнала жау қамаса,

Болмас пе екен қалмаққа

Осы бүгін тамаша?!

Бұза берсін қақпаны

Қарасай батыр балталап.

Ізіне ерген ноғайлы 

5970


5980

5990


6000

296

БАТыРлАР  ЖыРы

296

297


ұщқан тас пен темірді

Таси берсін арқалап.

Мен Қазиды айтайын,

Көп отырған әлеумет,

Құлағыңды сал қаумалап.

Қази келді тесікке

ұлы сәске уақта.

Есігі ашық, імкән жоқ

Кіруге атпен бірақ та.

Екі жүздей тама еді

Қазиға ерген адамы.

Қази айтты былай деп

Ізіне ерген жасаққа:

—Жалғыз жаяу кіремін,

Не болса да көремін.

Айтар сөзім сендерге:

Осы араға тұрақта,

Абдырамай асығып,

Кеш болса, егер, қонақта.

Дайындалып ұрысқа,

От пенен суды бер атқа!

Ертіп кіріп сендерді,

Жазатайым іс болса,

Қалармын,—деді,—ұятқа!

Қазиға еріп таманың,

Қырылды деп адамы,

Сары ноғай—сықақ ел

Сендерді алар мазаққа!

Осыны айтып ер Қази,

Тесіктен кірді бір өзі,

Сиынып ап әруаққа.

Қолында қылыш болғаны,

«Найза, мылтық, айбалта

Арқалап жаяу қайтем» деп,

Қарамады садаққа.

Тесіктен кіріп болған соң,

Көзін салды жан-жаққа.

Алыстан шаһар көрінді

Тегіс жерге орнатқан

6010


6020

6030


6040

296

296


297

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Бір ылдилау алқапқа.

Жүре берсе жеткендей

Күн бататын уақытта.

Жыңқылдаған зор дыбыс,

Дүрсілдеген ат шабыс.

Не екенін білмеді,

Қала алыс, ұзақта.

«Қалай жаяу жетем,—деп,—

Қалада қалың қалмаққа?»

Жан-жағына көз салса,

Қаңтарып қойған қарала ат

Керіледі маралдай,

Біреу жатыр шуақта.

Қайымданып, оңдалып,

Суырып қылыш қолға алып,

Бұл да жүрді сол жаққа.

ұрысты іздеп сағынған,

«Қақпаны бақ!» деп қалмақты

Өзінен басқа қайырған.

Қази душар келген-ді

Өгіз дейтін бейбаққа.

Қази жетіп қасына

Өте жақын таянған.

ұйықтап жатыр қорылдап,

Пырыл шығып танаудан.

Әкесі оның ер Орақ,

Жері жоқ қорқып айбынған.

Мінезі еді Орақтың 

Дұшпанды көрсе көркейіп,

Жүрегі тасып қайнаған.

Жауатын бұлттай түнеріп,

Найзағайдай ойнаған.

Қарасай еді Ораққа

Туғаннан оған ұқсаған.

Қазидың ауыр мінезі

Мамайша ойды пайымдаған.

ұйықтап жатқан қас жауын

Оятуды ойлаған.

«ұйқыда шапсам алмаспен,

6050


6060

6070


6080

298

БАТыРлАР  ЖыРы

298

299


Кетер,—деп,—бұл бейарман.

Кетсін,—деді,—армансыз,

Іс болар, мейлі, Хақ жазған.

Қалайда жетер ажалым

Өлетін болсам мен мұнан,—

Деп ойлады оятып,

Күшімді сынап көрейін

Таланыма жазылған.

Өлтіріп кетсем оятпай,

Артыма менің ат қалар

Өлтірді деп жазымнан.

Аты шыққан ер шығар,

Бір масқара қылайын,

Келе қойса қолымнан.

Мәгәр күшім жетпесе,

Себебі шығар сорымнан!»

Осыны ойлап Қазиың,

—Жылдам тұр,—деп,—орныңнан!

Қатты айқайлап ақырған.

Айқайынан бұл Өгіз

ұшып тұрды жалма-жан.

Жасымады жасқанып,

Жалт қарады ол бұған.

Қасында тұрған Қазиға

Мына сөзді айтып толғаған:

—Кім боласың сен өзің,

Ноғайлының бірі ме ең?!

Тесіктен жалғыз кіріпсің,

Қорықпайтын кім едің?!

Қылышың бар қолыңда,

Өлім бе, әлде, керегің?

Жөнімді саған айтайын,

Өгіз деген ағаңмын,

Білетін бе едің сен өзің?!

Қаланы, елін бағып тұр

Дәл аузында қақпаның.

Түнде кіріп жүз кісі,

Тар жерде бізбен ұрысқан-ды.

Айрықша бір кісінің

6090


6100

6110


6120

298

298


299

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Батырлығына таңғалдым.

Жаяу жүріп қылышпен,

Аяғын кесіп ақсатты

Талай тұлпар аттардың.

Таң атқан соң мен келіп,

Жарық болып, көз көріп,

Олардың бәрін тапқанмын.

Бастығын байлап арбаға, 

Жүзінің басын шапқанмын.

Кіргізбеске тірі жан,

Сонан бері бұл есікті

Міндетке алып баққанмын.

Ноғайлының кесірі

Төсексіз жерде жатқанмын.

Әдептілікке ұқсайды

ұйықтағанды оятқаның.

Нағылып жүрген баласың

Жөніңді жылдам айт, жаным?!

Қази сонда сөйледі:

—Білемін—деді,—қалмақта

Аты шыққан өгізді.

Жатсам-тұрсам тілегім—

Тап келтір деп ем өзіңізді.

Болар едім армансыз,

Өлтірсем сендей доңызды!

Менің әкем—ер Орақ,

Білдірейін жөнімді.

Ағамның аты—Қарасай,

Ат үстінен аударған

Жекеге шыққан қызыңызды!

Қази дейді өзімді,

Халқым сынап көрген жоқ

Әкемнен артық-кемімді!

Қайратыңды аяма,

Батыр болсаң сенімді!

Мінемісің атыңа,

Күресемісің, немесе,

шешіп тастап киімді!

Атым жоқ менің астымда,

6130


6140

6150


6160

300

БАТыРлАР  ЖыРы

300

301


Сенің атың қасыңда.

Күшіңе сеніп егер де,

Күресер болсаң жақында!

Сал қолыңды аянбай,

Келіп менің теңіме.

ұйқыдан сені ояттым,

Кетер деп арман кеуліңде.

Ақиқат анық ер болса,

Күресер,—деп,—менімен,

Келді менің кеуліме.

Не келіп отыр ойыңа,

Көшші батыр жөніңе?!

Өгіз сонда сөйледі:

—ұйқыдан мені ояттың,

Оятып алып сөз айттың.

Осындай да бола ма,

Асыл текдар, зор айттың?!

Ерлік қылып оятып,

Түсінерлік кеп айттың.

Астында неге қалайын

Атқа мініп ұяттың!

Қалауыңды қылайын,

ұрайын ба құлағын

Үстіне мініп бұл аттың?!

«Күресем» деген сөзіңді,

Бәрекелді, жараттым!

«Атқа мініп жаяуды

Өлтірмейтін есі бар?!»

Деген қаңқу ертең-ақ

Жаныма батар деп ұқтым.

Жығылсам да, жықсам да

Болмасын сөзі халықтың!

Осыны айтып Өгізің,

Беліне буды белбеуін.

Ағытып жатыр босатып

Тамаққа салған ілгегін.

Қази да жатыр қамданып,

шешініп артық киімдерін.

Бәрекелді, ер екен,

6170


6180

6190


300

300


301

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Күшін сынап жүр екен,

Күтіп жаудың келгенін.

Жаяумын деп айтқан соң,

Миясар көрмейді басына

Өзінің атқа мінгенін.

Ерлігіне сеніп тұр,

Ойлайды әдәл жеңгенін.

Заманында бұл Өгіз

Артығы екен пенденің.

Қази да тұр қуанып,

Ақша жүзі құбарып.

«Жығылсам да, жықсам да

Мықтыға,—дейді,—кез келдім!»

Бұл екеуі күресті,

Мықтыға санап өздерін,

Аямайды жеңгенін.

ұлы сәске болғанда,

Екі батыр ұстасты

Бір-бірінің белдерін.

Бұл екеуі күресті

ұлы сәске уақта.

Көретұғын адам жоқ

Күрестерін бірақ та.

Екі арыстан алысты

Айдалада шуақта.

Бекем ұстап белдерін,

Бастарын байлап байраққа.

Ерлердің еткен ісінің

Түрі басқа қай уақытта.

Жандары жүр қысылып,

Мінді екеуі қайратқа.

Айналып жүріп алысып,

Ойлады тәсіл қылмаққа.

Қолданды әдіс айбынбай,

Өгіз батыр бір шақта.

Көтерейін деп еді,

Қази бұған көрінді

Қара тастан салмақты.

Сілтеп еді қозғалмады,

6200


6210

6220


6230

302

БАТыРлАР  ЖыРы

302

303


Тіреді екі аяқты.

Әрлі-берлі жұлқыды,

Жығамын деп ұмтылды,

Мөлтілдеп қара тер ақты.

Осыменен алысып,

Зауал ауып барады,

Песін қаза болады.

Кіші песін болғанда,

Сонда барып қалмаққа

Қази қайрат қылады,

Сиынып ата-аруаққа.

шіреніп төске көтерді,

Жеңіліп Өгіз барады

Тең болып ұшқан қаңбаққа.

Қуат берді Жасаған,

Әруақ келіп атадан,

Өгізді Қази құлатты.

Төсіне мініп отырып,

Екі қарын ер Қази

Екі теуіп уатты.

Екі қары сынған соң,

Күші басым болған соң,

Өзі үстінен тұрды да,

Жатыр еді қынапта.

Алмасын алды суырып,

Орақтан қалған ақ алмас

Сілтесе мұнан жан қалмас.

Заманасын қуырып,

Қолына алып алмасын,

«Көрсетейін азар» деп,

Сілтемек дінсіз ақымаққа.

«Жылдам шауып таста! деп,

Іс қылма маған басқа!» деп,

Аңырап Өгіз жылапты.

Сонда Қази сөз айтты,

Сөз айтқанда мұны айтты:

—Көрсетіп азар жіберем,

Өлтірмеймін, Өгізім.

Хан, халқыңа айтарсың

6240


6250

6260


6270

302

302


303

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Көргеніңді, доңызым!

Қақпасын ашып еркімен,

Барамын ертең ерте мен.

Даярласын үлгіріп,

Қазынасын тайласын!

Қамалдан малын айдасын,

Бастың қамын ойласын!

Қызық көрсе тірлікті,

Әділханды босатсын!

Тірі жатса байлауда,

Мен барғанша келтіріп

Қанасына ханымды,

Қонаққа алып жайласын!

Күнқияштай хан қызы

Бәйгеге басын байласын!

Ашпағанмен бұзамын,

Қылсам да қалай осы түн.

Қарабасың қайттап,

Қашып кетпе сен өзің!

Халқыңа барып баянда,

Қалмасын ұмыт бір сөзім!

Осыны айтып ер Қази,

Кесті екі құлағын

Және кесті оң қарын.

Құлағын кесіп сымпитып,

Келтіреді сияғын.

Өз атына мінгізіп,

«Бар,—деді,—жылдам, дорағым!

Көргеніңді айт!—деді,—

Халқыңа жылдам хабарын!»

Атының басын жөндеді,

«Тура жолмен жүр!» деді,

Осылай Қази іс қылды,

Жөнелткендей қонағын.

Құлақтан аққан қара қан

Қып-қызыл қылып бояды

Қарала аттың сирағын.

Есін танды есірек,

Біледі жолдың сорабын.

6280


6290

6300


6310

304

БАТыРлАР  ЖыРы

304

305


Бұратұғын қолы жоқ,

Бұрынғыдай күні жоқ.

Бастан өтті дүние боқ,

Кестіріп алып құлағын.

Жолға салып жөндеді,

Артынан ұрып «шүһ» деді.

Атының өзі келе жатыр

Жем жеген жерге пырағың.

