«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының



Pdf көрінісі
бет20/28
Дата06.04.2017
өлшемі2,43 Mb.
#11120
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28

Азамат, бұл отырған, ей, тыңдаушым,

Келемін түсіндіріп біртін-біртін.

Ноғайлы қайтты кейін елге қарап,

Бұлардың жолы болды Құдай қалап.

шыққалы бұлар елден екі ай өткен,

21-310


6900

6910


6920

6930


322

БАТыРлАР  ЖыРы

322

323


Ішінде есепшісі жүрген санап.

Ауғанда жол ортадан күн бұзылып,

Қар жауып, қыс түсіпті боран борап.

Бұрынғы төте жолмен жүре алмады,

Келеді қисық жолмен ел жағалап.

Көрмеген бұрын-соңды жерді көріп,

Қол қонды бір өлкеге Құдай қалап.

Қары жоқ бұл өлкенің жатқан алап,

Көк шалғын екі жағы  болған сабат.

Ашығып айдау жеген малдарының

Батырлар баршасының бабын табад.

Көлік пен адам тынып алмақ үшін,

Бұл жерде жатты бұлар үш күн қабат.

Әскерлер ерлер үшін шатыр тігіп,

Бұқара қарауылдап малын бағад.

«Әйтеуір, мұсылманның шегі осы» деп,

Жорықшылар бұл арада тоқтап қалад.

Бұл жерде өткізгенде екі күнді,

Қарасай түс қайтарып атқа мінді.

Бар еді бір биік тау мұнарланған, 

шықпақ боп осы тауға жедел жүрді.

Жіберіп сиыр аяқ Сұркөк атты

Басына бұл биіктің демде келді.

Қараса жан-жағына көзін салып,

Көрді ол терістікте қалың елді.

Бұл елдің кім екенін білмек үшін,

Зулатып аттың басын қоя берді.

Кездесті намазшамда бір малшыға,

Ол өзі сәлем берді жолаушыға.

Сәлемін малшы берген алып батыр:

—шырағым, сау ма,—деді,—бала-шаға?

—Әй, аға, сапарыңыз оң болсын! деп,

Кідіріп тұрды бұған ол бейшара.

—Жол болсын десең, інім, әләй болсын,

Жолықтым,—дейді,—саған оңашада.

Болады мына жатқан кім деген ел?

шырағым, бір сен емес әрқашанда

Малшы айтқан жолаушы жөн сұраса да.

6940

6950


6960

6970


322

322


323

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Малшының сондағы айтқан бұл жауабы:

—Қатыңқы астыңдағы ат қабағы,

Сапардан шаршағандай сыңайы бар,

Көрінеді тым жатыңқы тұлпар жалы.

Жайыңды өзің айтып білдірмесең,

Малшының «кімсің?» деуге келмес әлі.

Сұраған жауабыңды қайырайын,

Айтайын білгенімді мен шамалы.

Ей, аға, мен білермін елдің жайы,

Білерсің мен айтқан соң түп шаманы.

Бұл жұрты деп айтады Қондыкердің

Бір туын тіккен жері ислам діннің.

Бұл елдің айналасы бір айлық жол,

Білмейміз өзі айтпаса кімін кімнің.

Патшамыз Күніке палуан, Телағыс ер,

Тұқымы деп айтады Едігенің.

Күреңді тіл жалмаған ханға беріп,

Себебі содан болған хандық шеннің.

Өкпелеп бұл екі төре бөлінгенін,

Ертіп іздеріне еркін елін.

«Бұл құмай қолға түспейтін!» деп айтады—

Аңызы осы болады біздің елдің.

Қу шығып тумасынан Әнжі деген,

Туыстан амалменен алған кегін.

Осылай елдің жөні патшасымен,

Сұрай бер келеді тағы нені білгің?

Біз—малшы, мұнан артық білері жоқ,

ұшынан есітеміз әңгіменің.

Бұл малшы етті бұған қысқа баян,

Нағылсын енді сұрап, өзіне аян.

Атының астындағы басын бұрып,

Ізімен қосқа қарай қайта тайған.

Жіберді Сұркөк аттың басын төгіп,

Қарасай мұндай сәтте жүрмейді аяң.

Білмейді Сұркөк, сірә, қиналғанды,

Қырындап ақбөкендей басын салған.

Кеткенде сам жамырап, жәшиық болып,

Қарасай қайтып келіп қосқа қонған.

шатырға жалғыз өзі жатты барып,

6980


6990

7000


7010

324

БАТыРлАР  ЖыРы

324

325


Келмеді түнде ұйқысы ой ойланып.

Үстінде тумасының келгеннен соң,

ұйқысы келсін ердің енді нағып?!

Баруға өзі оған ойланады,

Арадан қан өткені елге анық.

«Солардың дидарларын бір көрсем» деп,

Ойланып ұйықтамады, кем ашарып.

«Бұл істі айтайын,—деп,—Жасаралға»

Тұрғанда ай тұтылды, таң сарғайып.

Намазын ерте тұрып оқыды да,

Атына жүріп кетті мініп алып.

Ешбір жан мұнан бөтен оянған жоқ,

Жасарал оқшау жатқан бөлек барып.

Қарасай барған кезде бұл падиша,

Жатырған тұрайын деп енді оянып.

Айтайын әңгімемен түсіндіріп,

Тыңдаңдар, ал жамиғат, құлақ салып.

Сонымен  қойшы:  «Бұл  ел—Қондыкердің  елі.  Ханы—

Телағыс,  батыры—Күніке»  дегеннен  кейін  Қарасай  терең 

ойға  кетті.  Көзі  тірісінде  дидарын  көруді  аңсап,  олардың 

елге  қосылуын  армандап  жүрген  ағаларының  елінің  үстінен 

түскеніне  қуанды.  «Әкеммен  араз  болып  көшсе  де  қандас  ба-

уырларым, әке орнына әке болар ағаларым емес пе?! Себеппен 

Құдай айдап келген екен, бұларға сәлем беріп, өткен жұмыстарға 

кешірім сұрамасам болмас» деп ойлады.

«Бірақ арада өткен қанды кекті кешірер ме?! Жасаралға ба-

рып ақылдасайын. Өзім барғаннан гөрі, әуелі бір сенімді адамды 

жіберейін. Мүмкін, осы Жасаралдың өзі келісер. Өйткені Жас-

арал әкесін Мамай өлтіргеннен кейін, бала кезінен осы Телағыс 

пен  Күнікені  нағашы  тұтынып  араласып  тұрып  еді  ғой»  деп, 

оның шатырына келіп, ат үстінен толғап тұр:

—Жатырмысың, Жасарал,

Ақылдаса мен келдім.

«Қиығы болмас,—деген бар,—

Қыздан туған жиеннің».

Жаңбыршы, Мұса жау болып,

Тозып жүр бет-бетімен.

7020


7030

324

324


325

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

«Адасқанның алды жөн»,

Арамызға бітім айт,

Елші болып жүріп сен.

Солармен татуласқанды

Өз кеуілім оң көрген.

«Қорыққаннан айтты» деп,

Есітермін өсек дұшпаннан.

Нағылайын ол сөзді,

Тұрғанымда мен аман.

Абыройсыз болмайды,

Үлкенін сыйлап, ұялған.

Сен соларға барып кел,

Аузынан жауап алып кел,

Не айтар екен палуан.

Басыңды көтер төсектен,

Үстіне келдік Ағыстың.

Ізінен қуып олар жүр

Басында болған шала істің.

Қарамайды туысқа

Кесірінен шабыстың.

Жақынменен жау болып,

Талайы кетті намыстың.

Сен Ағысқа барып кел,

Не дер екен Телағыс,

Келіп, тұр менің табысқым.

Құдай айдап келіппіз

Қондыкердің еліне.

Жұмыс  қылып бір сапар

Келермін деп жүр едім

Бұрын өзім кеуліме.

Бұл сапарда қыс болып,

Жолдың келді керіне.

Ноғайлының ішінде

Сенің тұрар сөзіне.

Жетім бала болған соң,

Мұршамыз келмеді біздің де.

Олар да хабар алмады,

Жетім қалған баланы

Ілмеді, тіпті, көзіне.

7040


7050

7060


7070

326

БАТыРлАР  ЖыРы

326

327


Сен барған соң олардың

Ойланбас па екен өзі де?!

Жақсылығын көп ойлар,

Көрсет мені көзіне.

Жетпеген жерін жетістір,

Бұл жұмыстың өзің де.

Сәті болса қосқайсың,

Бұл ініңді егізіне.

Әр нәрсенің сәті бар,

Жақсылығы табылар,

Мезгілі біткен кезінде.

Мұны айтқанда Жасарал,

Есігін түрді шатырдың.

Ойланып, өлшеп көрді ол

Айтқан сөзін батырдың.

Көп ойлайды бұл істің,

Болар деп қалай ақырын.

Жасаралдай падиша,

Абырой неге алмасын,

Қосақтаса жақынын.

Жау бола қойса егерде,

Өкініші кетпес деп,

Өткізермін және де

Өзім істің ғапылын.

Қарасайға мұны айтты.

Бара ма, әлде, бармай ма,

Екеуін де ұстамай,

Қайсысының мақұлын.

Азаматтар, енді мұқият

Жасаралдың сөзін тыңдаңдар,

Таразыға тартып ақылын.

Жасарал сонда сөйеді:

—Барып кел деп бұйырдың

Екі қабылан төреге.

Айтып тұрсың ерлікпен,

Өткенді алмай есіңе.

Кісі өлтірген қаныкер

Сендерге олар сене ме?

Қонысын тастап келіп ед,

7080


7090

7100


7110

326

326


327

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Әкеңнен болып себепті.

Бұл өкпесін айтқанда,

Айта алмаспын деректі.

Оны тұрсын ұмытып,

Сендерді қалай көреді?!

Қаһарланып қаттанса,

Жау болам деп аттанса,

Онда адам өледі.

Мақұл көрсе болар ед,

Керек деп жақын көмегі.

Қаһары қатты төрелер,

Ерегістен ер өлер,

Осындайдан ел бөлер.

Жақсылығы табылса,

Онда бәрі жөнделер,

Тек осыған кідіремін.

Барғанмен жөні келе ме,

уа, Қарасай, қайратты,

Абыройлы ер едің!

Жақыным деп оларды

Аңсап тұрған сен едің.

Қайтпайтұғын қандыкөз,

Олардың сырын білемін.

Өкпесін айтса осыдан,

Қайырам қалай дерегін?

Дерегін айтсаң сен маған,

Сонда атыма мінемін.

Айтпасаң оған дәлелін

Жұмсартқандай жүректі,

Бара алмаймын оларға,

Кідірмей елге жүремін.

Қарасай, кәне, сөйлеші,

Не ойлап келдің сен өзің?

Кідірмеді Қарасай,

Жасаралға сөз айтты

Мылтықтан шапшаң тез айтты.

Татуласып кететін

Сөздің нағыз зорын айтты.

Жасаралдың сөзіне

7120


7130

7140


7150

328

БАТыРлАР  ЖыРы

328

329


Бұл мынадай жолын айтты.

Қысылып тұрған патшаның

Айтар ойын молайтты.

Сондағы  берген жауабын

Былайынша толғапты.

Мына жорғаң соны айтар,

Салып отыр құлақты.

Сөз тиегін ағытты,

Қарасай сонда шешіле:

—Атыңа мін, Жасарал,

уһілейсің несіне.

шешен туған жігітке

шиенің оңай шешуі.

ықпал берсе Құдайым,

Тереңнің тайыз кешуі.

Сен барған соң олардың

Жақындық түсер есіне.

Олар кетіп қалған соң,

Мұсылман жұрты өкінді

Әнжінің қылған ісіне.

Қорқып әкем қалған жоқ,

Жан ашымай, немесе,

Алшағырдай інісіне.

Ойланбайды ол неге,

Табы басқа халықтың

Болып тұр ие көшіне?!

Хан болдым деп таса ма,

Жанғанның оңай өшуі де!

Ол өкпелі кезінде

   «Көрмеймін» деп неге айтсын,

шайтанның еріп көшіне.

Әрненің бар мезгілі,

Бұйыртса Алла көрерміз,

Дидардың болса несібі.

Осы бүгін қонаға

Татуластыр, хан аға,

ұжымақтай маған болып тұр

Екеуінің есігі!

7160

7170


7180

7190


328

328


329

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Қарасайдың мына сөздерінен кейін, Жасаралдың дәлел ай-

туына  болмай қалды. Ол Әділханды шақыртып, атқосшылыққа 

Әбдіні сұрап алды. Сөйтіп, Ақмоншаққа ер салып, Әбдіні ертіп 

Қондыкердің еліне келді.

Жасарал:  «Тіпті  болмаса,  жиендігіме  жеңдірермін.  Несіне 

қорқа беремін» деп, хан ордасына беттеді. Орданың жанына ат-

тарын байлап, Әбдіні қалдырып, өзі ішке енді. Телағыс тақтың 

үстінде  түнеріп,  Күніке  оған  жақын  төр  алдында  көлбей  түсіп 

жатыр екен. Екеуі де сауыт-саймандарын киініп алған. Өйткені 

«ел сыртына әскер келді» деген қауесет естіген еді.

Жасарал  кірген  бетте  сәлем  беріп,  қолын  кеудесіне  қойып 

тағзым етті. Сонан соң төр жолының төрттің біріне дейін барды 

да, ілгері жылжымай, түрегеп тұрған бойы толғап кетті:

—Екі бірдей қос сұңқар

Отыр екен оңаша.

Бұл сапарым оң болар,

Жаратқан Алла қаласа!

Ескіріп жүр өкпемен

Жаңбыршы, Мұса арасы.

Сендер едің ноғайдың

Тастан соққан қаласы.

Жеті атадан сендерсің,

Ислам діннің панасы.

Бастарың жүр ыдырап,

Кеуілдің бітпей жарасы.

Мен де бір аққан өзекпін,

Дариядан шыққан сағасы.

Бітім айта мен келдім,

Қашықтаған араңа,

Араша, бектер, араша!

Едігенің тұқымы

Ноғайлыда қошқар ең.

Бір қазанға сыймады

Екі қошқар бастарың.

Басында баққан таласып,

Алшығарды шауып тастадың.

Әлегінен жау болдың

Әнжі залым шошқаның.

7200

7210


330

БАТыРлАР  ЖыРы

330

331


Себеп болып осыдан,

Басыңнан ұшты құстарың.

Қарасай мені жіберді,

Мақұл көріп кеуліне

Сіздермен басын қосқанын.

Мұнысын қалай көресің,

 Келіп тұр соған достарың?!

Туысқа жазым ойлайтын

Мен емеспін дұшпаның.

Алалық кіріп сіздерге,

Күшейіп кетті қастарың.

Кете берсе осылай,

Бірін-бірі көре алмас

Кейінгі  туған жастарың!

Әкелемін ініңді,

Өзіңнен жауап есітіп,

Десеңдер «өкпе тастадым!»

Бұл сөзіме не дейсің,

Екі асыл қошқарым?!

Елші болып араға,

Бітім айта мен келдім.

Кеуіліңді білмекке

Келіп тұрмын сендердің.

«Келсін» десең келеді,

 Асық болған інілерің.

Өзімнің «жаман» ойымша

Қарасайдікін жөн көремін.

«Мақұл десең екен» деп,

Келіп тұр мына жиендерің.

Кәнеки, палуан, сөйлеші,

Көпті көрген көне едің.

Түспеген ісі сіздерге,

Өмірінше мен едім.

Жауабыңды бересің,

Ойларыңды білемін.

Жақсылық нышан білдірсең,

Ініңді алып келемін.

Қаһарлы туған жандарсың,

Мен жөнімді білдірдім,

7220


7230

7240


7250

330

330


331

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Мұнан артық не деймін?!

Жиендік жолды ұстандым,

Рұқсатсыз кіргенім.

Кәнеки, палуан, не дейсің,

Мақұл ма айтқан бұл кебім?!

Жасарал  осылай  деп  Күнікеге  қарады.  Өйткені,  Телағыс 

хан  болғанмен,  Күнікенің  жасы  үлкен,  ал  Күнікеге  «палуан» 

деп отырғанында да себеп бар еді. Бұл Күнікеге жас кезінен-ақ 

халықтың қойған аты болатын. Күніке бала кезінде «мен палу-

ан болсам, бір тауды бір тауға соғар едім» дейтін. Сол уақыттан 

бастап бәрі оны палуан атандырып еді. 

Енді  сол  палуан  қабағын  тарс  түйіп,  Жасаралға  ызғарлана 

қарап, жауапты тез қайтарды:

—Жарамайды, Жасарал,

Сенің айтқан кеңесің,

Мен ойласам өтірік.

Асырасаң, қой жейді

Елікпейді бөлтірік.

Маймылды бақсаң бір күні,

Кетеді иесін өлтіріп.

Қызыл шұбар мұзбалақ

Жөн-жөніне кетеді

ұяда баста бір тұрып.

Біз сол секілді тұқым ғой,

Келмес жөні бір жүріп.

ұстатпайды ойнаса

Баққан тұлпар жем беріп.

Үйлеспейді ол тұқым

Өз мекенін жүрмесе,

Өз бетімен меңгеріп.

Әір менің ойым жоқ

Жүретұғын жөнделіп.

Көрсете көрме, шырағым,

Көбейтпейін ортамды

Туысқанға теңгеріп!

Сонда Жасарал Күнікенің ыңғайын байқаған соң, қарсы жа-

уап айтуға дайындалды. Оның ойына Әнжінің зымияндығымен 

7260


7270

7280


332

БАТыРлАР  ЖыРы

332

333


Телағысты  өлтірейін  деп  жатқанда,  Күніке  келіп  ажыратып 

алғаны, содан соң бұлардың Орақтың Алшағыр деген інісін ша-

уып өлтіріп осы жаққа ел асып кеткені келіп еді.

Енді «шешінген судан тайынбас» деп, Жасарал сөзін осыдан 

бастады:

—Алшағырды өлтірдің

Басында баққа таласып.

Әнжі салған қулықтан

Араздығың ұласып.

Бұл жаққа кеттің сонымен,

Қонысты тастап ел асып.

Іс қылмадың ол күнде де

Өз басыңа жарастық.

Кетіпсіңдер айырылып,

Үйіріңнен ажырасып.

Жүремін десе Қарасай

Жақынменен жанасып,

Көрмеймін деп қарасын

Тағы отырсың адасып!

Көрмеймін десең, өзің біл,

Біз сыртыңнан тұрармыз

Таласқан екі иттей-ақ

Қызығына қарасып!

Абырой іздеп жүр едім,

Айңайынға жаны ашып!

Арадағы қауғаны

Сәті болса кетпекке,

Осы бүгін мен басып.

Жақсы көрсең жүре бер,

Өміріңнің ішінде

Тумаңменен дауласып!

Тыңдамасаң сөзімді,

Араздықтан жолы ашық!

Мына  сөзден  кейін  Күніке  тағы  да  Жасаралға  жауап 

қайтармақ боп жатыр еді. Осы бұдан әрі шыдай алмай Телағыс 

хан Жасаралға емес, ағасына қарап толғап кетті:

7290

7300


7310

332

332


333

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

—Келген екен Жасарал,

Сабыр қыл, палуан, мұңайтпа,

Араздықты ұлғайтпа!

Алшағырды өлтіріп,

Біз қалып едік ұятқа.

Арадан қан өткен соң,

Ауып едік бұл жаққа.

Біз осында келген соң,

Жеткізді Алла мұратқа.

Құр қарасынан қорықпай,

Көрейік ісін сынап та.

Арамдық қылса және де,

Жеткізер Құдай кеулі аққа.

Ол арыстан болғанмен,

Не қылар қарақұлаққа?!

Сол кезде Күнікенің Жасаралмен ісі болмай, Телағысқа бы-

лай деді:

—Ой, шырағым, адамға

Қашанда опа бермейді,

Туысқаны болса дұшпаны!

Жақындағы бұлардан

ұрандап келген жау жақсы

Атысуға тыстағы.

Сен ойламайсың ешнәрсе,

Маған мұны айтқызар

Арамдығы бастағы!

Ізіне ертіп дос көрді

Әнжі залым шошқаны!

Палуан Сұлтан, Батырхан

Кім өлтірді білдің бе,

Нағылайын басқаны?!

Мамай сынды асылдың

Әнжі басын кемітті,

Мың тіллә еді мысқалы!

Ақсұңқар құстың баласы

ұяда көрген аңды алар,

ұмытпай тәлім жастағы.

7320


7330

7340


334

БАТыРлАР  ЖыРы

334

335


ықтиярың өзіңде,

Жатырмын айтып ойымды

Көрсетіп әрбір нұсқаны.

Осыменен, Телағыс,

Айтар сөзім қысқарды!

Ағасы  мұны  айтқанда,  Телағыс  үндемей  отырып  қалды. 

Күніке айтып отырған палуан Сұлтан, Батырхан екеуі ағайынды 

және  біреуі  Жасаралдың  әкесі  болатын.  Оларды  Әнжінің  кес-

ірінен Мамай хан өлтіріп еді. Телағыс үндемеген соң, Жасарал 

өз  әкесі  мен  ағасы  жайлы  сөз  қозғалғанын  пайдаланып,  енді 

Күнікеге қарап толғай жөнелді:

—Назбедеу аттың баласы,

шаптан түртсең, теппейді!

Атасы асыл ақсұңқар,

шамдандырсаң, сөкпейді!

Текдары жаман құл бұзса,

Көрген ісін ұмытпай,

Өлгенше кегі кетпейді.

шынжыратай асылзат,

Абайласаң, өтпейді!

Ауызына әркім сөз алса,

Өзінікі «жұп» дейді.

«Әнжінің айтқан тілімен,

Палуан Сұлтан, Батырхандай

Ел сыйлаған бектерді

Өлтірді Мамай» деп тұрсың,

Болған шығар жазым іс

Ондай іс кімен өтпейді!

Түбі бірге болған соң,

Жарамайды ол маған

Ойға түйген өкпемді.

Іс түскенде басыңа

Туғаның қалар қасыңда,

Түбі бірге түртпейді!

Басыңа түскен жұмысты

Тап өзіңдей түптейді.

Жылағанда бірге жыласып,

7350


7360

7370


334

334


335

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Күлгенде бірге күлетін,

Ойлап қара, палуан,

Туысқанға ешкім жетпейді!

Енді Жасарал Телағысқа бұрылып, сөзін жалғастырды:

—Жүйрік деп айтып болмайды,

Байраққа озып келмесе!

Батыр деп айтып  бола ма,

ұрысқан жауын жеңбесе?!

Ақылды деп бола ма,

Өзінікін жөн десе?!

Би деп айтып бола ма,

Тартынып, жетекке ермесе?!

Жақсы деп айтып бола ма,

Бір қатесіне көнбесе?!

Мұсылман деп бола ма,

Айтқан сөзге сенбесе?!

Тілге нанбай қалмайды,

Құдайлық нағыз шын десе.

Айтқаныңа сенбейді,

Қарайып кетсе кеудесі.

Мына сөздің түрінен

Біреуді біреу көре алмас,

Күніке палуан өлмесе!

Жау болғам ғой олармен

Мына сөзбен ендеше!

Жарамайды жауабың

Құдайдан ұят бұларып.

Еске алып бұрын өткенді,

Тумаған кезі бұлардың.

Телағыс, Күніке екі нар

Көкірегі ақ қашаннан

Қарасай, Қази балалардың.

Кетемін енді осымен,

Кеуілдеріңді аңғардым!

Жасарал  осылай  деп  есікке  қарай  бұрыла  бергенде,  Күніке 

басын көтеріп алып:—Ой, Жасарал шырағым-ай, сөздің соңғы 

7380

7390


7400

7410


336

БАТыРлАР  ЖыРы

336

337


түбін, ағайыншылықтың ақырын айттың ғой. Енді балаларыды 

алып келе қойшы. Көзімнің тіріскінде түрлерін көріп, бауыры-

ма басайын!—деді де, даусы дірілдеңкіреп, Телағысқа қарады. 

Хан мақұлдан басын изеді.

Жасарал  жүзіне  қуаныш  табы  үйіріліп,  сыртқа  шықты  да, 

жедел басып Әбдінің жанына келді. Өзі ордаға қобалжып кіріп, 

қуанып шыққан Жасарал, енді Әбді балаға былай деді:

—Атыңа мініп қосқа қайт,

Қарасайға тура тарт!

Аяңдама, шауып жүр,

Бұл жұмысты бітір шалт!

Қарасайға барғанда,

Былайынша хабар айт:

шешілді түйін шиеленген,

Жаңарды орын көнерген.

Қатты кеуіл бусады

Құйған болат темірден!

Қанша қиын болса да,

Қалмайды екен мерзімінен,

Қашықтаған екі ара

Арманың салған бүлігінен.

Телағыс, Күніке қос сұңқар,

Білдің бе, бала, бұл келген.

Басында халыққа өкпелеп,

Бұл шет жұртқа білінген.

Орақпен араз адамдар

Бір-біріне шүйілген.

Қарасай менен Бал-Қази

Бұларменен немере,

Өмірінше көрмеген.

Бұл сапарда жол түсіп,

Мына қыстың себебінен

Осы жерде кез келген. 

Жылдам барып хабар бер

Асық болған туғанға,

Қалмасын олар бүгіннен!

Мына сөзді айтқайсың:

Айлақ атын істесін

7420

7430


7440

336

336


337

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Қолындағы төлемнен.

Ойламасын отырып,

Болмадым,—деп,—менімен.

Қалағанын істесін

Қарасай мен Әділхан

Өзінше патша кеулімен.

Бұл сөзімді оңаша айт,

Есітпесін еш адам,

Абайла, бала, өзіңнен!

Балаға бақыт қонбағы

Ісі шықса кеуілден.

Осындай, сірә, сеніммен

Жасыратын да іс емес,

Өкпе үлес болған жоқ

Толық елдің көбімен.

Құй патша бол, құй бек бол,

Жүру керек бұрынғы

Ата пішкен үлгімен!

Жыртар болды өйтуге,

Балаға ұқсап киімін

Тұра шапсам сенімен.

Осылай сөзім, осылай,

Жұмысты бітір тезінен!

Көп халыққа айтарсың,

«Болар хабар өзімнен!».

Қарасайға сәлем айт,

Жолдас алар қасына,

Сеніменен төртеуің

Бұзбаңдар қалып басында!

Қалилаға айтарсың,

Малдың болсын басында!

Томар үйіп тексеріп,

Оңдап тіксін қосын да!

Екі жақта аңсаған

Екі арыстан қосылды.

Кідірерміз біз әлі,

шамалаймын осыны да.

Жылдам барып жылдам қайт,

Тездетіп жет қосынға!

22-310



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет