|
Бұлардың жолы байланды.
3940
3950
3960
240
БАТыРлАР ЖыРы
240
241
Найза менен мылтықты
Көрмеді мырза ыңғайлы.
Алмасын белден суырып,
«Осы,—деп,—оңай» ойланды.
Қойға тиген бөрідей,
Әскерге салды ойранды.
Қалмақтар өлді алмастан,
Қыла алмай ешбір айланы.
Өлген сайын өрледі,
Артынан өніп қайнады.
Қаланың аузын шаң қылды,
Қақпаның аузын қан қылды.
Қырық мың әскер қамады
Жолдасы жоқ жалғызды.
Қарсы келген адамды
Алмаспен басын жарғызды.
Қапталдап келген адамды
Мойынынан қиғызды.
Қалмақтар қатты сасып тұр,
Көптігі бірақ жұлдыздай.
Астындағы Қызыл ат
Жалтарады қояндай,
Тізгінін қолмен бұрғызбай.
ұрысып еді Қарасай
Түске жақын күн қыза-ай.
Кідірместен ұрысып,
Қаза болып песіні,
Намаздігер болғызды-ай.
Жау көбейіп ұрысты
Пұрсат тауып тұрғызбай.
Күн барады кешігіп,
Жау көбейді өшігіп,
Астындағы Қызыл ат
шапқан сайын есіріп.
Ажалы шығар талайдың
Бастары қалды кесіліп.
«Бұғалық, таста!» бұған деп,
Айқайлады бір адам,
Қарасай қалды шошынып.
3970
3980
3990
4000
240
240
241
ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ
Қанша ұрыс қылды ол,
Амалына түсініп.
ұмтыла шапты далаға,
ұмтылғанын білген соң,
Қызыл ат шапты ұсынып.
Қолдан шықты шұбалып,
Жалғыз қыран қысылып.
Қарасай қолдан шыққан соң,
Ізінен қуып ел шықты.
Ойламайтын өлімін
Туысы артық ер шықты.
Сол уақытта және де
Қызарды да күн батты.
Беті ашыққа шыққан соң,
Қызыл ат та құйындатты.
Көз байланып түн болып,
Қарасай қара ұзатты.
Таба алмайтын болған соң,
Қамалына ел қайтты.
Қамалға келіп бекініп,
Қауіптеніп қалмақтар
Істеп жатыр ыждаһатты.
Бекіте берсін қамалын,
Істей берсін амалын.
«Көремін ертең ерте» деп,
Қызылды батыр тоқтатты.
Елден аулақ Қарасай
Бір жырада бұл жатты.
Қарасайды ел қуып
Кеткеннен соң манағы,
ұрысқан жерде Күнқияш
Амал етіп қалады.
Қамалға кіріп қалмақтар,
Өлгеніне есеп алады.
«Кім бар, кім жоқ екен?» деп,
Адамдарын қарады.
Өлгенін айтып болмайды,
Көп адамдар жаралы.
«Күнқияш қайда, келсін?! деп,
16-310
4010
4020
4030
4040
242
БАТыРлАР ЖыРы
242
243
Көргенін айтып берсін?» деп,
Жіберді патша хабарды.
Әскерге келсе ханша жоқ,
Қайтып барды таба алмай.
Бір даңғаза іс болды,
Патшаға қатты күш болды,
«Болды,—десті,—бұл қалай?!»
Түнде қайдан іздесін,
Күнқияш үшін қайғырып,
Халқы тегіс жылады-ай.
Ханшаның жайын айтайын,
Тыңда, халқым, құлақ түріп.
Қарасайды мана қуғанда,
Кетіп еді әп-сәтте
Қас қарайып, түнеріп.
Исламға ғашық Күнқияш
Бұлтарыс кеткен жол жүріп.
Қорғанына қаланың
Болғаннан соң ел кіріп.
Жолға шықты Күнқияш,
Тірілігін білдіріп.
Ай сәскеге келгенде,
От орнындай тұяқтың
Ізіне түсті бұл көріп.
Түн ортасы ауғанда,
Қарасайды әрең тауыпты,
Мінген аты болдырып.
Жатырған төре жантайып
Атын қойған қаңтарып.
Күнқияштың анадайдан
Толғаған сөзін тыңдайық:
—Қызылшұбар құмайым,
Тауысып аңды құртпаған.
Небір наһан теңізде
шабақтың бәрін жұтпаған.
Жайылып жатқан мың қойдан
Жалғыз бөрі қорықпаған.
Жалғыз көзді айдаһар
Бәрін бірдей тартпаған.
4050
4060
4070
4080
242
242
243
ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ
Жолдассыз жалғыз арыстан
Жарамайды тызақтаған.
Қолдан әрең құтылып,
Мұның не, төрем, ұйықтаған?
Іздеп келдім ізіңнен,
Атыңа мін, асылзат!
Мен дініңе қызықтым,
Болса да елің бөтен-жат.
Кел, жүрейік, Қарасай,
Құтылдық жаудан саламат.
Болдырып келді осы жерге
Астымдағы жаман ат.
Еркімді саған бергенім,
Басым да саған аманат.
Тоқтамайық бұл жерге,
Таң атқан соң ел қуад.
Мінгесейік атыңа,
Қайтып барсам қалаға,
Өлімнен жаман, сол ұят.
Асыл текдар адамзат
Айтқанынан қайтпайды.
Қайратты туған ер жігіт
Жұмысты істеп шарттайды.
шынжыратай зүрият
Айтқан сөзін ұмытпайды.
«Дініме кірсең,—деп едің,—
Бұл дініңде тұрғанда,
Қанша асыл болсаң да,
Табиғатым тартпайды!»
Іздеп келдім өзіңді,
Жылдам, батыр, жүр енді,
Таң атса, халқым қайтпайды.
Жатыр еді Қарасай
Тек қисайып, ұйықтамай.
Денесі дел-сал, қалжырап,
Асылып атан жыққандай.
Өзі жалғыз, дұшпан көп,
Қалай жатып ұйықтайды?!
Қыз екенін білген соң,
4090
4100
4110
4120
244
БАТыРлАР ЖыРы
244
245
Көтеріп басын шаттады.
Қыз сөзіне жаңағы
Қайтарып дәлел айтпады.
Мініп алды Қызылға,
Бұрынғыдай жатпады.
Мінгеннен соң атына,
Қиял түсіп кеуліне,
Ерлікті аңсап бұла күш,
Тұлабойын қаптады.
Қарасайдың сондағы
Қызға жауап қатқаны:
—шығып едім елімнен,
Еділ деген жерімнен.
Бір өзім шықтым жұртымнан
Мен Мамайдың сөзімен.
Жалғыз алып баруға
ұялып тұрмын сені мен.
Өзің де мана айтқансың
«ұят жаман өлімнен».
Таң атқан соң ұрысып,
Көрсем қалай болады
Мына қалмақ еліңмен?!
Айтқанымнан қайтпаймын,
Өзіңнен басым тартпаймын.
Ойласқаным, ей, ханша,
Сөйлеші, қане, шыныңмен!
Күнқияш сонда айтады:
—Жалғыз ағаш үй болмас,
Көп рудың ішінде
Жалғыз тұқым би болмас.
Иесі жарлы жалғыз ат
Тұлпар да болса, күй болмас.
Жалғыз қазда үн болмас,
шақырғанмен жаз болмас.
шойыннан құйған қорған бар,
Атағы шыққан зорлар бар.
Астаубасты қара нар
Омырауын осқанмен,
Мен ойлаймын, қозғалмас.
4130
4140
4150
4160
244
244
245
ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ
Бір кісіге бір кісі
Олжалап барса аз болмас.
Ел иесі қос табар,
Еліңді жинап келерсің
Сонда да даңқың кем болмас.
Байқап тұрмын түріңді,
Қорықпайтұғын бір ерсің.
Қайратты туған ер болсаң,
шамаңды сонда көрерсің,
Мыңға біреу тең болмас.
ұрысар едім еліммен
Сенімен, батыр, бірлесіп.
Астыма мінер атым жоқ,
Қашып шықтым қарусыз,
Тек жаман атқа ілесіп.
Қалай қайрат қыламыз
Жалғыз атқа мінгесіп?!
Тілімді алсаң жүресің,
Біз тұрмайық бұл жерде
Көп кідіріп сөйлесіп!
Жалғыз өзі Қарасай
Бұзамын деп тұрған жоқ
Темір қақпалы Дербенттің
шойынан құйған қамалын.
Білейін деп тұр еді
Жауап тартып бұл қыздың
Арамы мен адалын.
Білгеннен соң адалын,
Қайтармады жауабын.
Атының артын береді,
шығарып алып аяғын,
Үзеңгісін оңтайлап.
Мінгесіп алды екеуі
Атын жайлап ыңғайлап.
Жабықпайды Қызыл ат,
Тұр құлындай әлі ойнап.
Мінгесіп алып «шүһ!» деді,
Көрейін деді бір қинап.
Қайтуға батыр бет қойды,
4170
4180
4190
4200
246
БАТыРлАР ЖыРы
246
247
Жүрмеді атты бұл жайлап.
Болжалды жерге жеткенше,
шегінен қалмақ өткенше,
Ат шабады борбайлап.
«шүһ!» деген соң Қызыл ат,
шын созады мойынды.
лажы жоқ мінгесті,
Мінгесіп шапқан қиын-ды.
Қашқан адам қайтеді?!
«Құтқар!» деп Хаққа сиынды.
«Таң атқанша жеткіз тек,
Көкөзектің суына!
Қалмақ-қытай шегінен
Өткенше тоқтап, бұрылма!
Әйтпесе,—деді Күнқияш,—
ұшыраймыз қуғынға».
Алты мезгіл жер еді,
Алланың шарты түн еді.
Жетемін деп Қарасай,
Қызылды алды бауырға.
Ат та шауып келе жатыр,
Қыз құрғыр да ауыр ма?
Таққа мінген ханша енді
Жабысып келеді сауырға.
Пәк жаралған перизат
«Кірем,—деп,—мұсылман қауымға».
Таң қараңғы болғанша,
Жарық жұлдыз туғанша,
шыдап келеді Қызыл ат
Тізгінен төгіп шабуға.
Төрт мезгілдік жол қалды,
Үш бөлгенде бір бөлім
Алдында қалды да.
Сол уақытта сарғайып,
Алланың атты таңы да.
Жан-жағына қараса,
Сарғайды да таң атты.
Мінгесіп келеді екеуі,
Аямады бұл атты.
4210
4220
4230
4240
246
246
247
ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ
Болдырмады Қызыл ат,
Тұлпар екен жануар,
Атты мырза ұнатты.
Таң рауаны атқанда,
Алмадай піскен сұлуға
Қарасай мырза тіл қатты.
Көзі түсіп мысалдап,
Сөз айтқанда, сыр айтты.
Келе жатқан жері сол күні
Тепсең екен қиярлы.
Мінгестірген бір атқа
Жаратушы бұларды.
Күнқияштан Қарасай
Астарлап былай сұрар-ды:
—Көзім түсіп келе жатыр
Жерде жатқан пәлекке.
Патшазада асылзат,
Әзіл сөзді кінә етпе.
Әр нәрсенің мезгілі бар,
Қыз қанаға келген соң,
Нәпісі салар әлекке.
Пәлегің тұр сарғайып,
Жерде жатқан қиярдай.
Астымдағы Қызыл ат
Құйрық-жалы шұбалды-ай.
Түсіп терсек қиярды,
Қоржынға бұлар сияр ма-ай?
Иесі бар боп қиярдың,
Артымыздан қуар ма-ай?
Жауап айтпай түнімен
Келе жатыр едім сөзіңе,
Ой шетіне шыға алмай.
Ат жаюға қолайлы
Көрінеді бұл ара-ай.
Сөйлеші, кәне, жолдасым,
Бір тыңдауға бұл қалай?!
Күнқияш сонда сөз айтты:
—Мысалдап маған айтасың
Жарда жатқан қиярды-ай.
4250
4260
4270
4280
248
БАТыРлАР ЖыРы
248
249
Келе жатырсың шегінен
Біздің елдің шыға алмай.
Келе жатырмын, Қарасай,
Әлі саған сіңе алмай.
Қуып жетер деп келемін,
Арттағы елге сене алмай.
Күн шыққанша, Қарасай,
Көкөзектен өтпесең,
Сонан өтіп кетпесең,
Жау жағадан сығады.
Ат шаршады, жалғызсың,
Таба алмаспыз амалды.
ұрыс қылсаң кідіріп,
Кеудеңде жаның мың болсын,
Желкеңнен Өгіз қияды.
Сонда Қарасай: «Бұл мені қорқып келе жатыр деп отыр екен
ғой. Айтқанымды қылмайтын қызды ауылға апарып қайтем?
Осы арада жатайын. Артымнан қуғыншы келетін болса, шамам
келсе ұрысып, қызды сонан соң алып кетермін, шамам келмесе,
өзім қашып құтылармын» деген ой келіп, аттан түсті. шыл-
бырынан аяғына байлап қойып, «ұйқым келді» деп жата кетті.
Жату бойына Қарасай ұйықтап қалды да, қыз ұйықтамады.
Артынан қалмақтар да қуып келе жатыр екен. шаңын
бұрқыратып қуғыншылар үстерінен түсті. Қызыл ат шылбы-
рын тартқылап, батырды оятып жіберді. Қарасай атына қарғып
мініп, үстіне келген жаумен ұрысқа кірді, Қыз отырып қалды.
Асығыс ер Қарасай мінді атқа,
Қарамай қасындағы асылзатқа.
Жау келіп жатқан жерде қалды басып,
Бір өзі не қылады көп қалмаққа?!
Қызыл атқа айналып мінді азар,
шыдамай айқай, ұран, дабырыққа.
Аспанға аттың шаңы бұрқыраған,
Қараса ашық жер жоқ бұл жан-жақта.
ұрысып бет алдымен бола берді,
Сиынып жаратушы жалғыз Хаққа!
Келе жатыр ашып жолын қайрат қылып,
4290
4300
248
248
249
ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ
Сиынып Мәулімнияз әруаққа.
Еске алып Едіге мен Мұса ханды,
Сиынды өз әкесі ер Ораққа.
Ісіне өзі қылған пүшәйман жеп,
Келе жатыр көп опынып жалғыздыққа.
Қызыл ат екпінді емес бұрынғыдай,
Қырындап басын салып ұрынбайды-ай.
Мінгесіп түнімен шаршаған ат,
Жол жүрген он бес күндей тыным алмай.
Қыз түгіл қара басын қайттап кетті,
Барады Күнқияшқа бұрыла алмай.
Айналып ұрысуға шама келмей,
Қашуға талап қылды қойып маңдай.
«Жолдассыз өзім жалғыз, атым әлсіз,
Ертерек қашайын,—деп,—сырымды алмай».
«Құтқар!» деп бір Құдайға сиынады,
ұмтылып беті ашыққа әзер шықты,
Жалғыздап қалмақ қуып шұбырады.
Артынан жалғыз жеткен адам болса,
Күші артық, заманасын қуырады.
Болғанша намаздыгер қалмақ қалай,
Қысылып Қарасай ер сығылады-ай.
Қызыл ат екпіні бар емін-еркін,
Кідіріп бірте-бірте бұл ұзады-ай.
Сонымен Қарасайың елден шықты,
Қайырылып ханшаға да жолыға алмай.
Қарасай осыменен елге келді,
Қызды алып кейін қайтты қалмақ елі,
Бос кетті ханшаның да шын еңбегі.
Қолына Қарасайды түсіре алмай,
Зор қауіп қылып қалды кәпір тегі.
Салт басы Қарасайдың елге келді,
Ешкімге ұрысқанын білдірмеді.
«Айында сүмбіленің аттанам!» деп,
Қырымда қырық батырға хабар берді.
Әсеттің сол күндерде ортасы еді,
Жүруге серт қылыпты бір айда енді.
Өлеңді қоя тұрып, отырғандар,
Азырақ жалғастырам әңгімемді.
4310
4320
4330
4340
250
БАТыРлАР ЖыРы
250
251
Қарасай Қызыл аттың күшімен зорға қашып құтылып, елге
келді. Қалмақтар Күнқияшты алып қайтты. «Қарасай тірі
кеткен соң ақыры бізді табады ғой. Енді әскерімен келмесе не
қылсын?!» деп қалмақтар уайымдады. Қарасай қайда барғанын
ешкімге білдірмей жүре берді. Бірақ ел де мұның бірдеңеден
тауы шағылып келгенін сезгендей еді. Көп ұзамай Қарасай
қатынаушы керуеншілер арқылы Қырым ханы, сондағы қырық
батырдың басшысы—жиені Жасаралға хат жіберді. Бұған
барлық шынын айтты. Бірнеше күндерден соң Жасаралдан ха-
бар келді. Сүмбіле айында аттануға келіскен екен.
Сүмбілеге он бес күндей азық-түлігін, қару-жарағын
қайымдап, Жасаралдың келуін күтіп жүргенде, бір күні Қызыл
ат жамандатып өліп қалды. Ат өліп қалған соң, қайтадан
Сұлтанайға «ат сатып алып бер» деп баруға ұялды. Баяғы таз
кебіне түсіп, жаяу сандалып қалды.
Сол заманда ноғайлы Қара, Сары болып екі арысқа бөлінетін.
Бұлар Қара ноғайлыдан. Сары ноғайдың іргесі кең, халқы көп
еді. Сары ноғайда айтқаны болып, таланы жүріп тұрған Жәніке
деген би бар еді. Жәнікенің Қанаттықара деген тұлпары бар-
тын. «Жауға мініп баруға Қанаттықараның майын сұрайын.
Бермесе, «несиелеп сат деп айтайын» деп астына бір жаман
мұқыр мініп, Жәнікенің үйін іздеп шықты.
Жәнікенің үйін бір жерден тауып алды. Жаман атын
Жәнікенің жанына тұсап тастап, есіктен келіп, төрде отырған
Жәнікеге сәлем беріп, толғап тұр:
—Ассалаума әлейкүм,
Жасы үлкен қарт аға-ай!
Ойыма алған сөзімді
Үлкенге айтам тартынбай.
Темір қақпалы Дербентке
Аттанар болды халқым-ай!
Ат деген ердің қанаты,
Мінетұғын атым жоқ,
Сұңқардай інің талпынды-ай.
Қызыл атты Сұлтанай
Сатып алып беріп еді,
Қырық нарға қазына
ылғи жібек артып-ай.
4350
250
250
251
ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ
Өліп қалып Қызыл ат,
Бұрынғы тарттым салтым-ай!
Әдейі арнап, Жәніке,
Би деген соң мен келдім.
Жақсыны қайда іздедім?!
Үш ұйықтасам ойда жоқ
Себебіне кез келдім.
Жетім қалған ініңмін,
Атаны көрген ағамсың,
Сол жақсыға теңгердім.
Би Жәніке сен болсаң,
Жұмысын сұра келгеннің?
Ноғайлының ары үшін,
Парқадар таппай жүргенмін.
Жүрейін деп тұр едім,
Белімді байлап талапқа.
Астыма мінер атым жоқ,
Ат деген ерге қанат та.
Атыңды бер, әй, Жәке,
Ініңді төмен қаратпа!
Беретұғын пұлым жоқ,
Барым болса қолымда
Аяйтұғын кеулім жоқ.
ықпалым жүрсе жөнделіп,
Жеткізермін мұратқа!
Сұрай келдім атыңды
ұшқан құстай қанат-ты.
Інім десең, биеке,
Бересің маған Қара атты.
Өліп қалды, биеке,
Сұлтанай берген Қызыл ат.
Ноғайлыда бұл жерде
Кеуілім кеткен сіздің ат.
Ахметтен сұрап болмайды,
Ол да өзімдей асылзат.
Қатты кеуіл Мұхтар бай
Сұрағанмен бермейді,
Ала-алмасам ол ұят.
Атыңды сұрап келіп тұр
4360
4370
4380
4390
252
БАТыРлАР ЖыРы
252
253
Ағаңнан қалған зүрият.
Қырымдағы ерлермен
уәде қылып тұр едім,
Атым өліп, болдым мат.
Атыңды қисаң босқа бер,
Болсын десең кеуілім шат.
Қимасаң, қымбат бәсін айтып,
Несиелеп атың сат!
Қарасай мұны айтқанда,
Би Жәніке сөйледі.
Мамық көпшік шынтақтап,
шіреніңкіреп көлбеді.
Кәнеки, тыңда, ағалар,
Сөзінде би бүй деді:
—Келіп пе едің, Қарасай,
Менен атты алмаққа?!
Аттанайын деп пе едің,
Қыл жалаулы қалмаққа?!
Ахметті көресің,
Менен артық ардақты.
Абайладым сөзіңді,
Мұхтар да менен салмақты.
Қайдан таптың, сен жетім,
Олардан жеңіл қаңбақты?!
Жалғыз барып қалмаққа,
Таптың ба пайда ол жақта?!
Қолыңнан келмей ешнәрсе,
Хабар бердің жан-жаққа.
«Несиелеп ат сат» деп,
Қалмақтың бұзып қамалын.
Кеуіліңді байқадым,
Жүр екенсің байымаққа!
Беретұғын атым жоқ,
Олардан төмен қатын жоқ.
Іс қылатын көппенен
Бір сен емес, батыр көп!
Келіспеді жауабың
Сөзіңді айт аулаққа!
Тыңдамаймын, шырағым,
4400
4410
4420
4430
252
252
253
ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ
Табылмаған сөзіңді.
Бір адамнан кеммін деп
Жүрген жоқпын өзімді.
Жеңіл санап келіпсің,
Отырмын байқап сөзіңді.
Аруағың жоқ атандай,
Білемін, жетім, жөніңді.
Мен атымды бермеймін,
Олжала, жетім, теңіңді!
Мұнан былай абайла,
Мен Сары ноғай адамы
«Бір тай алып берді» деп,
Орныңа қойдың тамаңды.
Атаң келген келімсек,
Біліп жүрсің шамаңды!
Тіл жалмаған Күреңат,
шегіршін басты Кербедеу
Екі тұлпар ұстаған
Мүсеке менің ағам-ды.
Бере алмаймын атымды,
Білдіргенім шамамды.
Байқап едім сені мен,
шықпайды сөзің кеуілімнен!
Тіл жалмаған Күреңді
Сұраған Орақ ала алмай,
Ол да осындай сөзінен.
Қайратына қызығып,
Телағысқа берілген.
Онан артық тұлпар жоқ
Сулығын шайнап кемірген.
Ала алмайсың менен ат
Туысыңның кемінен!
«Бермегені несі?!» деген жұрт,
Жолын тапқан көзімен.
Ақылы артық сыншылар
Қоя алмас кінә «бермеді» деп,
Сөзі шықса кеуілден.
Сөз табылса бас берем,
Қанаттықара тұлпарды
4440
4450
4460
4470
254
БАТыРлАР ЖыРы
254
255
Туымды ерге бос берем.
Бере алмаймын атымды,
Себебі, жетім, өзіңнен!
Осылай айтып Жәніке,
Мырзаға атын бермеді.
«Келімсек» деген сөзінен
Мықтап кеулі кірледі.
Өніп-өскен Сары ноғай,
Ол заманда іргелі.
Жау болуға мұнымен
Ойлайды, жөні келмеді.
Көрінгенмен жау болса,
«Қош көрмейді ел» деді.
Бірін артық, бірін кем
Жаратқан Алла пендені.
Беретұғын кеулі жоқ,
Төсекте биің көлбеді.
Үйден шықты Қарасай
Төмен қарап бүгіліп.
Қайта сөйлер жан емес,
Тұратұғын кідіріп.
Ахмет, Мұхтар аты бар,
Ахметті дегенге
«Артығырақ заты бар»,
Осыған кетті Жәніке,
Әсіресе, еліріп.
Атты ала алмай бос қайтты,
Өз сөзінен сүрініп.
Мінетұғын аты жоқ,
Қайтып келді аулына,
Жәнікеден түңіліп.
Аулына қайтты Қарасай,
Бір жаман жабы мінгені.
Ері кетіп мойнына,
Танауын қағып жүрмеді.
Жарты жолға келгенде,
Айдалаға түстенген
Бір керуенге кез келді.
4480
4490
4500
4510
254
254
255
ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ
шәйнек іліп, мосы асқан,
Кейбіреуі ет асқан,
Жайбарақат көрінеді.
Ақ киіз төсеп астына,
Бір кейқұда ақсақал
Қос алдына көлбеді.
Сонда тұрып Қарасай,
Өзі жалғыз оңаша-ай,
Ат үстінен сөйледі:
—Оң болсын сапарыңыз, отағасы,
Еділдің шыққан жерің қай арасы?
Малыңды пұлдап сатып қайтатұғын,
Айтыңыз, тауарлықтың қай қаласы?
Жөнімді өзім айтып білдірейін,
Кешегі ер Орақтың мен баласы.
Тұр едім бір талапқа белім байлап,
Қалмаққа қыл жалаулы—діннің қасы.
Дербентке темір қақпалы құмар едім,
Қорғаны шойын мен мыс араласы.
Қырымдағы қырық батырға хабар бердім,
Жүретін он бес күндей жол шамасы.
Мінетін астымдағы атым өліп,
Дал болып, шайқалып тұр інің басы.
Әй, аға, сататұғын затың қандай?
Еліңде аты шыққан батыр бар ма-ай?
Өтініп сұрағанда беретұғын,
Я көріп, я естіген атың бар ма-ай?
Жаяулық інің есін алжастырды,
Мінетін бұл сапарға атым болмай.
Жалғыз ат жауға мінер болмаған соң,
Жігіттің кемиді екен жарым жасы-ай.
Естіген, яки білген атың болса,
Жұмысым тишымайды ақырланбай.
Келбетің, кейпің келген аға екенсің,
Кәнеки, айтшы маған ақылыңды-ай?!
Жаяулық жарлылықпен қабаттасты,
Еріксіз ел де тыныш отырғызбай.
Аты бар ер кеуілді адамды айт,
Жат барса, жарқылдайтын жатырқамай?
4520
4530
4540
4550
256
БАТыРлАР ЖыРы
256
257
Бұл адам жауап берді сонда былай:
—Жүрмісің аман-есен, Қарасайжан,
Атыңды естігенмен көргенім жоқ,
Белгілі ноғай болса ата-бабаң.
шырағым, білгенімді неге айтпайын,
Тілімді аяйын ба, мырза саған.
Еділдің шыққан жерім аяқ жағы,
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|