Мəдениет жəне өнер факультеті «Театрлік – хореографиялық өнер жəне кітапханатану» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет61/85
Дата27.11.2023
өлшемі0,77 Mb.
#130354
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   85
 
Өзін – өзі тексеретін сұрақтар:
Сигналды, фактографиялды шолу əдістері 
жəне олардың айырмашылық ерекшеліктері, қолдануын айтыңыз. 
Əдебиеттер тізімін қара 
 
 
Дəріс №28 
Тақырыбы:
Каталогтау процесстерін механикаландыру мен
автоматтандыру 
Дəрістің мақсаты:
Каталогтау процесстерін механикаландыру мен
автоматтандыру 
жалпы əдістемесін анықтау
 
Дəрістің мазмұны:
Бибилиографиялық сипаттамалар қажет
кітапханаларда жинақты баспа каталогтарын жасауда ЭВМ-ды қолдану
үлкен мүмкіндіктер беріп отыр. ЭВМ-нің көмегімен кітапханаларда
жиынтық баспа каталогтарын жасау 3 кезеңнен тұрады.: 
1.Өңдеу жəне ақпаратты əзірлеу 
2.ақпаратты 
3.сараптау жəне өңдеу 
1-кезеңде
библиографиялық сипаттаманың дұрыстығы тексеріледі, дублет
сипатамалары анықталып, каталогтардың машинкалық формаларының
талаптарына сəйкес кітаптардың кодтары белгіленеді. Текстармен
библиографиялық сипаттарды автоматты жазба машинкаларында
перфолентада текстердың кодтарын жасап басады. 
2-кезеңде
перфолентадағы мəліметтер ЭВМ кодына қосылады да ЭВМ
жасаған программа бойынша кітаптардың кодтарының дұрыстығын
жəне сипаттама элементтерінің түгелдігін тексереді. ЭВМ-дің жадына
қосылған мəліметтер алфавиттік қатар магнит ленталарына жазылып, 
одан қажетіне байланысты жүйелік, алфавиттік немесе пəндік
каталогтар алуға болады. 


3-кезеңде
магнит лентасына
жазылған
мəліметтер ЭВМ басатын
құрылғысына беріліп тексерілген текст
офсет 
баспасы үшін формаға
жіберіледі де, одан карточканың тиражы басылады. Осы əдіспен
жиынтық каталогты құрастырып басу үшін ЭВМ-ге алдын-ала
программа жасап, сипаттаманың формасын таңдауды талап етеді. ЭВМ-ге
құжаттар жөнінде ақпаратты бір рет енгізу арқылы бірнеше əртүрлі
каталогтар алуға болады. ЭВМ арқылы жиынтық каталогтарды жасау
республикалық ұлттық кітапханада қолға алынып отыр жəне оның
көмегі зор. Көптеген оьлыстық кітапханаларда жəне жоғары оқу
орындарының кітапханаларында каталогтарды жасау үшін
компьютерлерді қолданады.
 
Кітапханада құжаттар жөнінде ақпарат іздестіруде компьютерлендіру
үлкен мүмкіншіліктерін береді. Ақпарат іздестіруде компьютердің берері
мол, аз уақыт ішінде қандай болмасын ақпарат алуға болады. Қазіргі
кезде республикалық кітапханада компьютерді қолданып жүрген
MARS форматы құжат жөнінде барлық мəліметтерді енгізуге
мүмкіншіліктерін береді. Құжаттың библиографиялық сипаттамасын
нұсқа таңбаларын, пəндік айдарларын, түйіндемелерін, құжаттың
элементарлы номерін көрсете алады. Бұрынғы дəстүрлі карточкалардың
қателерін электрондық каталогқа өту кезеңінде карточкалық каталог
қатаң жүргізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет