Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет114/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   284
Байланысты:
Сөздер сөйлейді

ТУАР ҚАРА. Қазіргі нормативті сөздіктерімізде тіркелмеген туар 

қара  (тіпті  туарқара  деп  біріккен  тұлға  ретінде  қарауға  да  болады) 

тіркесі ХVІ ғ. ескерткіші – Қадырғали бидің «Жами′ат-тауарихында» 

бірнеше  жерде  кездеседі:  «[Мунулун  хатунның]  малы,  туар  қарасы 

көп ерді» (Қадырғали би… 144) «[Шаһардын йырақ олтурғанлары]… 

қышлақ,  йайлағ,  йүрәр  көчәр  туар  қарасын  отқарыб  ол  йердә  ман-

зил  қылдылар»  (сонда,  129).  Бұлардағы  туар  қара  «жылқы  малы» 

дегенді  білдіреді.  Бұл  тіркес-атауға  кезінде  «Извлечение  из  Жами` 

ат-тауарих»  деген  еңбегінде  Шоқан  Уәлиханов  та  өз  түсіндірмесін 

берген  болатын.  Қадырғали  би  жазып  қалдырған  ескерткіштің 

тілінде мал сөзі туар қара тіркесімен қатар келіп қана қолданылған 

дейді. Ал туар қара – көне сөз, ол жылқы сөзінің синонимі деп таба-

ды. Мал сөзі қазақтардың қолданысында (әңгіме Шоқанның заманы 

ХІХ ғасырдың орта тұсындағы тіл туралы ғой) «байлық» мағынада 

жұмсалған, өйткені қазақ халқының байлығын бұрын мал құраған, ал 

туар қара – жылқы үйірі, сонда қара сөзі жалпы «мал» дегенді, туар 

сөзі «жылқы» дегенді білдірген деп түсіндіреді (Валиханов, Том. І. 

163-б.). 

Бұл  тіркес-атау  қазақ  тілінде  кейінгі  ғасырларда  қолданыстан 

ығысып,  мал  сөзі  «төрт  түлік  үй  жануары»  дегенді  де,  «байлық, 

мүлік» дегенді де, «табыс, кіріс, пайда» деген мағынаны да білдіретін 

сөзге  айналған.  Ал  бөліп  көрсету  керек  болғанда  «жылқы,  жылқы 

малы» деп атауға көшкен. 



172

Туар қара, сірә, монғол тіліне де ортақ сөз болар, тіпті алдыңғы 

сыңары  –  монғол  тілінің  элементі  болуы  мүмкін.  Туувал  (тууар) 

монғолша айдап жүретін мал (орысша гурт), туугда(х) – «мал айдау» 

деген етістік, мал – монғолша да мал (скот), ал қара қазіргі сөздік- 

тердің көрсетуі бойынша ірі мал: жылқы, түйе, сиыр (ҚТТС, 6-том, 

36),  қара  мал  –  сиыр  (47-бет).  Өткен  ғасыр  сөздіктерінде,  мысалы, 

Будагов  сөздігінде  қара  −  жылқыдан  басқа  ірі  мал,  ІІ  том,  44-бет). 

Демек, қара сөзінің «жалпы мал» деген мағынасы ертеден болғанға 

ұқсайды, ал даралап атауға келгенде, жылқы малын туар қара деп атау 

қалыптасқан тәрізді, кейін оны қазақ тілінде жылқы сөзі алмастырған. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет