«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының



Pdf көрінісі
бет25/28
Дата06.04.2017
өлшемі2,43 Mb.
#11120
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

Ханбибі мен Қара атты

Ордаңнан ұрлап алғанмын.

Бүлік қылдым мен,—дейді,

Не етсең де, бауырым,

Істегенің жөн,—дейді.

Күнәмді кешір, Төрешім,

Бір шыбындай жанымды

Жан сауғаға бер,—дейді.

1850


1860

1870


406

406


407

ТӨРЕХАН  БАТыР

—Іс қылдыңдар бекерге,

Екеуіңнің қорлығың

Өмірде естен кетер ме?!

Қарашаш, Бибі көңілі үшін

Амалсыздан күнәңді

Кештім залым, есер,—деп.

Ер  Төрехан екеуін

Аттарына мінгізді,

Қатарға алып жүргізді. 

Жиналған көп халыққа 

Даналығын білгізді.

Тамашаға таңданып

Жиылған халық көп еді,

Ханбибідей балаға

Екеуін алып келеді.

Үсті-басы қызыл қан,

Егізбайды сол кезде

Ханбибі бала көреді.

Ханбибінің Төреге

Сондағы айтқан сөзі еді:

—Өтініп едім мен,—дейді,

«Өтінішіңді бердім»,—деп,

Айтқан едің, сен,—дейді.

Құлақ бастың сәні еді,

Құлағын кескен нең?—дейді.

Күлкісі болар Егізбай

Ертеңгі күн халықтың.

Бастың құлақ ажары ед,

Құлағын кесіп алыпсың,

Басына бүлік салыпсың.

Егізбай сонда сөйлейді:

—Өкпелеме Төреге, 

Ханбибі қалқам, сен,—дейді.

Әуелінде бүлікті

Бастаған ағаң мен,—дейді.

Ісім бұзық болғасын, 

Төрештікі жөн,—дейді.

Тілегенде тілек бермедім

1880

1890


1900

1910


408

БАТыРлАР  ЖыРы

408

409


Ақ сүт берген анама.

Өлімді жер кездесті,

шыбын жанымды алған тек

Төреханнан қалада! 

Бұрынғыда нақыл бар

«Атқа келген бәледен

Айыл-тұрман садаға.

Басқа келген бәледен

Бастан құлақ садаға».

Сөйтіп жатқан жерінде

Хан хабаршы салады:

«Жиенім қонақ болсын деп,

Ордама халық толсын деп,

Бүгін-ертең Төрехан

Ерлерімен қонсын» деп,

шақырып өзін алады.

Даярлаулы тағамы,

Құюлы арақ-шарабы,

Тартулы алуан табағы.

Ортасында орданың

Мейізбенен ашытқан 

Қымызбен қойды сабаны.

Мақпал көрпе жабады,

Гауһар шамды жағады.

Қонақтармен күлісіп,

Мамырлаған аққудай

Маржан қыз жүр көлбеңдеп,

Қасында қырық жараны.

Әзілдесіп қыздармен,

Нағашыға ырза боп,

Төрехан отыр жоғары.

Егізбай жүр құнтиып,

Құлақсыз басы сымпиып.

Төрехандай ініге

Ол да ырза болады.

Сол шаттықты думанмен

Түрікпенге Төрехан

Екі күн бойы қонады.

Үшінші күн болғанда, 

1920


1930

1940


1950

408

408


409

ТӨРЕХАН  БАТыР

Қараманмен достасып,

Құшақтасып қоштасып,

«Апаларын көрсін деп,

Көріп сәлем берсін» деп,

Маржан қызды ерітіп,

Төремен Егіз, Сегізбай,

Ханбибі бала, көп әскер

Қайтады кейін  еліне,

Туып-өскен жеріне.

Темірхандай әкенің

Берекелі төріне.

Бірге туған бауырлар

Достасып қол берген жер.

ұмыт болып өткен күн,

шын достыққа енген жер.

Бір жарым ай жол жүріп,

Сәуленің сәнді ордасын

Көз ұшынан көрген жер.

Туып-өскен мекенге

Соныменен, тыңдаушым,

Ерлік пенен ізгілік

Зұлымдықты жеңген жер.

1960

1970


1988

410

411


Баяғы  ноғайлы  заманында  Темірхан  деген  хан  болыпты. 

Хан ажалы жетіп өліпті. Бәйбішесінен бір ұл, бір қыз қалыпты. 

ұлының аты—Төрехан, қызының аты—Бибі екен. 

Төрехан алты жаста екен, тоқалдан туған ағалары: Егізбай 

мен  Сегізбай  жазықсыз  Төреханды  өлтірмек  болыпты.  Әдетте 

хан өлсе, хандық қара орында қалады екен. «Енді хан Төрехан 

болады,  онда  біз  не  көреміз,  Төреханды  өлтіріп,  орнына  хан 

болайық» деп кеңеседі. 

Төреханның хандықпен ісі жоқ екен. «Екі қатынның бала-

сы—екі  түрлі  ел  деген»    мақал  сол  ғой,  шамасы  Егізбай  мен 

Сегізбайдың мұндай жағымсыз ісіне көл де, жер де, ауа да, адам 

да, мақұлық біткеннің бәрі қарсы болды. Оларға лағынат айт-

ты.  Ендігі  хабарды  Төреханды  өлтіруге  аттанған  екі  ағасынан 

естіңіз.


Егізбай мен Сегізбай 

Арқызыл мен Сарқызыл

Жараған тұлпар мінеді.

Жағасы алтын кіреуке

Ілгегін сала киеді.

Балдағы алтын ақ болат

Орай белге іледі.

Таң да сәрі болғанда,

Таң шолпаны туғанда,

Төбеден жұлдыз ауғанда,

Азу алмас қос пері

Қаладан шыға жөнелді.

Хақ пайғамбар жолында,

Төрехан батыр



(Б. Сариманов нұсқасы)

10


410

411


ТӨРЕХАН  БАТыР

Алтын құман қолында

Екеуінің анасы

Тұр екен сонда жолында.

шылбырын жұлып алады,

Қолына мықтап орады.

—Қарағым,  қайда барасың?—деп,

Екеуінің сапарын

шешесі сонда сұрады.

Баласы сонда сөйледі

Сөйлегенде бүй деді:

—Айналайын, шешеке,

Жата берсең болмай ма

Алтыннан салған қалаңа?

Тілекші болсаң болмай ма

Біз секілді балаңа?!

шешесі сонда сөйлейді:

—Айтпасаң да білемін,

Сыртыңнан күндеп жүр едің.

Төреханды өлтірме,

Басына қорлық келтірме.

Сендер қанат болғанда,

Төрехан құйрық болмай ма?

Қос қанатпен ұшқанда,

Құйрығымен қонбай ма?

Құйрығыңды кескенсін,

Құйрығың  шолақ болмай ма?

Төреханды өлтірме,

Басына қорлық келтірме.

Төреханды өлтірсең,

Хандық түгел боқ та жоқ.

Ноғайлының сыртында,

Құбыла сарай бетінде

Аңырап, бәлем, қаларсың,

Сонда түсер есіңе.

Мұны естіп баласы,

Буырқанды, бұрсанды,

Мұздай темір құрсанды.

Астындағы тұлпары

20

30



40

50


412

БАТыРлАР  ЖыРы

412

413


Өз-өзінен зең салды.

—Айналайын, шешеке,

Төреханды жоқтасаң,

Екі көзіңді оярмын,

Ту сыртыңнан соярмын,

Тікеңнен жерге қоярмын.

Осылайша айтты да,

шылбырды жұлып алады,

Атқа қамшы салады,

шаңды-шаңға қосады,

шаң аспанға жосады.

Таң сарғайып атқанда,

Таң шолпаны батқанда,

Төрехан тіккен орданың

Қылышпен тіліп жабығын,

Жиегін батыр ашады.

Сол уақыттар болғанда,

Төрде жатқан ер Төре

Көтеріп басын алады,

Жан-жағына қарады.

—Қайда кеттің, хан шеше,

Айырдан туған, жан шеше,

Мен бір бүгін түс көрдім,

Түсімде жаман іс көрдім.

Біз секілді пақырды

Қорғап жүрген пір көрдім.

Мен бір туған қудаймын,

Құрай қуған торғаймын.

Зауалым шайтан болмаса,

Түсімнен қорқып, аңдаймын.

Ақсұңқар құстың баласы

Торға түсіп талпынды.

Жалғызыңа күн туды,

Жылдам жина халқыңды!

шешесі сонда сөйлейді

Сөйлегенде бүй дейді:

—Қаса бір жақсы сен десем,

Қаса жаман сен бе едің?

Отыра бер қасыма,

60

70



80

90


412

412


413

ТӨРЕХАН  БАТыР

Жаулық сал да басыңа!

Бұл айтқанын қош көріп,

ұйықтап тағы қалады.

Бір уақыттар болғанда,

ұйықтап жатқан ер Төре

Көтеріп басын алады,

Жан-жағына қарады.

Жағасы алтын кіреуке

Ілгегін сала киеді.

Балдағы алтын ақ болат

Орай белге іледі.

—Алып берші алмасым,

Ішінде болсын жолдасым.

Маған келген дұшпандар 

Қарсы келіп оңбасын.

Өкпесі оттай қабынып,

Алтын айдары шұбалып,

Мақпалдай беті қуарып,

Мезгілсіз келген жандардың

Алдынан шықты қуанып.

—Ассалаумағалейкүм,

Егізбай мен Сегізбай,

Екі арыстан ағам-ай.

Аман ба еді ақ сүтін берген анаң-ай?!

Аман ба еді алтыннан салған қалаң-ай?!

Түсің жаман қашыпты,

Бетіңді шаң басыпты.

Арқызыл мен Сарқызыл

Жараған тұлпар мініпсің.

Жағасы алтын кіреуке

Ілгегін сала киіпсің.

Балдағы алтын ақ болат

Орай белге іліпсің.

Тауда тарлан бөрі едім,

Қайыспайтын ер едім.

Хан қалпақты киейін,

Қараша атқа мінейін.

Жауыңды айтшы, ағеке-ау,

Сен өлген жерде өлейін!

100


110

120


414

БАТыРлАР  ЖыРы

414

415


Ағасы сонда сөйлейді,

Сөйлегенде бүй дейді:

—Арқызыл мен Сарқызыл

Жараған тұлпар мінгенмін.

Жағасы алтын кіреуке

Тоңғанымнан кигенмін.

Балдағы алтын ақ болат

Сән болсын деп ілгенмін.

Әкемнен қалған Қара тау

Қарауыл қарап жүргенмін.

Аппақ болған етіңнен,

Мақпалдай болған бетіңнен

Төрехан сыңды баланы

Бір сүюге келгенмін.

Сонда Төре сөйлейді,

Сөйлегенде бүй дейді:

—Сүйдірмеймін бетімнен,

Әуелі бар да бата оқы

Батасын берген бабаңа!

Сосын бар да сәлем бер

Ақ сүтін берген анаңа,

Сосын алып сүйерсің

Төрехан сынды баланы.

Айғыр сойып ақыртып,

Бура сойып бақыртып,

Хандықты саған берейін,

Он екі баулы көп ноғай

Бәрін қоймай шақыртып.

Ағасы сонда сөйлейді:

—Хандығың құрысын алмаймын,

Алдаған сөзге нанбаймын.

Ақ найзаның ұшымен,

Дізенің жақсы күшімен

Қызылбастың ерлерін

Аз ғана күн аңдаймын.

Әкемнен қалған Қараша ат,

Екеумізге ортақ ат

Қараша атты сұраймын.

130

140


150

160


414

414


415

ТӨРЕХАН  БАТыР

—Қараша атты бермеймін

Он екі жерден кесілмей,

Танауынан тесілмей.

—Бермесең берме Қара атты,

Мойныңа қойдым ұятты.

Өшіруге келгенмін

Қос білтелі шырақты.

Өлтіруге келгенмін

Төрехан сынды қарақты.

Алты жасар баланы

Ортаға алып қамапты.

Аллалап айғай салады,

Ай тұтылып барады.

Күңіреніп айғай салады,

Күн тұтылып барады.

Буынулы ақ алмас

Суырып сонда алады.

«Мына қақбас оңбас деп,

Екеумізге болмас» деп,

Екеуі қашып барады.

Еңіреген ер Төре

Артынан қуып барады.

Бір уақыттар болғанда,

Қайтып үйге келеді.

Келе сөйлей береді:

—Берейін бе Қара атты,

Бермеймін бе Қара атты,

шеше, сізден ұят-ты.

Егізбай мен Сегізбай

Туған жері басқа еді

Сенде бір жалғыз қасқа едің.

Егізбай мен Сегізбай

Далаға қашып кеңесті.

Әлқисса,  Егізбай  мен  Сегізбай  Төреханға  екеуінің  күші 

келмейтіне  арланды.  Тұтығып,  бетінен  түсі  қашты.  Екі  ба-

тыр жұдырықтай баланы қалай өлтіруге амалын қарастырып, 

ақылдасты.

170


180

190


200

416

БАТыРлАР  ЖыРы

416

417


—Ол заңғарға қайткенмен күшіміз келмейді, оның қайраты 

бізден  неше  мәрте  артық.  Амалын  тауып,  алдап  немесе  ебін 

тауып  ұрлап  өлтірейік,—деп  пәтуә  жасады.  Сонымен,  кешке 

ұйықтап жатқанда терезеден түсіп өлтірмек болып тарасты.

ұйықтап жатқан ер Төре

Көтеріп басын алады,

Жан-жағына қарады.

—Қайда кеттің хан шеше,

Айырдан туған нар шеше!

—Мен бір бүгін түс көрдім,

Әжептәуір іс көрдім.

Қанатыма қаз қонып,

Қайырылмастай күн көрдім.

Үстіме құлап асқар тау

Қабырғамды сындырды.

Мұртыма менің мұз қатып,

Тұра алмастай күн көрдім.

Азу алмас  қос пері

Екі қарым түбінен

Қиып алып барады.

Ақсұңқар құстың баласы

Торға түсіп талпынды.

Бір көзінен жас ақты,

Бір көзінен қан ақты.

Көкелеп жылаған дауысы

Құлағым жарып барады.

шешесі сонда сөйлейді,

Сөйлегенде бүй дейді:

—Қанатыңа қаз қонып,

Қайырылмастай күн көрсең,

Халқыңның әнсат болғаны.

Үстіңе құлап асқар тау,

Қабырғаңды сындырса,

Халқымның ісі ауыр дейд,

Халқыңның патша қойғаны.

Мұртыңа сенің мұз қатып,

Тұра алмастай күн көрсең,

210


220

230


416

416


417

ТӨРЕХАН  БАТыР

Мүскілттің әнсат болғаны.

Азуы алмас қос пері

Екі қарың түбінен

Қиып алып баратса,

Ат жігіттің қанаты,

Қараша атты алғаны.

Ақсұңқар құстың баласы

Торға түсіп талпынса,

Бір көзінен жас ақса,

Көкелеп жылаған дауысы

Құлағың жарып баратса,

Бибіжанды алғаны.

Некесіз туған құлдардың 

Алты айшылық шөлі бар,

Алты айшылық күні бар.

Қапыл-құпыл жүгіріп,

Қолына шамды алады.

Бибі жатқан сарайға

Еңкейіп Төре қарады.

Бибі түгіл дым да жоқ,

Қайтып үйге келеді,

Қарына жүген іледі.

Қараша ат тұрған қақпаның

Есігін ашып қарайды,

Қара түгіл, дым да жоқ.

Мінейін десе Қара ат жоқ,

ұшайын десе қанат жоқ.

Ертең тал түс болғанда,

Қайтып үйге келеді,

Келе сөйлей береді:

—Берсейші, шеше, біліңді,

Бір бүлдіріп келейін

Құлдар жүрген жеріңді.

шешесі сонда сөйлейді:

—Бермеймін, балам, білімді,

Ал дейді менің тілімді.

Қабырғаң әлі қатқан жоқ,

Омыртқаң, балам, өскен жоқ,

27-310

240


250

260


270

418

БАТыРлАР  ЖыРы

418

419


Алты жылдай шыдай тұр.

Алты жылдай шыдасаң,

Он екіге келесің.

Патшаның құрығы ұзын дейд,

Сансыз әскер молменен,

Неше тулы қолменен

Сонда іздерсің, қарағым,

Жауға кеткен қызымды.

—Бермесең, берме біліңді

Осы жолы, шешеке-ау,

Алмайын тіпті тіліңді.

Үстіне шекпен киеді,

Қолына таяқ алады,

«Бибінің ізі осы-ау» деп,

шырқырап Төре барады.

Қайтпасын ердің білгенсін,

шыдай алмай шешесі,

шақырып қайта алады:

—Айналайын, ер Төре,

Құрттай ғана тұра тұр,

Мойның бермен бұра тұр.

Баратұғын хал болса,

шешең тұлпар сақтады-ай.

Өзің туған жылы кер бие

Жалғыз-ақ құлын тапқан-ай,

Сұр айғырдың шапқаны-ай.

Еш адамға білдірмей,

Жер астына баққаны-ай.

Қайырылып бала тұрады,

Қайтып үйге келеді.

Сарайды ашып қарайды,

Ойнақшыған Құла атты

Төренің көзі көреді.

«Қай жерінен талар» деп,

Алып шықты далаға-ай.

Қарсы алдына тұрады,

Азырақ әңгіме құрады:

—Кекіліне қарасам,

280

290


300

418

418


419

ТӨРЕХАН  БАТыР

Күлтелеген жібектей.

Танауына қарасам,

Түбі түскен шелектей.

Екі ұртына қарасам,

Еділден шыққан түбектей.

Екі көзіне қарасам,

Қос пілтелі шырақтай.

Маңдайына қарасам,

Қайыңнан шапқан күректей.

Құлағына қарасам,

Көлге біткен құрақтай.

Екі қомы отаудай,

Екі қолтығы астаудай.

Төрт аяғы дөредей,

Тастан ойған кемедей,

Сымға тартқан немедей.

Әкеліп ерді салады,

Айылды қостап іледі.

Ер қаруы бес қару,

Бес қаруды белге алып,

Қоңыр салқын төске алып,

«Ат қарқыны қайтер?» деп,

ырғып мініп алады.

Сол уақыттар болғанда,

шешесі тұрып сөйлейді,

Сөйлегенде бүй дейді:

—Нағашы тегің айтайын—

Едіге сұлтан ер еді,

Нәсілі оның пері еді,

Пері оқуын біледі.

Қарсыласқан кәуірді

Қайрандағы шабақтай

Қия бір соғып жеп еді.

Одан туған Нұралы,

Нұралы ұлы Нұрасы.

Одан туған Ақұса

Әкімі жұртқа таралған.

Одан туған Көнұса

310

320


330

340


420

БАТыРлАР  ЖыРы

420

421


Үкімі жұртқа тараған.

Одан туған хан Мұса,

Отыз ұлы бар Мұса.

Отыз ұлдың ішінде,

Бір ұрыстың өзінде 

Алпыс балта сындырған,

Достың көңілін тындырған,

Дұшпанның көңілін қалдырған,

Қысқа күнде қырық шапқан,

Ораққа кімнің шарасы?!

Арыстан сынды ер Қази

Қанды Орақтың баласы.

Он сегіз ханды өлтірген,

Қазиға кімнің шарасы?!

Саған жерік болғанда,

Құланның етін жегенмін,

Жерігім бұған қанбады.

Киіктің сүтін ішкенмін,

Оған жерік қанбады.

Ем болар деп даруға

Арыстан етін жегем де,

Жерігім оған қанбады,

Қанатұғын болмады.

Жолбарысты шайнадым,

Онда да жерік болмады.

Қайтер екен бұған,—деп,

Жылан етін жеп едім,

Бұған да жерік болмады.

Жалаңаш жатып қаңтарда 

Ор қояндай аунадым,

Онда да жеру қанбады.

Қара тасты жеген соң,

Жерігім сонда қанып ет.

Айналайын, ер Төре,

шапса қылыш өтпейді,

Қарғаса қарғыс жетпейді,

Қош, жалғызым, аман бол!

Мұныменен қоймайды,

шешесі тағы толғайды:

350


360

370


380

420

420


421

ТӨРЕХАН  БАТыР

—Құлын да емдің, тай да емдің,

Құнаныңда арда емдің,

Дөненіңде үйреттім.

Мойныңа жұмсақ болсын,—деп,

Жібектен арқан сүйреттім.

Арқаң күнге күйер,—деп,

Мақпалдан жабу жаптырдым.

Қиядан қия желгенде

Табаның тасқа тиер,—деп,

Алтыннан таға қақтырдым.

Жалғызымның бір жаны

Құлаша ат саған аманат.

Баласын қимай, жіберудің де, еріп кетудің де есебін таппай, 

еңіреп,  көпке  дейін  ілесіп  қалмады.  Жапанда  тұрып  зарлаған 

кемпірдің  үнінен  тау  қозғалып,  дария  шайқалғандай  болды. 

Алты жасар ұлын хазірет иесі Қамбарға тапсырып, екі көзі бі-

леудей  болып  үйіне  келді.  Жан-жағына  қараса,  үйі  үңірейіп, 

жейін  деп  тұрған  айдаһар  сияқты.  «Жалғыздық  бір  Құдайға 

жарасқан»,  баласын  ойлап  көрелі  таңды  көзінен  атырып  бір-

неше  күн  уайымдаумен  болып  қалжырады,  қажыды.  Көзі 

көр,  көкірегі  жер  болып,  зор  қайғымен  сар  ауру  адамдардай 

төсек  тартып  жатып  алды.  Ал  ендігі  хабарды  жолға  шыққан 

Төреханнан естіңіз.

Бұл жерде бала кеткенсін,

Астындағы Құла атқа

Қамшы басып «шүу» деді.

Бауыры жазық Құлаша ат

«шүу» дегенде гуледі.

Тау мен тасты көрмеді,

Табаны жерге тимеді.

Алдындағы аңғарды

Жер ошақ құрлы көрмеді.

Көлденең жатқан көк тасты

Тіктеп тиген тұяғы

Саз балшықтай иледі.

шаңды-шаңға қосады,

шаң аспанға жосады.

390


400

410


422

БАТыРлАР  ЖыРы

422

423


Киік пенен құланның 

Алдын орай тосады.

Жаңбырдай тері сіркіреп,

Жауған күндей күркіреп,

Құланнан атты қодықты,

Көлден тартты борықты.

Арада неше қоныпты,

Жетемін деп зорықты.

Талма түстің шағында

шұбалған шаңға жолықты.

