Құжаттың толық нұсқа таңбасы
негізгі карточканың төменгі оң жақ
бұрышында көрсетіледі.
Құжаттың пəндік айдарлары
негізгі сипаттама
берілген карточканың
артқы жағында қосымша сипаттамалар жөнінде анықтамаларын
төменірек жазады. Құжаттың толық нұсқа таңбасы АК мен жүйелі
каталогты байланыстырады. Ал пəндік айдарлар АК пəндік каталогпен
байланыстырады. Сөйтіп басты АК карточкаларында
берілген кітапханалық
белгілер кітапхананың каталогтар жүйелерін бір – бірімен байлансытырады.
Олар əртүрлі анықтамалар алу үшін құжатты кітапхана қорынан
шығарғанда немесе басқа мақсаттар үшін арналған кітапханада бар
құжаттар мен брошюраларды көрсетеді. Кітапханада барлық қазақ жəне
орыс тіліндегі басылымдар жалпы бір алфавит қатары бойынша белгіленеді.
Қызмет бабына пайдаланған АК құжаттың
тек негізгі сипаттамасын
пайдалануға болады. Ал пайдалануға арналған АК кітаптарды оқырманға
насихаттау құралы ретінде жəне олардың кітаптарға қызығушылығын
арттыру құралы ретінде болғандықтан құжаттар жөнінде толық хабар берілуі
қажет. Оқырмандарға арналған АК—де белгілі
бір құжаттың тек соңғы
басылымдары ғана көрсетіледі жəне карточкаларда кітапханаларда бұл
кітаптың басқада басылымдары бар деген мəтінмен штамп қойылады.
Құжаттың негізгі сипаттамасын басқа пайдалануға арналған АК-де
қажетті барлық қосымша сипаттамалар қолданылады. Бірігіп жазған екі, үш
авторларға, редакторларға, құрастырушыларға кітаптың тақырыбына жəне
сілтеме не анықтама карточкалар қолданылады.
АК-ты ұйымдастыру мына
операциялардан тұрады:
Достарыңызбен бөлісу: