«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының



Pdf көрінісі
бет12/28
Дата06.04.2017
өлшемі2,43 Mb.
#11120
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28

Сол тұсқа жетіп Қарасай,

Ол күні дүзде түнеді.

Ертең сәске болғанда,

Бір көшкен елге келеді

Жылқысын айдап шаңдатқан,

шұбыртып қойын маңыратқан.

Қуалап сиыр мөңіретіп,

Түйелерін боздатқан.

Кідіртпей тартып көштерін,

Жас баласын жылатқан.

2290


2300

2310


2320

192

БАТыРлАР  ЖыРы

192

193


Бұл үріккен көш екен

Жазылып түйе жүк артқан.

шамасы елдің түрі бар

шағанға қарай жөн тартқан.

Қара жорға атының

Омырауынан тер аққан.

Ақ күміс болған сақалы

Кеуде түсін мол жапқан.

Кездейсоқ келіп Қарасай,

Жөн сұрады бір қарттан.

Отыз ауыл мал баққан

Ноғайлыда тама еді.

Отыз ауыл дегенмен,

Үш жүз үйдей бар еді.

Бөлінген елді бастаған,

Үлгі көрген нұсқадан

Көпті көрген кәрі еді.

Бұл күндері қарт болған

Қалила деген шал еді.

Заманында тіл білген,

Талайлармен бір жүрген

Артық туған жан еді.

Жау іздеген жас түлек

Осы қартқа кез келеді.

Сәлем берді дәстүрмен

Келе жатқан бұрынғыдан.

Тер шығыпты ақ көбік

Қарт  астындағы жорғадан.

Омырауы ашылып,

шалғайы кеткен шашылып.

Алтынды кемер белбеуі

Мықынын басып тұрмаған.

Қартқа сәлем берген соң,

«Жол болсын, балам!» деген соң,

Қарасай қартқа толғаған:

—Қара тер болып жорғаңыз,

Ақ көбікке шомылған.

Елің көшіп жөңкіліп,

Малдарың қатты қуылған.

2330


2340

2350


2360

192

192


193

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Жаудан үркіп көшкендей,

Жау төбеңді тескендей,

Жандарың қатты шығынған.

Жоқ па еді елде ерлерің

Түңілген шыбын жанынан?!

Қанеки, ата, жөніңді айт,

Боласыз қайсы рудан?!

Жасарал  елінен  аттанып  шығып,  жобалы  жердің  шамасы-

на келген соң, «Бұрынғы Мамайдың қарамағындағы жер ғой» 

деп, жан-жағына баршы салдырған-ды. Сол уақытта оның кел-

ген тұсы Қаройдық деген жер екен. Сол Қаройдықты жайлап, 

қыстап жүрген ноғайлының отыз ауылдай тама деген руы бар-

тын.  Бұл  отыз  ауылдың  басшысы  Қалила  қарт  осы  кісі  бола-

тын.


Жасаралдың салған баршысы Қалила қарттың аулын тауып 

барған екен. Сосын Жасарал Қалила қарттың ауылынан үш жүз 

жылқы  соғым  алған.  «Жаулығымыздың  алды  осы.  Еліңдегі 

биіңе,  ханыңа,  батырыңа  сәлем  айт!»  деп  көшірген  екен.  Сол 

үркіп көшіп келе жатқан Қалила қартқа Қарасай кез келіп еді.

Енді шалдың балаға қайтарған жауабы:

—Астыңда тұлпар атың бар

Мінген ерге лайық.

«Жаудан қашып жүрсің» деп,

Көріп тұрсың мұны айып.

Әуелі айтып жөнімді,

Сонан соң сенен, ау, балам,

Мән-жайыңды сұрайық.

Жеті атадан мекенім—

Мына жатқан Ақжайық.

Жағалай жатқан жайланып,

Соның бірі бұл халық.

Көптің бірі—шаруа,

шеттен жүріп мал баққан.

Едіге мырза бұл жерде

Төрт атадан ел баққан,

Бұл жерде елді орнатқан.

Одан бұрын көп дұшпан

13-310


2370

2380


2390

194

БАТыРлАР  ЖыРы

194

195


Қатын-бала шулатқан.

Мазасын елдің қашырған,

Жау келіп күнде қалмақтан.

Одан бергі хан Мамай

шағанның бойын жайлатқан.

Батыр Орақ ағасы

Дұшпанға тұлпар ойнатқан.

Телағыс, Күніке—екі нар

Көп кәпірге оқ атқан.

Бұл күнде ноғай иесіз,

Айырылып қалып пайтақтан.

Жалғыз басты Мүсілім

Таққа мінді алалықтан.

Ақылы артып, немесе,

Мінген жоқ артық қайраттан.

Мұсылманды қу Әнжі

Жауластырған нақақтан. 

ыңырсыған көп дұшпан

Жақынға келіп жасқандық

Мына ноғай-қыпшақтан.

Үш жүз жылқы аулымнан

Сәскеде қуып  шаңдатқан.

Көп болса соның баршысы

шығарсың, балам, жөніңді айт

Қарауылға қаратқан?!

Тыңшылық істеп жасырын,

Жан-жақтан хабар сұратқан?!

Жаудан қашып келемін,

Айырылып ылғи саңлақтан.

Қанеки, балам, жөніңді айт,

Сен келе жатырсың қай жақтан?

Қырық мың жығын жау келеді

Қырымдағы ноғайдан.

Заман азып бұл күнде,

Жау табылды оңайдан.

Біздер жүрген уақытта,

Кәпір еді дұшпандар

Іздейтін едік қияннан.

Бұл күнде кәпір жақындап,

2400


2410

2420


194

194


195

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Бір-біріне мұсылман

Кеуілдері қарайған.

Біз тама деген рудан

Отыз ауыл мал жайған.

Үш жүз жылқы соғымға

Жауға бердім жанымнан.

Елге көшіп келемін

Мына шаған құлаудан.

Жаудың басы—Жасарал

Әкесі өлген жаладан.

Кегін іздеп келе жатыр,

Бұл күнде өзі зорайған.

Атасының жаласы

Болып еді Мамайдан.

Оны да қылған қу Әнжі—

Көкірегі қарайған.

Ісін қате өткізді

Ақылы кәмбіл хан Мамай,

Әнжі салған ылаңнан.

Есітемін бұл күнде

Қатын болып жүр дейді

Арам, залым шұнайған.

Айбатынан айрылып,

Қара басы қуарған.

шырағым, жөнім осылай,

Іс болды осындай.

Немесе дұшпан болар ма еді

Атасының досына-ай?!

Біздің халық оңбайды,

Әнжіні де хан қылып

Қойды істің басына.

Тұқымсыз кетті хан Мамай

Атадан артық асыл да.

Орақтан қалған үш бала

Оның да бірін өлтірді

Бойға толмай жасында.

Ендігі екі жас бала

ықпалы жүрмес бұл күнде

Ағайынға асылмай.

2430


2440

2450


2460

196

БАТыРлАР  ЖыРы

196

197


Есітемін жүр дейді

Таландары ашылмай.

Қанеки, бала, жөніңді айт,

Қарт ағаңа жасырмай!

Елге қорған болатын,

Дұшпаннан кегін алатын,

Қысылса ақыл табатын,

Жауға қарсы шабатын

Ноғай да адам қалған жоқ.

Мырзадан басқа тұқымға

Батырлық бақыт қонған жоқ.

Кешегі Мамай асылдан

Тұсында пенде озған жоқ.

Батыр Орақ барында

Дұшпан көзін салған жоқ.

Палуан, Сұлтан, Батырхан

Мамайдан болды жаласы,

Кінәсі мұнан болған жоқ.

Әнжі ысмайыл—Тобаяқ

Арасына салған шоқ.

Жаңбыршының баласы 

Телағыс, Күніке—екі нар

Бұл күндері мұнда жоқ.

Қондыкерге хан болып,

Халықты сансыз жиған көп.

Саған да салып әлекті,

Жүрегіне басты шоқ.

Бүлдірген сөйтіп Тобаяқ.

Тобаяқты өлтірсек,

Болар еді арман жоқ!

ысмайыл құтырғанда,

Біздің халық тұрмас тек.

Қарасай, Қази—қос жетім

Әрі жарлы, әрі жас,

Екеуінде тұрман жоқ.

Қазмойын тұлпар астыңда,

шырағым, түлек, жас бала,

Ел қорғайтын адам жоқ

Келеміз болып масқара!

2470


2480

2490


2500

196

196


197

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Жасы жеткен кәрі шал

Айып көрме қашқанға.

Кім шыдайды, біз түгіл,

Жасарал сынды патшаға?!

Қырық мың жиған қолы бар,

Ішінде мықты зоры бар,

Ту ұстаған ері бар,

Әрі өзі күйінді,

Әкесінің кегі бар.

Ноғайлы біздің бір тозар,

Елдің үстінен басқанда.

Қанеки, балам, жөніңді айт,

Қай сапарға барасың,

Қайсысынан боласың?

Тұрмысыңа қарасам,

Әйтеуір біздің ноғайсың.

Кедергі болар кейпің бар,

шын кейісең дұшпанға.

шығыпсың жаңа ұядан,

Сұңқарсың ұшқан қиядан.

Қалай қарай талпындың,

Сен ұядан ұшқанда?

Қарасай сонда сөйледі,

Сөйлегенде бүй деді: 

—Олайынша, қарт баба,

Жамандама еліңді,

Мақтайсың өткен тегіңді.

Әкесіне Жасаралдың

Берген болса өлімді

Баласына Орақтың 

Айтшы, ата, не көрінді?!

Өтінемін мен сізден,

Сұрама тек жөнімді?!

Мен жөнімді айтуға

Өзіме-өзім, сірә, әлі

Болғаным жоқ сенімді.

Хан Мамайдың елі үшін,

Әкесінің кегі үшін

Келе жатса Жасарал,

2510


2520

2530


2540

198

БАТыРлАР  ЖыРы

198

199


Мен де будым белімді!

Байлап жүрген балаңмын

Құрбандыққа тәнімді!

Осы жауды қайырсам,

Мен айтпай-ақ білерсің,

Ата, менің кімімді!

Осыны айтып Қарасай,

Жүре берді жөніне.

Қалила қарт дал болды,

Балаңның айтқан сөзі мен

Таңырқай қарап түріне.

«Қарасай, Қази—қос жетім,

Солардың мүмкін бірі ме?!»

ұқсата алмай баланы

Басқалардың біріне.

Мұндай ерлік қылатын

Басқаға жоқ сенімі.

Ойменен ойлап байқады,

«Қызыл нұрлы, айна көз 

Сол тұқым,—деп,—келімі!»

Жауды анық білген соң,

Ел шапқынын көрген соң,

Қарасай жүрді ұмтылып.

Жүрген сайын Қызыл ат

Келе жатыр құтырып.

Кеміреді сулығын,

Тілін жалмап, жұтынып.

Соныменен Қарасай

Бесінге шейін жол жүріп,

Бір белеске шығыпты,

Тұйғын құстай сыпырып.

Белеске шықса Қарасай,

Ар жағы айдың кең екен,

Қаройдық деген көл екен.

Көл жағалай қараса,

ыңырсыған қол екен.

Әр жерден шатыр тігілген,

Айбаты да зор екен.

2550

2560


2570

2580


198

198


199

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Құмырсқадай жыбырлап,

Әскері де мол екен.

«шамалы, шағын шығар» деп,

Қарасай бұрын жүр екен.

Дабыра шығар деп еді,

Есіткені шын екен.

Атынан түсті Қарасай,

Айласыз батыр болмайды.

Бұл белесте кідіріп,

Әр нәрсені ойлайды.

Көп екен деп кейінге,

Қайтуына болмайды.

Жау қарасын көрген соң,

Жүректің қаны ойнайды,

Тамырларын қозғайды.

Қайтадан мінді атына,

Көп кідіріп тұрмайды.

Үзеңгісін ұзартты,

Құйысқанын қысқартты,

Қос тартпасын берік тартты,

Қайтпасына серт айтты.

Тайсалмай жауға баруға,

Жасаралдай патшаның

Аузынан жауап алуға,

шығынға қарай жөн тартты.

Көл жағалай сабатта

ыңырсыған қол жатыр.

Әр жерінде тігулі

Жалтылдаған көп шатыр.

Тігулі тұрған туы бар,

Алтындақтан бауы бар,

Алыстан айқын көрінеді

Айрықша бір көк шатыр.

«Патша сонда шығар» деп,

Тура соған келе жатыр.

Басқа жаққа Қарасай

Атының басын бұрмады.

Жалғыз атты жолаушы,

ыңырсыған көп қолдың

2590


2600

2610


2620

200

БАТыРлАР  ЖыРы

200

201


Мұнымен ісі болмады.

Жығын қолды көрген соң,

Қызыл аттың көзі жайнады.

Тыпыршып, тыныш тұра алмай,

Сулығын басып шайнады.

Жасаралмен тілдеспек—

Қарасайдың арманы.

шатырға жақын келген соң,

Аттан түспей жүрген соң,

«Мынау қандай атты,—деп,—

Жүрісі жылдам қатты?» деп,

Рабайда біреуі

Назарын салып аңдады.

Аңдағандар байқады:

Патшаға барып жолықпай

Тоқтамауға қамданды.

Біреуге біреу көрсетіп,

«Атпенен барған патшаға

Неткен жан?!» деп таңданды.

Пікірлісі ішінде

«Дұшпан-ды» деп ойланды.

Пікірсізі әншейін

Тамашаға жиналды.

Қайратты ер қамданып

Қаруларын байланды,

Сауытын түзеп сайланды.

Осылайша бұл халық

Тұра берсін жиналып.

Тұмсығын аттың тіретіп,

Ат үстінен Қарасай

Қатты айқайлап толғанды:

—Әскерін жинап ойнатқан,

Мұсылман жерін шаңдатқан,

Жақын жерден жау тапқан,

Теріс қарай келе жатқан,

шариғатқа дұрыс па

Мұсылманға оқ атқан?!

Кек алатын кейпің бар,

Талап қылсаң қалмақтан!

2630


2640

2650


2660

200

200


201

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Осы қолдың басы кім,

Бұл шатырда кім жатқан?!

Бағана түсте жолықтым

Осы әскерден қашқанға.

Қашып барады мұсылман

шаңы шығып аспанға.

Үш жүз жылқы алыпсың

Осы бүгін бастаңғыға.

Еріксіз малды алуға

шариғат саған қосқан ба?!

Талаптансаң болмас пе еді

Атасы басқа дұшпанға?!

Қанеки, қостан шық бермен,

Батыр болсаң жасқанба!

Еріпті жұртың соңыңа,

Тізгінін беріп қолыңа.

Бітірген жұмысың—жау болмақ

Мұсылманның ұлына!

Қалмаққа барсаң болмай ма еді,

шауып тұрған жылына!

Басшысы қайда бұл қолдың,

Өз аузыңнан сөйлеші,

Бұқпай шатыр ығына?!

Бұл қырық мың қолдың патшасы Жасаралдың отырған ша-

тыры еді. Бұған атпен бармақ түгіл, жаяу адам да алдына-ала 

өтініш айтып, рұқсат естілсе ғана, баратын. Жалғыз атты жау 

келеді деген ойда жоқ. Жасауылдары «өзіміздің адам шығар?» 

деп, абайламай қалды.

Іште отырып, Жасарал мұның жоқ екенін білсе де, жалғыз 

атты  жолаушыға  далаға  шығуға  әбессініп,  ашуы  келіп: 

«Қалмаққа  баратын  болсаң,  аржағыңда  жол  жатыр!»  деп 

айқайлап толғады:

—Ат үстінен айқайлайсың

Әдеп-әркін көрмеген,

Сыпайымен жүрмеген,

Сый-сыяпат білмеген,

Сөйтіп тұрып және де

2670


2680

2690


202

БАТыРлАР  ЖыРы

202

203


шариғаттан сөйлеген,

Іздесең қалмақ алдыңда,

Жүре бер анау жолменен!

Әркім өзінікін «жөн» деген

Мен де бір кекті іздеген.

Жөніңді айтшы, жолаушы,

Сенің өзің кім деген?!

Адам отырған шатырға

Ат тұмсығын тіреттің

Адамның кеулін кір еттің,

Өзіңді асыл-дүр еттің.

«Жаулайсың,—деп,—мұсылман»

Және бізге кінә еттің!

Көтеріліп сөйлейсің,

Айтқанын қылып жүректің!

Мен кек алуға келемін,

Түбін қазып деректің.

Кім боласың, жөніңді айт,

Әңгімені неге үдеттің?!

Жалғыз атты жолаушы,

Қалай-қалай жүрісің?!

ұрысуға ыңғайлы

Осы тұрған тұрысың!

Жан беретін бар ма еді

Осы бүгін борышың?!

Қырық мың жығын қолым бар,

Ел шабатын ойым бар.

Осының бәрін көрмейсің, 

Орынсыз маған сөйлейсің,

Қалай сенің туысың?!

Азын-аулақ бар шығар

Бір аусарлық кемісің?!

Мүсілімнің елінің

Ойлап тұрсам бірісің.

Жөніңді айтып білдірші,

Сен ол ноғайдың кімісің?!

Жауға барар жас жігіт,

Ақылы кем, мас жігіт,

Қайраты елге паш жігіт,

2700


2710

2720


202

202


203

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Кәуірменен қас жігіт,

Мұсылманмен дос жігіт,

Сеніп пе едің өзіңе?!

Қалмақтан басқа мұсылман

Дос көрінеді көңіліңе.

Қалмақтың бұзып қаласын,

Неше аттандың кәуірге?!

Қанша, қайда үй тіккіздің

Мұсылманның еліне?!

Белгілі бек болғандай

Қарасам байқап тегінде,

Әзір маған кейіме.

Кейимін десең даярмын,

Болса менде кегің де!

Қай тұқымнан боласың,

Қай сапарға барасың,

Білдірші, жігіт, жөніңді?!

Енді аттың үстінде тұрып, Қарасай жасырмай жөнін айтты:

Қан қасаптап олжа алған,

Ағасы хан Мамайдан үлгі алған

Сұрасаң атым—Қарасай,

Мен—хандарыңның баласы-ай!

Батыр батыр бола ма,

Жанын жаудан аяса-ай?!

Кек алам десең, шық бермен,

Келіп тұрмын оңаша-ай!

шатырдан шықсаң, Жасарал,

Көрсетейін тамаша-ай!

Тайсалатын жерім жоқ,

Сендей соңыма ерген елім жоқ,

ұрыспайтын кеулім жоқ,

Сөзімнің осы расы-ай!

Сұраған соң, Жасарал,

Жасырмай айттым шынымды,

Тура айтамын жөнімді.

Менің ағам хан Мамай

Әкеңе берген өлімді.

2730


2740

2750


2760

204

БАТыРлАР  ЖыРы

204

205


Батыр болсаң өзіңе,

Неге ерттің еліңді?!

Қаныкерің келіп тұр,

Алар болсаң кегіңді!

Осынша әскер жиғандай,

Халыққа ойран салғандай,

Нең бар менің елімде?!

Қайратың болса қылып қал,

Азарың менің өзімде!

Арғы атам Едіге,

Дүрегін пері асылдан.

Әкемнің аты—қанды Орақ

Кек алған жалғыз қасынан.

Айқайымен жел тұрып,

шалқытып теңіз тасырған.

Мен сонан туған жас ұғлан,

Көп екен деп әскерің

Сескеніп одан шошыман,

Басымнан жауды асырман.

Кек алатын ер болсаң,

Өзің бір шықшы қосыңнан!

Ажалым болса өлермін,

Әскерің жапсаң осыдан!

Ажалым егер жетпесе,

Көп жиналған әскеріңді

Қызығымды көр ысырған!

Жалғыздың жары бір Құдай,

Көп екен деп қысылман!

Әдейі арнап келген соң,

Қорқақ иттей мұңайып,

Сырымды айтпай жасырман!

Жауласам десең, Жасарал,

Келдім осы араға!

Сен туымды ер болсаң,

Жекеге шық далаға!

Қорықсаң өзің баладай,

Әскеріңе әмір қыл,

Мені біреуге санамай!

Жалғыз өзім шақ тұрмын,

2770


2780

2790


2800

204

204


205

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

ұрысамын адамның

Көптігіне қарамай!

Кімді Құдай қалайды,

Талапсыз адам таба ма-ай?!

Құр қоқаңнан қорықпаймын,

Сынап көрмей шаманы-ай. 

Басқа түрлі ой болса,

Тұрмын даяр қозғалмай.

Осы қолдың бастығы,

Қанеки, сөйле бұл қалай?!

Сенің әкең өлгенде,

Біз баламыз періште.

Ақылы асқан Мамайды,

Ешкім қоймас кеміске.

Әнжі салған қулықпен

Кірісті бұзық бір іске.

Ақ жазуы осылай,

Кім шығарады теріске?

Сауғалап басым қашпаймын

Істеген атам бұл іске.

Аяйтұғын нәрсем жоқ,

Байладым басты жүріске!

Әскеріңді ертіп,

Сен де келе жатқан жақсың келіске!

Менің жөнім осылай,

шынын айттым жасырмай.

Кек алам десең мен келдім,

Отырма енді қосыңда-ай!

Жекеге шық менімен,

Сынайын десең күшіңді.

Келгенім жоқ кем ғой деп,

Жасарал, сенің туысыңды!

Жабамын десең әскерді,

Онда да даярмын.

Жүргізбеймін ілгері,

Алмай сенің басыңды,

Не кескізбей басымды!

Бір шыбындай жаным бар,

Төгілер өлсем қаным бар,

2810


2820

2830


2840

206

БАТыРлАР  ЖыРы

206

207


Менде қысас қаның бар,

Ала алмай жүрген арың бар.

Қасыңда жинақ қолың бар,

Жалғыз да болсам мен сенен

Жасқанбайтын ойым бар!

Енді елге қайтпаймын,

Мен емес қорқақ адамың

Көп екен деп шошынар!

Кем тудым,—деп,—атадан,

Кеуліме менің келмейді.

Тәуекелге бел бумай,

Таланды Құдай бермейді.

Қайратыңды көрмесе,

Халық, сірә, сенбейді!

Патшамын деп мардима,

Халықты нақақ жандырма,

Ісіңді қыл қасыңа!

Бұл әкеңнің өлімі

Іс еді болған жасыңда.

Күшің болса аяма,

Бітір жылдам жұмысыңды!

Мен—хан Мамайдың інісі,

Мен де сенің туысың-ды!

Сол  уақытта  Жасарал  ойланып  қалды.  Әкесін  Мамайдың 

өлтіргенін  Әнжінің  айтуымен  білетін.  Әнжінің  жаман  адам 

екені де бұған белгілі. Бірақ бұл аттанып келе жатқанда Әнжі 

емес, «ысмайылдың» хатымен келе жатыр еді. 

ысмайылдың хаттағы сөзінің бекер екенін білді. «Қарасай 

мен  Қази  мал  бағуға  жарамайтын  жаман»  деп  еді.  «Жаман 

болса,  қырық  мың  қолмен  келе  жатқан  маған  мына  сөзді 

айта ма? Әкесінің дәулеті басына қонған адам екен. Мұнымен 

ұрыса  қойсам,  бір  өзі  ғана  өледі.  Бірақ  біраз  адамның  ажа-

лына  да  жетеді.  Осыншама  халықтың  қанын  мойныма 

жүктеп  қайтем.  Бұрынғылардың  айтқан  нақылы  да  бар  еді: 

«Нағашысымен  күрессе,  жиен  жығылады.  Егер  жиен  жыға 

қойса, қабырғасы сығылады» деген. Қанша айтқанымен, түп 

нағашым  ғой,  қол  көтергенім  дұрыс  болмас.  Одан  да  таны-

сып, дос болайын» деді.

2850

2860


206

206


207

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Осыны ойлап далаға шығып, Қарасайға сәлем беріп, толғап 

жатыр:


   

—Ассалаума ғалейкум,

шынжыр атай асыл тек!

Әскер жинап аттандым,

Ойыма түсіп өткен кек.

Сөзіңді барлап қарасам,

Кеуіл босар айттың кеп.

«Кегің рас болғанмен,

Мен о күнде бала» деп.

Әділдігің көрінді,

Айтпадың оны «жала» деп.

Не болса да көнесің,

Таланыңнан көресің,

Кеуілің бар көтермек.

Сен—аруана шалқұйрық

Көтересің артса жүк.

Тұрғаным жоқ жасқанып

Толыққан күнім, әскер көп.

Мен бір сөзді айтайын,

Атыңнан түсіп, Қарасай,

Қорықпасаң дізе бүк.

Сен едің арғы тағайым,

Жеңілем деп мен сенен,

Ойымда жоқ уайым.

Жасымнан жетім қалсам да,

Әзір жақсы талайым.

«Жекеге шық!» деп айтасың,

Ер екенсің сынадым.

Кім жеңеді, жеңіледі,

Біледі оны Құдайым.

Өзім шығып жекеге,

Әскерді қайда қояйын?!

ұрысатын болсам өз басым,

Әскерді мен не қылайын!

Келіп тұр және бір ойым,

Қорықпасаң аттан түс,

Мен бір кеңес құрайын.

2870


2880

2890


2900

208

БАТыРлАР  ЖыРы

208

209


Ер екенсің, Қарасай,

Құдай біледі ажалды.

Көнеден қалған нақыл бар

«Бақ сынайды таланды!».

Өзім патша, әскер көп,

Бұл күнде басым базарлы!

«Құдайға шүкір» деп жүрмін,

Жалғаншым әзір ажарлы.

Тайсалмай келіп сөйледің,

Ойыңа алмай ажалды.

Ерлігіңе қызығып,

Менің ойым тазарды.

ұмытып тұрмын ойланып

Бұрынғы өткен азарды.

Достасайын сенімен,

Қорықпасаң аттан түс,

Мойныңа алдың жазаңды!

Рас деп тұрсың әкемнің

Мамайдан анық өлгені.

Неге қиды өлімге,

Ол—өзінің жиені?

Жиенін туған өлтіріп,

Мамайдың қайда білгені?!

Және айтасың бір себеп—

Деп «Әнжінің бүлгіні».

Осы арада тоқталып,

Қиялға ой келді енді.

Мұса ханның баласы

ысмайыл деген хат жазып,

Көкірегім кірленді.

Сенің айтқан сөзіңе

Сай-сүйегім тебіренді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет