«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының



Pdf көрінісі
бет27/28
Дата06.04.2017
өлшемі2,43 Mb.
#11120
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
«Қарасай—Қази». Қазір 

ҚР Білім және ғылым министрлігі Орталық ғылыми кітапхана-

сы мен М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының 

Қолжазбалар  қорында  жырдың  Мұрат  Мөңкеұлы,  Нұрпейіс 

Байғанин,  Айса  Байтабынұлы,  Мұрын  жырау,  Қашаған 

Күржіманұлы, 

Жақсылық, 

Сейіт 


жырау, 

Наурызбек, 

Тілеумағанбет,  Төренияз,  Қобылаш  Бекмағамбетов,  Қайролла 

Иманғалиев, Атаубай Мәмбетов, Өмірзақ Қалбаев т.б. жырлаған  

нұсқалары сақтаулы.

«Қарасай—Қази»  жырының  бір  нұсқасын  ел  аузынан  жа-

зып  алып,  жарыққа  шығарған,  пікір  айтқан  адамдардың 

бірі—Ғабдолла  Мұштақ  (Ғұмар  Қараш).  Ол  өзі  жазып  алған 

қысқа жырды «Әділ сұлтан» деген атпен 1910 жылы Орынбор 

қаласында  шәңгерей  Бөкеевтің  қамқорлығымен  құрастырып 

шығарған «шайыр» атты жинағына енгізді

1

.



«Қарасай—Қази» жырының Мұрат ақын жырлаған нұсқасын 

Х.Досмұхамедұлы  жергілікті  жыршы  ығылман  шөрековтен 

жазып  алып,  1924  жылы  Ташкентте  өзі  құрастырған  «Мұрат 

ақын  сөздері»  атты  жинаққа  енгізген.  Бұл  мәтін  1943  жылы 

жеке  кітап  болып  шықты

2

,  сонымен  қатар  1991  жылы  жарық 



көрген «Аламан» атты жинақта және «Алқаласа әлеумет» атты 

кітапта жарияланды.

Жырдың Нұрпейіс Байғанин нұсқасы 1946 жылы ақынның 

«Таңдамалы шығармалары» жинағына енді. 1946 жылғы басы-

1

 Ғ. Қараш. шайыр.—Орынбор, 1910.



2

 Мұрат Мөңкеұлы. Қарасай—Қази.—Алматы, 1943.



480

БАТыРлАР  ЖыРы

480

481


лымнан кейін көптеген қазақ эпостарымен қатар, «Қарасай—

Қази» жырын жариялауға тыйым салынды. Тек өткен ғасырдың 

80-жылдарының соңынан бастап «Қарасай— Қазиға» оралудың 

сәті түсті.  1989 жылы аталған жырдың Мұрын жыраудан жа-

зылып  алынған  нұсқасы  «Батырлар  жырының»  5-томында 

жарық көрді.

«Қарасай—Қази»  жырының  Қашаған  нұсқасы  1991 

жылы  баспа  бетін  көрген  Қашаған  ақын  шығармаларының 

«Топан»  атты  жинағына  кірді

3

.  Ал  Нұртуған  Кенжеғұлұлы 



жырлаған  «Қарасай—Қази»  эпосы  1994  жылы  жарияланды

4



Қ.Иманғалиев  варианты  1988  жылы    күйтабаққа  (Алматы, 

«Мелодия») жазылды.

«Қарасай—Қази» жайында бірқатар ғылыми мақалалар мен 

зерттеу еңбектер жазылды. Бұл орайда ш.уәлиханов, Ғ.Қараш, 

Х.Досмұхамедұлы,  М.Әуезов,  Ә.Қоңыратбаев,  Р.Бердібаев, 

Д.Есенжанова  сынды  ғалымдардың  ғылыми  еңбектерінде 

құнды ой-пікірлер келтірілген

5

.