Бұрын сапарға шығып жол бейнетін көрмеген жас бала неше 

медет жол жүріп, шаршап-шалдығып, жеті күн дегенде баяғы 

тайдай тулаған, бақасы қойдай шулаған, қара ағашы қапырақ, 

сары ағашы жапырық, аспанмен таласқан зеңгер тау, шырылдап 

ұшқан боз торғай басынан асып кетпеген, атса мылтық жетпе-

ген Жекенді деген жерге, Құралай деген көлге келіп тынықты. 

Аң аулап азық етті. Жүретін мезгілі жетіп, атқа мінді.

Қара обаға шығады,

Қиялап ұшқан бір түтін

Төренің көзі көреді.

Еңкуден түсе желеді,

Кешке жақын келеді.

—Бағанағы  қиялап  ұшқан  түтін,  аузынан  шыққан  лебі, 

ұзындығы он екі-кез мұрты  бар, бойы тоқсан құлаш бір керемет 

қара дәуге келді. Қазанның түп күйесіндей болған қара дәу жас 

баланы көріп, қуанып, мынау сөзді айтып тұрған секілді:

   

—Алдымдағы жас бала,



Арақ ішкен мас бала,

Қорқыратып бауыздап,

Қылайын сені масқара.

Сонда Төре сөйлейді:

—Алдымдағы қалмағым,

Ауыр ма шөптен салмағың?

Таразыға тартқанда, 

Қорғасындай басады

420

430


422

422


423

ТӨРЕХАН  БАТыР

Сені менің салмағым.

Бар ма менде алмағың?

Сеніменен ұрыссам,

Құдайға жоқ-ты арманым.

Беліне тұсау шалады,

Азуы алмас қос пері

Ен далада жағаласып қалады.

Атандай даусын ақыртты,

Әруағын шақыртты.

Тастың бәрі күл болды,

Таудың бәрі жер болды,

Аспаның бетін шаң алды.

Тоғыз күндей ұрысып,

ұрыс мықты зор болды,

Батырлар жаман қор болды.

Бір уақыт болғанда,

Қалмақ тұрып сөйледі,

Сөйлегенде бүй деді:

—Алдыңғы кезек менікі,

Соңғы кезек сенікі,

Кезегімді  бер,—деді.

Кезегін ердің береді,

Тоқсан батпан шоқпармен 

Тас төбеге ұрады.

Тасқа тиген шөлмектей

Ортасынан омырылып,

Жасыған жездей қайырылып,

шоқпар ұшты аспанға.

Тағы қалмақ сөйледі:

—Қиылдан келген қырық зергер

Қырық ай жатып соқтырдым.

Ойылдан келген он зергер

Он ай жатып соқтырдым.

шоқпарым неден оңбадың,

Айдаһар өтін жақтырдым?

Еңіреген ер Төре

Қорамсаққа қол салды,

Қол салғанда мол салды.

Көп оғының ішінен

440


450

460


470

424

БАТыРлАР  ЖыРы

424

425


Сұр жебе деген оқ алды.

Сонда Төре толғанды,

Айтайын деп оңдалды,

Дүние қару қолға алды.

«Қалмақ ердің қасы деп,

Торыша аттың басы деп,

Өлер жерің осы деп,

Өкпеліктің тұсы» деп,

Толықсып тұрған батырды

Толғап тартып қалады.

Кірістен оғы кетеді,

Батырға таман жетеді.

Тоғыз қабат кіреуке

Кіреукеден өтеді.

Алты қабат белдемше,

Белдемшеден өтеді,

Белін қиып кетеді.

Өлмеймін деген қара дәу

ұзыннан сұлады,

Өксіп-өксіп жылады.

Тоғыз құлаш Торыша ат

Мұны көріп жылады.

«Мына қақбас оңбас деп,

Құдай жолы болсын» деп, 

Он екі жерден кеседі,

Танауынан теседі.

Өткір білім алмасым,

Өзіме серік жолдасым

Тасты жарып барады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет