Ентіктіріп тұлпарын,
Егізбай мен Сегізбай—
Екі батыр желікті.
Қан құйылып көзіне,
Тарылып алқым демікті.
Желігіп те демігіп,
Сәуленің алтын ордаға
Екеуі жетіп келіпті.
Даярлаулы қаруы,
Қақпасына орданың
Емініп жетіп барулы.
«Орда ішінде кім бар?» деп,
Жынданып айқай салулы.
Айқайлаған дауысы
Төрехан менен Сәуленің
Құлағына барулы.
Құлаққа дауыс жеткесін,
Төрехан төре саналы
Терезеден қарады.
Көрді сонда жас дана
Егіз бен Сегіз ағаны.
24-310
450
460
470
480
370
БАТыРлАР ЖыРы
370
371
—Ініге аға серік-ті,
Сәуледей асыл анамыз,
Екі балаң келіпті.
Ажар-түсі тым қату,
Бұлар неге желікті?
Атасы басқа, жаттай-ақ
Үйіріп қолда найзасын,
Терезеге төніпті.
Тума болса екеуі,
Үйге неге келмейді?
«Жасы жеткен анам» деп,
Неге сәлем бермейді?
Қанша тума болса да,
Бұларға көңілім сенбейді.
Дұшпандықпен келсе олар,
Жалғыз да болса қарашың
Қорлығына көнбейді.
—Төрехан шық!—деп Егізбай
Қақпадан айқай салып тұр.
Ақылмен байқап қараса,
Дұшпандығы анық-дүр.
Сонда Сәуле сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
—Алыстан емес жақыннан,
Жаттан емес туғаннан,
Жауың, балам, табылды.
Жауың жақын болғасын,
Тартпа, балам, қарыңды.
Кеудеден жаның кеткенше,
Қолдан берме арыңды.
«Туысқаным, інім» деп,
Түрі жоқ сені аяған.
Ол екеу де, сен жалғыз,
Сескеніп бойың баламан.
Жасық туған ұл болсаң,
Тегімнен бол садағам.
Ер жүректі болмақ жоқ,
Кекті жерде қарыспай,
490
500
510
370
370
371
ТӨРЕХАН БАТыР
Дұшпанмен қарсы алыспай.
Жақыннан дұшпан болғасын,
Қаса жасық болмасаң,
Жалғызым, қойма жанышпай.
шешесінің бұл сөзі
Ерге қайрат береді,
Бойына жігер толады.
Булығып ыза-ашуға,
Теңізде асау толқындай
Жүрегі тулап соғады.
Қаһарға бала тынады,
Бой, денесі қызады,
Көзінен ұшқын шығады.
Бес қаруын асынып,
Қақпа аузында сұмдарға
Төрехан қадам ұрады.
Төрехан сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
—Туысқан ағам—сен,—дейді,
Туған інің—мен,—дейді.
Ат үстінен, қос батыр,
Түспегенің нең?—дейді.
Сәуледей асыл анаңа,
Түсіп сәлем бер,—дейді.
Тіл қатпады қос батыр,
Екі жақтан қамады.
Өлтірмекке ұмтылды
Төрехандай баланы.
Бірақ Төре қынаптан
Суырып қанжар алады.
Олар екеу, бұл жалғыз,
Қарсы келіп қалады,
Көздері оттай жанады.
Тоғысып қайта келгенде,
Жақындай тағы бергенде,
Сегізбайдың санына
Төрехан қанжар салады.
520
530
540
550
372
БАТыРлАР ЖыРы
372
373
Бірге туған бауыры
Өлтіруге аяды.
Қанжар тиген Сегізбай
Санын басып құлады.
Кенет батыр Төрехан
Алыса кетіп Егізбен,
Астына бүктеп ұрады.
Таянғанда қанжары
Алқымына Егіздің,
Арасына бұлардың
Сәуле келіп құлады:
—Төрешім, балам, сен,—деді,
Сенің анаң мен,—деді.
Бөтен емес, өз ағаң—
Егізбай мен Сегізбай.
Ашумен бір іс істеген
Ағаңды жықтың күшпенен.
Бұрынғыдан нақыл бар
«Түбі бірге түптеген,
Сауғаға жанын бер» деген.
—Бопса қылған аға еді,
Кешірейін, көнейін.
Анам, тілек тіледің,
Мұның бөтен демейін.
Өкпелеген ағамның
Жолына тағын берейін.
Туысқаным, екі ағам,
Ордаға түс те, қонақ бол,
Құрмет етіп көрейін!
Ордаға кілем салдырды,
Үстіне мақпал жайдырды,
Алуан тағам алдырды.
Қонақ етіп құрметпен,
Арақ пенен шарапқа
Екі ағасын қандырды.
Татулыққа той етіп,
Малды түрлеп сойдырды,
Халықты жиып той қылды.
560
570
580
590
372
372
373
ТӨРЕХАН БАТыР
Келген жанның бәріне
Тағам, шарап қойдырды.
«Достасқанды көрсін» деп,
Қарашашқа тезінен
Жіберді шабар «келсін» деп.
Егізбай мен Сегізбай
«Жалғызды жазым етті-ау» деп,
Отырған жылап еңкілдеп,
Көзінің жасы мөлтілдеп.
шабар хабар бергесін,
Қуанып көңілі еркіндеп,
Үш баланың достығын
Қарашаш сұлу ойға алып,
Қуаныш ойын толқытып,
Ақылмен тоқсан толғанып,
Сәуленің мекен ордаға
Қарашаш жүрді жолданып.
«Қарашаш қашан келед» деп,
Сәуле менен Төрехан
Жолын күтіп қарады.
Күн еңкейіп келгенде,
Мінген аты Боз тұлпар,
Қамқадан асыл кигені,
Достасқан үш перзентін
Көруге көңілі боп іңкәр.
Төрехандай ұлына
шашуға деп қондырып
Иығына ақ сұңқар,
Астындағы Ақбозын,
Ескен желдей сулатып,
Қос танауын пырлатып,
Ел көңілін қуантып
Сарыжаның жебе оғындай
Қарашаш келіп қалады.
Сәуле менен Төрехан
Алдынан күтіп алады.
Қарашашқа құрметпен
Бел бүгіп қолын жаяды.
600
610
620
630
374
БАТыРлАР ЖыРы
374
375
Ақбоз аттан түсіріп,
Сүйемелдеп екеуі,
Ордаға алып барады.
Қарашаш кірер ордасын
Кілең қызға бақтырған.
Кілем жайып үстіне,
Хош иісті шаштырған.
«Ордасы көркем болсын» деп,
Ақ мақпалдан жаптырған,
Гауһардан шамдар жақтырған.
Үй ішіне келгесін,
Балаларын аман көргесін,
Төрехандай баланың
Саулығына сенгесін,
Егізбай мен Сегізбай,
Төреханмен үшеуін
Қарашаш сұлу шақырды:
—Егізбай мен Сегізбай,
Қара ниет неме едің,
Ақылсыз, мисыз кем едің.
Төрехандай баланың
Қанын төгіп өлтіріп,
Тағын алам деп едің.
Қайғылы мені еткенде,
ұрып жығып кеткенде,
Екеуің де ер едің.
Төрехан жалғыз, сен екеу,
Айтқаныңа жетпедің.
Ақ сүт берген анаңды
Сыйлап құрмет етпедің.
Ақылсыз, мисыз жарымсың,
Анаңды сабап өктедің.
Тоғыз ай, он күн көтерген
Еңбегім босқа кеткенің.
Ісіне қарап іс қылмай,
Жаулық қылған жақынды,
Төрехандай балам-ау,
Өлтірмегенің не еткенің?!
640
650
660
374
374
375
ТӨРЕХАН БАТыР
Сәуле сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
—Айтқаның жөн, Қарашаш,
Әзәзіл шайтан азғырса,
Бір-біріне тума қас,
Жастықпен артын ойламас.
Адасып азған күнінде
Араз болып кім тұрмас?!
уа, Қарашаш, Қарашаш,
Татулық шегін шешейік.
Атадан қалған үш жетім—
Тілегінде өтейік.
Жастықпенен болған іс,
Кел, күнәсін кешейік.
—Күнәңді кештім, шырағым,
Үшеуің тату болғасын,
Болып та тұр, міне, мұратым.
Өмір, заман өткенше,
Татулық болсын тұрағың.
Осыменен, балаларым,
Батамды тамам қыламын!
Қарашаштың келген жер—
Татулыққа той етіп,
Халық қызық көрген жер.
Көп жиналған халқына
Қарашаш, Сәуле бәйбіше
Алтыннан шашу берген жер.
Жасы жеткен қариялар
Достығының ерлердің
шашуы деп ат алды.
шашу елге беруге
Қысырақ бөліп, мата алды.
Тізе бүгіп, қол жайып,
Балалар елден бата алды.
Алтын табақ атқан күн,
Ел қызыққа батқан күн.
Бірлігіне үш ердің
Қарашаш, Сәуле бас қосып,
670
680
690
700
376
БАТыРлАР ЖыРы
376
377
Табақтап алтын шашқан күн.
Халық қызық көрген күн,
Тумаға тума сенген күн.
Достығына баллардың
Есепсіз шашу берген күн.
Егізбай мен Сегізбай
Тумасымен табысып,
Достасып құшақ жайған күн.
Екі тума ағасы
Сияпат, сыйлық алысып,
ырзаласып қоштасып,
Екеуі қайтты аулына
Арқызыл мен Сарқызыл
Қос тұлпармен жарысып.
Дана Сәуле қасында
Қарашаш сол күн қалады.
Ерлігіне Төренің
Ана кеулі толады.
шыққаннан соң аулаққа,
Егізге Сегіз сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
—Ай, Егізбай, басшымсың,
Батыр, сенің не еткенің?
Алдағанға алданып,
Қалай болды кеткенің?
Серт ойлаған ағасың,
Сынық болды ерлікке,
Мақсатты тамам етпедің.
Тұлпар міндік баптаулы,
ұшқырлы найза саптаулы,
Өткір алмас таптаулы,
Қынапқа қылыш қаптаулы.
Алдап едім, Сегізжан,
Дұшпандығым сақтаулы.
Ат басын кейін бұралық,
Ат—жігіттің қанаты.
ұрлап алып Қара атын,
710
720
730
740
376
376
377
ТӨРЕХАН БАТыР
Қос қанатын қиялық.
Жедел еткен жігітке
Осы болар лайық.
Бұ секілді зәбірге
Не себепті шыдайық.
Ойлаған ойға жетейік,
Бірге туған бауыры
Қарындасы Ханбибі
ұрлап алып шіркінді,
шын қайғылы етейік.
Көрген қорлық баршасын
Қараманға баяндап,
Іштегі сырды шешейік.
Сонда Сегіз сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
—Су тасады сағадан,
Ақыл өсер ағадан.
Айтқаныңның бәрі жөн,
Қара көркей Төрені
Туысқа тіпті санаман.
Сенің айтқан сөзіңді
Егізбай көңілім қалаған.
Қара ат пенен Ханбибі
ұрлап алып екеуін,
Бүгін-ақ шығып кетейік
Сәуленің сәнді қаладан.
Елдің шығып шетіне,
Осы ақылды ойлады.
Арамдығын қоймады,
Зұлымдыққа тоймады.
Бір-бірі сөзін мақұлдап,
Қаралдарын қолдады.
Пиғылы арам, залым ит
Ақырында оңбады.
Түн ортасы болғанда,
Екеуі келіп торыды
Сәуленің сәнді орданы.
750
760
770
780
378
БАТыРлАР ЖыРы
378
379
Сонда Егізбай сөйледі:
—Жеделге кім нық тұрса,
Бәтуалы ер,—деді.
уәдені, Сегізім,
Берік ұстар жер,— деді.
ұйықтаған ба Төрехан,
Көзіңменен көр,—деді,
Көріп хабар бер,—деді.
Ағасының айтқанын
Інісі қабыл алады.
Төрехан жатқан ордаға
ұрлана басып барады.
Терезеден көреді
ұйқыда жатқан дананы.
Қатты ұйқысын біледі,
Алып ұшып жүрегі
Егізбайға асығып,
Бүкшеңдеп басып жүреді.
«Төрехан ұйықтап жатыр» деп,
Қуанады, күледі.
Қара ат пен Ханбибі
ұрлап кету—тілегі.
Қара атты баққан сарайға
Егізбай бұғып барады.
Топсасынан талқандап,
Қақпа есігін шабады.
Қарға жүнді қара атты
Екеуі ұрлап алады.
—Ей, Егізбай, ағайым,
Түрікпеннің еліне
Жүру болды тағайын.
Алмасты қайрап алайын,
Жолда біреу тап болса,
Кім екенім білдірмей,
шықшыттан басын қағайын.
Терезесін талқандап,
Аузы-басын таңайын.
790
800
810
378
378
379
ТӨРЕХАН БАТыР
Осы арада күтіп тұр,
Ханбибі атты ханшаны
Өзім-ақ ұрлап алайын.
ұлықсат алып ағадан,
Алмасын қайрап алады.
Ханбибі жатқан орданың
Терезеге барады.
Қыз күзеткен азамат
Сегізді көріп қалады.
ұстауға жақын келгенде,
Қанішер залым Сегізбай
Алмасымен шабады.
Қапыда қан боп бейшара,
Қылыш тиіп құлады.
Терезені қиратып,
ұйқыда жатқан жерінде
Бибіні ұрлап алады,
Аузы-басын таңады.
Еш дыбысын шығармай,
Бауырына алып барады.
Қыз бен атты алғасын,
Екеуінің көңілі өседі.
Залымдықпен жауыздар
Дегеніне жетеді.
Талақ салып халықты,
Елден шыққан сұрқия
Егізбай мен Сегізбай
Сол түннің-ақ ішінде
Түрікпен жаққа кетеді.
Түн ортасы болғанда,
Төбеден жұлдыз ауғанда,
Сегізбай шапқан күзетші
Есін жиып алады.
Ақыл тоқып көңіліне,
Жан-жаққа көзін салады.
Демі бітіп, алқынып,
Мойнынан қан ағады.
820
830
840
850
380
БАТыРлАР ЖыРы
380
381
Әр бұтаға сүрініп,
Қан жылыстап шұбырып,
Төрехан жатқан ордаға
Сүйретіліп барады.
Төреханның құлағы
ыңырсыған дауысын
ұйқыда жатып шалады.
ұйқысынан оянып,
Көтеріп басын алады.
Аласұрған шыбын жан,
Үсті-басы қызыл қан
Аққан судай жылыстап,
Қойынына құйылған.
Күзетші сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
—Халықтың ханы Төрехан,
Басыма қорлық жетті ғой,
Асылы арам жаман ит—
Егізбай мен Сегізбай
Түп-түбіме жетті ғой.
Қарауылда тұрғанда,
Иықтан шауып кесті ғой.
Сарайға барсам, Қара ат жоқ,
Атыңды алып кетті ғой.
Арам жедел қуған ит,
Ел батасын бұзған ит
Асылы жақсы атадан
Ақылсыз, Құдай ұрған ит,
Асылы жақсы атадан
Азғын болып туған ит
уағдадан тайып, ант ұрып,
Абыройын төкті ғой.
Төрехан сонда шамданып,
Ашуланып сандалып,
Қара ат тұрған сарайға
Жүгіріп барды қамданып.
Аңсызда іс өтіпті,
Адалдықтан көңілі жоқ,
860
870
880
890
380
380
381
ТӨРЕХАН БАТыР
Арамнан еткен кәсіпті
Егізбай мен Сегізбай
Мақсатына ойлаған
Зұлымдықпен жетіпті.
Талқан қылып есігін,
Қара атты алып кетіпті.
Орала беріп Төрехан,
Ханбибі жатқан сарайдың
Терезесін қираған
Көзі көріп қалады.
Алып-ұшып жүрегі,
Жүгіріп шапшаң барады.
Бірге туған Бибідей
Қарындасы тағы жоқ,
Қайғымен Төре жанады.
Тұла бойы тітіреп,
Алғыр бүркіт секілді
Қарыс түсіп қабағы,
Жынданған пілдей шамданып,
Сәуле менен Қарашаш
Анаға жетіп барады,
Бара сауал салады:
—Қарашаш, Сәуле анам-ай,
Егіз бен Сегіз балаң-ай
Істеген ісі жаман-ай.
Қорлығы еске түскенде,
Ішім оттай жанады-ай.
Екеуі ұрлап кетіпті
Атамнан қалған Қара атты,
Ханбибідей баланы-ай!
Миығыма мұз тоңып,
Бұрылмастай күн болды.
Қапа қалың қар жауып,
Қайрылмастай күн болды.
Жарқыраған жарық күн
Қараңғы түнек түн болды.
Қайғырамын қапамен,
Ер басыма сын болды.
Көңіліме дақ түсіп,
900
910
920
930
382
БАТыРлАР ЖыРы
382
383
Көкірегім кір болды.
Арт жағыма қарасам,
Өткел бермес терең жар,
Асырмас алдым қыр болды.
Қара орманым—жиғаным,
Ақырында тұл болды.
Қаптан биік Қаратау
Үстіме менің құлады.
Жан сүйегім сықырлап,
Қабырғам күйреп сынады.
Ашу қысқан көңілім
Қайда барсам тынады?!
Екі сұмның азабы
Жас кеудемді сығады.
Бірге туған бауырым,
Бауырым еске түскенде,
Қайғының көрем ауырын.
Иесіз қалар екі анам,
Алтын орда ауылым.
Жауға кеткен секілді
Үйрек жүнді оттасым,
Қарға жүнді қаттасым,
Серпіп қаққан қанатым,
Ханбибідей бауырым,
Осы айтқаным анық-ты.
Тума қорлық бергесін,
Ашумен Төрең зарықты.
Ханбибі мен Қара атты
Екі ағам ұрлап алыпты.
Бауырым жауға жіберіп,
Көрмен сәуле-жарықты.
ұлықсат бер, іздеймін,
Естісін халқым даңқты.
Әркімге де бақ керек,
Патшаларға тақ керек.
Ақ сүт берген екі анам,
Төреханға ат керек.
940
950
960
382
382
383
ТӨРЕХАН БАТыР
Сонда Сәуле сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
—Саспа, балам Төрехан,
Енші атың арнаулы
Көрінбей жанға бағылар.
Қайғы шекпе, жалғызым,
Мінуге тұлпар табылар.
Өзің аман қалғасын,
Жат-жұрттыққа жаралған
Жауға кеткен бір қызды
Қумай-ақ қойсаң не қылар?!
Ақыл салсаң анаңа,
Еш қайғырма, құлыным,
Қарға жүнді қара ат пен
Ханбибідей балаға.
Өзің аман қалғасын,
Қара ат пенен Ханбибі
Төрехан сенен садаға!
Сұрама, анам, тіл алман,
Енді мұнда тұра алман.
Жақсылық пенен жамандық
Жазған шығар бір Аллам.
Қаһарлансам жау қалмас
Белімдегі құралдан.
Етегін түріп жау қашар
Балаң салған ұраннан.
Сыр алдырып дұшпанға,
Сірә да, шешем, сыналман.
Ханбибіні алып қайтармын
Жасанған жау құралдан.
Қайтпаймын алған бетімнен,
Тіл алман, анам, тіл алман!
Екі анасы қасында,
Атты баққан сарайға
Батыр Төре келіпті.
Ардақтап баққан тұлпарды
Өз көзімен көріпті.
Төңкерілген сауыры,
970
980
990
1000
384
БАТыРлАР ЖыРы
384
385
Келбетті құла келіс-ті.
Денесінің бәрі тең,
Қабырғасы шеңберлі,
Жоны тұтас тегіс-ті.
Арпа менен сүт беріп,
Бағып Сәуле мас қылған.
уайымсыз тұлпарды
Жақсы баққан, шат қылған,
Торқадан жабу жаптырған.
шылбырына Құланың
Жібектен есіп тақтырған.
Қос құлағын тігілткен,
Ортекедей ойнатып,
«Құланың көңілі өссін» деп,
Еш адамға көрсетпей,
Оңашада жүгірткен.
Кем бақпаған анасы
Қарға жүнді Қара аттан.
«Керек болса мінсін» деп,
Бабыменен жаратқан.
Жез тарақпен таратқан,
«Жалы жұмсақ болсын» деп.
Көтендігі шығыңқы,
Келбеті артық әр аттан.
Қос жұдырық сиғандай
Үңірейген сағақтан.
Жал-құйрығы салынған,
Азырақ аттың еті ауыр
Жоны майға малынған,
Ардақтап жақсы бағылған.
Төрехан ердің бағына
Қулықтан құла табылған.
Асығып тұр Төрехан
Құла атқа мініп алуға,
Тезірек жауға шабуға.
Ізгі қолын беруге
Қапаста жатқан бауырға.
Құлашаның басына
1010
1020
1030
1040
384
384
385
ТӨРЕХАН БАТыР
Алтын жүген салады.
ширата күміс құйысқан
Нақышты ерге тағады.
«Түгіне жұмсақ тисін» деп,
Мақпал тоқым салады.
Еріттеп алып, саймандап,
Атын сынап қарады.
Тұрманы атқа жарасқан,
Батырға тұлпар жағады.
Аттың көзін жайнатып,
Ауыздығын шайнатып,
Құрығыменен ойнатып,
Олай-былай сыдыртып,
Ортекедей жүгіртіп,
Құлын сауыр, құлан жал
Ерекше белін бүгілтіп,
Атты баптап алыпты.
Көңілінде қалмай уайым,
Қуанғаны ердің анық-ты.
«Рұқсат бер анам» деп,
Қарашаш пен Сәулеге
Бала тілек салыпты.
—Анаңның тілін алыңыз,
Астыңа Құла ат мінгесін,
Кетпес жауға арыңыз.
Хабарсыз жатқан халқыңа
Бүгін хабар салыңыз.
Ханға лайық сол болар,
Әскер жиып алыңыз.
Құралданып қол жиып,
Салтанатпенен барыңыз.
Ақылменен ойласам,
Осы болар сәніңіз.
Анасының бұл сөзін
Төрехан мақұл көреді.
«Жиылсын,—деп,—азамат»,
Халқына әмір береді:
25-310
1050
1060
1070
1080
386
БАТыРлАР ЖыРы
386
387
—Елімнің батыр ұлдары
Алмас қару қайрасын!
Атқа мінген азамат
Біреуі кейін қалмасын!
Жеделге мінсін байтақ ел,
Ат жүйрігін таңдасын!
Елге әмір салыпты,
Ерлерін жиып алыпты.
Қаруланып келді ерлер
Атағы шыққан даңқты.
Қарашаш сонда сөйлейді:
—Қайырлы болсын, шырағым,
Жинаған батыр жолдасың.
Нағашыңның ескі әруақ
Қысылған күнде қолдасын.
Қастық қылған дұшпаның
Бұ дүниеде оңбасын.
Әруағы бабаңның
Еңсеңе келіп орнасын.
Дұшпандық қанша қылса да,
Асыл бірге түрікпен
Қараманның талқандап,
Бұза көрме ордасын!
Жабдықтап ерлер ат мінді,
Ат құйрығын шарт түйді.
Жарқылдап күнге найзасы
Сапар шекті, жол жүрді.
Тыным алмай күндіз-түн,
Азғана емес мол жүрді.
Төрехан батыр алдында,
Артында қалың қол жүрді,
Түстік жерге соң жүрді.
Күндіз жарыс, аударыс,
Түнде айтыс, өлең-жыр,
Көңілі шад боп жүрді.
Қол алдында Төрехан
Атын сынап алуға,
1090
1100
1110
386
386
387
ТӨРЕХАН БАТыР
Санға қамшы басады.
«шүу» дегенде жануар
Арандай аузын ашады.
Әрі-бері шапқан соң,
Ақ көбігін шашады.
Белес-белес қырқадан
Соққан желдей аңқылдап,
Жануар құла асады.
Төрт аяқты аңдарды,
Тура келіп кеткенін
Тұяғыменен басады.
Сапардың жүрген орнына
Тұяқпен қағып жөнелді.
Аң кездессе жолында,
шаңын-шаңға қосулы.
Киік пенен құланның
Алдынан орап тосулы.
Жүрген жері жол болып,
Қазылып ордай осулы.
Бір құлағы тігіліп,
Бір құлағы жығылып,
Ақ маралдай бүгіліп,
Сауырынан аққан тер
Құндыздықтан құйылып,
Тебінгісі терлейді.
шапқан сайын өрлейді,
Құлашын жайып сермейді.
Қатар ұшқан қаз бен қу
Қапталына ермейді.
Жоны қызып жануар,
Сай-саланы көрмейді.
Кекіл қағып шұлғыды
Орғып жануар құлаша
Оқ жыландай ырғыды.
Жал-құйрығын жел соғып,
Жұлдыздай аққан сырғыды.
Бір жабынды астынан
шыға келіп бір түлкі,
Бұлаң етіп жөнеді.
1120
1130
1140
1150
388
БАТыРлАР ЖыРы
388
389
Астындағы тұлпарды
«Жетпеймін бе бұған» деп,
Тебінгіден тебеді
Соғарына түлкіні.
Сол бойымен Төрехан
Бір төбеге жеткенде, Достарыңызбен бөлісу: |