Томға  еніп  отырған  «Қарасай—Қази»  жырының  Қобылаш 

Бекмағамбетов 

жырлаған 

нұсқасы 

бұрын 


еш 

жерде 


жарияланбаған.  Эпостың  қолжазбасы  ӘӨИ-дің  Қолжазбалар 

қорында (ш. 897) сақтаулы. Осы жырдың мәтінін жинап алып 

келген М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының 

1987 


жылғы 

Маңғыстау 

экспедициясының 

мүшелері: 

Қ.Сыдиықов,  ш.Керімов  және  Т.  Ғаитов.  Эпос  мәтіні  кеңсе 

қағазына қара сиямен кирилл әрпінде жазылған. 

Жырдың кіріспесі шежірелік мәліметтер мен Мұса ханның 

дүниеден  өтер  алдындағы  өсиетінен  басталады.  Ал  жырдың 

композициясы  бір-біріне  жалғасып,  оқиғалары  кезектесіп  да-

мып  отыратын,  яғни  Қарасай  мен  Қазидың  ғажайып  дүниеге 

3

  Қашаған Күржіманұлы. Топан.—Алматы, 1991.



4

 Қарасай—Қази. Нұртуған. /Кәнеки, тілім, сөйлеші./ Құрастырған—Ә. Ос-

панов.—Алматы,1994.

5

  Әуезов  М.  Жжиырма  томдық  шығармалар  жинағы.  17-том.—Алматы, 



1985; Ғ. Қараш. шайыр.—Орынбор, 1910; Досмұхамедұлы Х. шығармалары. 

Аламан.—Алматы, 1991; Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және түкология.—Ал-

маты, 1987; Бердібаев Р. Эпос—ел қазынасы.—Алматы, 1995; Есенжанова Д. 

Қазақтың қаһармандық жыры— “Қарасай—Қази”. Филол. ғылым. кандида-

ты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының авторефера-

ты.—Алматы, 1994.



480

480


481

ҒылыМИ  ҚОСыМшАлАР

келуі;  батырлардың  жауға  аттануы;  ерлік  жорықтары;  Әділ 

сұлтанның  орға  жығылып,  жау  қолында  қалуы;  Қарасай, 

Қазидың  елге  оралуы;  Әділдің  елге  хабар  жіберуі;  Қарасай 

мен  Қазидың  Әділді  қызылбастардың  тұтқынынан  құтқаруы; 

батырлардың жаудың Әшке т.б. батырларын жеңіп, еліне ора-

луы  сияқты  эпизодтардан  құралған.  Жырдағы  осы  әңгімелер 

батырлардың  іс-әрекетімен  тікелей  байланысты  өрбіп,  шебер 

суреттелген. Сол сияқты жырда Қарасай, Қазимен қатар, Әділ 

сұлтанның  мінез-құлқы  мен  іс-әрекеттері  шебер  сомдалған. 

Әділдің тұтқынға түсуіне байланысты оқиғалар эпикалық кең 

құлашпен жырланған.

Жырдың  негізгі  қаһармандары—асқан  күш  иелері. 

Әрқайсысы  мыңдаған  жаумен  алысады.  Дегенмен  олардың 

да  әлсірейтін,  түрлі  қиыншылықтарға  ұшырап  тарығатын 

кездері  де  болады.  Сол  сәттерде  жебеуші  пірлер  көмегі  көп 

жағдайда  батырларды  қатерлі  сәттерден  құтқарып  отырады. 

Аталған  нұсқада  Әділге  жәрдем  беретін  пірлер  құс  бейнесінде 

көрінеді. Батырлар ерекше қасиетке ие болады, атса оқ, шапса 

қылыш өтпейді. Жауын пірдің көмегімен жеңу—бас батырдың 

ғажайып жаратылысын дәлелдейді. Жырдағы ғажайып туу, түс 

көру,  ата  жау  (қалмақ)  мотивтері  «Алпамыс»,  «Қобыланды», 

«Ер Тарғын», «Орақ—Мамай», «Ер Сайын», «Қарабек батыр» 

т.б. қазақ эпостарына тән ортақ дәстүрлі сарындар.

Әділ сұлтанның жырдың бас кейіпкерлерімен қатар көрінуі 

эпос  нұсқаларының  басым  көпшілігінде  кездеседі.  Жырдың 

сюжеттік  нұсқалары  қазақтан    басқа    ноғай,  татар,  башқұрт 

халықтарының  ауыз  әдебиетінде  «Әділ  сұлтан»  деген  ата-

умен  сақталған.  «Қарасай—Қази»  жырларында  Әділдің  бас 

кейіпкерлердің бірі ретінде көрінуіне соның да әсері болғандығы 

байқалады.

Қысқасы,  Қобылаш  ақын  «Қарасай—Қази»  эпосының 

бірнеше  сюжетін  жадында  сақтай  отырып,  өзіндік  стильмен 

көркемдей, жаңғырта жырлағаны аңғарылады .

Аталған нұсқа толық аяқталған, тілі көркем, оқиғасы қызық-

ты болып келеді. Мәтінде басқа тілден енген сөздер жоқтың қасы.

«Қарасай—Қази»  жырының  нұсқалары  көп.  Солардың 

бәріне тән ортақ сарындар кездескенімен, кейбір өзгешеліктері 

де  бар.  Жалпы  алғанда,  жырдың  қаһармандық,  ерлікті 

мадақтайтын бағыты барлық нұсқаларда сақталған. 

31-310


482

БАТыРлАР  ЖыРы

482

483


Томға  ұсынылып  отырған  «Қарасай—Қази»  жырының 

мәтіні  ӘӨИ-дің  Қолжазба  қорында  сақтаулы  түпнұсқадан 

(ш.897) еш өзгертусіз дайындалды. 

Алпысбаева Қ.

Нұртуған  нұсқасы.  Жырдың  отызға  тарта  нұсқасы  бары 

мәлім.  Кеңес  кезіндегі  озбыр  саясаттың  Едіге  әулетіне  деген 

салқын көзқарасының себебінен олардың басым көпшілігі жа-

рияланбай,  зерттелмей  келді.  Тек  XX  ғасырдың  80-жылдары-

нан соң «Қарасай—Қази» эпосының бірлі-жарым, қолға түскен 

варианттары  жарық  көріп,  зерттеушілер  тарапынан  сөз  еті-

ле  бастады.  Қашаған  (1991),  мұрын  (1989),  Қайролла  (1988), 

Өмірзақ (1994) жыраулардың нұсқаларын осы қатардан көреміз. 

Ал  эпостың  Айса,  Жақсылық,  Ааубай,  Нұрпейіс,  Төренияз, 

Сейіт  т.б.  ақын-жыршылар  орындаған  үлгілері  биылғы  жыл 

басында  екі  томға  жинақталып,  «Бабалар  сөзі»  100  томдық 

басылымының  41,  42-томдары  ретінде  «Фолиант»  баспасына 

ұсынылған  болатын.  Бұл  жолғы  жинаққа  өзге  де  батырлық 

жырларымен қатар, «Қарасай—Қази» эпосының таңдаулы екі 

вариантты—Қобылаш  және  Нұртуған  ақын  нұсқалары  еніп 

отыр. 


Жалпы,  ноғайлы  кезеңіне  байланысты  туған  қаһармандық 

эпосты,  оларды  шығарып,  дамыта  жырлаушылар  арасында 

аралдық Нұртуған Кенжеғұлұлының есімін ерекше атаған жөн. 

Кезінде аса көрнекті фольклортанушы, академик В.М Жирмун-

ский ақындық дарынын жоғары бағалаған Нұртуған шынында 

да  қазақтың  ірі  эпик  жырауларының  бірі.  Жырау  дейтін  се-

бебіміз,  ол  қазақ  халқы  сүйіп  тыңдаған  батырлық  эпостарды, 

әсіресе «Мәулімнияз—Едіге», «Қобыланды», «Орақ—Мамай», 

«Қарасай—Қази»,  «Ақтабан—шұбырынды»,  «Ақ  Кете  шер-

нияз»  тәрізді  бір  алуан  халықтық  шығармаларды  жаңғырта 

жырлаумен танылды. 

Рас, Нұртуған—жазба шайыр. Бірақ ақын батырлық эпос-

ты  қалыптасқан  фольклор  үлгісінде  және  жыраулық  дәстүр 

шеңберінде жырлаумен ерекшеленеді. Сондай-ақ ақын жыр-

ла ған  «Қарасай—Қази»  эпосы  да  өзінің  кең  құлаштылығы-

мен әрі асқақтымен тәнті етеді.



482

482


483

ҒылыМИ  ҚОСыМшАлАР

Нұртуған  көлемі    9  мың  жолдан  асатын  жырды  1914-1916 

жылдар  арасында  шығарғаны  туралы  дерек  бар.

1

  Ондағы 



мәліметтерге қарағанда ақын ноғай тарихына қатты қызыққан. 

Эпосқа  өзек  болған  сюжеттердің  оқиғасын  ол  ұстазы  Сұлтан 

шайыр  мен  Мұхаммеди  молдадан  және  Қазан  қаласынан  кел-

ген  татардың  саудагер  қартынан  естиді.

2

  Сондықтан  болар, 



«Қарасай—Қази»жырының  бұл  нұсқасында  фольклорлық 

көне  мотивтермен  қатар,  тарихи  сюжеттер  де  барынша  терең, 

шынайы  тәрі  нанымды  сипатқа  ие  болған.  Мұнда  баяндала-

тын эпостық эпизодтар «Қарасай—Қазидің» өзге нұсқаларына 

қарағанда  молырақ  қамтылған  және  қатысушы  кейіпкерлер 

саны да басқаларынан әлдеқайда көп.

Нұртуған нұсқасында бұрынғы жыр нұсқаларында кездесе 

бермейтін Мәскеу, Дунай секілді топонимдер, сарыноғай, орыс 

тәрізді  этнонимдер  де  ұшырайды.  Сондай-ақ  Едіге  әулетінен 

тарайтын  Мұсаның  ағасы  Жаңбыршы  би  ұрпақтары:  Күніке, 

Телағыс, Жасарал т.б. кейіпкерлер де жырдың тарихи сипаты 

мен деректілігін күшейте түседі. Бұл нұсқада әсіресе Айсаның 

ұлы  Ахметтің  образы,  оның  батырлықпен  бірге  кісілік  кел-

беті  кеңірек  ашылады.  Нұртуған  жырында  Қарасай  мен 

Қази  Ақташа  хан  билеген  қызылбас  елінің  орталығы—Темір 

қақпалы  Дербентке  аттануға  әзірленді.  Бірақ  ноғайлының 

бар  жағында  аңдыған  қалмақ  пен  орыс  патшасы  тағы  бар. 

Сондықтан  Ахмет  пен  Жәніке  батыр  бастаған  сары  ноғай 

әскері соғыстан бас тартады:

«Жайықтан орын алам» деп,

Жиналып жатыр сары орыс,

Соған да мені салыңдар!

Еділ, Жайық—ол қоныс,

Соғысайық сол үшін,

Қалмақта сонша неміз бар?!

Бізге зәбір тигізіп,

Қазаннан өтіп бармаққа

Талаптанған орыстан

Жер-суды қорғап қалыңдар!

1

  Нұртуған Кенжеғұлұлы. Кәнеки, тілім, сөйлеші. Алматы: “Қазақстан”, 1994, 



385-бет.

2

 Бұл да сонда.



484

БАТыРлАР  ЖыРы

484

485


Бұл—Айсаның ұлы Ахметтің сөзі. Батыр Дербентті шабуға 

(әкелері  Орақтың  арманын  орындау  үшін)  аттанған  Қарасай 

мен  Қазиға  қосылмай,  Еділ  бойына  қайтады.  Ақыры  жалғыз 

өзі  елдің  малын  шапқан  орыс  қарақшыларымен  шайқаста  ер-

лікпен қаза табады. Ал Қарасай мен Қази Дербентті алып, көп 

дүние-мүлікпен  елге  қайтады.  Нұртуған  жырындағы  тағы  бар 

ерекше эпизод-батырлардың анасы Қараүлектің:

«Менің айтар тапсырмам—

Әкеңнің жолы сүрдек-ті.

Мәскеуден бері қараған

Үш Еділдің алабын—

 

 



Жау  алмасын  бұл  бетті!»—деген  өсиетін 

қалдырып  дүниеден  өтуі.  Жырдың  соңында  Қарасай  мен 

Қази  шаңырақ  көтеріп,  Қырым,  Қазан,  Еділ  (Ажытархан) 

ноғайларының  басын  қосып,  Орақ  пен  Мамайға  ас  береді. 

Осы  ұлы  жиын  кезінде  орыстардың  иесіз  ұлыстарға  шапқын 

жасағаны  туралы  хабар  келеді  де,  қос  батыр  жасақтарын 

алып,  жауға  жедел  аттанып  тойтарыс  береді.  Міне,  бұл 

оқиғалар да өзге эпос үлгілерінде ұшыраспастан, тек аталған 

жырдың Нұртуған нұсқасында орын алған маңызды әрі мәнді 

тұстарының бірі десек, қателеспейміз.

Нұртуған 

Кенжеғұлұлы 

жырлаған 

«Қарасай—Қази» 

эпосының  тілі-шұрайлы,  оқиғасы  аса  тартымды,  эпикалық 

қуаты  мол,  асқақ  стилде  баяндалған.  Жырдың  жас  ұрпақты 

отансүйгіштікке, ерлікке тәрбиелеудегі рөлі өте зор.

Томға ұсынылып отырған эпос мәтіні этнограф жазушы Ә.С. 

Оспанов жариялаған басылым бойынша (1994) әзірленді.

   


Қосан С.

ТӨРЕХАН БАТыР

«Төрехан»—батырлық  жыр.  Қазір  ҚР  Білім  және  ғылым  

министрлігі  Орталық  ғылыми  кітапханасы  мен  М.О.Әуезов 

атындағы  Әдебиет  және  өнер  институтының  Қолжазбалар 


484

484


485

ҒылыМИ  ҚОСыМшАлАР

қорында  жырдың  Н.Байғанин,      Б.Саркин  және  А.Мәмбетов 

нұсқалары сақталған.

1

Атақты  халық  ақыны  Нұрпейіс  Байғанин  жырлаған 



«Төрехан  батыр»  жыры  алғаш  рет  ақынның  «Таңдамалы 

шығармалар  жинағында»  (1945)  жарияланды.  Мұнан  кейін 

жырдың осы нұсқасы өзгеріссіз 1956, 1961, 1977, 1991 жылда-

ры жарық көрді.

2

Жырдың  қолжазбасы  М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет  және 



өнер  институтының  қолжазбалар  қорында  сақтаулы.  Жи-

наушысы—Раха  шәріпов.  Нұсқа  1940  жылдары  жазылып 

алынған.  шығарма шақпақты қалың дәптерге көк сиямен ки-

рилл  әрпінде  жазылған.  Өлең  жолдары  әр  бетке  екі  қатардан 

орналасқан. Көлемі—1910 жол. 

Н.Байғанин  нұсқасы  туралы  М.Ғұмарованың  зерттеу 

жұмыстарында аздап сөз болады.

3

Жырда Төрехан батырдың әділдік іздеу жолындағы ерлік іс-



тері, сыртқы жаумен күресі баяндалады.

Аталған  нұсқада  соғыс  сарындары  мол  ұшырасады.  Мұнда 

бас  кейіпкер  өз  басына  төнген  қауіп-қатерді  жақын  доста-

ры  арқылы  біледі.  Төреханның  соғысатын  жауы  «түрікпен» 

деп  дәл  көрсетіліп,  Қараман  батырмен  шайқасы  суреттеледі. 

Қазан  төңкерісіне  дейін  Маңғыстау  аймағында  қазақтар  мен 

түрікпендер арасында ұрыс-қақтығыстар болып тұрғаны мәлім. 

Соның  әсерінен  болу  керек  жыршы  тарихи  шындыққа  терең 

бойламай,  кейіпкердің  соғысатын  жауын  «қалмақ»  демей, 

«түрікпенге» ауыстырып жіберген деп ойлаймыз.

Нұрпейіс  Байғанин  жырлаған  «Төрехан»  жырының  тілі 

көркем, оқиғасы қызықты. Мәтінде қиял-ғажайып элементтер 

мен басқа тілден енген сөздер кездеспейді. 

1

  Төрехан.  ш.106.(ӘӨИ).  Жыршысы—Н.Байғанин;  Төрехан.  ш.350.(ОҒК). 



Жинаушысы—Б.Саркин; 

Төрехан. 

ш.(920/15. 

ӘӨИ). 


Жыршысы—

А.Мәмбетов. 

2

  Төрехан  батыр.  Н.Байғанин.  шығармалар  жинағы.—Алматы,  1956.—



255-416  беттер;  Төрехан  батыр  //  Батырлар  жыры.  /  Құрастырып,  ғылыми 

түсініктемелерін  жазғандар:  М.Ғұмарова,  О.Нұрмағанбетова,  Б.уахатов.—

Алматы, 1961.—283-342 беттер; Төрехан // Ақсауыт / Құрастырып, ғылыми 

түсініктемелерін жазған—О.Нұрмағанбетова.—Алматы, 1977.—267-317 бет-

тер; Төрехан. Н.Байғанин. Таңдамалы. / Құрастырған—О.Нұрмағанбетова.—

Алматы, 1991.—256-303 беттер.

3

 Ғұмарова М. Бұрын зерттелмеген жырлар // Қазақ әдебиетінің тарихы. 1-



том. Бірінші кітап.—Алматы, 1960.—429-500 беттер.

486

БАТыРлАР  ЖыРы

486

487


1.  «Төрехан»  жырының  Н.Байғанин  нұсқасы  мен  Қара-

қалпақстанның  Қоңырат  қаласында  туып-өскен  Атаубай 

Мәмбетов  (ш.  920/15.  ӘӨИ)  жырлаған  мәтінді  салыстырып, 

текстологиялық  жұмыс  жүргізу  барысында,  Атаубай  ақын 

Н.Байғанин жырлаған эпосты жетік білген және сол нұсқаны өз 

ортасына ешбір өзгеріссіз жырлап таратқан деген қорытындыға 

келдік.

2.  Ал  жырдың  1945,  1956,  1977,  1991  жылдары  басылған 



мәтіндерін 

ӘӨИ-дің 


Қолжазбалар 

қорында 


сақтаулы 

қолжазбамен (ш. 106.) салыстырғанда, елеулі айырмашылықтар 

кездескен жоқ.

Томға ұсынылып отырған жыр мәтіні аталған қолжазбадан 

(ш. 106.) тікелей әзірленді.

Қ. Алпысбаева   

Б.Сариманов  нұсқасы.    Бұрын  баспа  бетін  көрмеген.  Ауыз 

әдебиеті үлгірерін жинаушы Бисен Сариманов «Төрехан» жы-

рын  ел  аузынан  жинап,  қағазға  түсіріп,  1941  жылы  Тіл  және 

әдебиет институтына тапсырған. Жыршысы белгісіз.

Ол  қолжазба  Орталық  ғылыми  кітапхана  қорында

1

,  ал 



машинкаға басылған көшірмесі М.О.Әуезов атындағы Әдебиет 

және өнер инстутының қолжазбалар қорында

2

 сақтаулы. Мәтін 



шақпақты дәптерге латын әрпімен жазылған. Көлемі 540 жол-

дан тұрады. Өлең жолдары көпшілігінде әр бетке екі қатардан 

орналасқан.

Б.Сариманов нұсқасы туралы пікірлер М.Ғұмарованың зерт-

теулерінде сөз болады

3

.



«Төрехан  батыр»  жырының  Байғанин  нұсқасы  мен 

Б.Сариманов  мәтінін  салыстырып  қарағанымызда,  мазмұны 

жалпы  ұқсас  болғанымен  екінші  нұсқаның  оқиға  дамуында, 

өлең  құрылысында  және  көлемі  жағынан  біраз  өзгешеліктері 

бар екенін көреміз: 

1

  Төрехан. ш.350 (ОҒК). 1941.



2

  Төрехан. ш.85/2 (ӘӨИ). 1941.

3

 Ғұмарова М. Бұрын зерттелмеген жырлар // Қазақ әдебиетінің тарихы. 1-



том. Бірінші кітап.—Алматы, 1960.—452-455 беттер.

486

486


487

ҒылыМИ  ҚОСыМшАлАР

1.  Байғанин  нұсқасының  көлемі  1050  жол  болса,  Б.Сари-

манов мәтінінің көлемі 540 жолды құрайды.

2.  Сариманов  нұсқасында  сыртқы  жаумен  соғысудан  гөрі, 

аға мен іні арасындағы алауыздық тақырыбы бой көтерген.

3. Екінші нұсқада әділ ханды көксеген халық арманы ерте-

гілік қиялмен астасқан .

4.  Нұрпейіс  нұсқасында  бас  кейіпкер  басына  төнген  қауіп-

қатерді  жақын  достары  арқылы  білсе,  Бисен  нұсқасында  түс 

көру арқылы алдын ала сезеді.

5.  Байғанин  вариантында  Төреханның  соғысатын  жауы 

«түрікпен»  деп  көрсетілсе,  екінші  нұсқада  ұлты  белгісіз  жау 

жағы Төреханның пірлерінен қорқып соғыспайды.

6.  Нұрпейіс  нұсқасы  Төреханның  ағаларынан  кек  алып, 

түрікпен ханы Қараман, оның жиендері: Егізбай, Сегізбайлар-

мен  татуласуымен  аяқталса,  ал  Бисен  нұсқасында  бұл  оқиға 

мүлдем жоқ.

7. Алғашқы нұсқада Төреханды халық хан сайласа, екінші 

нұсқада батыр жауын жеңгеннен кейін таққа отырады. 

8. Байғаниннің «Төреханында» реалистік мотивтер көп кез-

дессе,  Сариманов  жырының  сюжеттік  құрылымында  басқа  да 

қазақ эпостарындағы секілді түс көру, түс жору, бал ашу, пір-

лер көмегі сияқты тұрақты мотивтер жиі ұшырайды.

Қысқасы,  ақын  «Төрехан»  жырының  ең  түпкі  сюжетін 

жадында  сақтай  отырып,  жырдың  кей  жерлерінде  бірқатар 

оқиғаларды және жеке эпизодтарды түрлендіре жырлаған деп 

санаймыз.

Б.Сариманов  нұсқасы  тіл  көркемдігі  жағынан  да  шебер 

жырланғаны аңғарылады. 

Мәтінде  басқа  тілдерден  енген  аздаған  сөздер  кездеседі. 

Жырдың өн бойында кездесетін жат жерлік сөздер қазақ тіліне 

аударылып, томның соңындағы арнайы сөздікке топтастырыл-

ды.


Томға ұсынылып отырған «Төрехан батыр» жырының мәтіні 

ОҒК-нің қолжазбалар қорында сақтаулы (ш. 350) қолжазбадан 

ешбір өзгеріссіз әзірленді.

Қ. Алпысбаева    


488

БАТыРлАР  ЖыРы

488

489


БӨГЕН БАТыР

Жырдың екінші атауы—«Жанайдың жалғызы». Ел аузын-

да  осылай  да  айтылады.  Жинаушысы—Ілияс  Нұрмағанбетов. 

Ол  1930  жылдары  Алматыдағы  педагогика  институтының 

студенті  болып  жүріп,  жырды  ел  аузынан  жазып  алып,  1935 

жылы ұлт мәдениетін зерттеу институтына тапсырған. Кімнен 

жазып алғаны белгісіз. Жырдың қолжазбасы Орталық ғылыми 

кітапхананың  қолжазбалар  қорында  сақтаулы

1

.  шығарма 



дәптер қағаздарына көк сиямен латын әрпінде жазылған.

Бұл жыр 1987 жылы «Батырлар жырының» 3-томында ба-

сылды

2

.  «Бөген  батыр»  туралы  аздаған  пікір  М.Ғұмарованың 



зерттеуінде  кездеседі

3

.  Жырдың  экспозициясы  Бөген  ба-



тыр  дүниеге  келмей  тұрып,  бұрынғы  ноғайлының  елінде, 

Жиренкөлдің жерінде бір перзентке зар болған алпыс жастағы 

Жанай  мен  әйелінің  өмірін  суреттейтін  мотив-сипаттамадан 

басталады.  Жанай  Құдайдан  бала  тілеп,  әулиелерге  түнеп, 

дүние  кезеді.  Ақыры  тілегі  қабыл  болып,  кемпірі  жүкті  бола-

ды. Күні толып, 

Омырауы есіктей,

Балтырлары бесіктей,

Кеудесінен басы зор,

Кірпігінен қасы зор

бір ұл туады. Атын Бөген қояды. Болашақ батырдың «ғажайып 

туу  мотиві»  «Алпамыс»  жырының  барлық  версияларында, 

«Мұңлық—Зарлық»,  «шора  батыр»,  «Қобыланды  батыр», 

«Едіге батыр», «Қарабек батыр» жырларында, алтайлықтардың 

«Маадай—Қара»,  қырғыздың  «Манас»  жыры,  «Монғолдың 

құпия шежіресі» сияқты эпостық шығармаларда кездеседі.

Бұдан  кейін  жырда  батырдың  балалық  шағы,  тәрбиесі,  ер-

жеткеннен  кейін  Қиғаш  тауындағы  қалмақ  ханы  Қалталы 

Қарайманның Ақборық атты қызын іздеп сапар шегуі; көптеген 

қиындықты жеңіп, Қарасүймен батырдың зынданында жатқан 

1

  Бөген батыр 668 (ОҒК). Жинаушысы—І. Нұрмағанбет.



2

  Бөген батыр. // Батырлар жыры. 3-том. / Томды баспаға әзірлеп, ғылыми 

түсініктемелерін жазған—М.Ғұмарова.—Алматы, 1987.—269-297 беттер.

3

 Ғұмарова М. Бұрын зерттелмеген жырлар // Қазақ әдебиетінің тарихы. 1-



том. Бірінші кітап.—Алматы, 1960.—479 беттер.

488

488


489

ҒылыМИ  ҚОСыМшАлАР

Ақборықты  алып  ноғайлының  еліне  оралулы,  той  жасауы  т.б 

сөз болады.

Жырда  суреттелетін  Бөген  батырдың  атының  шабысы—

Қобыландының  Тайбурылына  ұқсайды.  Сол  сияқты  Бөгеннің 

асық  ойнап  балаларды  жеңіп  алуы,  оны  қойшы  Жәнекейдің 

жеңуі, атының қашып кетуі «Қосайға», Қалталы Қарайманның 

қызы  Ақборықты  іздеуі  «Әуезге»,  Ақборықты  қызылбас 

Қарасүлейменнің  алып  кетіп,  зынданға  салып  қойғаны 

«Мұңлық-Зарлық» дастанына ұқсайды.

Аталған  жырдың  сюжеттік  құрылымында  басқа  да  қазақ 

эпосторындағы секілді, батырға лайық тұлпар, түс көру сияқты 

тұрақты мотивтер ұшырайды. 

«Бөген  батыр»  жырының  1987  жылы  басылған  мәтінін 

қолжазбамен (ш. 686. ОҒК) жолма-жол салыстырып, тексто-

логиялық жұмыс жүргізу барысында, өкінішке орай, басылым-

да  «Бөген  батыр»  эпосы  біраз  қысқартумен,  ал  қарасөзбен 

баян дал ған  тұстарының  редакцияланып  жарияланғаны 

анықталды. 

Дәлірек айтқанда, 1987 жылы жарияланған «Бөген батыр» 

жырының  140  жуық  өлең  жолы  кітапқа  енбей  қалған.  Соған 

мына  бір  үзіндіден  мысал  келтірсек,  Жанай  шалдың  Алла-

дан  бала  тілеп,    сапар  шегуге  дайындалған  тұсын  суреттейтін 

көрініс.  

Сол күндерде Жанай шал 

 

Сол күндерде Жанай шал



Аса таяқ таянып,  

 

 



Аса таяқ таянып,

Таң сәріден оянып,     

 

Таң сәріден оянып,



Қолына құрық алады,    

 

Қолына құрық алады,



Беліне жүген шалады.   

 

Беліне жүген шалады.



Жирен деген көлдерге

 

Жирен деген көлдерге,



Күдірген белдерге,     

 

Күдірген белдерге,



Көп жылқы жатқан жерлерге  

Көп жылқы жатқан жерлерге

Соған таман барады.     

 

Соған таман барады.



«ұстайын,—деп,—бір атты»,  

«ұстайын,—деп,—бір атты»,




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет