Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет143/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   284
(аймақтық) сөздер құрамынан да жиналды.

Әрине, бұл аталған көздердегі зерттеу нысандарымыз сарқа жи-

налды  деуден  мүлде  аулақпыз.  Бұл  –  бірер  ізденушінің  күшімен 

белгілі  бір  мерзім  барысында  орындала  қалатын  шаруа  еместігі 

түсінікті.

Осы іспетті ізденіс «Сөздер сөйлейді» атты еңбегімізде де жүргі- 

зілген  болатын.  Бұл  еңбектің  әр басылымында материалдар  толық- 

тырылып  отырды,  өйткені  көнерген,  ескірген  сөздерді  жинасты-

руды,  талдау  жұмыстарын  үзбестен  жүргізіп  келеміз.  Дегенмен 



215

аталған  жұмыс  пен  қазір  ұсынып  отырған  еңбектің  бір-бірінен 

айырмашылықтары  бар:  «Сөздер  сөйлейді»  –  семасиологиялық-

этимологиялық сөздік, ал мына ұсынылып отырған жұмыс – ғылыми-

танымдық  зерттеу  және  мұндағы  талдаулар  белгілі  бір  әдебиет 

үлгілеріне  қарай  (мысалы,  «Едіге»  жырын)  немесе  белгілі  бір 

кезеңді  қамтитын  қазақ  тілінің  тарихи  сөздігінің  үлгісін  ұсынуды 

көздейді. Атап айтқанда, мұнда ноғайлы-қазақ цикліндегі, негізінен 

ХV-ХVШ  ғасырлардағы  батырлар  жырларындағы  бірліктер  тал-

данады.  Бұлар  –  бүгінде  еркін  қолданылмайтын  және  мағыналары 

бейтаныстау немесе тұлғалары өзгеше болып көрінетін сөздер. Бұл 

жердегі  «ескілік»  деген  терминіміз  –  «көне»  дегеннің  дәлме-дәл 

эквиваленті емес. «Ескіліктердің» ішінде көнерген сөздер де (арха-

измдер),  ескірген  сөздер  де  (историзм  деп  аталатын)  бар.  Ескірген 

сөз дегеніміз – бір кезеңдерде қолданылған зат, бұйымдардың, орын 

алған  оқиғалардың,  құбылыстардың,  ұғымдардың,  ағымдардың 

т.б.  аттары  (атаулары).  Өздері  білдіріп  тұрған  заттар,  құбылыстар, 

ұғымдар тарих төрінен (қоғам өмірінен) кеткеннен кейін оларды атап 

тұрған сөздер ескіріп, қолданыстан ығысып кетеді. Бұлайша ығысқан 

бірліктерді тіл білімінде «көне» деп емес, «ескірген» (историзм) сөз 

деп атайды. Бұл термин (историзм) қазақ тіл білімінде әрқилы аталып 

келеді:  оны  тарихаят,  тарихи  сөз  деп  атауды  ұсынушылық  болды 

(проф. Е.Жұбанов). Терминком тарихаят дегенді ұсынады. Калька-

лау тәсілімен аталған сөздерден гөрі, семантикалық принципті жөн 

көріп,  біз  осы  еңбекте  историзмдерді  «ескірген  сөз»  деп  атағанды 

дұрыс көрдік.

Сөз дегендер де – «тірі дүниелер» іспетті, яғни тарихи құбылыс 

атаулары, демек, сөздердің де не мағынасы, не тұлғасы, не қолданыс 

орны  өзгеріп  жатады.  Бүгінгі  адамдар  санасы  өсіп,  әр  халық  өз 

тарихының  бұрынғы-соңды  құндылықтарын  мейлінше  түгендеп, 

зерттеп-зерделеп жатқан күндерде «ескірген», тіпті әбден «көнерген» 

дүниелерді де теріп-жинап алып, таным-ғылым дүниесіне, мүмкіндігі 

болса, қоғам тірлігіне (тіліне) алып келудің қажеттігі туып отыр. Осы 

себептен жалпы тілдегі ескіліктерді теріп алып, жеке зерттеу нысаны 

етуімізде бірнеше мақсат көзделді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет