ТОСТАҚ, ТОСТАҒАНДАЙ. Қазақ балалары айтатын ойын
өлеңдерінде:
Бақа, бақа балпақ,
Басың неге жалпақ?
Көзің неге тостақ? –
деген сөздер бар. Адам қорыққанда көзі тостағандай болды
дейміз. Бақаның бір түрін тостаған бақа деп те атайды. Бақаның
тасбақа деген де атауы бар. Мұның дұрысы – тосбақа болуы керек:
тостақ бақа<тостаған бақа. Осылардың барлығындағы тостақ,
тостаған сөздерінің түбірі – тоста-. Көне түркі тілдерінде тос-
та- етістігі болған, ол «көзді кең ашу» деген мағынаны білдірген.
Сонда тостақ деген сөз «кең ашылған, бажырайған, бақырайған»
деген сын есім болып шығады. Бақаның көзі, шынында да, тостақ.
Ал тостағандай болды, тостаған бақа дегендердегі тостаған
сөзі – сірә, тоста- етістігінің есімше тұлғасы емес, тостақ көз
бақа, көзі тостайды дегендердің «қазақшасы» болар, яғни тостау
етістігінің өзі қолданылмайтын болғандықтан, одан жасалған ту-
ынды сөздер (тостақ) мен грамматикалық тұлғалары қазақ тілінде
мағынасы келіңкірейтін, «икемділеу», түсінікті сөзбен (тостаған)
ауыстырылуы ықтимал: тостаған – дөңгелек ағаш ыдыс, сондықтан
көзі тостағандай болды деген «көзі кең ашылып, тостаған сияқты
дөңгеленіп, үлкейіп көрінді» деген ұғымға икемделген болар деп
топшылаймыз. Тостаған бақа да сол сияқты. Ал, шындығында,
тостаған бақа>тостақ бақа – «көзі тостақ жәндік».
ТӨБЕ БИ. Қазақ тілінің көп томдық түсіндірме сөздігінде төбе
би тіркесін анықтауда: «Көбінесе ауыс-түйіс дауды ел адамдарының
өзара келісіп шешуіне тапсырып жауаптылықты арнаулы төбе биге
беретін» деген мысал келтіріп, төбе би – «негізгі шешімді айтатын,
171
бас би» деген түсініктеме береді де оны көне сөз деп көрсетеді. Мұнда
«басты би» дегізіп отырған – төбе сөзінің «бір нәрсенің ең жоғарғы
жағы, басы» деген ұғымы болса керек. Төбе билердің феодалдық қазақ
қоғамында атқарған қызметі мен алған орны жағынан бұл түсінік
дұрыс сияқты көрінуі мүмкін. Ал, шындығында, төбе сөзінің, сірә,
«бас, басшы» деген ұғымға қатысы жоқ болар. Ол монғол тіліндегі
төв сөзімен іліктес деп табамыз.
Көп мағыналы төв (түркіше төбе дегенге сай келетін тұлға)
сөзінің монғол тіліндегі бір мағынасы «тура сөзді, адал адам» дегенді
білдіреді. Демек, төбе би – «әділ би, билікті тура шешетін би» де-
ген күрделі атау (термин) болып шығады. Әрине, бұл сөздің осы
мағынасы о баста түркі-монғол тілдеріне ортақ болған болу керек,
сондықтан оны қазақ тілі үшін кірме сөз деп қарауға болмайды, оны
тіркес құрамында тұрып, ертедегі көне мағынасын сақтаған төл
сөздердің бірі деп танимыз. Көне мағынасы тек тіркес құрамында
сақталған, «консервіленген» сөздер бүгінгі сөздік қазынамызда аз
емес.
Достарыңызбен бөлісу: |