Қарасын көріп қаланың,

Танып келеді тұрағын.

Жиналып келген әлеумет,

Әңгіме қылып айтайын

Азын-аулақ бұл жағын.

Қази Өгіздің оң қарын және екі құлағын кесіп масқаралап, 

атына мінгізіп, «ханыңа сәлем айт!» деп қайтарып қоя берді де, 

өзі кірген тесігінен қайта шығып, жолдастарына қосылып, таң 

сарғайып  атқанда  қақпаның  аузына  келді.  Қақпаның  аузына 

келсе, Қарасай жүресінен отырып алып, оны балталап сынды-

рып жатыр екен. Жасарал ту көтеріп Қарасайдың қасында тұр. 

Қырымның елінен келгендер де оларға жақын екен.

Қарасайдың жасақтарының көпшілігі сары ноғай еді. Сары 

ноғайдың  бастығы  Ахмет  пен  Жәніке  би:—Әділхан  мен  Қази 

екеуі де өлді. Бұл қамал бұзылмайды,—деп, сары ноғайларды 

ертіп қайтып кетіпті.

Бұлардың  қайтқаны  қайтып,  қалғаны  қақпаны  бұзбақшы 

болып  жата  берсін.  Енді  бағанағы  Өгіз  жөніне  оралайық.  Ол 

шам  жаққан  уақытта  шаһарға  келді.  Хан  сарайына  келіп, 

азанғы  көлеңкедей  боп  сүмірейіп,  көрген-білгенін  ханына  ай-

тып жатр:

—Асыл туған ардақтым,

Отырмысың тағыңда?!

Көргенімді айтайын,

Құлақ салып сіз тыңда!

Қалаға халықты қайтардым

Күн шыға барып қорғанға.

Жүз ноғайды өлтірдім,

Қырылды қойдай шалғанда.

6320


6330

304

304


305

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Бастық болған батырын

Байлаттым алты арбаға,   

Жасырын есік аузында

Күзетіп жалғыз қалғанда.

Қарала атты қаңтарып,

Қисайып тыным алғанда.

Қалғып кетсем басымда

Айқайлап тұр бір адам.

Айқайынан оянып,

Жөнін оның сұрағанда

«Ер Оарақтың баласы—

Қазимын!» деді маған да.

«Күресейік!» деп айтты,

Сол үшін мені оятты.

Өлтіріп те кетер еді,

Не істер ем оятпағанда?!

Өзі жалғыз, һәм жаяу,

Қылыштан басқа қару жоқ

Бұл ноғайдың ерінің.

Әділетті арыстанның

Ерлігіне ерідім.

Тәуекел деп күрестім,

Көрейін деп баланың

Мықтылығын белінің.

Бір адамға бір адам,

Жаяуға қарсы ат мінуді

Ар көрді, тақсыр, кеуілім.

Сәскеден бастап күрестік,

Жыға алмадым мен оны,

Қарады зауал аууға.

Кеш болғанда өрледі,

Қылмады әдіс қозғалып,

Бірақ келтірмеді шалуға.

Белімді қысып сығымдап,

Жиып алды бауырға.

Көтеріп ұрды шалқамнан,

Мен сықылды еріңнің

Қаңбақтай болды ауырлығы.

Кеудеме мініп отырып,

20-310


6340

6350


6360

6370


306

БАТыРлАР  ЖыРы

306

307


Қинады былай жанымды:

Кесіп алды құлақты,

Ағызып судай қанымды.

Кесіп алды және де

Оң жақтағы қарымды.

Мінгізіп өзі атыма

Жазаның берді ауырын.

Жолға салып жөндеді,

Артынан ұрып «шүһ!» деді.

Желе берді астымда ат,

Қамшы тіліп сауырын.

«Сәлем айт,—деді,—ханыңа,

Қақпаны ашып бермесе,

шабамын ертең қауымын.

Ойласын,—деді,—жағдайын,

Халқы мен өз қамының!»

Ол жүргенде жалғанда,

Соры бар ма деп қорқамын 

Қалмақтың мына халқының.

Құртып келді батырың

«Ханыңа тағы айт,—деді,—



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет