Бірақ Главполитпросвет кестесі 1927 жəне 1931ж. Қайтадан басылып
шығарылғанымен кеңес кітапханасының талабын толығымен қамтамасыз
етпеді. Ең алдымен идеология бойынша жəне кестеде ƏОЖ-ң аудармасы
қысқартылып берілді. Сондағы ғылыми жəне арнаулы кітапханаларға
онымен пайдалану қиынға соқты. Онда кеңестік өмірдің ерекшеліктері
жөнінде əдебиеттер үшін айдарлар берілмеді. Марксизм 4 сатыға бөлінді.
Ол социализм бөлімінің ұсақ бөлігі болып есептелді. Ал кеңес үкіметінде
Марксизм болса біртұтас оқу ретінде саналады. Сонымен бірге ол кестеде ол
КСРО-ң тарихы мен географиясы үшін бөлім қаралынады. Жоғарыда
арналған жəне басқа да кемшіліктері ƏОЖ алдағы уақытта кеңес
кітапханаларда пайдаланылды.
30ж. басына қарай Кеңес кітапханаларда қоғамдық əдебиеттерде жүйелеу
үшін ƏОЖ пайдалану мүмкін еместігі айқындалды.Сөйтіп, Главполитпросвет
құрылған арнаулы коммиссияға пайдаланып жүрген
кестені қайтадан қарап
оны басып шығару жұмысы жүктелді.
Бұл жұмыс көрнекті кеңестік библиограф Н.Н.Траповскийге жүктелді
(1885-1944)Траповскиймен өңделіп басылып шыққан ƏОЖ-ң варианты 1938-
46ж. аралығында бірнеше рет басылды. Онда көбіне қоғамдық ғылымдар
бөлігіне өзгертулер енгізілді. Жаңа көптеген шешімдер берілді. Маркстік-
Ленинизмге арнаулы бөлім берілді. Сонымен бірге СОКП мен ВЛКСМ-ға
арнаулы бөлім берілді.
Өңделген жəне толықтандырылған кесте ƏОЖ-ң жаңа кеңестік
варианты болды. Жаңа қосылған бөлімдер үшін Траповский есте сақтауға
ыңғайлы жеңіл болуы үшін əріпті нұсқа таңбаларды қосты. Көпшілік
кітапханалар үшін жасалған Троповскийдің кестесі арнаулы кітапханаларда
да қоғамдық ғылымдар əдебиетін жүйелеу үшін пайдаланды.
Ұлы Отан
соғысынан кейін Троповскийдің жұмысты əріқарай орыс кітапханатанушы
З.Н.Амбарцумян (1903-70) жалғастырды. Оның басшысын мемлекеттік
«Ленин» атындағы кітапханада көпшілік кітапханаға арналған жіктеу
кестесін одан əрі жетілдіруге жұмыс жасады. Кестелерді жетілдіріп олардың
құрылысы мен мазмұнын өзгерту саласында жұмыстар жұргізілді. Əрбір
қайта басылған өмірдің талабына байланысты өзгерістер енгізіліп тұрды.
Қоғамдық өмірдегі, ғылымдағы, техникада тəжірибеде болған өзгерістерге
байланысты өзгерістер енгізді. Амбарцумянның редакциясынан шыққан
«көпшілік кітапханаға шыққан жіктеу кестесі» 1955-74ж.
арасында бірнеше
рет басылып шықты. Оның негізінде балалар кітапханасына арналған
кеселер»3 рет басылып шықты. Көпшілік кітапханаға арналған кестелер
КСРО халықтық жолдарына аударылып, оның ішінде қазақ тілде де
аударылып қазақтың көпшілік кітапханаларында əдебиеттерді бір ыңғайлы
жүйелеуге жəне жүйелік каталогпен құрастыруға əсер етті.
Главполитпросвет шығарған жəне Троповскийтың, Амбарцумянның
өңдеуімен шығарылған
кестелер бірнеше рет өңделіп, толықтырылып
өзгертіліп басылған оларда ондық жіктеудің негізгі қатары сақталады.
Бірнеше рет өңдеу ондағы логикалық тəртібін бұзады. Нұсқа таңбалардың
резерві болмастан жаңа түсіністерге енгізу қиынға соқты. Қолданылып
жүрген кестелер сол кезде жіктеудің кеңестік теориясы мен практикасының
жетістігі болып есептелген ол кеңсе кітапханаларында, əдебиеттерді жіктеу
проблемасын толық шеше алмады. Сондай кеңес кітапханатанушының
алдында жаңадан жіктеу кестесін жасау міндеті тұрады жəне ол
кестені
Маркстік-Лениндік принципке негіздемен коммунистік идеяға, коммунистік
өмір салтында лайықты етіп жасау міндеті тұрады. Кеңестік КБЖ-ны жасау
жұмысы бірнеше жылдар бойы жүргізіліп ірі 4 кітапхананың
библиографиялық мекеменің ГБП, КБП, БКП күшімен іске асырады.
Дьюидің жіктік бөлімдерінің əрқайсысы одан əрі 10 бөлімге бөлініп 2 ші
саты құрастырды. Ол бөлімнің өзі одан əрі əрқайсысы 10 бөлімшеге бөлініп 3
ші саты құрады. Т.с.с. жіктеуді құрастыруда автор ғылымды негіздеуге қатаң
түрде қарамай қандай болмасын жіктеу кестесі тəжірбеде пайдалануға
ыңғайлы болуы керек деп есептесті. Ал бөлімдерді орналастыруды Бэконның
білімді негізгі 3 топқа бөліп қарастыруы қолданғаны байқалады.
Алғашқы жасалғанда бұл кесте тізбектеме түрде жасалды. Өзінің дəуірінде
одан кейінде бұл жіктеу өзінің ыңғайлығымен, құрылысымен, игіліктілігімен,
əмбебап шарттармен белгіленген үшін араб сандарының қолданған
алфавиттік пəндік көрсеткіш берілгендігімен т.б. жетістіктің арқасында
кітапханада кеңінен таралды. АҚШ-ң кітапханаларында жəне
басқа
кітапханаларында қолданылған 20 рет басылып шықты. Автордың өмір сүру
кезеңдерде 12 рет басылды. Автор дүниеден өткен кезеңде 8 рет басылды. Əр
бір баспада жіктеудің құралдарда жəне мазмұнды өзгерістер енгізді. Дьюидің
жіктеуінің ең маңыздылығы сол оның əмбебап 10-қ жіктеудің негізіне
алынды басты маңызы сол болды. ƏОЖ-ң пайда болуы
халықаралық
библиографиялық институттың қызметімен тікелей байланысты. МБИ ХІХ
ғ.а.Брюсселде пайда болды. Қазіргі кезде ол документацияның халықаралық
федерациясы деп аталды. Алғашқы пайда болған негізінен бастап бұл
институт əр түрлі елдерде, əртүрлі тілде барлық білім саласынан шыққан
əдебиеттердің əмбебап библиографиялық көрсеткішін құрастыруды мақсат
етіп қойды. Сол үшін 1895-1905 жылдары Бельгия ғалымдары Поль Отлемен
Андрей Лафонтеннің басқаруымен кесте жасалды. Оның негізінде Дьюидің
кестесі алынды, себебі онда берілген ондық жіктеу барлық елге түсінікті,
жалғыз ғана халықаралық тілде болды. 1927ж.бастап халықаралық
документацияның федерациясы жарияланған, өңделген бұл жіктеу кестесі
«əмбебап 10 –қ жіктеу кестесі»деп аталды. ƏОЖ(УДК)-да Дьюидің жіктеудің
негізгі қатары 1-ші жəне 2-ші сатыдағы нұсқа таңбаның берілуі өзгерілген 3
белгілі жəне 2 белгілі н таңбаға О –дер алынған тасталған. УДК-ң негізгі
қатары:
О-жалпы бөлім
1-философия
2-дін
3-қоғам ғылымдар
4.(1962 ж.бастап бұл бөлімдердегі əдебиеттер 8-ші бөлімге берілген)
5.Математика,жаратылыстану ғылымдары.
6.қолданбалы ғылымдар
7.өнер,спорт
8.Тілтану,əдебиеттану,көркем əдебиет
9.Тарих,география.
Достарыңызбен бөлісу: