Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет141/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   284
Қысқартулар

ҚТТС – Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. –Алматы: Ғылым, 1974. - 

1-том; 1976, 2-том; 1978, 3-том; 1979, 4-том; 1980, 5-том; 1982, 6-том; 

1983, 7-том; 1985, 8-том; 1986, 9-том; 1987, 10-том.

ҚӘТС – Қазақ әдеби тілінің сөздігі. –Алматы: Арыс, 2006. - 1-том; 

2006, 2-том; 2006, 3-том. 



ДТС – Древнетюркский словарь. Т. І. –М.: Наука, 1969.

ҚТАС – Қазақ тілінің аймақтық сөздігі. –Алматы: Арыс, 2005.

«ЕҚ» – «Егемен Қазақстан» газеті.


213

Бірінші бөлім

_______________________________

ЛЕКСИКАЛЫҚ ЕСКІ БІРЛІКТЕР

Ескіліктердің танымы мен теориялық негіздері

«Ескі – жаңа», «бұрынғы – қазіргі» деген тілдік оппозиттерді сөз 

еткенде әңгіме өзегі болатын нысандар (объектілер) әртүрлі. Жалпы 

тіл жүйесіндегі ескі-жаңалар, яғни тілдің өзіндік табиғи заңдылық- 

тарына  негізделген  қарама-  қарсылықтар  болады.  Мысалы,  әр  тіл- 

дің  өзіне  туыстас  өзге  тілдерден  ажыратылатын  фонетикалық, 

грамматикалық  бірліктері  қатарында  ескі-жаңа  сипаттағылары  бо-

луы  мүмкін.  Лексика  саласына  келгендегі  ескі-жаңа  полюстері 

семантикалық және фонетикалық өзгешеліктерге қатысты болады.

Қазіргі қазақ тілінде лексикалық ескі-жаңа қатарлар көзге түседі. 

Бұл полюстің екі жағын да іздестіруде уақыт факторы алға шығады. 

Лексикалық ескіліктерді іздеуде бағзы замандардағы, ертедегі, күні 

кешегі  деген  мезгілдік  танымдар  ескерілді.  Бұл  ізденісте  сөздің 

семантикалық қозғалысы, яғни мазмұн меже теориясы мен дыбыс- 

тық, тұлғалық бітімі, яғни тұрпатмеже теориясы іске қосылады. Со-

нымен, қазақ тілінің лексикалық жүйесіндегі төл және бөгде болып 

келетін  генетикалық  қабаттардың  ертелі-кеш  кезеңдердегі  көрінісі, 

қолданыс  көздері  мен  олардың  дәуірлері,  жұмсалу  мақсаттары 

талдануға тиіс.

Бұл  жұмыста  қазіргі  қазақ  тіліндегі  көнерген  және  ескірген 

лексикалық бірліктердің:

1) ескіру уәждері (себептері);

2) ескірген кездері мен ескіру дәрежесі;

3) бүгінгі күндегі түсініктілік дәрежесі, яғни:

 

а) мүлде түсініксіздері,



 

ә) мәнмәтін (контекст) арқылы түсінуге болатындары,

 

б) біршама түсінікті, бірақ өте сирек кездесетіндері;



4)  сақталған жерлері (әдебиет түрлері):

 

а) ауыз әдебиеті үлгілері,



 

ә) ертеректегі ақын-жыраулар туындылары,

 

б) мақал-мәтелдер,



 

в) тұрақты сөз тіркестері (фразеологизмдер, қос сөздер, 

 

біріккен сөздер);



5) «сүйегі», яғни түптөркіні (этимологиясы);


214

6) ескіліктердің типтері:

 

а) көне сөздер (архаизмдер),



 

ә) ескірген сөздер (историзмдер),

 

б) фонетикалық; морфологиялық, орфограммалық ескіліктер;



7) ескіліктердің тақырыптық топтары;

8) ескіліктердің қазіргі «өмірі» (қолданысы):

 

а) қолданылу мақсаты,



 

ә) орынды-орынсыз қолданыстары,

 

б) бүгінгі қолданысқа (әдеби нормаға) қайта оралған 



 

ескіліктер деген тұрғыдан (аспектілерден) әңгіме етіледі.

Мұнда  лексика-фразеологиялық  ескіліктер  жөнінде  жалпы  та- 

нымдық-теориялық  талдаулармен  қатар  түсіндірме  сөздік  сипатын- 

дағы ізденістер де ұсынылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет